Неліктен Жанна д̓ Арк бүгінгі күнге дейін француз халқының есінде? Дүние жүзі тарихы, 6 сынып, қосымша материал.


МҰҒАЛІМГЕ АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАРЫ

  6 СЫНЫП, САБАҚ 17.2

 

 VI бөлім: XIV ғасыр- XVI ғасырдың бірінші жартысындағы ортағасырлық еуропалық қоғам

 Сабақ тақырыбы: Неліктен Жанна д̓ Арк француз халқының есінде сақталады?

 Оқу мақсаты:

 6.3.1.4 - феодалдық соғыстар мен орталықтандырылған мемлекеттердің құрылуы арасында байланыс орнату

 Тарихи концепт: маңыздылық

Сабақтың өзара байланыс компоненттері:

  •  Сабақтың басында ұйымдастыру сәті өткізіледі: оқушылармен сәлемдесу, сабаққа дайындықты тексеру. Сабақтың басында оқушылардың эмоционалды жағдайын жақсарту үшін «Мен тұрмын, біреуге қарап тұрмын», атты сергіту жаттығуды өткізіңіз. Жаттығудын шарты: мұғалім, сыныптың алдында тұрып, ештеңе айтпай, бір оқушыға қарап тұрады. Сол оқушы орнынын тұрады. Қарапайым тапсырма мұғалімнің «Рахмет, отыр» деген сөзімен аяқталады. Кез келген оқушы мұғалім оған қарағанын мойындаса, орнынан тұрады. Сыныптағы оқушылар осындай жаттығуды әртүрлі орындайды, үнемі «ұзақ көзқарассыз» өтпейді: көптеген оқушылар барлық басқа оқушылар оған мұғалімнің қарап тұрғанын түсінсе де, ол әлі де орнынан көтерілмейді. Сонан соң мұғалімнің орнын ауыстыратын оқушыны шақырып, оған біреуге қарап және орнынан тұрғанда оған: «Рахмет, отыр» деу керегін түсіндіреді. Оқушылар әдетте отырған балаға рахмет айтуға ұмытып кетеді!

 Тапсырма назар аударуды және қарым-қатынаста сыпайы сөздерді қолдануды үйрету үшін өте пайдалы.

 

  •  Сабақтың тақырыбын анықтау үшін оқушыларға Жанна Д'Арк туралы көркем фильмнің фрагментін көрсетіңіз. Оқушылардан сұраңыз: Сіз бұл фильмді көрдіңіз бе? Оның басты кейіпкері туралы не айтуға болады? Неліктен фильмнің режиссері осы қыз туралы фильм жасауға шешім қабылдады деп ойлайсыңдар?

 Оқушылардың жауаптарын тыңдап, оларды толықтырып, Жүзжылдық соғыстың аяғында Франция жеңістен жеңіске жете бастады, ең алдымен осы қарапайым шаруа отбасынан шыққан қыздың арқасында.

 Сабақтың тақырыбын хабарлаңыз, оқушыларды оқу мақсаттарымен, тарихи концептісімен және бағалау критерилерімен танастырыңыз. Оқушылар дәптерге сабақтың тақырыбын жазады.

 Оқушылармен бірге зерттеу жұмысының бағыттарын анықтаңыз, масалы:

- Жүзжылдық соғыс кезіндегі Жанна Д’Арктың рөлін анықтау;

- Тарихи дедеккөзде берілген ақпаратты талдау;

- Жанна Д’Арк ісі бойынша сот процесін сипатау;

- Сабақтың тақырыбы бойынша қорытынды жасау.

  •  Уақыт сызығымен жұмыс. Оқушыларды Жанна Д'Арк атымен байланысты тарихи оқиғаларды сипаттайтын ақпараттық мәтіндермен қамтамасыз етіңіз. Оқушылар материалды жұпта талқылап, дәптерінде уақыт сызығын жазып, толтырады.

 Декскрипторлар:

 - Оқушы мәтінде көрсетілген басты кейіпкердің атымен байланысты барлық тарихи оқиғаларды уақыт сызығына белгілейді,

 - Оқушы жұптық жұмыс жасайтын сыныптаспен тиімді қарым-қатынас жасай алады.

 Тарихи даталардың мысалдары:

  •  ж. - Донреми ауылында Жанны Д'Арктың туылуы

 1429 ж. - Жанна Д'Арк ерлердің киімін киіп, Францияға қарсы күресуге деген ұмтылысымен дофин замогына келді.

 8 мамыр 1429 ж. Орлеан қаласының қоршауын жою. Орлеан Қызының келуімен соғыс барысында түбегейлі бұрылыс пайда болды. Реймсте VII Карл король тағына отырды.

 23 мамыр 1430 ж. - Жанна ағылшындармен одақтасқан бурундықтар қоршаған Компьеньге қайрай өз жолға шыққан кезде тұтқынға алынды.

  •  ж. – Жаннаға дінбұзарлық айып тағылды, Руанда Жанны Д'Арктың өлім жазасы іске асырылды.

 1456 ж. – Жанна Д'Арк өлгеннен кейін 25 жыл өткен соң, VII Карл өзінің билігінің заңдылығын дәлелдеуге мәжбүр болды және бұл үшін таққа отыру кезінде оған еріп келген қыз дінбұзарлық емес екенін мойындау керек болды. Екінші сот отырысы болып, Жанна Д'Аркт ақталды.

 1562-1598 жж. – Франциядағы католиктер мен протестанттар арасындағы діни соғыстар кезінде Жанна католик шіркеуінің символына айналады.

 1840 ж. – сот отырысының материалдары алғаш рет жарияланып, Жанна Д'Арктің жазаналуы Францияда үлкен резонанс тудырды. Католиктік шіркеуі оны канонизациялауға шақырды, яғни қасиетті тұлғалар қатарына қосу туралы үндеу жариялады.

 1870-1871 жж. – Пруссиямен болғын соғыста Франция жеңіліске ұшырады. Осы жылдары Жанна Д'Арктің аты елдің ұлттық ар-намысы және жауға қарсы күрестiң символы ретiнде қайта жандандырылды. Оның есімі мен ерлігі мектеп оқулықтарына енді.

 1874 ж. – Жанне Д'Аркка арналған алғашқы ескерткіш орнатылды.

 1914-1918 жж. – Бірінші дүниежүзілік соғыста Жанна Д'Арк Францияның ұлттық бірлігінің символына айналды.

 1920 ж. - Жанна Д'Арк канонизацияланды. Шіркеу енді оны елді шетелдік басқыншығынан құтқару үшін Құдай шабыттандырды деп үйретті.

 1940-1944 жж. - Жанна Д'Арк Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде елдің фашистік оққупациясына қарсы Қарсыласу Қозғалыстың символына айналды.

 

  •  Тарихи дереккөзбен жұмыс. Оқушылардан тарихи дереккөздің мәтінін оқуды сұраңыз.

 Жанна Д Арктың ісі бойынша сот шешімінен үзіндісі.

 1430 жылы 23 желтоқсанда Жанна Руанға әкелінді. Ағылшын король VI Генрихтың 1431 жылғы 3 қаңтардағы грамотасы бойынша сот процесы Бове епископтың юрисдикциясына берілді. Жанна д’Аркта қатысты инквизиция соты 1431 жылдың қаңтар-мамыр айларында Бове епископ Пьер Кошонның төрағалығымен жүргізілді өтті. Жанна барлық негізгі тағылған айыптар бойынша кінәлі дінбұзаршы деп танылып, одан кейін оны өртеп жіберді.

 Төменде инквизиция бекіткен 12 Жаннаның негізгі «қателіктерінің» түсініктемелері берілген:

 «1) Жаннның періштелер мен қасиетті құбылыстар туралы айтқан сөздері - бұл жалған сөздер немесе жын рухтардан.

 2) Король Карлға тәжді алып келген періштенің пайда болуы – бұл жалған және періштенің қасиетті дәрижесіне қол сұғу деп есептеледі.

 3) Жанна иланғыш, яғни ол жақсы кеңестер арқылы қасиеттілерді тануға болады деп есептесе.

 4) Жанна сенгіш және менмендік, себебі ол өзін болашаққа болжам жасай алатынын және бұрын көрмеген адамдарды тани алатынын нандырғысы келді.

 5) Жанна ерлер киімін киіп, Құдай заңын бұзды.

 6) Ол жауларды жоюға шақырады және соны Құдайдың еркімен жасайтынын мәлімдейді.

 7) Үйінен кетіп, ол ата-ананы құрметтеу өсиетін бұзды.

 8) Оның Боревуар мұнарасынан қарғып, секіріп кетуден құтылу әрекеті өзін-өзі өлтіруге әкелетін үмітсіздіктің көрінісі болды.

 9) Жаннаның қасиетті адамдарға сілтеме жасап өзін жәннатқа түсетініне сену туралы сөзі сенімсіздікке негізделеді және діннің негіздеріне қайшы келеді.

 10) Жаннанның қасиеттілер француз тілінде сөйлейді, өйткені олар ағылшындардың жағында емес дегені қасиеттілерге тіл тигізгені және жақындарға сүйіспеншілікпен қарау туралы өсиетті бұзғаны.

 11) Ол пұтқа табынушы, жындрады шақыра алады.

 12) Ол шіркеудің шешіміне, әсіресе Қасиетті жазуға байланысты мәселелерге сенгісі келмейді».

 Оқуды аяқтағаннан кейін оқушыларға осы құжатты РАФТ стратегияс пайдаланып талдауды сұраңыз:

Р – рөлі (епископ Бове, инквизициялық сот төрағасы);

А – аудитория (діни қызметкерлері, корольдің шенеуніктері);

Ф - формасы (айыптаушы үкімнің мазмұны);

Т – тақырып (Жанна Д Арктің дінбұзұрлығының дәлелдері).

 Содан кейін оқушыларды жұппен талқылап, өздері таңдаған кейбір үкімнің тұжұрымдарын жоққа шығаруды ұсыныңыз. Содан кейін барлық айыптауларды сыныппен талқылаңыз.

 Тапсырманың дескрипторлары. Оқушы:

  • РАФТ стратегиясын қолданып, тарихи құжатты талдайды.

- Жанна Д/Арктың дінбұзарлығын және сиқыршылық ден айыптауының 2-3 тұжұрымдамаларын жоққа шығаратын дәлелдер келтіреді.

  •  Рефлесия жүргізу үшін «Бес-саусақ» әдісін қолданыңыз. Оқушыларға бес саусақты пайдаланып, өз жұмысын және сабақ барысында алған эмоцияларын талдауды ұсыныңыз:
  •  Ш (шынашақ )Ойлау процесі. Бүгінгі сабақта қандай білім және тәжірибе алдым?
  •  А (атаусыз)Мақсатқа жету. Бүгінгі сабақта қандай мақсаттарға қол жеткіздім?
  •  О (ортаңғы)Көңіл-күйімнің жағдайы. Сыныпта менің басым көңіл-күйім қандай болды?
  •  С (сілтеуіш) – Қолдау, көмек. Сабақта кімге және қалай көмектесе алдын? Өзгелерді немен құанттым, шаттандырдым?
  •  Б (бас бармақ) – сергектік, физикалық пішін. Бүгінгі менің көңіл күйім қандай болды? Белсенділік пен денсаулықты нығайту үшін не істедім?

 Оқушылардың кейбір пікірлеріне түсініктеме беріп, сабақта жұмыс істегендері үшін алғыс айтыңыз.

 

  •  Үйге тапсырма ретінде оқушылар сабақтын тақырыбы бойынша қосымша көркем әдебиет оқуды ұсыныңыз, мысалы:
  •  Люблинская «А. Д. Жанна д'Арк». «Орта ғасырлар» кітабында. Шығарылым 22 М., 1962.
  •  Мишле «Ж. Жанна д'Арк». Пг, 1920.

Сабақтың тақырыбына қатысты қосымша

теориялық материалдары

Мәтін: «Жанна д'Арктің өлім жазасы»

 «Алаңда, - Жюль Мичлеттің айтуынша, - үш  тақтай тұғыр салынған. Олардың бірінде корольдің және архиепископтың кафедралары, прелаттарының орындықтарымен қоршалған Англия кардиналының тағы орналасқан. Екіншісі - қатал драма актісіне қатысушыларына арналған: уағыздаушы, сот, бальи және өзі сотталушыға арналған. Сонымен қатар, отынмен үйілген үлкен сыланған тақтай тұғыр дайын тұрды. Олар отқа ештеңе аямады, ал ол өзінің биіктігімен қорқыныш сезім тудырды. Бұл өрттеу рәсіміне салтанатты сипат келтіру үшін ғана емес, белгілі бір мақсаттармен әдие жасалды: жазалаушы оттың тек қана төменгі жағына жете алды, себебі от өте биік орналасқан, соған байланысты сотталушыны от азабынан құтқарып, жазалауды тездету немесе тоқтата алмайтындай болды ... Жанна тірідей жанып кетуі керек еді.

 Оны от шыққан таудың үстіне, найзалар мен қылыштардың ортасына қойып, бүкіл алаңға толығымен көрінетін қылып, ол қызыққұмарлықтарының алдында ұзақ және баяу өртенген кезде, ол әлсіздікті көрсетеді деп үміттенді. Жанна құтқаруды сұрайды, немесе тіпті өз кәнасін мойындайды деген жазалаушылардың үміті орындалмады».

 Жаннанның жазалануында оның барлық азаптаушылары - Кошон, ле Метр, Уорвик, провокатор Луазелер қатысқан болатын. Кошон «қасиетті» трибуналдың жаңа шешімін оқыды:

 «Алланың аты мен амин ... Біз, Пьер, Құдайдың мейірімділігімен, Бове епископы және ағасы Жан ле Метр, даңқты дәрігер Жан Граверанның адвокаты, дінбұзарлық істері жөніндегі тергеушісі ... біз сені, Жанна, халық арасында «Орлеан Қызы» деп аталатын, көптеген қателіктер мен қылмыстарың үшін кінәлі деп хабарлаймыз.

 Біз сіні, Жанна, шіркеудің бірлігінен ажыратып, оның мүшесінен жұқтыласын, сесебі оның зиянды мүшесі ретінде басқаларға жұқтыруың мүмкін. Сені зайырлы билікке ауыстыру керек деп шешім жариялаймыз. Біз сені өшіріп тастап, зайырлы билікті өз жазалауын жеңілдетуін сұраймыз, сені өлімнен және мүшелерңе зиян келтіруден құтқаруды сұраймыз». (Цит. по: Райцес В. И. Процесс Жанны д'Арк.).

 Содан кейін Жаннаның басына «Дінбұзар, рецидивист, пұтқа табынушы» деген жазуы бар қап киігізіп өртке алып кетті. Шежірешілер Жаннаның жазасы орындалу барысында инквизитор Кошон, мүмкін, қуанғаннан, еңіреп жылағаның хабарлайды. Енді ол Руан архиепископтың митрасын алатын болды! Өрттен Жаннаның киімі жаңған кезде, қалың жұрт өртенген мәйіті көріп, Жаннаның әйел болғанына көз жеткізу үшін, өртті ажыратты. Осыдан кейін оның денесі күлге айналдырып, Сенаға тасталды.

 Жаннаның жазалау кезінде өзін қалай ұстағаны туралы мәліметтерді қалпына келтіру мүмкін емес. Оның жақтаушылары оның өртке батылдықпен және мақтанышпен аттанғанын, ал қарсыластары оның өкінгенін, еңіреп жылағаның айтады. Кошон мен британдықтар, тіпті Орлеан Қызы күйдіргеннен кейін де, өздерінің құрбанын даттап, қатыгездік пен қорлық жасады деп, әртүрлі қылмыстары үшін оны айыптады.

 Кошон, білімді теолог болғандықтан, Жаннаның қырғыны тек қана феодалдардың және шіркеу иерархтарының кек алуы ғана емес, сонымен қатар оны француз патриоты деп санаған қарапайым халыққа соққы болғанын жақсы түсінді.

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу