Бөлшектерді қосу. Ажырайтын және ажырамайтын біріктірулер. Графика және жобалау, 10 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Бөлшектерді қосу. Ажырайтын және ажырамайтын біріктірулер.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

11.6.2.1

Ажырайтын (бұранда) және ажырамайтын біріктірулерді және оны кескіндеуді білу

 Сабақ мақсаттары

1.Ажырайтын және ажырамайтын біріктірулер туралы жалпы мағлұматын білу

2. Бұрандаларды кескіндеуді және белгілеуді оқып білу.

3.Бұрандамалы біріктірудің бейнесінің тәсілін оқып білу

Жетістік критерийлері

Ажырайтын және ажырамайтын біріктірулердің қандай болатындарын біледі

Бұрандамалы біріктірулердің және бұрандаларды кескіндеу тәсілін біледі

 Тілдік мақсаттар

 

Жаңа сөздер мен терминдерді пайдалану арқылы ажырайтын және ажырамайтын біріктірулерді және олардың кескіндеу тәсілін біліп, өз идеяларын жеткізу

Глоссарий: бұрандама, бұранда, пісіру, дәнекерлеу, тойтарып шегелеу, бұрамасұқпа, бөлшек, сомын, бұрама.

 Құндылықтарды дарыту

 

 

Дұрыс шешімдер қабылдау және қоғам өміріне қатысу үшін шығармашылық және сыни ойлау;

Коммуникативті болу, командада әрекет ету және жұмыс істеу үшін әртүрлі құралдарды шығармашылық түрде пайдалану;

 Пәнаралық байланыстар

Бөлшектердің өлшемдерін есептеу кезінде математиканың аралық байланыстары.

 АКТ қолдану дағдылары

Әртүрлі зерттеулер үшін веб-сайттарды және интернет ресурстарын пайдалану

Бастапқы білім

Алдыңғы сабақтың «Стандарттау. Бұйымдар, бөлшектер және олардың элементтері» тақырыбындағы білімдері мен дағдыларын пайдалануы

Күтілетін нәтиже

Бөлшектердің бұрандалы қосылымдары кескіндерінің сызбаларын орындайды

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Ой шақыру:

Оқушыларды бұрандама және сомынының кескіндемесін немесе басқа да бұрандалы бекіту бұйымдарды қарастыруға шақырыңыз. Бұйымдардың мақсатын талқылап, сабақ мақсатын бірге тұжырымдаңыздар.

- Бұйымдар қалай деп аталады?

- Олар не мақсатта қолданылады?

- Олар бөлшектерді өзара қалай байланыстырады, мысалдар келтіріңдер?

1 сабақ

2 сабақ

Тақырыптың түсіндірмесі:

Оқушылармен ажырайтын және ажырамайтын біріктірулер мысалдарын қарастырыңыз:

Бөлшектердің біріктірулері ажырайтын және ажырамайтын болып табылады. Ажырайтын біріктірулерге бөлшектерін және бекітетін элементтерін бұзбай бөлшектеуге болатын біріктірулер жатады.

.

Ажырамайтын біріктірулерді бөлшектерін бұзбай бөлшектеуге болмайды

Бұрамасұқпадағы және тесіктегі бұрандалардың белгіленуін және кескіндеуін оқып біліңіз

Тәжірибелік жұмыс:

Кестені және берілген суретті пайдалана отырып, алты жақты басымен бұрандаманың нобайын орындаңыз және өлшемдерін көрсетіңіз: бұранда диаметрі d 20 мм, өзектін ұзындығы l -100 мм, кесілген бөлігінің l0 ұзындығы 46 мм, фаска биіктігі 2,5 мм.

(AD Botvinnikov, VN Vinogradov, IS Vyshnepolsky)

Басы алты жақты бұрандамалардың негізгі өлшемдері (мм)

Бұранда даиаметрі, d

8 10 12 16 20 30 42

Бұранда адымы, P (ірі)

Кілттік өлшемі, S

Сырттай сызылған шеңбердің диаметрі, D

Басының биіктігі, h

1,25 1,5 1,75 2 2,5 3,5 4,5

13 17 19 24 30 46 65

14,2 18,7 20,9 26,5 33,3 50,9 72,15,5 7 8 10 13 19 26

Бағалау критерийлері:

1. Өлшемдері сақталып, сызба дұрыс орындалды

2. Сызықтың түрлерін сақтайды

3. Шарттылықтар мен ықшамдауларды сақтайды

Оқушылармен қарастырыңыз: Бұрандамалы біріктірудің  кескіні.

Бейненің құрамын және тетікбөлшектерді біріктіру жолдарын талдаңыз:

1) 1, 2 - біріктірілетін тетікбөлшектер

3) Тетікбөлшек - Бұрандама

4) Тетікбөлшек - сомын

5) Тетікбөлшек - тығырық

Бұрандамалы біріктірудін кескінің кезеңдерін оқып біл. 217 сурет

рис. 217, г.

Кезеңдері:

A) Жеке тетікбөлшектердің кескіні

Б) Бұрандама тесіктін ішінде

В) Бұрандама тығырықпен және сомынмен тесіктін ішінде

Г) Бұрандамалы біріктірудін аяқталған сызбасы

Сұрақтарға жауап беріңіз:

1. 1, 3 және 5- тетікбөлшек қалай аталады?

2. Үстіңгі көріністегі үлкен шеңбер ненің кескіні болып табылады(Cурет 217, г)?

3. Үстіңгі көріністе көрсетілген алтыбұрышты тетікбөлшек нөмірін атаңыз (Cурет 217, г)

Тәжірибелік жұмыс:

217-суреттегі мысалда келтірілген Бұрандамалы біріктірудін сызбасын орындаңыз. Бұранда диаметрі d 10 мм. Қосылған бөліктердің әрқайсысының қалыңдығы 15 мм. Бұрандама өзегінің ұзындығы l 45 мм.

Бағалау критерийлері:

1. Өлшемдері сақталып, сызба дұрыс орындалды

2. Сызықтың түрлерін сақтайды

3. Тіліктегі сызықтауды дұрыс орындайды

4. Шарттылықтар мен ықшамдауларды сақтайды

http://rx-fly.ru/architecture/drawing/36-sborochnye-chertezhi-obschie-svedeniya-o-soedineniyah-detaley.html

http://rx-fly.ru/architecture/drawing/41-chertezhi-boltovyh-i-shpilechnyh-soedineniy.html

Құрастырмалы бірлігінің әртүрлі сызбалары, сабаққа презентация, сызу пәні бойынша әдістемелік нұсқаулықтар және оқулықтар.

Сабақтың соңы

Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:

- нені білдім, нені үйрендім

- нені толық түсінбедім

- немен жұмысты жалғастыру қажет

Оқушылар өздерінің жұмысы мен сыныптастарының жұмысын белгілі бір критерийлер бойынша бағалай алады

Саралау оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалауоқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде болуы мүмкін.

Саралау уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез-келген кезеңінде қолданыла алады

Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу