Жаңылтпаштар топтамасы №1


Жаңылтпаштар топтамасы

Авторы: Ескен Елубаев


Тәтті қақ
Қап-қап қақ
Алмақақты
Көп қақтапты.
***
Ескекті өзі еспек
Тез еспек,
Неше ескекпен еспек?
Қос ескекпен еспек?
***
Текемет керемет екен
Өте ерек керек текемет екен.
***
Мына аша
Нашар аша
Жаңа аша жаса.
***
Ұн тартқан
Ұнтақ - ұнтақ шынтақтан.
***
Еңбек ет, Ермек жөндеп,
Терлесең, еңбек өнбек.
***
Жанса, май шам жақсы.
Жақса, бар шам жақсы.
***
Сызық сызып қызық сызды
Қисық сызып бұзып сызды.
***
Айқайсыз қай той тарқар
Той тарқарда болар талай айқай.
***
Жол жағалай бағаналар ағарар
Ағарар бағаналар жағалар
Бағаналарға шамдар жағар.
***
Далада ыңғи жыңғыл,
Ұңғыл - шұңғыл шұңқыр.
***
Дуал құлаған, тұрақ қираған,
Қурай қуарған, құрақ қураған.
***
Арқар атар аңқау Арқарбай ма?
Арқарбайды арқар байқар.
Арқарды Арқарбай қалай байқар?
***
Жан жолдаспен жанжалдаспа
Алжаспа, азба, аспа.
***
Еңкейіп, тоң төңкердік.
Төңкерген тоңды атқа өңгердік.
***
Құшақтасса,
Құшақ ашса,
Құшақ аш.
Құшақ ашпаса, қашса қаш.
***
Күндіз құндыз аттық.
Дымсыз, үнсіз қайттық.
***
Үстіміз шаң - шаң,
Бар маң аң - таң, лаң.
***
Нақаш ағасы – нағашысы.
Жақаш – Нақаш
Нағашысының нағашысы.
***
Мынау – аңқау даңғой.
Анау – дауқой даңғой.
***
Шөпті баулуға жайлауға бардық,
Жайлауға аң аулауға бардық.
***
Күбі піссе,
Бізше піссе,
Қымыз ішсе,
Бізше ішсе.

Лаж аз,
Класс лас.
Рас, лас.
***
Ебелек шөмеледік
Көп шөмеледік.
***

Құлпытасқа жазу жазар,
Қашаумен қашар,
Қашап жазар, жасар.
***
Қонақ сыйлап тік тұрдық,
Құлдық қылдық,
Құлдық ұрдық.
***
Кең жең жейде –
Ең жөн жейде.
***
Ұшты, ұшты,
Ұшқыш ұшты.
Ұшты, ұшты,
Құс ұшты.
Ұшты, ұшты
Құз ұшты.
Ұшты, ұшты,
Қыш ұшты.
Ұшқыш ұшар,
Құс ұшар,
Құз ұшпас,
Қыш ұшпас.
***
Күбіні күпімен ора
Күпіні күбінің түбіне ора.
***
Үзілмес шылбыр – шынжыр шылбыр
Шынжыр шылбыр – шын шылбыр
Шын шылбыр – сым шынжыр.
***
Үміт ақтар ат –
Шабдар ат
Шабдар ат – баптар ат.
***
Тақтай тап та
Сап шап.
Сап шап та,
Балта сапта.
***
Баруды сирет,
Көлде үйрек сиреп,
Дүрмек сирек.
***
Тоқпан жілік –
Тоқпақтай жілік,
Тоқпақтап жатқан
Тоқпандай жігіт.
***
Қуат!
Науатты уат!
Уақ - уақ уақтап уат!
***
Жел қазсаң қайла сайла,
Беліңе қайла байла,
Жер қазғанға қайла айла.
***
Алда лайлау - лайлау сайлар бар, байқа,
Абайлай - абайлай лай сайлардан атта.
***
Келген малшы
Әрі әнші,
Әрі аңшы.
***
Бақшашы бақша басқа,
Бақшасы сатса ақша.
***
Озған сәл алады
Бәйгені шал алды.
Шал әлі әлді.
***
Шарық айналар,
Қайралар, пышақ, қайлалар
Көңіл жайланар.
***

Быдықтың мытып қытықтағаны –
Құттықтағаны.
***
Кейбір кемпір
Кейкір, бейпіл.
***
Тарлау саңылау жаса,
Тарлау саңылаудан барлау жаса.
***
Суға кеткен тал қармар,
Тал қармар да жан қорғар.
***
Болды быт - шыт,
Шықты шықшыт.
***
Талғардың тарғыл шыңдары,
Жалбыр бұлттары
***
Ара балы –
Әрі нәр, әрі дәрі.
***
Сегіз өгіз,
Тегіс семіз.

Жарбол,
Бай бол,
Бар бол!
***
Үйден мысық шықты,
Үйшіктен күшік шықты.
Күшік мысықтан күшті шықты,
Мысық күшіктен ықты.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
Пікір жазу