Африка, Америка, Австралия мен Океанияның дәстүрлі өркениеті. Дүние жүзі тарихы, 10 сынып, қосымша материал 2.


Қосымша 3

Колумбқа дейінгі мәдениет тізімі

Хоупвелл дәстүрі— Б.з. 200-500 жылдары қазіргі АҚШ солтүстік-шығыс және орталық-шығыс бөлігіндегі өзендер бойында болған бір-біріне ұқсас үндістердің археологиялық мәдениет кешені

Могольон археологиялық мәдениеті — Қазіргі АҚШ-тың оңтүстік-батысында болған 4 ірі тарихи мәдениеттің бірі, ол солтүстік Мексика жерінің бір бөлігінде болған. Б.з. 150-1400 жылдарына дейін болған.

Анасази — тарихтан бұрынғы үндіс мәдениеті, ол қазіргі АҚШ-тың оңтүстік-батысында Төрт бұрыш деген атпен белгілі болған. Анази мәдениетіне өзіндік керамикалық стиль мен баспана салу ерекшелігі тән.

Хохокам — ірі археологиялық мәдениет, ол АҚШ-тың оңтүстік-батысында (Сонора шөлінде) пайда болған, қазіргі Мексика жерінің бір бөлігінде болған. Б.з І- XV ғасырларында қолданылған.

Ольмеки — ацтектердің тарихи деректерінде сақталған тайпа атауы. Веракрус штатының астанасы Халапа қаласындағы университеттің мұражайында қызмет ететін археолог ғалым Медельин Сениль ольмектердің бұрын белгісіз болған қаласы - Син Кабесасті (Бассыздар) тапты. Бұл атаудың шығуы – джунглий ағаштарының арасынан әр қадам басқан сайын бұзылған және бассыз мүсіндер қатар –қатар табылған.

Майя —өзінің жазуы, өнері, архитектурасы,математикалық және астрономиялық жүйесінің арқасында әйгілі болған Орталық Америка өркениеті. Кластық дәуірге дейін қалыптаса бастаған (б.з.д.2000 – б.з. 250ж.), оның көптеген қалалары өзінің ең жоғары даму шыңына кластық дәуірде (б.з. 250 – 900 ж.) жеткен. Конкистадорлар келгенше тіршілік етті. Майя халқы тас қалалар салды, олардың көбі еуропалықтардың келуінен-ақ бұрын бос қалған еді, ал кейбірі содан кейін де тұрғылықты мекен болып қала берді. Майялардың ойлап тапқан күнтізбесін Орталық Американың басқа халықтары да пайдаланды. Иероглифтік хат жүйесі қолданылды, олардың біразын оқуға мүмкіндік табылды. Көптеген ескерткіштердегі жазбалары сақталған. Егіншіліктің тиімді жүйесін құрды, астрономия саласынан терең білімдері болды.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу