Өлең: Мұқағали Мақатаев (Қарт ақынның дегені)

Өлең: Мұқағали Мақатаев (Қарт ақынның дегені)



Көбелек деп жүрсің бе отты айналған?
Қуатым бар кеудемде щоқтай жанған.
Кер бестімін кермеде қаңтарылған,
Бәйге болса қалайда шаппай қалман.
Шаппай қалман және де озбай қалман,
Бәсіңді қой нанбасаң сөз байланған,
Жебесімін жез таңдай бабалардың,
Қынабында тыныстап, тозбай қалған.
Артықпын деп айта алман, алайда мен,
Алдымда аға, артта іні қарайлап ем.
Қалған адам, әдетте, көз жазбайды,
Озған адам артына қарайды әрең.
Шаппай бермен бәйгені ала ғой деп,
Жүрмісің жүйрік емес, шалағай деп?!
Ұл тапқанда ұлы анам боза ішіпті,
Қалжасына бақандай қара қой жеп.
...Кер бестімін кермеде қаңтарулы,
Дүбір шықса үзермін арқаныңды.
Қалмаспын орта жолда омақасып,
Тамсантып таңдандырмай бар қауымды


Комментарии для сайта Cackle