1848 ж. революциялар Еуропада қандай саяси идеяларды қалыптастырды? Дүние жүзі тарихы, 7 сынып, қосымша материал.
МҰҒАЛІМГЕ АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАРЫ
8 СЫНЫП, САБАҚ 8.14.3
VІІ бөлім. Революциялық идеялардың XІX ғасырдағы Еуропаға әсері
Сабақ тақырыбы: 1848 ж. революциялар Еуропада қандай саяси идеяларды қалыптастырды?
Оқу мақсаттары:
7.3.2.1 - Батыс Еуропадағы буржуазиялық революциялардың себептерін сипаттау;
7.1.2.1 - экономикалық және саяси жүйенің өзгеруіне буржуазияның әсерін анықтау;
7.2.3.2 - Ағартушылық дәуір идеяларының қоғамдық дамуға ықпалын анықтау;
7.2.3.3 - К. Маркстың көзқарастарын және марксизмнің қоғамдық өмірге ықпалын түсіндіру;
7.3.2.5 - тарихи оқиғаларды түсіндіру үшін «либерализм», «консерватизм», «социализм», «марксизм», «ұлтшылдық» ұғымдарын қолдану
Тарихи концепт: дәлел
Оқу мақсаттарын іске асыру бойынша әдістемелік нұсқаулар:
7.2.3.3 - К. Маркстың көзқарастарын және марксизмнің қоғамдық өмірге ықпалын түсіндіру; - сабақ мақсатына қатысты әдістемелік нұсқаулыр
Мәтін: «Марксизм дегеніміз не?»
Марксизм - бұл 1840 жылдары Германияда пайда болған философиялық, экономикалық және саяси ілім. Бұл кезде капитализмнің мәнін түсіндіретін теорияны құру қажеттілігін тудырған капитализмнің әлеуметтік-экономикалық қайшылықтарының шиеленісуі болды.
Философия докторы Карл Маркс (1818-1883 жж.) және неміс кәсіпкері Фридрих Энгельс (1820-1895 жж.) осы мәселені шешті: олар радикалды ғылыми коммунистік теорияны қалыптастырды, осылайша жұмысшы табын революциялық идеямен қаруландырды.
1847 жылдың көктемінде К Маркс және Ф. Энгельс неміс иммигранттары ұйымдастырған «Коммунистер одағы» атты жасырын үгіт-насихат жасау үшін құрылғын қоғамының құрамына енді. Қоғам тапсырысымен олар 1848 жылғы 21 ақпанда жарияланған танымал «Коммунистік партия манифесті» жасады.
Онда олар пролетариаттың қолынан капитализмнің жойылатыны туралы жариялады. Олар капиталистік формациядан коммунистік формацияға көшу үдерісінің қысқаша бағдарламасын ұсынды.
Бағдарламада 10 тармағы бар:
1. Жер меншікті жеке меншіктен экспроприациялау (тартып алу) және оны мемлекет қолына тапсыру.
2. Мүлікке салынатын салықтың жоғары прогрессивті болуы.
3. Мүлікке мұрагерлік құқығын жою.
4. Барлық эмигранттар мен бүлікшілердің (контрреволюционерлердің). мүліктерін тәркілеу (тартып алу)
5. Монополиялық құқыққа ие Ұлттық банк құру арқылы мемлекеттің қолына барлық қаржыны орталықтандыру (яғни, барлық жеке банктерді жою) 6. Мемлекеттің қолына барлық көлікті орталықтандыру.
7. Барлық фабрикалар мен өндіріс құралдарды мемлекеттің қолына беру.
8. Барлық азаматтар үшін бірдей еңбек міндетті енгізу.
9. Өнеркәсіппен ауыл шаруашылығын жақындата отырып, қала мен ауыл шаруашылық мекен жайларының айырмашылықтарын кезең-кезеңмен жою.
10. Барлық балаларға қоғамдық және тегін білім мен тәрбие беру. Балаларды жұмыс күші ретінде пайдалануды жою.
Марксизмнің негізін қалаушылар бұл іс әрекеттердің жүзеге асырылуы, әрине, әртүрлі елдерде әртүрлі болатынын түсіндірді. Алайда, ең дамыған елдерде бұл шаралар барлық жерде қолданылуы мүмкін.
1867 жылы жарияланған Карл Маркс «Капитал» жұмысы марксизмнің ең маңызды туындысы болды. Бұл жұмыста капиталистік экономикалық мәселелерге теориялық түсіндірмелер мен шешімдер ұсынылды.
Карл Марк артық құнның пайда болу теориясын негіздеді, яғни капиталистер жұмысшылардың еңбегін пайдаланудан алатын табыстарды анық көрсетті. Жұмысшылардың еңбегін пайдалануының және әлеуметтік теңсіздіктің пайда болмауы үшін, К. Марк өндіріс орындарымен құралдарының жеке меншік құқықты жоюды ұсынады.
«Капиталда» капиталистік қатынастарды бұзу туралы «Коммунистік партия манифестінде» көрсетілген корытындыларын растады.
Карл Маркстың қоғамының әлеуметтік моделі:
№ | Әлеуметтік-экономикалық құрылымдар | Қарама-қарсы әлеуметтің таптар |
1 | Алғашқы-қауымдастың құрылыс | Таптардың болмауы, тапсыз қоғам |
2 | Құлдық құрылыс | Кулдар мен құл иелері |
3 | Феодалдық құрылыс | Феодалдар мен шаруалар |
4 | Капиталистік құрылыс | Буржуазия (капиталистер) мен пролетариат (жалдамалы жұмысшылар) |
5 6 -? | Коммунистік құрылыстың 1-кезеңі: социализм | Тең құқықты жұмысшылар қоғамы: жұмысшылар, шаруалар және зиялы қауым |
Коммунистік құрылыстың 2-кезеңі: коммунизм | Тапсыз қоғам, таптар арасындағы айырмашылықтардың болмауы. |
Бір елде - Ресейде - марксизм идеяларын іске асыру тәжірибесі және Коммунистік партиясының (1917-1991 жж.) басшылығымен әлемдегі алғашқы социалистік қоғамды - Кеңес Одағының - құру тәжірибесі арқылы жүзеге асыралды. Бұл тарихы тәжірибе марксисттік теорияның утопиялық сипатын аныө айқындады.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру