М. Ганди және оның бейбіт жолмен қарсыласу идеясы. Дүние жүзі тарихы, 11 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 1.1 бөлім:

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

М. Ганди және оның бейбіт жолмен қарсыласу идеясы (2 сағат)

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

  • 11.3.2.2 Үндістанның ұлттық тәуелсіздігіне қол жеткізудегі зорлық-зомбылықсыз қарсылық идеяларының маңыздылығын анықтау;
  •  11.3.2.3 жеке тұлғаның қоғамдық-саяси өмірдегі рөлі туралы қорытынды жасау

 Сабақ мақсаттары

Оқушылар:

  • Үндістанның ұлттық тәуелсіздігіне қол жеткізудегі зорлық-зомбылықсыз қарсылық идеяларының маңыздылығын анықтайды;
  •  М. Гандидің қоғамдық-саяси өмірдегі рөлі туралы қорытынды жасайды;

 Бағалау критерийлері

  • Үндістанның ұлттық тәуелсіздігіне қол жеткізудегі зорлық-зомбылықсыз қарсыласу идеяларының маңыздылығын түсіндіреді;
  •  М.Гандидің Үндістанның қоғамдық-саяси өміріндегі рөлі туралы қорытынды жасайды;

 Тілдік мақсаттар

 

1) Материалды талдап, Үндістанның қоғамдық-саяси дамуына қатысты дәлелдер келтіреді (сөйлеу және жазу дағдылары).

2) М.Гандидің нақыл сөздерін оқи отырып, пікірталас жүргізеді

 Құндылықтарды дарыту

 

 

Өз пікірін және ұстанымын қалыптастыру қабілетін дамыту

Топтарда ресурстармен жұмыс істеу арқылы оқушылардың ақпараттық мәдениетінің негіздерін қалыптастыру

 Пәнаралық байланыстар

Сабақтың мазмұны бойынша ерекшеліктерді анықтау арқылы экономика, Қазақстан тарихы және география мұғалімімен пәнаралық байланыс жасау мүмкіндігі.

 АКТ қолдану дағдылары

Ғаламтор желісінен іріктеу материалдарын табу

Бастапқы білім

Бұл бөлім "Дүниежүзі тарихы" пәні бойынша алдыңғы білімдерінде экономикалық жүйелерді дамытумен байланысты 8-9-10 сыныптар курстарынан құрылады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 мин

БЫМ: мұғалім оқушыларға

Махатма Ганди - Ұлт Әкесі

Сіз бұл сөзді қалай түсінесіз?

деген сұрақ қояды? (слайд 1)

(М / С)

Содан кейін сабақтың тақырыбы мен мақсатын жариялайды.

Презентация

Сабақтың ортасы

30 мин

  • Топтық жұмысТапсырма: Мәтінді оқыңыз.Топта, берілген ұғымдарды түсіндіре отырып, пішіннің төрт жағын толтырыңыз.Содан кейін пішінді айналдырып, сыныптастарыңыздың сіздің жауабыңызды толықтыруына мүмкікдік беріңіз.Фигураның ортасына қорытынды жазыңыз. 

Мұғалім оқушылар жауаптарын толықтыруы мүмкін.

 

  • «сарводайя»
  • Гандизмнің әлеуметтік мақсаты - жалпы өркендеуге қол жеткізу («сарводайя»). М.К. Гандидің тұжырымдаған «сындарлы бағдарламасы» қолдан тоқу мен иіруді жан-жақты дамытуды көздеді (тоқу станогі ҮҰҚ символына айналды), индус пен мұсылман қауымдастықтары арасында қатынастар орнату, «қол тигізбейтіндер» институтын жою және касталық кемсітушілікті жою, ұлттық білім беруді дамыту және байсалдылықты насихаттау. Ганди касталық кемсітушіліктен арылуды ұлт бірлігінің маңызды алғышарттарының бірі деп санады.

Сатьяграха 

"Ақиқатқа арқа сүйеу". Өзі қолданған саяси күрес әдісін атау үшін М.Гандидің өзі енгізген төл термині. Осы қозғалысқа қатысқан адамдарды - "сатьяграхтар" дейтін. Сондай-ақ, осы атаудың негізінде дүниеге келген "Сатьяграха ашрам" да М.Ганди мен оның жолын қуушылардың Ахмадабаттың маңындағы Кочраб деген жерге шаңырақ көтерген қауымының атына айналған. Қауым мүшелерінің ішіндегілердің біршамасы кезінде Оңтүстік Африкадағы қызметінде М.Гандидің ажырамас ниеттес, мақсаттас және қандай қиындық болса да ажырамас серіктеріне дейін көтеріле білген адамдар еді. Сатьяграха қозғалысының нәтижесінде ғана Үндістан мемлекеті ағылшын отарлаушыларынан ешқандай қантөгіссіз жолмен азат етілгені белгілі. Бұл жолда осы қозғалыстың көсемі М.Гандидің сіңірген еңбегі ұшан-теңіз...

Діндер арасындағы алауыздықты болдырмау үшін күресуші

  • Ағылшындардың құйтырқы саясатының нәтижесінде 1947 жылы Үндістан-Пәкістан болып екі мемлекетке бөлінген тұста да ол үнділер мен мұсылмандарды бірлікке шақырды. 
  • 1948 жылдың қаңтар айында Ганди осы оқиғаға байланысты аштық жариялады.

Теңдік үшін күрескер

  • Төменгі касталардың экономикалық жағдайын жақсарту және «қол тигізбейтіндерді» сайланбалы өкілді органдардағы орындарының бір бөлігін сақтау арқылы қоғамдық және саяси өмірге тарту көзделді. Ауылдың дамуына, оның ішінде жергілікті өзін-өзі басқару органдары - панчаяттарды құруға ерекше мән берілді. «Конструктивті бағдарлама» Гандидің жақтастары үшін өте қажет болды. Бұл бағдарлама ҮҰҚ бағдарламасының ажырамас бөлігі болды. Өмірінің соңғы жылдарында Ганди ірі өнеркәсіпте мемлекеттік сектор құруды жақтады.

(ҚБ) Өзін өзі бағалау, бірін бірі бағалау, мұғалімнің кері байланысы.

Махатма Гандидің нақыл сөздері 9 слайд

Бір сөйлемді таңдап, «Қос жазба күнделігін» толтырыңыз

«Қос жазба күнделігі»

  • Екі бөлімнен тұратын күнделік парағын толтырыңыз. Күнделіктің бірінші бөлігінде сізді таңдандырған, естеліктер, ассоциациялар тудырған және сізді таңқалдырған сөздерді жазыңыз. Екінші бөлікте пікірлерді, осы сөйлемді не үшін жазғаныңызды, сонымен бірге ойларыңызды, сұрақтарыңызды жазыңыз

Мәтін

https://massaget.kz/layfstayl/bilim/negeli-mir/1253/

Сабақтың соңы

5 мин

Рефлексия:

  • Мохандас Карамчанд Гандидің тарихи тұлғалық ерекшелігі неде?
  • Оның еңбегінің Үндістан үшін маңызы қандай?
  • «Телеграмма» әдісі
  • Сабақта алған біліміңе байланысты өзіңе тілек жаз.

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Тапсырмаларды іріктеу кезінде оқушылардан күтілетін нәтижеде саралау, олар нарықтық экономикасы дамыған елдердің көрсеткіштерін қаншалықты дәл анықтайды, сондай-ақ нарықтық экономиканың артықшылықтары мен кемшіліктерін қаншалықты дұрыс тұжырымдайды.

Дифференциация сабақтың барлық кезеңдерінде уақытты тиімді пайдалануды ескере отырып қолданылады.

Сіз бағалау үшін өзін-өзі бағалау, топтық жұмыс кезінде өзара бағалау, мұғалімнің кері байланысын қолдана аласыз.

Денсаулық сақтау технологиялары.

Топтық жұмыс кезіндегі белсенді қызмет түрлері.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу