«Аналар өмір шуағы» 8 наурыз!


Ана жайлы тамаша сөздер, өлеңдер, әндер арқылы ардагер, ұстаз-аналар мен аруларды мерекемен құттықтау, оқушыларды мейірімділікке, ұстамдылыққа тәрбиелеу, ұстазға ата-анаға деген құрмет сыйын арттыру, ана еңбегін қадірлей білуге үйрету

 

Тақырыбы: «Аналар өмір шуағы» ( 8 наурыз! )

Мақсаты: Ана жайлы тамаша сөздер, өлеңдер, әндер арқылы ардагер, ұстаз-аналар мен аруларды мерекемен құттықтау, оқушыларды мейірімділікке, ұстамдылыққа тәрбиелеу, ұстазға ата-анаға деген құрмет сыйын арттыру, ана еңбегін қадірлей білуге үйрету.

1 Жүргізуші: Кеш жарық, қымбатты ұстаз-аналар, арулар! Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып,тағы да 8-Наурыз халықаралық әйелдер күні келді.Осынау көркем мерекенің қай кезде де орны бөлек.Олай болатыны,аналарға деген ыстық сезім,алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес.Олар-өмірдің гүлі,көңілдің жыры,әр отбасының алтын діңгегі.Мынау тынымсыз тіршілік пен кең дүниенің өзі тек аналармен ажарлы.. Алғашқы құттықтау сөз кезегін оқу ісінің меңгерушісі қазіргі таңда мектеп директорының қызметін уақытша атқарушы Рыскүл Тлекқалиевнаға береміз «сөйлеп жатқан кезде балалар шығып тұрады»

 

Монтаж

2 Жүргізуші Бүгінгі арайлап атқан нұрлы таңмен бірге әрбір сәби жүрегі өзің деп соқса,бүгінгі мерекелік кешіміз де аналарға арналады.

Көңілің Алатаудың ақ қарындай,

Мейрімің күннің шуақ шақтарындай.

Қалайша аяулы ана тына алармын,

Ән болып сағыныштан ақтарылмай,-деп абзал аналарымыз бен ардақты ұстаздарымыздың құрметіне 1..................................................................... «Перизат»қабыл алыңыздар

 

1 Жүргізуші.Жанұяның жылуын суытпай, тал бесікті тербей отырып, тебірене толғар бесік жыры ,аңыз ертегілері мен жақұт жырлары арқылы ұрпағының бойына адамдық қасиеттерді дарытып отырған аналардың төл мерекесімен құттықтаймыз

 

2 Жүргізуші Мың бұралып билеген

Аруды кім сүймеген .

Күміс көмей аруларға

Кімдер басын имеген-дей отырып келесі кезекті «2-сынып қыздарының испан биін қабыл алыңыздар!

                                                   

1 жүргізуші Аналар адамды бесігімен баулиды... Өмірдің іргетасы солардың қолымен қаланады. «Жәннәт-аналардың аяғының астында» деп, ислам діні әйелдерді ерекше құрметтейді. Егер де бір үйде қыз бала дүниеге келсе, береке, молшылық, бейбітшілік болады, ата-анасына қуаныш әкеледі деп жорыған екен. Құттықтау сөз кезегін қоғамдық-гуманитарлық пән бірлестік ұстаздарына береміз

 

2 жүргізуші  Бір ғана емес, қадір тұтқан бабалар,

                      Аналардан туған не бір даналар.

                      Ана деген тірегімнің тірегі,

                      Армысыздар, қасиетті аналар!

. 3.............................................. «Нұрдаулет Елжан» әнін қабыл алыңыздар.

 

1 жүргізуші Әйел-Ана, Әйел-Өмір, Әйел-тіршілік өзегі. Өмір бесігінде іңгә тербетіп, адамзат баласына ұрпақ сыйлар ұлы құдірет иесінің есімі әрқашанда қастерлі, сөзі-өсиет, тұғыры биік. Алтын құрсағынан адамзаттың алабы жаратылған асыл ананың жүрегі үлкен, жүзі мейірімді, қолы қайырымды. Көңіл шуағына мейірім төгілген аяулы жанның өмірден алар несібе жемісі-алтын босағасы мен сүйкімді перзенті болар.

 

2 жүргізуші. «Анаңды Меккеге үш рет арқалап апарсаң да қарызыңнан құтыла алмайсың» деген ұлы ғұламалардың сөзі бар. Шынымен солай. Адамзат жүріп өткен небір ауыр жол, алмағайып заманнан ұрпағын аман-есен бүгінгі күнге жеткізген әйел-ана құдіретін жырмен өрнектеп, әнмен әлпештеп, сөзбен айтып тауысу мүмкін емес. Ана-болашақтың демеушісі,ұлттың жебеушісі,сәбилердің бақыты.

4)Келесі кезекті ойынға береміз. «Молекула»

 

1жүргізуші Аяулысың, ауылымның асылдары,

Жайнасын көңілдердің жасыл бағы.

Сіздер үшін ән менен күй, өлең мен би,

Сіздер үшін мереке шашулары,- дегендей, алдарыңызда5 ....................................... «Ерсұлтан Седая ночь» әнін  Қабыл алыңыздар! Келесі құттықтау сөз кезегін жаратылыстану-математика пән бірлестігінің ұстаздарына береміз!

 

2жүргізуші

Бір өзіңнен бастап өмір жолдарын,

Жүрегіңе,жүрегімді жалғадым.

Өзің мына сыйға берген өмірде

 Ақ сүтіңді ақтап өту-арманым

.Келесі кезекті биге береміз

6) «7-11 би флешмоб»

 

1 жүргізуші     Анасыздар, әр үйге панасыздар,

Бала десе от болып жанасыздар.

Сәтті басса ұрпағың,- мерей тасып,

Қыз күлкісін сусын қып қанасыздар. 4-сыныптың мың бұралған қыздарының өзбек биін қарсы алыңыздар!

 

2жүргізуші  Талай ренжітсек те, еркелігімізді көтеріп, туған анамыздай маңдайымыздан сипай білген ұстаздарымызға айтар алғысымыз шексіз. Олардың еңбегі ұлан-асыр мұхитпен тең. Сабақтарды әрдайым қызықты өткізіп, ойындар ұйымдастырасыздар .ал  бүгін біз сіздерді ойнатамыз. 7)

 

1 жүргізуші

Десек те уақытпен жарыспайды,

 Қиялға қиялменен ғарыштайды

Шәкірттер шын жүректен тебіреніп,

Өнерін аналарға бағыштайды,-дей отырып 7-сынып оқушыларының көрінісін қабыл алыңыздар.

 

1 жүргізуші

«Отбасы-шағын мемлекет» деген сөз бар. Ынтымағы келіскен, түтіні түзу ұшқан әрбір шаңырақ мемлекеттің құт берекесі. Әйел-ана отбасы жылуын сақтаушы, қоғамның ертеңі болашақ балаларды тәрбиелеуші Осы айтылғандардың бәрі шындық, бәрі шын, аналар ажалдан күштірек, жапанға бір тоқтамсыз данышпандарды, ақындарды, ерлерді дүниеге әкелетіндн аналар. Құттықтау сөз кезегін бастауыш пән бірлестігіне береміз

 

2 жүргізуші

Мерекеге арналады бүгін билер.

Көтерілсін, қанекей, көңіл-күйлер.

 Алдарыңызда қазіргі қазақ биі,

Таң қалдырып қанекей би билеңдер, – демекші, ендігі кезекте5-сыныптың өнерлі қыздарына береміз, қабыл алыңыздар9)

 

1 жүргізуші

Келесі кезекті ойынға береміз!10)

 

2жүргізуші Әйелдер адамды бесігімен баулиды... Өмірдің іргетасы солардың қолымен қаланады.Мынау  тынымсыз тірлік пен кең дүниенің өзі тек аналар мен ажарлы. таңмен бірге  әрбір сәби жүрегі  өзің деп соғады.

Келесі құттықтау сөз кезегін мектебіміздің тазалығын қамтамасыз етіп отырған, әрқашан көңілді болып жүретін апайларымызға береміз

 

1-жүргізуші:: Сіздер — Күнсіз, аспанда жарқыраған,

 Сіздер — өзен, тау суы сарқыраған,

Сіздер — ана, сіздер — жар,

сіздер — қыздар, Сіздер — жаңбыр, ақ нөсер сарқыраған. Сіздерге арналған құттықтауларды қабыл алыңыздар 11)

 

2 жүргізуші«Отбасы-шағын мемлекет» деген сөз бар. Ынтымағы келіскен, түтіні түзу ұшқан әрбір шаңырақ мемлекеттің құт берекесі. Әйел-ана отбасы жылуын сақтаушы, қоғамның ертеңі болашақ балаларды тәрбиелеуші

 

1 жүргізуші.

Барша ана,құтты болсын мерекеңіз

Әрқашанда ана сізбен берекеміз.

Ақтасақ ақ сүтіңді,асыл анам.

Сонда біз кісілікке теңесеміз

 

2 жүргізуші Анасыздар — Ақ Еділ, Жайықсыздар –

Жүзе алмайды өтінде қайықсыздар

Маздататын, жүректе от лаулататын,

Әр үйдің Күні десе, лайықсыздар.

 

2 жүргізуші Қорытынды сөз кезегін тәрбие ісінің меңгерушісі Айнұр Алдабергенқызына береміз!

1 жүргізуші Құрметті қонақтар ,біздің «Ана өмір шуағы» атты мерекелік кешімізді көңіл қойып тамашалағандарыңызға көп-көп рахмет.

Демеңіз біз өнерді аяп қалды,

Мезгіл де біраз жерге таяп қалды.

Қош болып тұрыңыздар көріскенше,

Осымен концертіміз аяқталды.

 

Сау-саламатта болыңыздар!

Материалдың толық нұсқасын жүктеуге 45 секунд қалды!!!
Іздеп көріңіз:
0 0

Добавить комментарий