Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін қосу тәсілімен және алмастыру тәсілімен шешу. Математика, 6 сынып, сабақ жоспары.


 Қысқа мерзімді жоспар

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

6.4С Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер және олардың жүйелері

Мектеп: Қызылорда қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Сулейменова Сандигуль Аширбековна

Сынып: 6

Қатысқандар саны:

 Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін қосу тәсілімен және алмастыру тәсілімен шешу

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

6.2.2.19

теңдеулер жүйелерін алмастыру тәсілі және қосу тәсілі арқылы шешу;

 Сабақ

 мақсаттары

Оқушылар:

  • екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін шешудің анықтамасын білу;
  • екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін алмастыру тәсілі және қосу тәсілі арқылы шешуді үйрену.

 Бағалау

 критерийлері

Оқушылар:

  • екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін шешудің анықтамасын біледі;
  • екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін алмастыру тәсілі және қосу тәсілі арқылы шешеді;

 Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

  • екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін шығаруда таңдалған тәсілді негіздейді;
  • екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесінің шешіміне түсінік береді;
  • теңдеулер жүйесін шешудің тиімді тәсілін таңдауын дәйектейді.

Пәнге тән лексика мен терминология:

  • екі айнымалысы бар теңдеу;
  • теңдеулер жүйесі;
  • жүйенің шешімі;
  • алмастыру тәсілі;
  • мәндес жүйелер;
  • шексіз көп шешімі бар;
  • бос шешім;
  • теңдеулер жүйесінің шешімі;
  • екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесінің шешімі.

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

  • екі айнымалысы бар сызықтық теңдеу ...;
  • теңдеулер жүйесін шешу тәсілдері...
  • екі айнымалысы бар теңдеулер жүйесі ...;
  • бір теңдеуден ... өрнектеп аламыз;
  • жүйенің екінші теңдеуіне ... қоямыз;
  • екінші айнымалының сәйкес мәнін анықтаймыз;
  • «х - , у - ... болсын»;
  • айнымалылар мәндері екі теңдеуді де қанағаттандыратындықтан, ... құрамыз және шығарамыз;

жүйені шешіп, есептің жауабын келтіреміз.

 Құндылықтарды

  дарыту

Өзіндік іс – әрекет дағдыларын, өмір бойы білім алу қабілеттерін қалыптастыру және дамыту. Коммуникативті дағдыларын жетілдіру. Топта жұмыс жасағанда шыдамдылық қабілеттерін дамыту.

 Пәнаралық

  байланыстар

Бұл сабақта жаратылыстану-математика бағытындағы сабақтарда әртүрлі есептеулер үшін қажетті түсініктер қарастырылады, бір айнымалыны басқасы арқылы өрнектеп білуі, ықшамдап білуі.

 АКТ қолдану

 дағдылары

GeoGebra бағдарламасы арқылы екі айнымалысы бар теңдеулерді шешу жолын қарастыру.

Бастапқы білім

Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеудің анықтамасын білу; бір айнымалыны екінші бір айнымалы арқылы өрнектей алу; бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулерді шешу дағдылары.

 Сабақ барысы

 Сабақтың жоспарланған кезеңдері

 Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

 Сабақтың басы

 

 0 – 2 мин

Ұйымдастыру кезеңі

Бірлескен оқу ортасын құру.

  • .

Өткен сабақ бойынша қайталау сұрақтары:

  • екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесін алмастыру және қосу тәсілдері арқылы шешу алгоритмі;
  • мәтінді есептерге теңдеулер жүйесін құру туралы пікір

 

 

 Слайд 4

 Сабақтың басы

 

 2 – 16 мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 16 – 17 мин

 

 

 

 

Топқа бөлу.

«Сиқырлы сандықша» арқылы топтарға бөлу. Оқушылар «Сиқырлы сандықшадан» әртүрлі түспен боялған бірдей дөңгелек фигураларды қалауы бойынша алады. Алынған түстерге байланысты оқушылар 4 топқа бөлінеді.

Топтық жұмыс

Тапсырма 1.

Жауабы: (-2; -1).

Тапсырма 2.

Жүйенің шешімі бола ма, болса қанша шешім бар?

  • ; b) .

Жауабы: біреу; шешімі жоқ.

Тапсырма 3.

Тапсырма 4. Жауабында х∙у көрсетіңдер:

  • ; b)

Жауабы: (15; 12); (-8; 6).

Тапсырманы орындағаннан кейін оқушыларға қорытынды жасауды ұсыныңыз. Бұл есептердің дескрипторы оқушыларға түсінікті, өздері бағалау барысында ауызша айтуға да болады. Топтар арасында өзара бағалау, кері байланыс жүргізу ұсынылады.

Математика. Жалпы білім беретін мектептің 6-сыныбына арналған оқулық, 2- басылымы

Т.А. Алдамуратова,

Т.С, Байшоланов,

Е.С, Байшоланов . – Алматы: Атамұра, 2015.

ISBN 9965-34-442-6

Слайд 5

Қосымша 1

 Сабақтың ортасы

 

 17 – 19 мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 19 – 28 мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

28 – 29 мин

29 – 37 мин

37 – 38 мин

Көзге жаттығу жүргізу

Оқушылар ұсынылған тапсырмаларды жеке орындайды. Мұғалім оқушыларға өз қалауымен тапсырманың шешімін тақтаға орындауды ұсынады. Жауап беру кезінде ол шешімді түзетеді және ескертулерді бағалайды.

Тапсырмалар:

№5. Теңдеулер жүйесінің шексіз көп шешімі болатындай а – ның мәндерін табыңыз.

№6.

Жауабы: (9; -2).

№7.

Жауабы: (-1; 3).

№8.

Теңдеулер жүйесінің шешімі бола ма?

Жауабы: шешімдері болмайды.

Тақтаға орындалған жұмысқа түсінік беріп, қателік болса түзету енгізу, орындалған жұмысты дескриптор бойынша оқушылар бағалайды.

Сәйкестендіру:

Тапсырмалардың толық орындалған соң сәйкестендірілуін талап ету.

1

1

(7; -2)

2

2

(3; 4)

3

3

(2; 1)

4

4

(10; 12)

Толық орындап, сәйкестендірген жауапты бағалау ұсынылады. Дайын жауапты тақтада көрсетіңіз, оқушы өзін – өзі бағалайды.

Слайд 6

А.П.Ершова, В.В.Голобородько. Математика. 7 класс. Самостоятельные и контрольные работы. Москва. Илекса. 2015 г

Слайд 7

Қосымша 2

Слайд 8

Қосымша 3

 Сабақтың соңы

 

 38 – 40 мин

Сабақты қорытындылау:

  • бүгінгі сабақта ұсынылған тапсырмаларға көңілдерің толды ма?
  • теңдеулер жүйесін шешу туралы түсініктерің қалай?

Үйге тапсырма № 1566.

Екі санның арифметикалық ортасы 175 – ке тең. Егер бірінші санды екінші санға бөлсек, бөліндіде 3 шығады және 30 қалдық қалады. Осы сандарды табыңдар.

А. 260; 90; B. 270; 80; C. 180; 170; D. 200; 150.

Рефлексия

Математика. Жалпы білім беретін мектептің 6-сыныбына арналған оқулық, 2- басылымы

Т.А. Алдамуратова,

Т.С, Байшоланов,

Е.С, Байшоланов . – Алматы: Атамұра, 2015.

ISBN 9965-34-442-6

Слайд 9 - 10

 Саралау оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

 Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

 Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы.

Топтағы оқушылар қиындық деңгейіне байланысты тапсырмаларды өзара бөлісе алады, сондай-ақ тапсырмаларды орындау кезінде бір-біріне қолдау көрсете алады.

Топтық жұмыста, тақтада, жеке жұмыста бірін-бірі бағалау,өзін өзі бағалау, мұғаліммен бірігіп жүзеге асады.

Іс – әрекеттегі өзгерістер оқушыларға күштері мен көңіл-күйлерін тиімді қолданып, жақсы нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу