Сабақ жоспары (ұмж): Галогендер. Хлорсутек, тұз қышқылы және хлоридтер. (Химия, 10 сынып, IV тоқсан)

Сабақ жоспары (ұмж): Галогендер. Хлорсутек, тұз қышқылы және хлоридтер. (Химия, 10 сынып, IV тоқсан)



Пән: Химия
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Маңызды р-элементтер және олардың қосылыстары
Сабақтың тақырыбы: Галогендер. Хлорсутек, тұз қышқылы және хлоридтер
Оқыту мақсаттары: 10.2.1.41 топ бойынша галогендердің физикалық және химиялық қасиеттерінің өзгеру заңдылықтарын түсіндіреді;
10.2.1.42 тұз қышқылының химиялық қасиетін оқу және оның ұолдану аймағын білу;
Сабақтың мақсаттары: - топ бойынша галогендердің физикалық және химиялық қасиеттерінің өзгеру заңдылықтарын түсіндіреді;
- тұз қышқылының химиялық қасиетін оқу және оның ұолдану аймағын білу;

Ынтымақтастық орта қалыптастыру.
Кіріспе: бүгін біз галогендер мен хлор қосылыстары - сутегі хлориді мен тұз қышқылын зерттей бастаймыз. Кейбір қызықты деректер:
• Адамның асқазаны тұз қышқылымен зақымданған шырышты қабатты аптасына бір рет жаңартып отырады.
• Адамның асқазанындағы тұз қышқылы сондай агрессивті қырынуға арналған лезбені апта ішінде ерітіп жібереді.
• тұз қышқылы - толығымен буланып кетуі мүмкін;
• тұз қышқылы - асқазанда тағам қорытуға көмектеседі және түрлі патогенді бактерияларды өлтіреді;
ОМ анықтау


- жеке жұмыс –2 минут ішінде оқушылар дәптерлерінде кластер құрады

(сур.1):“Мен тұз қышқылы және хлорсутек жөнінде не білемін? ”

- Жұптық жұмыс –2 минут ішінде оқушылар өздерінің ассоциациялары туралы айтады және өз кластерлерін жаңа сөздермен толықтырады. Өзін-өзі бағалау.
2. Дамыту картасы – Әр оқушы жекке мәтін оқиды (қосымша). Мәтінді оқи отырып оң жақ бөлігіні төмендегі белгілерді қойып отырады:
“V” – білемін;
“--” -- білмеймін;
“+” – мен үшін жаңа;
“?” – білгім келеді.
Оқушылар белгілерді қойып болғаннан кейін мұғаліммен бірге талқылайды. Мұғалімнің оқушыларды бағалауы.
Кестені толтырыңыз. (15 минут).......


Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через 10 секунд !!!


Комментарии для сайта Cackle