ZHARAR | KZ | Сабақ жоспары | Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар (ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ) | Дененің теңүдемелі қозғалыс кезіндегі негізгі ұғымдар және кинематиканың негізгі теңдеуі (Физика, 10 сынып, I тоқсан)

Дененің теңүдемелі қозғалыс кезіндегі негізгі ұғымдар және кинематиканың негізгі теңдеуі (Физика, 10 сынып, I тоқсан)

 Дененің теңүдемелі қозғалыс кезіндегі негізгі ұғымдар және кинематиканың негізгі теңдеуі (Физика, 10 сынып, I тоқсан)
Пән: Физика
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Кинематика
Сабақ тақырыбы: Дененің теңүдемелі қозғалыс кезіндегі негізгі ұғымдар және кинематиканың негізгі теңдеуі
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): • 10.2.1.1 – жылдамдықтың уақытқа тәуелділік графигін қолдану арқылы дененің теңүдемелі қозғалыс кезіндегі орын ауыстырудың уақытқа тәуелділік формуласын қорытып шығу.
• 10.2.1.2 – Сандық және графиктік есептерді шешу кезінде кинематикалық теңдеулерді қолдану.
Сабақ мақсаттары: Оқушылармен теңүдемелі қозғалыс кезіндегі жылдамдықтың уақытқа тәуелділік графигі арқылы кинематика теңдеуін қорыта отырып, есеп шығару кезінде оның қолдануын үйрету.

Ұйымдастыру бөлімі.
Оқушылармен, амандасу.
Берліген симуляцияны көрсете отырып, талқылау

Сабақ мақсаты мен бағалау критерилерімен таныстырамын.
«Ой қозғау»
Егер мына көрсетілген жылдамдықтың уақытқа тәуеліділігінен ауданын табатыны неге тең болады?

Механикалық қозғалыс деп дененің кеңістіктегі орнының санақ денелері ретінде алынған басқа денелерге қатысты уақыт бойынша өзгерісі айтамыз.
Дене козғалғанда оның жылдамдығы тұрақты болуы немесе өзгеріп отыруы мүмкін. Дененің жылдамдығы тұрақты болса, ондай қозғалыс ты бірқалыпты қозғалыс деп атайды. Ал дененің жылдамдығы өзгеріп отырса, ондай қозғалысты айнымалы қозғалыс дейді.
Бірқалыпты қозғалыс кезіндегі орын ауыстыруды уақытқа тәуелділік графигі арқылы орын ауыстыру графигін талқылау

Тең айнымалы қозғалыс кезіндегі графикті талқылай отырып, жылдамдықтың уақыт бойынша өзгеріс графигін талдылай отырып көлдеулік бұрышы немесе тангенсі үдеудің мәніне тең болатындығын қорытып шығамын.

Үдеу дегеніміз жылдамдыңтың өзгеру шапшаңдығы.
a=(ϑ-ϑ_0)/t өлшем бірлігі м/с2
Тең айнымалы қозғалыс кезіндегі жылдамдықтың уақыт бойынша өзгерісін қарастыра отырып, график арқылы орын ауыстыруды анықтап көрейік

Суреттегі аудандардың қосындысы дененің орын ауыстыруын білеміз. Олай болса трапеция аудан S ⃗=ϑ_0 t+((〖ϑ-ϑ〗_0)t)/2 егер үдеудің a=(ϑ-ϑ_0)/t формуласын ескере отырып 〖ϑ-ϑ〗_0=at болса, онда
S ⃗=ϑ_0 t+〖at〗^2/2
Формуласы шығады. Ал егер координатаға байланысты бұл формуланы жасатын болсақ, бірінші қозғалыс қандай ось бойымен қозғалғандығын анықтай отырып S ⃗=〖x-x〗_0 немесе S ⃗=〖y-y〗_0 екенін ескерсек
x=x_0+ϑ_0x t+〖at〗^2/2 деп жазуға болады.
Схема бойынша кинематика теңдеулері мен графиктерін түсіндіру

Сабақты бекіту
Топтық жұмыс
А деңгейі
1.Автомобильдің жылдамдығы 5 секундта 15 м/с-тан 10 м/с-қа дейін бірқалыпты кемиді. Автомобиль үдеуінің модулі неге тең?
2.Суретте бес дененің жылдамдық модульдерының уақытқа тәуелділік графиктері көрсетілген. Бірқалыпты кемімелі қозғалысқа қай график сәйкес келеді?.....
Скачать файл ZHARAR.COM

(Если ссылка на скачивание файла не доступна - дайте нам знать об этом в комментариях либо через форму обратной связи)

Комментарии (0)

Оставить комментарий

Рекомендуем

умж ұмж қмж кмж сабақ жоспары Дененің теңүдемелі қозғалыс кезіндегі негізгі ұғымдар және кинематиканың негізгі теңдеуі 10 сынып физика, физикадан қмж кмж ұмж умж ұзақ мерзімді қысқа сабақ жоспары дидактикалық материал, долгосрочный и краткосрочный план на казахском, физика умж ұмж кмж қмж кыска узак мерзимди сабак жоспары дидактикалык материал, Дененің теңүдемелі қозғалыс кезіндегі негізгі ұғымдар және кинематиканың негізгі теңдеуі
Последние комментарии
Гость Айбат - Вчера, 23:08
Дүниежүзі тарихы (8 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

1-бөлім «Бірінші дүниежүзілік соғыс» бөлімі бойынша жиынтық бағалау Тақырыптар

Мырзахметова Наргиза Каримовна - Вчера, 23:03
16 желтоқсан - Тәуелсіздік күні

Жақсы сайт. Қандай тапсырма іздесең табылады, және толық берілген.

Ержан Марал - Вчера, 22:49
Алгебра (9 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

ТЖБ 9сынып Алгебра жауап

Гость Гулнур - Вчера, 22:46
Олимпиадалық тапсырмалар: Ағылшын тілі (5, 6, 7 сынып)

Жауаптары барма

Гость Диас - Вчера, 22:27
Геометрия (8 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

Геометриядан 1 тоқсанның ТЖБ керек

Гость Жасулан - Вчера, 22:22
Ағылшын тілі (8 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

8 сынып ағылшын бжб 1 тоқсан бар ма

дозшозщ - Вчера, 21:56
Күз туралы шығармалар топтамасы

как дела

Хорошо - Вчера, 21:27
Ағылшын тілі (6 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

Мм

Гость Сабина - Вчера, 20:45
Информатика (5 сынып | 1, 2, 3, 4 тоқсан)

Маған Информатикадан Тжб керек

Наргиз - Вчера, 20:43
Ағылшынша шығарма: My first school

Меним атым Наргиз меним жасым 11-де меним отбасында 7 ти адам бар