М.Дулатов «Бақытсыз Жамал» романы. Идеялар тоғысы. Қазақ әдебиеті, 8 сынып, сабақ жоспары. 24-сабақ.


Қысқа мерзімді сабақ жоспары №24

Бөлім: Махаббат және абырой Мектеп:

Күні: Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 8

Қатысқандар саны: Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

М.Дулатовтың «Бақытсыз Жамал» шығармасы - қазақтың тұңғыш романы

Оқу мақсаты

8.Т/Ж1. Әдеби шығарманың жанрына байланысты сюжеттік желілерін, эпилог, прологтарды анықтау.

 Сабақ мақсаты

Оқушылар: Әдеби шығарманың жанрына байланысты сюжеттік желілерін, эпилог, прологтарды анықтайды.

 Бағалау критерийі

Әдеби шығарманың жанрына байланысты сюжеттік желілерін, эпилог, прологтарды анықтай алады.

 Тілдік мақсаттар

 

Оқушылар қолдана алады:

Шығарманың идеясы мен ерекшелігін түсінеді;

Ауызша шығармада көтерілген мәселе мен сюжеттік желісі туралы ойларын айтады;

Өз көзқарастарын жазылым жұмысында сюжет желісін сақтай отырып жеткізе алады.

Пәндік лексика мен терминология: сюжет, пролог, эпилог,махаббат, еркіндік, теңсіздік, адалдық, парыз, ескілік, жаңалық

Диалог пен жазылымға арналған тілдік қолданыстар:

Менің ойымша...

Менің байқауымша...

Шығармада көтерілген мәселе жайында былай ойлаймын...

Шығарманың сюжеттік желісінен туындайтын ой...

Ойымды қорытындылай келе...

Құндылықтарды дарыту

Құрмет, достық

 Пәнаралық байланыс

музыка

Аудиожазылым http://ikitap.kz/audiobook/5210-baqytsyz_zhamal/5210-baqytsyz_zhamal,

Бастапқы білім

Алдыңғы сабақта оқушылар Ш.Құдайбердіұлының «Жастарға» өлеңі бойынша шығарма идесы мен мазмұны, ондағы көтерілген мәселе туралы, көркемдік ерекшелігі туралы түсінік алып, тапсырмалар орындады. Бұл сабақта оқушыларға түрлі тәсілдер арқылы алдыңғы сабақта қалыптасқан дағды мен білімдерін жетілдіруге жағдай туғызылады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы

10 минут

1.Миға шабуыл

Сабақтың басында оқушыларға М.Дулатовтың «Бақытсыз Жамал» романы бойынша аудиожазылым (http://ikitap.kz/audiobook/5210-baqytsyz_zhamal/5210-baqytsyz_zhamal) тыңдатылады. Аудиожазылымды тыңдап отырған кезде жұппен «Сұрақтар көшкіні» кестесі бойынша нақты аргументтерді жазып алып отырады.

1.Кім? Не?

2.Не жайлы айтылады?

3.Ерекше/ең ерекше...

Аудиожазылымды тыңдап болғаннан кейін «Сұрақтар көшкіні» кестесіндегі аргументтерді жинақтап,топпен талдау жұмысын жүргізеді. Талдау аяқталған соң мұғалім сабақтың тақырыбы мен мақсатын сынып оқушыларымен бірлесе отырып анықтайды. Сабақ барысында мақсатты нәтижеге жету үшін тапсырмалар бойынша бағалау критерийін жасайды.

Бағалау критерийі

Дескриптор

Әдеби шығарманың жанрына байланысты сюжеттік желілерін, эпилог, прологтарды анықтай алады.

1.шығарманың жанрлық ерекшелігін таниды.

2.сюжеттік желісін анықтайды;

3.Өзіндік көзқарас тұрғысынан романның прологы мен эпилогын жазады.

http://ikitap.kz/audiobook/5210-baqytsyz_zhamal/5210-baqytsyz_zhamal

Сабақтың ортасы

27 минут

2.Қызығушылығын ояту

1-тапсырма «Көңілді қалпақ»

 Сынып оқушылары бастарына қалпақ киіп, шеңбер жасап тұрады. Музыка әуені тоқтағанша оқушылар шеңбер бойымен қалпақты бір-бірінің басына кигізеді. Әуен тоқтаған кезде, қалпақ кімнің басында қалып қойса, сол оқушы «Бақытсыз Жамал» аудиосындағы өзіне ерекше әсер берген эпизодтарды айтады.

3. Мағынаны тану

2-тапсырма «Пайымдау сұрақтары» әдісі

  • Шығарма оқырманға қандай ой тастайды?
  • Қазақтың алғашқы романы туралы не білесіз?
  • Роман жанрлық тұрғыдан қалай ерекшеленеді?
  • «Жамал – өз тағдыры үшін күресуге дайын, сауатты, саналы қыз» деген тұжырыммен келісесіз бе? Неге?
  • Жамал бейнесі  арқылы  жазушы  нені  көрсетуді көздейді?
  • Автор өз шығармасында пролог пен эпилогты не үшін қолданған?

1. Оқушылар берілген сұрақтарға сүйеніп, мәселені, тақырыпты толығымен қамтып өз ойларын айтады.

2. Берілген сұрақтарды талқылап, өз идеяларын газетке немесе тақтаға жазу үшін топтарға 5 минут уақыт беріледі. Уақыт аяқталғаннан кейін топтар талқылауды жалғастырады.

Қабілеті жоғары оқушылар шығарманың сюжеттік желісін анықтайды.

4.Салыстыру

3-тапсырма

«Алты қалпақ»

Оқушыларға 6 түс ұсынылады, түстерді өз қалаулары бойынша таңдап алады. Таңдап алған түстері бойынша шығармадағы ойды,көтерілген мәселені өмірмен байланыстырып , өз көзқарастарымен тұжырымдайды.

Ақ қалпақ : шығарманың жанрлық ерекшелігіне назар аударады.

Сары қалпақ: шығарма идеясы мен сюжеттік желісі туралы сөз қозғайды.

Қара қалпақ: шығарманың жағымсыз жақтарына мән береді.

Қызыл қалпақ: шығарманың жағымды жақтарын өз сезім, болжамымен байланыстырады.

Жасыл қалпақ: шығарма сюжетін болашақпен байланыстырып, креативті ой айтады.

Көк қалпақ: барлық ойды қорытындылап, тұжырым жасап,шешім шығарады.

5. Бекіту

4-тапсырма.

Оқушылар топпен жұмыстарын сынып алдында қорғағаннан кейін, жеке «БҚО 1» кестесін толтырады.

Маған романдағы  мына кейіпкердің өзі немесе сөзі ұнады:

Сол замандағы қазақ тұрмысынан мынаны түсіндім:

«Бақытсыз Жамал» романы қазақ романының басы екеніне дәлел көп…

Оқушылар кестені толтырып болғаннан кейін жұмыстарын өз орындарында қалдырып, «Шарлау» белсенді әдіс-тәсілі бойынша келесі топтың жұмысын көреді. Әр оқушы топтағы бір оқушының жұмысын тексеріп, өз ұсынысын, пікірін айтады. Қайтадан өз орындарына барып отырады. Топта шығарма мен толтырылған кестеге сүйене отырып, өздері тақырып қойып, пікір алмасады.

6.Бағалау

5- тапсырма «Таңдау» әдісі

Сынып оқушылары екі тапсырманың бірін таңдап, орындайды.

Егер автор болсаңыз, шығарманың прологы мен эпилогын қалай жазар едіңіз?

Тірек сөздер: махаббат, еркіндік, теңсіздік, адалдық, парыз, ескілік, жаңалық

  • Үзіндіні оқып, ұсынылған тірек сөздерді пайдалана отырып, «Бақытсыз Жамал» романының прологын жазыңыз.

… Жамал сағынып көрген баланың алды болған соң, ата- анасы қолдан келгенше әлпештеп өсіріп, жасы тоғызға жетті.Жамалды еркек балаша киіндіріп жүрген соң, білмеген кісі қыз деп ойлаушы еді.Қыз деп айтқан адамдарға ашуланып та қалған күндері болды.

...Уәделері бойынша мұғалім һәмән Сәрсенбайдың үйінде тұратын болып, Сәрсенбаймен бірге еріп келіп, бір үлкен боз үйге кірді. Сол минутта ауылдың адамдары жиналып, қалампыр бәйбіше сабадан қымыз құя бастап, Сәрсенбай да Жамалға:

- Тұр, қарағым, молдекеңе мал әкел! – деп әмір етті.

  • Үзіндіні оқып, «Бақытсыз Жамал» романының эпилогын жазыңыз.

Жамалдың бармақшы болып ойлағаны – қаладағы Фатихолла бай еді. «Әйтеуір, онда жетсем, біреудің самаурынын қайнатып қызметін қылсам да, қор болып, халық көзіне көрінбес едім» деп, осылай ойлап жүргенде күн де батып,түн болып, ел де жатты. Жамалдың бұл ойлағанына қарай осы түні Байжанның ерттеулі аты таң асып тұрған еді. Жылырақ киімін киініп, ептеп шығып Жамал әлгі атқа мініп, үлкен жолмен: «Құтқардың ба, Құдай?» - деп жөнелді.

Топ спикерлері оқушылардың жұмысын сабақтың басында өздері бірлесе жасаған бағалау критерийіне сай бағалайды.

Мұғалім қабілеті орташа оқушыларды спикер болуға бағыттайды. Қабілеті жоғары оқушылар олардың жауаптарына толықтыру енгізіп, кері байланыс беріп қорытынды жасайды.

Сабақтың соңы

3 минут

Кері байланыс: «JNSERT» кестесі

Білетінім

Білгеніме сәйкес келмейтіні

Мен үшін жаңалық

Таңқалдырды

Оқушылар «JNSERT» кестесі толтырғаннан кейін топ спикері оқушылардың жауаптарын оқып, қорытындылайды. Мұғалім оқушы жауаптарына кері байланыс береді.

Стикерлер

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – сіз оқушының материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық пен техника қауіпсіздігін сақтау

Сабақ барысында қабілеті жоғары оқушылардың топ спикері ретінде бағалау арқылы сыни ойлау , топ мүшелерінің ойын қорытындылау арқылы шығармашылық қабілетін арттыру көзделеді. Сабақтың соңындағы «Пайымдау сұрақтары» әдісінде қабілеті жоғары оқуышының көшбасшылық қабілетін дамыту көзделеді.

Сабақ барысында сынып оқушыларының материалды меңгеру деңгейі әр тапсырма барысында бағалау критерийі бойынша топтық, өздік бағалау ретінде жүзеге асырылады.

Оқушылардың денсаулығын сақтау мақсатында «Шарлау» әдісін жүзеге асыру кезеңінде қимыл-қозғалысына ерекше мән беріледі. Оқушылардың сынып бөлмесінде отырып қалмай, жүруіне көңіл аударылады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу