Ұлы Жеңіске мың тағзым!

Ұлы Жеңіске мың тағзым!


ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
Салмақ жинаудың 8 әдісі

Жеңіс күні - еліміз үшін орны ерекше мереке. Нағыз ұлтшылдықты оятатын, рухани сезім беретін, тарихымызды ескеріп, сол жеңісті сыйлаған ардагерге бас иетін жеңісті күн. Әлемді дүр сілкіндірген Ұлы отан соғысын еске алудың өзі ауыр. Қан мен жаны бір арнада болса да, ойланбастан елі үшін өзің құрбан еткен сол соғыстағы ата - апаларымыздың ерлік істері мәңгі өлмейді.
Биыл жеңіс туының желбірегеніне жетпес бес жыл толады. Тура сол бір сұм соғыстың аяқталғанына жетпес жыл жыл. Ардақты ардагерлерімізге қанша алғыс айтсақ та сол кезде көрсеткен бір еңбегін де өтей алмағанымыз анық. Жеңіс күні жақындағанда әрдайым мені бір ой қынжылтады.“Неге біз ардагерлерімізді тек тоғызыншы мамыр күні ғана еске аламыз?„. Осы сұрақ менің санамнан шықпайды, жиі мазалайды. Ұрпақтарына тәуелсіздіктің ақ таңын сыйлаған батырларымызға неге тек Жеңіс күні қарсаңында ғана ескеріп, бас иеміз? Тәуелсіздік, жеңіс - Тәңірдің бізге берген сыйы дейміз ау, дегенмен жеңіске деген жолда қанша батыр аталарымыз басын бәйгеге тікті! Бар асылынан бас тартты, арманы ұлы отан соғысында өз ерлігін көрсету, елі үшін жаның беру. Соны ұмытпасақ деймін. Бүгінгі таңдағы жаһандану, жастардың аяғын алшақ басып жүруі, халықтың еркіндікте өмір сүруі бәрі бәрі жеңістің, саусақпен санарлық батырларымыздың арқасы.
“Ер есімі - ел есінде сақталады„ - дейді дана халқымыз. Сол бір қантөгіс жылдар миына мәңгі сақталған өткен күнің батырлары яғни ардагерлердің бүгінгі жағдайы қандай? Әрине көңіл қуантарлық емес... Өз халқы үшін жаның шүберекке түйген батырларымызды неге тек сөз арқылы қадір тұтамыз?! Бұл әлбетте біздің қате. Батыр аталарымыздың орныңда болып, сол өтіп кеткен сұрапыл кезеңдегі сұм соғысты өз басымыздан өткізбей, түсініп болмаймыз. Ата - бабаларымыздың қаһармандығын тек сол кезде ғана түсінетініміз анық. Әрине оңдай соғыстар еліміздің маңайына жоламасын, әрқашан көк туымыз көкке желбірей берсін. Ешқашан соғыс болмай, әлемде тек бейбітшілік болсын!
Қостанай облысы, Қостанай ауданы
Мемлекеттік тілде оқытатын Заречный орта мектебінің
11 - сынып оқушысы Арманқызы Аружан



Источник: bilimdiler.kz
ТАҒЫ ДА ОҚЫҢЫЗДАР:
Мұсылманша есімдер немесе есім таңдай білесіз бе?



00


Комментарии для сайта Cackle