Африка, Америка, Австралия мен Океанияның дәстүрлі өркениеті. Дүние жүзі тарихы, 10 сынып, қосымша материал.
Қосымша 2
Солтүстік және Оңтүстік Америкадағы Колумбтың келуіне дейінгі өркениет
Қазіргі Американың үндістері мен эскимостарының арғы тегі бұдан 20-30 мың жылдар бұрын солтүстік-шығыс Азиядан Беринг теңізі мен бұғазынан өтіп, қоныс аударған деген болжам бар. Алғашқы қоныс аударушылардың мәдени деңгейі палеолиттің соңы мен мезолит дәуіріндегі Ескі дүние мәдениетіне сай болған. Үндістердің екі құрлықта қоныс тебуі мен жаңа жерлерді игеруі мыңжылдықтарға созылды. Европалықтардың бодандығына түскенше Солтүстік және Оңтүстік Американы мекендеген көптеген тайпалар қауымдық-рулық құрылыстық дамудың әр түрлі деңгейінде болған. Кейбіреуінде басшылық билігі аналық ру қолында болса (ирокездер, мускогтар, хопилер, Амазонка өзенінің аңғарын мекендеген тайпалар және т.б. ), енді бірінді аталық ру басшылық етті (Солтүстік Американың солтүстік-батыс және оңтүстік-шығысындағы тайпалар, Оңтүстік Американың көптеген тайпалары ). Халықтың бір бөлігі рулық қоғамнан кластық қоғамға көшудің әр сатысында болды.Орталық және Оңтүстік Америка үндістері (ацтектер, майялар, инктер) кластық қоғамда өмір сүрді.
Үндістер діні.
Үндістердің діндері сан-алуан, монотеизмнің ізі де жоқ, сондықтан дін таратушыларға «құдай» деген христиан ұғымын түсіндіру қиынға түсті. Мұның бірақ инктерге қатысы жоқ, олардың Виракочеге табынуынан монотеистік сипат байқалды. Үндістердің тәңірге табыну идеясы толығымен қалыптасып үлгерген жоқ, нақты анықтамасы да болмады, сонымен қатар дүниенің жаратылуы туралы толыққанды идеяларының бар-жоғы белгісіз.
Көптеген жағдайларды олардың күн мен айға табынуы, оларды ерлі-зайыпты деп түсініп, құлшылық жасағандары белгілі, тайпа көсемдері олар үшін құрбандық шалған. Табиғаттың түрлі құбылыстарын да кейіптеді – суды, найзағайды,күннің күркіреуін: перуандықтардың найзағайға арнаған гимні сақталған.
Төрт саны көтеген тайпаларда қасиетті сан, сонымен қатар көптеген үстемдіктерді де қабылдайды. Үндістерде космогониялық және миф аңыз-әңгімелері көптеп жиналған; солардың бәрі полинезиялықтардікіне өте ұқсас.Топан су туралы өздерінің жеке аңыздары да бар. Аңыздарда жануарлар мен құстарға ерекше орын берілген, олар сондай-ақ киетектерде де жиі кездеседі.
Аю, қасқыр, жыландарды өте қасиетті деп санаған. О дүниедегі өмірге сенген. О дүние кейде мәңгілік бақыт болып бейнеленсе, кейде қайғы мен қасіретке толы суреттелген.Үндістерде Пұт сирек кездеседі, сондықтан олардың діні көп құдайға табынушылықтан (политеизмнен) гөрі құрбандық шалуға (пандемонизмге) бейім: құрбандыққа маис немесе жалғыз үй жануары - ит шалынған. Ал діні жақсы дамыған перуліктер мен мексикандықтардың құдайға құлшылығы туралы Перу мен Мексикадан қараңдар. Бірнеше жерде орын алған адамжегіштік түп тамыры дінге келіп тіреледі. Абыздың орнын ерекше дуагерлер басты, олар дәрігер рөлін де атқарған. Жерлеу рәсімі барлық үндістерде бірдей: сарнап жылау, шаштарын түзету, адам өлген лашықты бұзу. Мәйітті отырған күйі жерлеген, ол үшін өлген адамды байлап-матаған. Ежелгі Перуде өлген адам денесіне түрлі кимдер кигізіп, мумия жасаған.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру