Күйеуіме, әйеліме,  ❤️ ғашығыма, жаныма, жарыма, сүйгеніме, қызыма, жігітіме туған күнге тілектер!

Күйеуіме, әйеліме,  ❤️ ғашығыма, жаныма, жарыма, сүйгеніме, қызыма, жігітіме туған күнге тілектер!

Жаным, сенің қандай асқақ арманның иесі екеніңді білемін. Дұрыс армандау кез келген адамның маңдайына жазылмаған. Ал сенің арманың өзгеше. Сол арманыңның орындалып, өмірден өзің қалаған сыбағаны еншілеуіңе шын жүректен тілектеспін!

Жүрегімнің иесі, отағасы, дүниеге келген күніңмен құттықтаймын! Сенің бойыңнан көшбасшылық қасиетпен қатар қарапайымдылық, сабырлық, еңбекқорлық пен мейрімділік бар. Сондықтан, әрі қарай көздеген шыңдарыңды бағындырып, діттеген мақсаттарыңа, аңсаған армандарыңа жететініңе сенемдімін! Ең бастысы денің сау болсын. Басыңнан бағың таймасын. Алла абройыңнан айырмасын. Адал достарың көп болсын! Біз сені шексіз сүйеміз! Біз әрқашан сенімен біргеміз! Мама, Алланың қалауымен дүниеге ел азаматын әкелгеніңіз үшін рахмет! Папа, мама сіздер аман болыңыздар!

Жұлдыз әйелі Қайрат Нұртасқа арнаған тілегі


Пайдалы сілтемелер:




Бұйығы тартқан қалпым бар,
Болған соң саған шын ғашық.
Сен барда – жаным жарқылдар,
Жоқ болсаң – қалар мұң басып.

Сұрама оның себебің,
Сыры бар жұмбақ, астарлы.
Жарқырап тұрар әдемі,
Жұлдызы сенсің аспанның.

Ойларға батқан кезімде,
Үздігем қара көзіңе.
Бөлейтін іңкәр сезімге,
Бақыттың кілті өзінде!

Күйеуіме, әйеліме,  ❤️ ғашығыма, жаныма, жарыма, сүйгеніме, қызыма, жігітіме туған күнге тілектер!


ЖАНЫМ туған күніңмен шын жүректен құттықтаймын, ойлаған арманыңа жетуіңе тілектеспин. Сені тек биіктерден көрейін. Қадамыңа – гүл, келбетіңе – нұр, қиялыңа қанат бiтсiн, жасыңа – жас, басыңа бас қосылсын! Шаңырағыңа құт-береке, бейбіт күннің арайлы шуағы мейлінше төгіле түссін, отбасыңа – амандық, денiңе – саулық, ұзақ ғұмыр тiлеймiн, арманың – асқақ, шығар биігің асқаралы болсын!
Әрдайым құшағың – гүлге, қадамың нұрға тола берсін! Бақытты өмір сүруіңе шын жүректен тiлектеспін! БОТАМ


Пайдалы сілтемелер:



Жанымды жебейді бір шуақты үміт,
Қалдың сен жүрегімді тұрақ қылып.
Түндегі шақырасын шамшырақтай,
Дәтіме келем сені қуат қылып.

Сұқтанып қарай берем күнде өзіңе,
Көңілді күй ойнатып күмбезіне.
Жанарым қарағанда тайқып кетіп,
Қаймығам қарағандай күн көзіне.

Тамсанып сұлулыққа, сүзілемін,
Қиығы қызғалдақтың - қызыл ерін.
Жүргенде жүз қызға да ырық бермей,
Дауылдай тынышымды бұзып едің.

Толқытып тұнық сезім еркім кетті,
Түңлігін үміт көңіл желпілдетті.
Жүрегім қаяу тартқан қайта түлеп,
Сүйгенде сені ғана серпілмекші.

Дәл сендей көргенім жоқ шын асылды,
Қылығың, мінезің де ұнасымды.
Өзіңнен мұратымды тапқандаймын,
Кеудеме махабаттың гүлі ашылды!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
Пікір жазу
Пікірлер 6
  1. Оқырман Нурлан
    Оқырман Нурлан 01.11.2022 22:25
    3 + 3 -
    Жанымаа
    Жаным деген бес арып жылы созын
    Аскар таудай сыйлайды маган тозым
    Назык жалы унын мен тыл какканда
    Мендегы бакытты шак осы кезым
  2. Оқырман Нурлан
    Оқырман Нурлан 01.11.2022 22:22
    3 + 4 -
    Корынбейсын
    Сыйлар едым хош иыс роза гулым
    Отып жургой озынсыз талай туным
    Галамдардын ышынен корынбейсын
    Кайдасын кайда журсын жарык гулым
  3. махаббатым туған күніңмен
    9 + 11 -
    "Мәңгі махаббатым": Әйелін туған күнімен құттықтаған Нұрлан Қоянбаев

    "Бүгін менің жан-жарым, мәңгі махаббатымның туған күні! Шын жүректен бүгінгі туған күніңмен құттықтаймын, жаным! Денсаулығың мықты болсын, бақытымыз баянды, әрбір күніміз қуаныш пен шат күлкіге толы болсын. Отбасымыз аман болып, татулығымыз бен берекеміз мықты болсын. Әрбір ойлаған арман, тілек, мақсаттарымызға қол ұстасып бірге жете берейік. Достар, құттықтап қойсаңыздар күшті болады", - деп жазды Қоянбаев Instagram парақшасында.

    +++++++

    Туған күніңмен, жаным! Сен менің бүкіл өмірімді түбегейлі өзгерттің. Жүрегімде төңкеріс жасадың. Бүгін саған өмірдің бар асылын тілеймін, өйткені сен бар жақсылыққа лайықсың!

    +++++

    Жаным! Сенің бойыңнан мықтылықты, табандылықты, сабырлылықты көрдім. Біреу менен "Нағыз ер адам кім?" десе, сөзсіз сені атар едім. Және ол адам да менің ойыма қосылатынына сенімдімін. Сен жанымда болғанда, мен аптап ыстықта алып теректің саясында отырғандай күй кешемін. Туған күнің құтты болсын!

    ++++
    Жаным, сенің қандай асқақ арманның иесі екеніңді білемін. Дұрыс армандау кез келген адамның маңдайына жазылмаған. Ал сенің арманың өзгеше. Сол арманыңның орындалып, өмірден өзің қалаған сыбағаны еншілеуіңе шын жүректен тілектеспін!
  4. жаным туған күніңмен
    6 + 3 -
    Жаным туған күніңмен шын жүректен құттықтаймын

    ЖАНЫМ туған күніңмен шын жүректен құттықтаймын, ойлаған арманыңа жетуіңе тілектеспин. Сені тек биіктерден көрейін. Қадамыңа – гүл, келбетіңе – нұр, қиялыңа қанат бiтсiн, жасыңа – жас, басыңа бас қосылсын! Шаңырағыңа құт-береке, бейбіт күннің арайлы шуағы мейлінше төгіле түссін, отбасыңа – амандық, денiңе – саулық, ұзақ ғұмыр тiлеймiн, арманың – асқақ, шығар биігің асқаралы болсын!
    Әрдайым құшағың – гүлге, қадамың нұрға тола берсін! Бақытты өмір сүруіңе шын жүректен тiлектеспін! БОТАМ
  5. Гость Ермек
    Гость Ермек 16.11.2020 07:02
    2 + 6 -
    Жаныма тілектер ұнады
  6. Гость аян
    Гость аян 20.10.2020 07:52
    5 + 10 -
    керемет тілектер

Ілмектер: Қазақша Құттықтау - тілек: Туған күн (Ғашығыма Сүйгеніме), Қазақша Құттықтау - тілек, Туған күн (Ғашығыма Сүйгеніме), Қазақша Құттықтау - тілек: Туған күн, (Ғашығыма Сүйгеніме), Поздравления на казахском языке казакша, казакша тилек туган кунге жаныма, туған кунге тілек жарыма, туган кунге тилек жаныма, туған күнге тілек ғашығыма, туған күнге тілек сүйіктіме, гашыгыма тилек туган кунге, жаныма туған күнге тілек, жаныма туган кунге тилек, әйеліме тілек туған күнге