Көміртегінің физикалық және химиялық қасиеттері. Химия, 8 сынып, дидактикалық материал.
«Көміртегінің физикалық және химиялық қасиеттері. Көміртек монооксидімен улану себептері»
тақырыбындағы сабаққа жазылған әдістемелік кеңес
Сынып:8, 4 тоқсан
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8.4В Көміртек және оның қосылыстары
Сабақ тақырып пен оқу мақсатын таныстырудан басталады. Көміртектің физикалық қасиетін болжап көруді ұсына отырып, сыныппен бірге талқылау жұмыстарын жүргізеді. Осы жерде көміртектің адсорбциялық қасиетіне тоқтала келе, жалпы адсорбция терминіне түсінік беріледі. Тұрмыстағы адсорбциялық қасиетке ие дәрілік препараттың ашылуы мен оның қандай мақсатта қолданылатынын сұрап көріңіз.
Көміртегінің химиялық қасиетін талқылай келе, оның тотықтырғыш пен тотықсыздандырғыш қасиетіне мысалдар келтіреді. Тағы бір қасиеттерінің бірі оттекте жануына қажетті жағдайларды атап өту қажет. Әсіресе оттегі мөлшері жеткіліксіз жағдайда С, СО газдарының түзілетіндігіне назар аудару қажет.
Оқушылардың сыни ойлауын дамыту мақсатында презентациядан суреттер ұсынылады. Онда көміртек монооксидінің қандай жағдайда түзілетінін табулары тиіс. Мұғалім түсіндірмесінен соң, видео ұсынылады.
Иіс газымен улану белгілері және физиологиялық әсерін талқылау үшін келесі слайд ұсынылады. Оқушы үшін қажетті ақпараттарды дәптерлеріне жазып алуларын сұраңыз.
Бұл тақырып тараудың соңғы тақырыбы болғандықтан, бірнеше тақырыптарға арналған шолу тапсырмалар ұсынылады. Мысалы, 1ші тапсырма айналымдарды жүзеге асыру барысында оқушылар көміртегі қосылыстарының химиялық қасиеттерін қайталайды. 2ші тапсырма көмірқышқыл газын сапалық анықтауға арналады. Олар түзілген тұнбаның берілген мәліметтерін есептей отырып, сапалық анықтау жолын еске түсіреді. Соңғы тапсырма иіс газымен улану белгілері ұсынылған сұрақтармен жалғасады. Олар бірнеше жауаптың ішінен дұрыс жауапты таңдаулары тиіс.
Мұғалімнің өз шеберлігіне сәйкес сабақты басқаша формада ұйымдастыруға болатынын атап өткіміз келеді. Мысалы, мектепте алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімімен бірлесе отырып оқыту ұйымдастырылса сабақ едәуір нәтижелі бола алады.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру