Дінтану | Дін

Дін-өмір азығы. Дін адамды таза жолға жетелейді. Дінсіз әлем болмайды. Дін –адам рухының азығы. Дін адаммен тікелей байланысты. Дүние жүзінде әлемдік үш дін бар олар: Ислам, Христиан, Буддизм. Жалпы мұсылмандардың діні-Ислам.
Дін адаммен байланысып, соның пайдасын көздейді. Ислам дінінде «Әшһәду әл ләә иләәһә иллаллоһ уә әшһәду рәссуулуһ». Яғни қазақша баламасы «Алла жалғыз, Мұһаммед оның елшісі. Жалпы дін «Аллаһ» тарапынан пайғамбарлар арқылы адамдардың бұл дүниеде және ақыретте бақытты өмір сүруін үшін жіберілген заңдар. ....
Рефераттар
Толық

Дінтану | Дін және қоғам

Әрбір отбасының асыл арманы мен мақсаты - бала өсіріп, жақсы тәрбие беру. Баланы тәрбиелі азамат етіп өсіру - әке-шешенің ең басты міндеті. Өйткені бала әке-шеше үшін бір аманат. Бұл аманатты Алла Тағала оларға сый ретінде берген, сол үшін кейін сауап береді. Ата-ана балаларына жақсы тәлім-тәрбие және білім берсе, Алланың ризалығына бөленеді, ал бала тәрбиесіне көңіл бөлмеген, немқұрайлы қараған ата-ана азапқа душар болады. Өйткені Алла қасиетті Құраңда былай бұйырады:
"Әй, мүминдер! Өздеріңді әрі үй - іштеріңді отыны адамдар мен тастардан болған оттан қорғаңдар ".
Олай болса, бала тәрбиесіне тиісті көңіл бөлмеу кісінің әрі өзіне, әрі балаларына, тіпті әлеуметтік ортаға да зиян. Дүниеге шыр етіп келген әр баланың жүрегі тап-таза, еш сызық түспеген қағазға ұқсайды. Оның пәк жүрегі нені болса да қабылдайды. Не үйретсең соны қағып алады. Жақсы әдет пен әдепке кішкентайынан дағдыландырылған бала тәртіпті де, тәрбиелі болып өседі. Ол үшін ата-анасына сауап жалылады. Ал егер балаға көңіл бөлінбей ол жамандыққа бейім болып өссе, онда оның өмірі қор болып өтеді. Күнәсін оны тәрбиелеген адам көтереді. Сондықтан баланы бұл дүниенің бәле-жаласынан және қияметтің қиындығынан қорғау керек. Мұның мәні - балаға алдымен имандылықты, әдептілікті, көркем мінезділікті, жақсы істерді үйрету, жаман қылықтан, өткінші өмірдің рахаты мен қызығын қуудан, дүниенің құлы болудан сақтандыру. Өйткені Ислам бала тәрбисін ата-анаға парыз еткен. Сондай-ақ бала тәрбиесіне қоғаммен мемлекет те жауапты.
Уқба ибн Амирдеи (р.а.) Имам Бухари (р.а.) риуаят еткен хадисте айтылғандай, ата-ананың бала алдындағы міндетіне байланысты Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай деген: "Кімнің үш қызы болып, оларға дұрыс тәрбие берсе, маңдай терімен тапқанымен киіндіріп, бақса, олар (яғни, қыздары) үшін тозақ отынан қалқан болады". Ата-ананың келесі міндеті - балаға жақсы ат қою. Бұл жайында да Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай деген: "Әкенің бала алдындағы міндеті -жақсы ат қою және жақсы тәрбие беру". (хадисті Ибн Аббастан (р.а.) Имам Бухари (р.а.) риуаят еткен). Бұдан кейінгі ең маңызды міндеті – балаға ислами тәрбие беру. Бұл туралы Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай дейді: "Ұл-кыздарыңа жеті жасынан бастап намаз оқуды үйретіңдер. Он жастан бастап әрқайсысының жататын жерлерін бөлек етіңдер".45
Бірде сахаба Әбу Рафиғ (р.а.) Расулуллаһтан (с.а.у.) "Баланың біздің алдымызда міндеті болғандай, біздің де олардың алдында тиісті міндетіміз бар ма?" - деп сұрағанда, Расулуллаһ (с.а.у.): "Әрине, ата-ананың баласына қатысты міндеті - оған Құранды үйрету(яғни Құранда айтылғанды орындауды), оқ ату мен жүзуді және тек адал еңбекпен тапқанды мирас ету", - деп жауап берді. ....
Рефераттар
Толық

Музыка | Домбыра дамуы жанрлары

Ұсынылмақ кітапты жазуды қолға алғандағы мақсатым – қазақтың шертпе күй өнерінің мектептері туралы А.Жұбанов, Уәли Бекенов, Ақселеу Сейдімбек сияқты ғалымдар айқындап кеткен зерттеулерді қазіргі күйшілікті кәсіби оқыту бағдарламасына мүмкіндігінше қоғамдап енгізу екенін ашық айту. Себебі, аталған ғалымдардың күйшілік үрдісті жаңа заманда жаңғырту жайлы жазған еңбектері қашанда маңызды, арнайы білім ошақтарындағы оқыту ісі мен дәстүрдің арасындағы алшақтықтың бар екенін қадап айтқан Ақселеу ағамыз домбыра методологиясына этнопедагогикалық салт қағидаларын төтенше енгізуді ұсынған болатын, зерттеушінің ойынша байырғы домбырашылықты қайта тірілтудің жолы түпнұсқалық күй мақамы мен оның жазбасын қолға алудан басталмақ. Бұл мәселенің оқу орындарына қозғау салғанын әрі нәтижелі ғылыми тұжырым болғанын уақыт көрсетіп отыр.
Шертпе өнерінің ежелгі сарыны ұлтымыздың санасынан өшпеу үшін тер төгіп, арда күйдің мың толғауын біздің қолымызға аманаттаған - Әбікен, Сүгір, Аққыз, Мағауия, Төлеген, Генерал, Боранқұл, Тайыр, Бағаналы сияқты саңлақтардың аты алашпен бірге мәңгі жасамақ. Шертпе ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келеді, алдыңғы буын ағалардың ізін Мұхамеджан, Дәулетбек, Таласбек, Білал, Секен, Рымхан, Мұқаштар жалғастырды, олардың артынан Базаралы, Саян, Сәрсенғали, Қайраттар келеді, әр қайсысы да шертпе күйдің дамуына хал-қадарынша еңбек етіп жүр. Қазақ елінің шығысында салтанат құрған қоңыр күйдің болашағына кезінде алаңдаушылық болғаны рас, қазір сол кезеңдердегідей көңілдің күптілігі мүлде жоқ екенін айту парыз, себебі күйдің насихаты жақсы жолға қойылған, конкурстар мен концерттерде мектеби шектеулік жоқ, домбыра мамандығы бойынша оқу бағдарламаларында міндетті репертуар ретінде кіріктірілген. Алайда, күйдің түпнұсқалық орындаушылығы мен оның нотаға түсірілуі әлі де көп жұмыстар атқаруды керек етеді. Күйдегі ноталық жазбаның қазақы сөздегі тоникалық һәм силлабикалық буындарға сәйкес болуы жөнінде қазақ ғалымдары тарапынан жүйелі сөздер айтылып келеді, сол талаптарға сай осы жинақтағы күйлерді жазу барысында саздың ішіндегі сөзге тәуелді буындарды такт арқылы бөлуді басты бағыт етіп алуға тырыстым.
Біршама күйлер алғаш жарияланып отыр, қырғыз қомузының күйлерін домбыраға қотару ісі де кейінгі кезде айтылып жүрген түркілік мәдени тұтастық түбірінен туындады, болашақта қырғыз, өзбек, татар, әзірбайжан саздары қазаққа ортақ мүлік болары даусыз, әзірге жақын туысымыз қырғыздың шертпесі соның бастамасы болсын.
Күй ноталары оқыту тәжірибесінен өткен, емтихандар мен конкурстарда орындалған, әуенін жазбамен салыстыру үшін дыбыстық таспалар мен күйтабақтар тізімі кітаптың соңында келтірілген. Оқырманға тағзым. ....
Рефераттар
Толық

Фармакология | Дофаминергиялық заттар жіктелуі

Фармакологиялық заттардың көптеген топтары нигростриалды, мезолимбиялық және туберофундибулярлы жолдары бар дофаминергиялық жүйеге әсер етеді.Қозғалыс белсенділігінің орталық реттелуі, мінез құлық және психикалық қызметтер, бірқатар гипофизарлық гормондардың өнімі, құсу орталығының қызметі дофаминергиялық жүйенің жағдайына тікелей байланысты.Дофаминергиялық жүйенің реттелуі пост және пресинаптикалық дофаминдік ( D) рецепторлар арқылы іске асырылады.Пресинаптикалық дофаминдік рецепторларды қоздыру жүйке ұштарынан дофаминнің синтезі мен босап шығуын төмендетеді.
Дофаминдік рецепторлардың 2 тобы бар : D ^1 –рецепторлар көбінесе постсигаптикалық тежелулер шақырады. Олар G^1-белоктарымен байланыста. Аденилатциклазаны ынталандырып, цАМФ-тың мөлшерін жоғарлатады. Бұл рецепторлар G^і/о-белоктармен байланыста. Аденилат циклазаны тежейді. Сонымен қатар, олар К+-өзекшелерін белсендіріп, Са2+-өзекшелерін тежейді. Қолданып жүрген дәрілік заттардың ішінен дофаминдік рецепторлардың тежегіштері ретінде және дофаминергиялық жүйені белсендендіретін (паркинсон ауруында қолданылатын заттардың бірқатары акромегалияда өсу гормоны мен пролактиннің өнімін төмендететін дофаминомиметик бромокриптин) заттарда болады.
Паркинсонизмді емдеуде қолданылатын дофаминдік рецепторладың ынталандырғыштарына бромокриптин (парлодел) жатады. Химиялық құрылымы бойынша бұл қастауыш алколоидты эргокриптиннің жартылай синтетикалық туындысы. Дофаминдік D^2-рецепторларының агонисті болып табылады. Паркинсонға қарсы айқын белсенділігі бар. Бромокриптинге тән әсерлерге, сондай-ақ пролактин мен өсу гармонының өнімін төмендету жатады. Ішке қабылданады. Асқазан ішек жолдарынан шамамен 30% сіңеді. Бірталай бөлігі бауыр тосқауылынан бірінші рет өткенде ыдырайды. Қанның сары суында максималды концентрациясы 1,5-3 сағат жиналады t^1\3 сағат. Бромокриптиннің айтарлықтай бөлігі биотрансформацияға ұшырайды. Шығуының негізгі жолы өтпен ішекке түсу арқылы. Бромокриптин,ереже бойынша, леводопамен жұптастырылып қолданылады.....
Рефераттар
Толық

Фармакология | Дофаминергиялық синапстан қозудың берілуіне әсер ететін заттар

Фармакологиялық заттардың көптеген топтары нигростриарлы, мезолимбиялық және тубероинфундибулярлы жолдары бар дофаминергиялық жүйеге әсер етеді. Қозғалыс белсенділігінің орталық реттелуі, мінез-құлқы және психикалық қызметтер, бірқатар гипофизаралық гормондардың өнімі (пролакти және өсу гормондары), құсу орталығының қызметі дофаминергиялық жүйенің жағдайына тікелей байланысты. Дофаминергиялық жүйенің реттелуі пост-және пресинаптикалық дофаминдік (D) рецепторлар арқылы іске асырылады. Пресинаптикалық дофаминдік рецепторларды қоздыру жүйке ұштарынан дофаминнің синтезі мен босап шығуын төмендетеді.
Дофаминдік рецепторлардың 2 тобы бар: D1-рецепторлар (D1жәнеD5 топшалары) көбінесе постсинаптикалық тежелулер шақырады. Олар G5- белоктарымен байланыста. Аденилатциклазаны тежейді. Сонымен қатар, олар К+- өзекшелерін белсендіріп, Са2+-өзекшелерін тежейді. Қолданып жүрген дәрілік заттардың ішінен дофаминдік рецепторлардың тежегіштері (мысалы, психозға қарсы және кейбір құсуға қарсы заттар) ретінде және дофаминергиялық жүйені белсендіретін (паркинсон ауруында қолданылатын заттардың бірқатары; акромегалияда өсу гормоны мен пролактиннің өнімін төмендететін дофаминомиметик – бромокриптин) заттар да белгілі. ....
Рефераттар
Толық

Технология | Драгунов мергендік винтовкасының (ДМВ) материалдық бөлімі

7,62 MM Драгунов мергендік винтовкасы (16-сурет) мергеннің каруы болып табылады және ол әр түрлі күтпеген жерден шыға келген, жылжып келе жатқан, ашык және бүркемеленген жеке нысаналарды жоюға арналған.
Мергендік винтовкадан жүргізілетін атыс 800 м-ге дейінгі қашықтықта мейлінше тиімді болады. Атыстың көздеу қашықтығы: оптикалық көздеуіштен — 1300 м, аіыык көздеуіштен — 1200 м. Кеуделік фигураға тура ату қашықтығы — 430 м, ал көшпелі фигураға — 640 м. Ұрыстық ату жылдамдығы бір минутта 30 атысқа дейін. Сүңгі-пышақсыз, оптикалық көздеуішті мергендік винтовкасының салмағы жабдықталмаған оқжатар мен дүмі жагын қоспағанда 4,3 кг болады.
Мергендік винтовкадан атыс жүргізу үшін жай, жарқырағыш және сауыт бүзғыш-өртегіш оқтар мен винтовкалық патрондар немесе винтовкалық мергендік патрондары қолданылады. Мергендік винтовкадан ату дара атыстармен жүргізіледі. Атыс кезіндегі патрондар 10 патрон сыятын қорапша оқжатардан беріледі.
Мергендік винтовканың механизмдері мен негізгі бөлшектері
Мергендік винтовка төмендегідей негізгі механизмдер мен бөлшектерден тұрады (17-сурет):
• ашық кездеуіш және дүм, корапшасы бар үңғыдан;
• қайтармалы механизмнен;
• бекітпе жақтауынан;
• бекітпеден;
• реттеуіші бар газ түтігінен, газ поршенінен және серіппелі итергіштен;
• ұңғы жабуынан (оң және сол);

16-сурет. Драгунов винтовкасының жалпы көрінісі

17-сурет. Мергендік винтовкасының механизмдері: 1 — ашық көздеуіш және дүм, ұңғы корапшасы бар ұңғы; 2 – ұңғы корапшаның какпары; 3 - кайтармалы механизм; 4 – бекітпе жақтауы; 5 - бекітпе; 6 - реттегіші бар газ түтігі; 7 - газ поршені; 8 - серіппелі итергіш; 9 - ұңғы жабуы; 10 - соққы-ағыткыш механизм; 11-тежегіш; 12-оқжатар; 13 - дүм жағы; 14 - оптикалық көздеуіш; 15 - сүңгі-пышақ
• соққы-ағытқыш механизмнен; тежегіштен;оқжатардан; дүм жағынан; оптикалық көздеуіштен; сүңгі-пышақтан.

Мергендік винтовканың механизмдері мен бөлшектерінің оқтаулы кезіндегі жұмысы
Мергендік винтовканы оқтау үшін оған жабдықталған оқжатарды біріктіріп, тежегішті төмен түсіре (оны "Ату" жағдайына қойган кезде - "О" әрпі көрініп тұруы тиіс), бекітпе жақтауын соңына дейін апарып, жіберу керек. Осылайша винтовка оқталады. Егер бірден оқ атылмаса, онда тежегішті жоғары көтеру қажет (винтовканы тежегішке қойған кезде "П" әрпі көрініп тұруы тиіс).
Оқжатарды біріктіру кезінде оның ілмегі ұңғы қорапшасының ойығына кіреді, ал тіреу дөңес ілмекке ілініп қалады, оқжатар ұңғы қорапшасының терезесінде тұрады.
Тежегішті "Ату" жағдайына қойған кезде қайта оқтау сабының қозғалысы үшін ойық ашылады, ал тежегіш осінің жуандаған бөлігіндегі ойықтар құрықша құйрықшасы мен қалқанша шектегішке қарсы орналасады (құрықша құйрықшасы мен ағытқыш ілмек босатылады).
Бекітпе жақтауын артқа қарай әкелгенде, ол бекітпенің жетекші дөңесіне фигуралық алдыңғы қиғашымен әсер етіп, бекітпені солға бұрады, бекітпенің қрыстық дөңестері ұңғылы қорапша ойықтарынан шығады - бекітпе ашылады. Бекітпе жақтауының дөңесі автоағытқыш рычагын босатады, автоағытқыш құрықшасы қрыстык серіппе әсерімен шүріппенің алдыңғы жағына қысылады. Бекітпе жақтауын одан әрі артқа апарғанда, онымен бірге ұңғы арнасын аша бекітпе шегінеді; қайтармалы серіппе қысылады; шүріппе бекітпе жақтауының дөңесі, ойығындағы қиық әсерімен артқа бұрылады, ұрыстық серіппе айналады; шүріппенің ұрыстық қайырмасы құрықша ілмектің артына өтіп кетеді, ал автоағытқыш шүріппесі автоағытқыш қайырмасынан секіріп кетеді.
Бекітпе жақтауының төменгі жалпақтығы оқжатар терезесінен өте салысымен патрондар оқжатар серіппесі әсерімен оқжатар қабырғаларының бүгілмесіне жоғарғы патрон тірелгенше кетеріледі. Бекітпемен қоса бекітпе жақтауының артқы қалыптағы қозғалысы ұңғы қорапшасының қақпағының сынасымен шектеледі.....
Рефераттар
Толық

Саясаттану | Демократия туралы жалпы түсінік

Демократия деген сөз гректің «демос» - халық және «кратос» - билік деген сөздерінен тұрады, яғни халық билігі деген мағынаны білдіреді.
Қазір бұл сөз бірнеше мағынада қолданылады:
1) мемлекеттің типі мен жалпы жүйесі;
2) мүшелерінің теңдігіне, басқару органдарының мерзімді сайлануы және көпшілік дауыспен шешімдер қабылдау принциптеріне негізделген кез-келген ұйымның ұйымдастырылу түрі;
3) қоғамдық құрылымның мұраты және соған көзқарастар.
Демократияның көпшілік таныған біріңғай анықтамасы жоқ. Әр дәуірдегі ойшылдар оны әр түрлі түсінген. Оның үстіне әр түрлі елдерде олардың ұлттық, тарихи т. б. Ерекшеліктеріне байланысты демократия сан түрлі рең алуы мүмкін. Дегенмен, демократиялық мемлекеттердің көп түрлілігіне қарамастан, олардың ортақ белгілері болады. Ондай белгілерге төмендегілер жатады.
1. Халықтың заң жүзінде мемлекеттік биліктің бірден-бірбастауы саналуы. Ол мемлекетте ұйымдастырушы, конституциялық биліктің халыққа тән екендігіне көз жеткізеді. Бірталай мемлекеттерде халықтың бастамасымен және референдум арқылы заңдар жетілдіріледі және қабылданады. Сондықтан АҚШ-тың төртінші президенті А. Линкольн демократияға «халық үшін халық билігін» жатқызды.
2. Халық билігін орнату үшін оған жағдай жасау керек. Ондай жағдай теңдік болған жерде ғана болады. Б.з.д. 5- ғасырда өмір сүрген гректің атақты тарихшысы Геродот сол кездің өзінде демократия деп теңдікке негізделген мемлекетті айтады деген болатын. Теңдік барлық салада – халық жиналысында, мемлекеттік істерге қатысуда, заң шығаруда, оны орындауда және т.т. болуға тиіс.
3. Табиғатына, әлеуметтік, саяси, мәдени және т.с.с. ерекшеліктеріне байланысты адамдар әр түрлі болды. Солардың бәрін қалай теңдестіруге болады? Ол үшін заң, құқық алдындағы теңдік болуы керек. Заң және құқық – жалпы және барлығына бірдей қоғамдық және саяси өмірдегі демократиялықтыңнегізі және қорғаушысы. Олар қоғамдағы қатынастарды реттейді, жүріс-тұрыс, іс-әрекеттер ережелерін орнатады. Бірақ қоғам біреулерге рұқсат етілгенді екіншілерге рұқсат етпеуі,біреулерге басымдық беріп, басқаларға қысым көрсетуі мүмкін. Билік иелері заң мен құқықты өз мақсатында пайдаланғылары келеді. Сондықтан құқықтық теңсіздікті болдырмау керек. Оны қалай жасауға болады?
4. Оның кепілі - әділеттілік. Әділеттіліктің де біріңғай ұғымы жоқ. Ол жөнінде әр түрлі тарихи дәуірлерде әр қоғамның өзіндік түсінігі болады. Кеңес заманында еріксіз ұжымдастыру барысында қазақ халқының жартысына жуығы қырылып, біразы босап кетті. 1986 жылы желтоқсанда жастарды қырғынға ұшырату біреулерге әділетті көрінді. Сайып келгенде, әділеттілік қоғамдық қатынастармен, қоғамдағы саяси құрылыспен, оның мемлекеттілігінің тұрпатымен, саяси мәдениетінің дәрежесімен айқындалады. ....
Рефераттар
Толық

Психология | Даму мүмкіндігі шектеулі балалар туралы ұғым және олардың даму ерекшеліктері

Арнайы білім беру жүйесіндегі арнайы білім беру - арнайы оқытуда және тәрбиелеуде ерекше қажет ететін баланың денсаулығына байланысты құрылған мектепке дейінгі, жалпы және кәсіби білім беру болып табылады.
Қазіргі арнайы педагогика негізнен жалпыға бірдей әлеуметтік қалыпқа сәйкес емес және мектептегі білім алу деңгейіне сәйкес емес мәселесін зерттейді. Арнайы білім беру мекемесі дамуында денсаулығы шектелген балаларды оқытып тәрбиелеу мекемесі болып табылады. Даму мүмкіндігі шектелген балаларды тәрбиелеу үшін олардың жалпы сипатын, кемістік құрылымы мен түрін, сондай-ақ жас ерекшеліктерін талдап алғанымыз жөн.
Даму мүмкіндігі шектелген балалар тобына психикасы мен дене бітімінде түрліше ауытқулары бар және жалпы дамуы бұзылған балалар жатады. Аномальды дегеніміз - ол anomalos грек тілінен қате, теріс, дұрыс емес деген мағынаны көрсетеді.
Бір қызметтің кемістігі немесе дефектісі тек белгілі бір жағдайда ғана баланың дамуына әсерін тигізеді. Бір кемістіктің болуы бала организмінің кеміс дамуын анықтамайды. Мысалы, бір құлағы естімесе немесе бір көзі көрмесе - бұл міндетті турде кемістіктің дамуына әкелмейді, өйткені бұл жағдайда баланың жалпы көру, есту мүмкіншілігі бұзылмай сақталады. Аталмыш кемістіктер баланың қоршаған ортамен қарым-қатынасын бұзбайды және оқулықтардағы тақырыптарды оқуына, жалпы білім беретін мектептерде оқуына кері әсерін тигізбейді. Сондықтан, бұл дефектілер бала организмінің кеміс дамуының себебі болып есептелмейді. Айталық, белгілі бір жасқа келген ересек адамның организмінде пайда болған кемістік немесе дефект жалпы ауытқуға әкелмейді, өйткені оның психикалық даму процессі қалыпты жағдайда өтті.
Сондықтанда, аномальды балалар тобына кемістік салдарынан дене бітімінің және психикасының дамуы тежелген немесе бұзылған, және арнайы оқыту мен тәрбие қажет ететін балалар жатады ....
Рефераттар
Толық

Биология | Дала өсімдіктері

Далалы аймақ 110 га-дан көбірек жерді алып жатыр, яғни Қазақ- стан территориясының 30 %-ға жуығы. Бұл зонаның ерекшелігі рельефінің жазықтығы болып табылады. Мұнда онша биік емес Мұғалжар таулары және Қазақстан аласа тауларының солтүстік бөлігі оқпіауланады. Орманды далалармен салыстырғанда кли-мат континенталдық өсуімен — жылудың көбеюімен, жауын-шашынның азаюымен ерекшеленеді. Далалы аймақтағы жауын-шашынның жыл- дық орташа мөлшері 200-ден 300 мм-ге дейін. Олардың максималдық мөлшері (60-80%) жылдың жылы мезгілінде жауады. Қаңтар айындағы орташа температура —16°-19° С-дің айналасында (абсолюттік минимум 50° С-ге жетеді), орманды далаға қарағанда жазы барынша ыстық және ұзақ, құрғақшылық жиі болып түрады. Шілде айындағы орташа температура + 18-ден +22° С-ге дейін, кейде күндіз + 35-40° С-ге дейін жетеді. Вегетациялық ксзеңінің (өсіп-өну) ұзақтығы 170-180 күнді құрайды.
Қазіргі кездегі (классификация) жіктеу бойынша далалы аймақты үш аймақ астына бөліседі. Топырақтарынын түріне қарай, климатының құрғақтығына және өсімдіктерінің түріне қарай. Кәдімгі топырақты және оңтүстік қара топырақты бірінші аймақ — әр түрлі шөпті-ақселеу, бетегелі далалар; қызғылт-қоңыр және сарғыш топырақты екінші аймақ — бетегелі-ақселеу, қүрғақшылық жерде өсетін әр түрлі шөпті далалар; ақшыл- сары топырақты үшінші аймақ — жусандықау далаларға басым.
Мамандар мұндағы өсімдіктерді жиырма негізгі кезеңге (формация) бөледі.
Шөптесін өсімдіктер арасында одеттегі топ, оның ішіндегі басымдары ақлеу, бетеге, сүлыбас бірлестігі. Ал бүталы топқа, шайқурайжапырақты тобылғы, аласа бадам, қарақан бірлестігі. Ормандар дала аймағының азғана бөлігін алады. Мұнда кәдімгі қарағай, қайың, орманның жекелеген бөлімдеріыде қара қандыағаш.
Қазіргі кезде едәуір өсімдікке бай деген қаулы даланың жағдайы жан ашырлық. Өткен ғасырдың 50-ші жылдарында көп жерлер жыртылған (тың жерлерді игеру кезеңінде). Соңғы онжылдықта игерілген жердің жартысы пайдаланылмаған, арамшөп басып кеткен. Сақталып қалған бөлігінің түрі дамылсыз мал жайылуының өсерінен өзгерген. Дала айма-ғында Наурызым жопе Қорғалжың қорықтары бар, олар Қазақстанның биологиялық алуап түрлілігін сақтауда үлкен рөл атқарады. Төиенде осы аймақта кездесетін едөуір танымал есімдіктердің суреттемесі беріледі....
Рефераттар
Толық

Дене шынықтыру | Дала жарысы

Ауа-райы жағдайларына байланысты шаңғы даярлығымен де, коньки тебумен де айналысуға мүмкіндігі жоқ мектептер үшін дене тәрбисі бағдарламасында дала жарысынан сабақтар өткізу қарастырылған. Дала жарысы даярлығымен айналысу тұрмыс-тіршілік үшін ғана қажет болып қана қоймайды, сонымен бірге әскери-қолданбалылық үлкен маңызға ие. XI сыныпты бітіретін жасөспірімдер ертеңгі отан қорғаушылары екендігін ескерсек, бағдарламаның осы тарауын оқып-үйренуге көбірек зейін аудару қажеттігі туындайтындығы өзінен-өзі түсінікті.
Дала жарысымен айналысу үшін тұйықталған түрдегі, ең қолайлысы сегіз түріндегі трасса салып алу ұсынылады. Ол жағдайда айналманың қосылатын жерінде тұрған мұғалім (не оқушылардың бірі) жүгіруді жақсы бақылап, қашықтықтың қиындыларын (бөліктерін) оқушылардың қанша уақытта жүгіріп өткендігін есептейді, жүгірудің шапшаңдығы мен техникасы бойынша оқушыларға нұсқаулар бере алады. Трассаға жанастыра қолдан жасалынған кедергілер алабы болса өте жақсы.
Ойлы-қырлы жерлермен жүгіру. Бір адам жүгіргеннен гөрі, топпен жүгірудің өзіндік ерекшелігі бар. Бір адам жүгіргенде ол өз күшіне ғана сенеді, оларды қашықтықтың өне бойына жететіндей етіп бөлуге тырысады.
Дала жарысында өте жылдам жүгіргендігіңді және шаршағандығыңды сезсең, онда шапшаңдықты біршама азайтып, бір сөзбен айтқанда өзіңнің көңіл-күйінді үнемі бақылап отыруың керек. Топпенен жүгіргенде де, әркім тек өз күшіне ғана сенеді, дегенмен де жүгіруге қатынасушылар әдетте біртіндеп топтарға бөліне бастайды және осы топтарда өзінен-өзі бәсекелесу, алға шығу үшін күрес туындайды. Мұның өзі қатынасушылардың бір-біріне көмек беруіне кедергі келтірмеуі керек. Бұл жаттығуда да, жарыстарда да болып жататын құбылыс.
Дала жарысына топпенен қатынасушы өзін-өзі қалай ұстауы керек? Бастапқыда өзінің жағдайына назар аудара, күші жететіңдей екпінді таңдап алып, өз күшімен жүгіруі керек. Сосын жалпы топтағы өзінің жағдайын есептей отырып, алда жүгіріп-бара жатқандардың бірінің соңынан қалмай. оған ілесіп отыру қажет. Өйткені өзгенің соңынан жүгіріп отыру жеңілге соғады. Егер ол шамалы ғана ұмтылыс жасаса, одан қалуға болмайды, ал өте шапшаң ұмтылса, онда біршама қалыңқырап, сосын тағы да жақыңдауға тырысу керек. Егер оңтайлы жағдай болса, бастаушының алдына да шығуға болады. Мәреге жақындағанда, күш жетіп жатса, бастаушыны басып озып, барынша жылдам жүгіру қажет. Әрине мұның барлығы мұғалімнің тапсырмасына немесе жүгірушінің өзінің алдына қойған міндеттеріне байланысты.....
Рефераттар
Толық