30°, 45°, 60° бұрыштарының синус, косинус, тангенс және котангенсінің мәндері. Геометрия, 8 сынып, сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8.2В бөлім: Тікбұрышты үшбұрыштың қабырғалары мен бұрыштары арасындағы қатыстар

Мектеп: Қостанай қаласындағы ФМБ НЗМ

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 8

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

300, 450, 600 бұрыштарының синус, косинус, тангенс және котангенсінің мәндері

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.1.3.6

тікбұрышты үшбұрыштың элементтерін табу үшін 300, 450, 600 бұрыштарының синус, косинус, тангенс және котангенсінің мәндерін қолданады;

 Сабақ мақсаттары

тікбұрышты үшбұрыштың элементтерін табу үшін 300, 450, 600 бұрыштарының синус, косинус, тангенс және котангенсінің мәндерін қолданады;

 Бағалау критерийлері

  • 300, 450, 600 бұрыштарының синусы, косинусы, тангенсі және котангенсінің мәндерін қорытып шығару үшін тікбұрышты үшбұрышты қолданады;
  • тікбұрышты үшбұрыштың элементтерін табу үшін 300, 450, 600 бұрыштарының синус, косинус, тангенс және котангенсінің мәндерін қолданады;

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

-тікбұрышты үшбұрыштың сүйір бұрышының синусын, косинусын, тангенсін және котангенсін табуды түсіндіреді;

- есептерді шешуде қандай да бір формуланың (теореманың) қолданысын негіздейді;

- дәлелді пайымдау қадамдарын сипаттайды;

- берілген бөлімнің пәндік лексикасын, символикасын және терминологиясын

сауатты қолданады

Бөлім бойынша лексика және терминология:

Оқушылар:

- тікбұрышты үшбұрыштың сүйір бұрышының синусы, косинусы, тангенсі және котангенсі;

- бұрышқа іргелес жатқан катет;

- бұрышқа қарсы жатқан катет;

-катеттердің квадраттарының қосындысы;

- Египет үшбұрышы;

- негізгі тригонометриялық тепе-теңдік;

- перпендикуляр, проекция және көлбеу;

- катеттердің гипотенузаға проекциялары;

- геометриялық орта.

Құндылықтарды дарыту

Топпен, жұппен жұмыс істей білуге, ұжымдылыққа, шыдамдылыққа, жауапкершілікке, әділдікке, академиялық шынайлықа тәрбиелеу

 Пәнаралық

 байланыстар

геометрия

 АКТ қолдану

 дағдылары

Интерактивтік құралдарды қолдану, интернет ресурстары

 Бастапқы білім

 

Тік бұрышты үшбұрыш

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

3 мин

1. Үйымдастыру

2. Сабақтың кезеңдерімен, мақсатымен, бағалау критерийлерімен таныстыру.

Презентация

Сабақтың ортасы

16 мин

12 мин

7 мин

3. . Жаңа тақырыпқа шығу

300, 450, 600 бұрыштарының синусы, косинусы, тангенсі және котангенсі мәндерін қорытып шығару үшін оқушылар құрамы өзгеріп тұратын топтарға бірігеді. Жұмыстың басында оқушылар төрт адамнан тұратын үш топқа бөлінеді және әрбір оқушыға белгілі бір түсті (қызыл, көк, жасыл, сары) стикер беріледі. Әрбір топ тек бір ғана түрлі тапсырмасы бар үлестірмені алады және сол есепті шығарады. Сосын әр топтан бір оқушыдан белгілі бір түстен (қызыл, көк, жасыл, сары) тұратын жаңа төрт топ құрылады. Жаңа «түрлі-түсті» топта әрбір оқушы топтың басқа оқушыларына өз есебінің шешімін түсіндіреді. Содан соң оқушылар өздерінің бастапқы топтарына бірігеді, алынған нәтижелерді талқылайды және оларды 300, 450, 600 бұрыштарының синус, косинус, тангенс және котангенсінің мәндер кестесіне енгізеді.

№1 топ45°-тық бұрыштың синусын, косинусын, тангенсін және котангенсін табыңыз. Ол үшін катеті а болатын теңбүйірлі тікбұрышты үшбұрыш салыңыз. ( оқушыларға көмек керек болған жағдайда , шешу жолы презентацияда)

№ 2 топ 30°-тық бұрыштың синусын, косинусын, тангенсін және котангенсін табыңыз. Ол үшін қабырғасы а –ға тең ABC теңқабырғалы үшбұрышын алып, AD медианасын жүргізіңіз. ( оқушыларға көмек керек болған жағдайда , шешу жолы презентацияда)

№ 3 топ

60°-тық бұрыштың синусын, косинусын, тангенсін және котангенсін табыңыз. Ол үшін қабырғасы а –ға тең ABC теңқабырғалы үшбұрышын алып, ВD биіктігін түсіріңіз.

( оқушыларға көмек керек болған жағдайда , шешу жолы презентацияда)

4. Фронталды жұмыс

Кестені қолданып өрнектің мәнін табыңыз

5. Жеке жұмыс

1) Бер: АВСD-трапеция, CDAD,

CD=4, AD=11, BC=6

Т/к: sin A, cos A, tg A, ctg A

Флипчарт

Презентация

Қосымша 1

Сабақтың соңы

3 мин

6. Үй жүмысы

1. Кестені жаттау;

2. Кестені қолданып өрнектің мәнін табыңыз:

  • а) tg 60 + 2cos 45 - ctg 45;
  • б) tg 30+ 4sin 30 + ctg 30;
  • в) 2cos 60 + 2sin 30 - 2sin 45;
  • г) cos 45 - 2 sin 60ctg 60.

11.Рефлексия

Презентаци

Қосымша 2

Саралау оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Оқушылар сабақ бойы жеке және жұппен жұмыс жасайды. Қабілеті жоғары оқушылар басқа оқушыларға көмектеседі.

Өзін-өзі бағалау түрі қолданылады. Сабақта оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру үшін фронтальды жұмыс жасайды.

Сабақ басында оқушылар қауіпсіздік техникасымен таныстырылады.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу