Өлең: Қадыр Мырза Али (Менің хатым)

Өлең: Қадыр Мырза Али (Менің хатым)



Ағам менің жырақта —
Астанада тұрағы.
Жазған хаты бірақта
Бес күнде кеп тұрады.
Менің жазған хаттарым
Көп жүреді тегінде.
Менің жазған хаттарым
Жетеді оған он күнде.
Өйткені олар жазған соң,
Бес күн үйде қонады.
Ал сонан соң, сонан соң
Бес күн жолда болады


Комментарии для сайта Cackle