Рационал сандарды қосу мен көбейтудің ауыстырымдылық және терімділік қасиеттері. Математика, 6 сынып, дидактикалық материал.
Қосымша 1
1) Өзен көліктерінің жылдамдықтары қандай формулалармен анықталады?
2) а санына b санын қосу дегеніміз не?
3) Қарама-қарсы сандардың қосындысы неге тең?
4) Кез келген санға нөлді қосқаннан сан өзгере ме?
5) Координаталық түзудің көмегімен а және в рационал сандарының қосындысын табу үшін не істейміз?
6) Екі теріс санды қосу үшін не істейміз?
7) Таңбалары әр түрлі, модульдері тең емес екі санды қосу үшін не істейміз?
8) Алгебралық қосынды дегеніміз не?
9) Қосудың ауыстырымдылық қасиетін айт!
10) Қосудың терімділік қасиетін айт!
11) Рационал санды азайту ережесін айт!
12) Координаталық түзудегі екі нүктелерінің арақашықтығы неге тең?
13)Таңбалары әр түрлі екі санды көбейту?
14) Таңбалары әр түрлі екі санның көбейтіндісінің мәні қандай сан?
15) Таңбалары бірдей екі санның көбейтіндісі қандай сан?
16) Көбейтудің ауыстырымдылық қасиетін айт.
17) Көбейтудің терімділік қасиетін айт.
18) Көбейтудің үлестірімділік қасиетін айт.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру