М.Дулатов «Бақытсыз Жамал» романы. Идеялар тоғысы. Қазақ әдебиеті, 8 сынып, сабақ жоспары. 30-сабақ.


Қысқа мерзімді сабақ жоспары 30

Бөлім: Махаббат пен абырой Мектеп:

Күні: Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып:

Қатысқандар саны: Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

М.Дулатов «Бақытсыз Жамал» романы. Шығармашылық иірімдері

Оқу мақсаты

А/И4. Шығармадан алған үзінділерді қайта өңдеп креативті жазу.

 Сабақ мақсаты

Оқушылар:

Шығармадан алған үзінділерді қайта өңдеп креативті жазады.

 Бағалау критерийі

Шығармадан алған үзінділерді қайта өңдеп креативті жаза алады.

 Тілдік мақсаттар

 

Оқушылар қолдана алады:

Мақсатқа сай шығармадан үзіндіні таңдай біледі;

Шығармадан алған үзінділерді қайта өңдей алады;

Өз көзқарастарын жазылым жұмысында креативті жеткізеді.

Пәндік лексика мен терминология: хат танитын кісі, шешіліп сөйлеу, қолға түскен сандуғаш

Диалог пен жазылымға арналған тілдік қолданыстар:

Менің ойымша...

Менің байқауымша...

Шығармада көтерілген мәселе жайында былай ойлаймын...

Шығарманың басқа шығармалармен үндестігін салыстыра қарайтын болсақ:

Құндылықтарды дарыту

Сөз өнері, шығармашылық

 Пәнаралық байланыс

Тапсырмаларды орындауда тарих пәнімен байланыс болады.

Бастапқы білім

Алдыңғы сабақта оқушылардың зерттеушілік, танымдық, көшбасшылық қабілеттерін қалыптастыратын тапсырмалар орындалды. Бұл сабақта оқушыларға түрлі тәсілдер арқылы алдыңғы сабақта қалыптасқан дағды мен білімдерін жетілдіруге жағдай туғызылады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер

Дереккөздер

Сабақтың басы

10 минут

1.Миға шабуыл

«Өз жауабыңды көрсет» әдісі

Оқушыларға «Алаш қайраткері М. Дулатұлының қазақ әдебиеті мен өнеріне қосқан үлесі» мақаласы таратылады. Оқушылар мақаланы алдымен жеке оқып шығады. «Өз жауабыңды көрсет» тәсілімен жұптасып, мақаладағы ойларға қатысты қарапайым ойлар мен терең ойға негізделген сұрақтар құрастырып, талдайды. Жұппен талдап болғаннан кейін екінші жұппен топқа бірігеді. Бір топта төрт оқушы болуы керек. Топ мүшелері «Сұрақ? Жауап» тәсілі арқылы пікір алмасып, топтағы бір оқушы ортақ ойды сынып алдында мазмұндап айтады.Талдау аяқталған соң мұғалім сабақтың тақырыбы мен мақсатын сынып оқушыларымен бірлесе отырып анықтайды. Сабақ барысында мақсатты нәтижеге жету үшін тапсырмалар бойынша бағалау критерийін жасайды.

Бағалау критерийі

Дескриптор

Шығармадан алған үзінділерді қайта өңдеп креативті жаза алады.

1.шығарма оқиғаларын талдайды;

2.үзінділерді өңдейді;

3.креативті жазады.

«Алаш қайраткері М. Дулатұлының қазақ әдебиеті мен өнеріне қосқан үлесі» мақала

http://ehistory.kz/kz/contents/view/2692

Сабақтың ортасы

25 минут

2.Қызығушылығын ояту

1-тапсырма

"Әңгіме кестесі»

Сынып оқушылары жұппен өздері таңдаған шығарма үзіндісі негізінде «Әңгіме кестесін» толтырады.

Шығарма үзіндісі

Үзіндіні қайта өңдеп жазу

Үзіндіден алған әсер, өз көзқарасыңыз

2-тапсырма

«Сұрақ қою, қайта сұрақ қою» әдісі

1-қадам. Шығарманың мазмұнына сұрақтар дайындау;

2-қадам. Оқушылар оқығандары бойынша бір-біріне сұрақтар қояды және талқылайды. Оқушылар «Ыстық орындық» немесе «Жарық астындағы оқушылар» стратегиясы арқылы белгілі әдебиеттанушы рөліне ене отырып, басқа оқушылардың сұрақтарына жауап береді. Әрбір оқушының белгілі бір әдебиет сыншысы ретінде өз сыныптастарының сұрақтарына жауап беруге мүмкіндіктері бар:

  • Байжан сияқты алпауытпен тартысқа түсіп, екі жасты бақытты ету мүмкін бе?
  • Жазушы болсаңыз, кейіпкеріңізге бақытқа жетудің қандай жолын ұсынар едіңіз немесе шығарманы қалай аяқтар едіңіз?

3. Мағынаны тану

3-тапсырма « Жолдар..., Анықтау..., Талдау...,» әдісі

Оқушыларға тапсырманы орындамас бұрын «Міржақып Дулатұлы. Қайда едің? https://www.youtube.com/watch?v=YF7LPTM3Teg», Алашқа https://www.youtube.com/watch?v=LSeUg7wS8QQ» бейнебаяны көрсетіледі. Оқушылар бейнебаянды көріп болғаннан кейін мұғалім үстелінің үстінен қызыл, жасыл, көк, сары түсті үлестірме қағаздарды таңдап алады. Өздері таңдап алған қағаз түстеріне байланысты төрт топқа бөлінеді. Интерактивті тақтадан немесе флипчартқа жазылған «Азаттық жыршысы-М.Дулатов», «Ұлтқа арнаған ғұмырын», «Алаш болып шашау шықпау- бірліктің басы», «Қазақтың тұңғыш романы» тақырыптары көрсетіледі. Әр топтан бір оқушы шығып тақырып таңдап алады. Топ мүшелері бірінші тақырыптар бойынша жеке өз ойларын айтады, топпен пікірлерін салыстырады. Тақырыптарды әртүрлі ақпарат көздерінен жазып алған деректермен байланыстыра отырып талдап, қорытынды ойларын келесі топқа барып айтады. Осылайша барлық топ бір-бірінің жұмыстарын тыңдап, ой бөліседі.

Қабілеті жоғары оқушы тақырыпты анықтап, деректермен байланыстырады, қабілеті орта оқушы қорытынды ойды келесі топқа баяндап жеткізеді.

4. Бекіту

4-тапсырма

Шығарманың ұнаған және ұнамаған тұстарын еске түсіріп, жеке «Ішкі және сыртқы» кестеге толтыру. Оқушылар «Бақытсыз Жамал» романы бойынша «ішкіге» – шығарма бөліктерінің өзі келісетін, ұнаған тұстарын, «сыртқыға» – өзіне ұнамаған, қарсы пікірін жазады.

ішкі

сыртқы

5.Салыстыру

5-тапсырма «Бірдей... Әртүрлі?» тәсілі

Оқушылар алдыңғы тапсырмада бөлінген топтарымен отырады. Тапсырманы орындау барысында «Бірдей... Әртүрлі?» тәсілі қолданылады. Топ мүшелері алдымен шығарма шығарма үзінділерін таңдайды. Содан кейін жұппен үзінділерді салыстырады. Топтағы оқушылардың таңдаған үзінділері бірдей болуы мүмкін, барлығы өздері таңдаған шығарма үзінділерін бірінші топта жеке-жеке оқып шығады. Оқып болғаннан кейін таңдап алған үзінділерді өңдеп әңгіме жазады. Әр топтан бір оқушы ортаға шығып, жазған әңгімелерін оқиды. 4 оқушы әңгімелерін оқып тұрғанда қалған оқушылар ерекше әсер берген жолдарды

Ерекше әсерлі әңгімелер

Қандай жағдайды сипаттайды

Ұмытылмайтын тұстар

Кейіпкердің ойы мен сезімі

Сенің ойың мен сезімің

- деген кесте бөліктеріне жазып отырады. Кесте интерактивті тақтадан көрсетіледі. Интерактивті тақтадан көрсетуге мүмкіндік болмаса оқушылар анық көретіндей етіп флипчартқа сызып, тақтаға іліп қоюға болады.

6.Бағалау.

Оқушылар алдыңғы тапсырмада бөлінген топтарымен отырады. Топтағы әр оқушы «Сенің білгің келетін сұрақтар?» әдісі бойынша шығарма бойынша үш түрлі сұрақ құрастырады. Үш сұраққа «5-5-1» әдісі бойынша бірінші бес сөйлем құрастырады. Екінші бес сөйлемді бес сөзге қысқартады, үшінші бес сөзді бір сөзге қысқартады. Сабақ қорытындысында оқушылар «Пирамида» тәсілі бойынша :

1. Cенің сұрақтарың...,

2. Сенің есіңе бүгінгі күнді түсіретін ойлар...,

3. Сенің бүгін білгенің…» тіркестері бойынша қорытынды жасап, өзін- өзі бағалайды.

Оқушылар жұмыстарын аяқтағаннан кейін сабақтың басында өздері бірлесіп жасаған бағалау критерийі бойынша топтық бағалау жасайды.

Мұғалім қабілеті орташа оқушыларды спикер болуға бағыттайды. Қабілеті жоғары оқушылар олардың жауаптарына толықтыру енгізіп, кері байланыс беріп қорытынды жасайды.

Маркер, үлестірме қағаздар, интерактивті тақта, флипчарт

«Міржақып Дулатұлы. «Қайда едің?», https://www.youtube.com/watch?v=YF7LPTM3Teg», «Алашқа» https://www.youtube.com/watch?v=LSeUg7wS8QQ»

Сабақтың соңы

5 минут

Кері байланыс: Оқушылар «Жетістік» бағалау парағын толтыру арқылы өзін- өзі бағалайды.

  • Мен үш тапсырмада нәтижеге жеттім... ;
  • Мен өте жақсы нәтижеге жетер едім, егер... ;
  • Егер қайта орындауға мүмкіндік болса онда мен... жасар едім.

Стикер

Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз?

Бағалау – сіз оқушының материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық пен техника қауіпсіздігін сақтау

Сабақ барысында қабілеті жоғары оқушылардың топ спикері ретінде бағалау арқылы сыни ойлау, топ мүшелерінің ойын қорытындылау арқылы шығармашылық қабілетін арттыру көзделеді. Сабақтың барысындағы«Жолдар..., Анықтау..., Талдау...,», «Бірдей..., Әртүрлі?»,«Ыстық орындық» әдісінде қабілеті жоғары оқушының көшбасшылық қабілетін дамыту көзделеді.

Қабілеті орташа оқушылардың сыни ойлау қабілеттерін арттыруға «Сұрақ қою. Қайта сұрақ қою » әдісі кезінде жағдай жасалады.

Сабақ барысында сынып оқушыларының материалды меңгеру деңгейі әр тапсырма барысында бағалау критерийі бойынша топтық, өздік бағалау ретінде жүзеге асырылады.

Оқушылардың топпен жұмыс жасауына ыңғайлы болуы үшін орындықтар мен үстелдер екі жаққа тең етіп бөлініп, қарама- қарсы қойылады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу