Алкандар. Көрсетілім №2 «Метан, этилен, ацетиленнің жануы. Каучуктер, резина, эбонит үлгілерімен танысу». Химия, 11 сынып, презентация.


Кез-келген жанғыш зат отын бола ала ма?

Отын ретінде қандай заттар қолданылады?

Отынның қандай түрлерін білесіздер?

Газ және сұйық күйдегі отындарға мысал келтіріңіздер.

Олардың құрамы қандай?

Олар қандай көмірсутектерге жатады?

Отынның тиімділігі қалай бағаланады?

ҚР отынның орналасуымен қалай сипатталады?

Алкандар. Көрсетілім №2 «Метан, этилен, ацетиленнің жануы. Каучуктер, резина, эбонит үлгілерімен танысу»

Оқу мақсаттары

11.4.2.13 әртүрлі алкандардың жану үдерісін зерттеу және олардың отын ретінде қолданылуын түсіндіру;

11.4.2.14 алкандардың жану өнімдерін білу және олардың қоршаған ортаға әсерін бағалау;

Сабақтың мақсаты

әртүрлі алкандардың жану үдерісін зерттеу және олардың отын ретінде қолданылуын түсіндіру;

алкандардың жану өнімдерін білу және олардың қоршаған ортаға әсерін бағалау;

Күтілетін нәтижелер

Әртүрлі алкандардың жану процесін салыстырады және олардың отын ретінде қолданылуын түсіндіреді;

Толық және толық тотықпаған көмірсутектердің жану өнімдерін атайды;

Отынның жану өнімдерінің қоршаған ортаға әсерін бағалайды

Кейде газ плитасының жалын түсі көк қана емес, сонымен қатар сары немесе қызғылт сары болады.

Не себепті пропан газының жану кезіндегі жалын түсі сары немесе қызғылт сары болуы мүмкін?

Көрсетілім «Пропан-бутан қоспасының,

гексанның, парафиннің жануы»

Алкандар жанғанда қандай өнімдер түзіледі?

Не себепті гексан мен керосин жанғанда күйе бөлінеді?

Ауа жеткіліксіз болғанда тағыда қандай газ түзіледі?

Алкандарды не себепті отын ретінде қолданады?

Алкандар оттектің жеткілікті және жеткіліксіз мөлшерінде жанғанда бөлінетін жылу энергиясының мөлшері бірдей бола ма?

Көрсетілім «Пропан-бутан қоспасының,

гексанның, парафиннің жануы»

Қорытынды.

Алкандар оттектің жеткілікті мөлшерінде жанғанда көмірқышқыл газы және су түзіледі.

Алкандар оттектің жеткіліксіз мөлшерінде жанғанда иіс газы және көміртек(күйе) түзіледі.

Алкан толық жанғанда бөлінетін жылу энергиясының мөлшері оның толық жанбағанда бөлінетін жылу энергиясынан көп.

Алкандардың жану реакцияларының жалпы теңдеуі

СnH2n+2 + О2 = СО2 + СО + С + Н2О + Q

Алкандар жанғанда түзілетін өнімдердің қоршаған ортаға және адам денсаулығына әсері

Топтық жұмыс

Жоспар.

Түзілу жолы.

Қоршаған ортаға әсері.

3. Адам денсаулығына әсері

Күтілетін нәтижелер

Әртүрлі алкандардың жану процесін салыстырады және олардың отын ретінде қолданылуын түсіндіреді;

Толық және толық тотықпаған көмірсутектердің жану өнімдерін атайды;

Отынның жану өнімдерінің қоршаған ортаға әсерін бағалайды

Рефлексия

«Қызыл» - сабақтың пайдасы аз болды, бірақ мен түсіндім;

«Сары» - сабақ қызықты болды, сол себебті мен сабаққа белсенді қатыстым;

«Жасыл» - сабақ мен үшін пайдалы болды, мен сабақта тиімді жұмыс істедім, мен көп нәрсені білдім.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу