Сыбайлас және вертикаль бұрыштар. Геометрия, 8 сынып, қосымша материал.
«7-сынып геометрия курсын қайталау. Сыбайлас және вертикаль бұрыштар» тақырыбына арналған сабаққа әдістемелік нұсқаулық
Оқу мақсаты:
7.3.2.2 сыбайлас және вертикаль бұрыштардың анықтамаларын білу, ажырата алу және оларды сала алу;
7.3.2.3 сыбайлас және вертикаль бұрыштардың қасиеттерін қолдану
Сабақтың мақсаты: сыбайлас және вертикаль бұрыштардың қасиеттерін қолданып есептер шығару
Сабақтың түрі: Өтілген материалды қайталау, жүйелеу және жалпылау сабағы.
Негізгі терминдердің анықтамасы:
Бір қабырғасы ортақ ал қалған екі қабырғасы бір-бірін толықтырып тұратын екі бұрыш сыбайлас бұрыштар деп аталады.
Егер бір бұрыштың қабырғалары екінші бұрыштың қабырғаларының созындысы болса, онда екі бұрыш вертикаль бұрыштар деп аталады.
Сабақтың басында оқу мақсатын, сабақтың мақсатын және күтілетін нәтижелерді анықтап алған соң жазықтықтағы негізгі геометриялық фигурларды, бұрыш және үшбұрыш анықтамаларын, нүкте, түзу, кесінді, бұрыш және көпбұрыштардың белгіленулерін қайталау керек.
Білімді жаңғырту кезінде оқушыларға мынадай сұрақтар қойылады:
- Сыбайлас бұрыштар дегеніміз не?
- Вертикаль бұрыштар дегеніміз не?
- Тұжырым дұрыс па: егер сыбайлас бұрыштар тең болса, ол бұрыштар тік болады?
- Сыбайлас бұрыштардың бірі сүйір бұрыш. Екінші бұрышы қандай болуы керек (тік, доғал, сүйір)?
Оқушылар сыбайлас және вертикаль бұрыштардың анықтамаларын еске түсіреді, слайдтағы сызбаларға сүйене отырып олардың қасиеттерін қайталайды. Кейін мұғалім сыбайлас және вертикаль бұрыштардың қасиетін қолдануға арналған есепті шығаруды ұсынады:
- Егер суретте:
;
болса, 1,2,3,4 бұрыштарын табыңыз.
Жауабы: а) 700, 1100, 700, 1100,) 750, 1050, 750, 1050.
Оқушылардың белсенділіктерін арттыру және іс-әрекет түрін ауыстыру үшін келесі кезеңде «Smart Notebook» бағдарламасын қолдану ұсыналады. Бұл жұмыс оқушылардың отансүйгіштілігін оятып, туған өлкесінің географиясымен жақсы танысуға мүмкіндік береді. Оқушылар «Smart Notebook» бағдарламасы мен суреттерді (жол жүру ережесінің белгілері, Алматы қаласындағы метроның картасы және үйдің суреті)қолдана отырып, сыбайлас және вертикаль бұрыштарды табады және оларды салады.
Алдымен жұмыс жұпта орындалады, кейін оқушы шығып «Smart Notebook» бағдарламасында нәтижелерін көрсетеді.
Өзін-өзі бағалау келесі критерийлер арқылы жүзеге асырылады:
- Суретте сыбайлас бұрыштарды таниды;
- Суретте сыбайлас бұрыштарды салады;
- Суретте вертикаль бұрыштарды таниды;
- Суретте вертикаль бұрыштарды салады.
Ары қарай топпен жұмыс орындалады. Мұғалім оқушыларды топтарға бөледі. Топтар білім деңгейі бойынша ұйымдасқан: А – қарапайым деңгей, В – орташа деңгей, С – жоғары деңгей.
Топтарға суретке шарт пен сұрақ құрастыру тапсырылады. Кейін топтар есептерімен алмасып, бір-бірінің құрастырған есептерін шығарады, бір-бірін бағалайды.
1 топ:
Есеп №1. Сурет арқылы есептің шартын құрастырыңдар.
<AOB табу керек?
2 топ:
Есеп №1. Сурет арқылы есептің шартын құрастырыңдар.
<СOD табу керек?
3 топ:
Есеп №1. Сурет арқылы есептің шартын құрастырыңдар.
Рефлексия кезеңінде мұғалім оқушылардың қиналған тұстарын назар аудару керек. Бұл келесі сабақты жоспарлауға, тапсырмаларды таңдауға және жеке жұмыс жүргізуге көмегін тигізеді.
Үй тапсырмасы сыбайлас және вертикаль бұрыштардың қасиеттерін бекітуге арналған.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру