Әлеуметтану | Әлеуметтік жұмыстар

Қоғамда қандай да бір объектіні зерттеу қажеттілігі туғанда ол белгілі бір көзқараста қарастырылатыны белгілі. Әрбір объект жеке жеке зерттеуді қажет ететін бірнеше тараптар мен қасиетке ие болады, яғни қандай да бір ғылымның заты болып табылады. Ғылым затын анықтау көптеген факторларға, ең алдымен осы саладағы жеткен жетістіктерге, ғалымдар алдына қоятын әлеуметтік практиканың дамуына байланысты.
Қазіргі кезеңде әлеуметтік жұмыстың өзіндік әлеуметтік ғылым және оқу пәні болып қалыптасуы қарқынды жүріп жатқан кезеңде әлеуметтік жұмыстың мәні мен негізгі белгілері туралы көптеген көзқарастар бар. Бірақ барлық авторлар (шет елдік те, отандық та) әлеуметтік жұмыстың объектісіне өмірлерінде кездесетін проблемаларды шешуде қиындықтар көретін жеке адамдар мен әр түрлі адамдар тобын жатқызады.
«Әлеуметтік жұмыстар» адам мен адамның инабаттылық қатынастары қажеттігінен туындаған әлеуметтік іс әрекет құбылысы. Бұның бастауы ежелгі дүниеден келе жатқан адам қайырымдылығы мен алдындағы борышты сезінуден, қасіретті жандарға қол ұшы көмегін беру жүйесі қалыптасқан. Дегенмен, арнайы дайындықты қажет ететін бұл әлеуметтік жұмыстар біздің заманымызда ғана қоғамдық кәсіп түрінде танылып отыр.
Әлеуметтік жұмыстар сонымен бірге, адамның қоғам қолайсыздықтарына икемделуін жеңілдететін үздіксіз, жүйелі орындалып баратын іс шаралар бірлігі.
Қазіргі күнде әлеуметтік тәжірибе жұмыстар ыкелесі салаларға бөлінген: ортасы, балаларға жәрдем, денсаулық және салауатты өмір, есі ауысқандармен жұмыс, кәсіптік дайындық, кәрілер мен жетімдерге қамқорлық, сауат ашу мен білім көтеру, тәрбие түзету мәселелер ....
Рефераттар
Толық

Әлеуметтану | ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫСТЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ НЕГІЗІНІҢ ПӘНІ МЕН ТАПСЫРМАСЫ ЖӘНЕ ПРИНЦИПТЕРІ МЕН ӘДІСТЕРІ

Экономикалық ойлау адамзат қоғамымен бірге өмір сүріп келеді. Ежелгі философтар (Аристотель, Ксенофан, Платон және т.б.) шығармаларында экономикалық тұрмыстық варианттары көрсетілген.
«Экономия» термині грек тілінің «ойкос» (үй, шаруашылық) және «номос» (ереже, заң) деген сөздерінен алынып, бастапқы кезде үй шаруашылығы туралы ғылым ретінде қарастырылады. Қазіргі кездегі экономика – бұл «рыноктық шаруашылық» категориясының синонимі.
Әлеуметтік жұмыстың экономикалық функциясы – бұл жеке тұлға, отбасы, қауым және бүкіл қоғамның тіршілік етуі мен дамуын қамтамасыз ететін ресурстық база, жағдайлар кешенін құруға бағытталған халықты әлеуметтік қорғау жүйесі субъектілерінің қызметі. Ол экономикалық ресурстарды қалыптастыру және рационалды бөлу, олардың тиімді пайдаланылуын бақылау және тағы сол сияқты элементтерден тұрады.
Адамның жеткілікті түрде тіршілік ету мәселесін шешу бойынша экономикалық қызметті іске асыруға үш субъект қатысады: мемлекет, қоғам және адамның өзі. Нақты жағдайларға байланысты олардың әрқайысысы көп немесе аз міндеттерді өз мойнына алады.
Рыноктық қатнастар қалыптасуының қазіргі сатысында әлеуметтік жұмыстың экономикалық функцияларын іске асыруда мемлекет басты роль атқаратындығын тәжірибе көрсетіп отыр.
Әлеуметтік жұмыс экономикасы – материалдық емес қызмет өндіру бойынша халықты әлеуметтік қорғаудың барлық құрылымдарының экономикалық қызметі.
Материалдық емес қызмет өндіру сферасының мынадай спецификалық ерекшеліктері бар: бұл сфераның өкілі (тұтыну заты) тауар түрінде емес, белгілі бір қызмет, еңбек түрінде болады. Яғни, «... зат түрінде қызмет көрсетпей, еңбек түрінде қызмет көрсетеді...». Бұл жерде материалдық – заттай өндіріске тән қызмет формасынан өнім формасына өту іске аспады, және қызмет өндіру процесі әрқашан да оны тұтынумен сәйкес келеді.
Материалдық емес қызмет сферасына тұрғын-ұй коммуналдық қызметтер, тұрмыстық қызмет көрсету, денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, жолаушы автокөлігі және байланыс, әлеуметтік қамтамасыз ету және сақтандыру, әлеуметтік қызмет көрсету және тағы басқалары жатады. Олардың барлығына ортақ қасиет қызметтің осы түріне қамтылған жұмысшылар еңбегінің материалдық емес сипаты болып табылады. Бұл салаларды тағы да олардың адамдарға және олардың тіршілік етуіне әлеуметтік жағдай жасауға бағытталуы біріктіреді.[1].
Сонымен қатар 90 – шы жылдардың басында «әлеуметтік жұмыс» деп аталған қызметтің принципиалдық ерекшеліктері де бар. Ол тек әлеуметтік қолдау және қызмет көрсету, қызметі ретінде емес, сонымен қатар қоғамның объективті себептерге байланысты өзін-өзі қамтамасыз ете алмайтын мүшелерінің мүдделеріне сай әділетті әлеуметтік қайта құруға бағытталған мемлекет емес құрылымдар қызметінің жиынтығы ретінде қарастырылады.
Рыноктық өту кезеңінде мемлекет тарапынан қолдауды объективті қажет ететін адамдардың саны көбейеді. Сонымен қатар мемлекет иелігінен алу және меншіктің көп формалылығы мемлекеттің халықтың әлсіз топтарының әлеуметтік қажеттіліктерін қамтамасыз етуге ресурстың мүмкіндіктердің елеулі түрде қысқаруына әкеледі. ....
Рефераттар
Толық

Әлеуметтану | Әлеуметтік қызмет көрсету

90 жылдары әлеуметтік саясаттың ең бір маңызды үрдістерінің бірі әлеуметтік қызмет көрсету жүйесінің қалыптасуы болды. Халықпен жұмыс істеуде қазіргі технологиялар мен әдістемелер кеңінен қолдынала бастады. Әлеуметтік әдебиеттерде осы кезге дейін әлеуметтік қызмет көрсетудің бірдей қалыптасқан ұғымы жок деп айтуға толық негіз бар, әркім әртүрлі қарастырады. Халыққа әлеуметтік қызмет көрсетудің кейбір ғылымы еңбектерде әлеуметтік жұмыстың баламасы ретінде қарастырылады. Ал басқа да еңбектерде оны жоғарғы дәрежедегі әлеуметтік жұмыстың техлогиясы деп санайды.
Бұл әлеуметтік технологиялар қазіргі күрделі әлеуметтік ситуациялар кезінде азаматтарға нәтижелі әлеуметтік қолдау көрсетуде мүмкіншілік жасайды. Осы ситуация әлеуметтік өрістің маңызды секторы болып саналады, адамдардың кез- келген әлеуметтік топтың шын мәніндегі өмірдегі қызметін бұзады.
Қазақстанда әлеуметтік қызмет көрсетуді іске асыру мүмкіншілігі территориялық әлеуметтік қызмет көрсету органдарын ұйымдастыру, оларды одан әрі дамыту нәтижесінде іске асырылады.Әлеуметтік жұмыс саласында кәсіби әлеуметтік қызметкерді және басқа мамандарды даярлау жеткілікті дәрежеде жүріп жатыр деп айтуға болады. Әлеуметтік жұмыстың теоретиктері әлеуметтік қызмет көрсетуді әлеуметтік жұмыстың түрі деп тұжырымдайды. Іс жүзінде тәжірибеде - бұл жүйелер әлеуметтік адамгершілік, қайырымдылық қызметтің белгілі бір түрлері болып саналады. Ол жеке бастың, отбасының кез-келген адамдар жиынтығының қайта қалыптасып, түзетінілуін қамтамасыз етуге негізделген.
Әлемнің барлық елдерінде де әлеуметтік қызмет көрсету бірдей түсініліп, нақтылы ұғымы қарастырылмаған. Сондықтан да бұл терминнің мазмұны әр түрлі болып келеді.
Финляндияның «әлеуметтік қызмет көрсету заңында» әлеуметтік қызмет көрсетуді, әлеуметтік қолдаудың өмір сүруге керекті қаражаттардың, әлеуметтік жәрдемақылардың жиынтығы деп түсініледі.
Әлеуметтік жұмыстың сөздігінде әлеуметтк қызмет көрсету адамдардың қажеттіліктерін қанағаттандыру нақтылы қызмет түрлерін беру деп аталады.
Әлеуметтік қызмет көрсетудің Қазакстандағы жағдайы оның мәнінің, мазмұнының теориялық тұрғыдан дәлелденгенін көрсетеді және заңнамалық негіздері кұрастырылған.
Әлеуметтік кызмет көрсету жөнінде күні осы уакытка дейін бірде-бір президент жарлыктары немесе үкіметтін каулылары кабылданбаган.
Отбасына, карт адамдарга, балаларға, мүгедектерге, халыктың т.б. категорияларына әлеуметтік кызмет көрсетудің бағыттары орындалмаған. Өкінішке орай казіргі отандык әдебиетте әлеуметтік қызмет көрсету мекемелерінің кұрылымы мен функциялары жеткілікті тереңінен дәлелденбеген.
Әлеуметтік қызмет әр түрлі мекемелердің ғылыми-әдістемелік қамтылуы бастапқы жағдайда болып отыр. Азаматтарға әлеуметтік тиімді, жетілдірілген қызмет көрсетудің критерийлерімен көрсеткіштері жеткілікті түрде белгіленбеген. Жұмысты мақсатқа сәйкес мына тұрғыдан қарастырған жөн. Халыққа әлеуметтік қызмет көрсету жүйе түрінде мынадай құрылымдардың жиынтығы болып табылады.
1. Әлеуметтік қызмет көрсету мекемелерінің ұйымдастыру қызметінің түрлері.
2. Жалпы міндеттер мен мақсаттар мен функцияларымен бірлестерімен региондық жиынтығы құрамын анықтаудың белгілі бір тәсілі.
3. Әлеуметтік қызмет көрсету органдары мен мекемелердің өзара іс- әрекетін реттеп тәртіпке келтіру.
4. Ведомствалық өзара байланыс, халықтың әртүрлі қатарларын қолдауға бағытталған іс- әркеттің өз кезегінде орындалуы жэне негізделуі.
5. Мекемелер қызметін қаржылық- экономикалық, материалдық-техникалык ресурстармен қамтамасыз ету.
6. Аймақтық әлеуметтік мекемелердің қызметін кадрлармен қамтамасыз ету.
7. Нормативті, құқықтық базаның деңгейі.
8. Әлеуметтік мекемелер қызметімен клиенттердің қанағаттану дәрежесі.
9. Әлеуметтік қызмет көрсетудің тиімділігі....
Рефераттар
Толық

Әлеуметтану | Әлеуметтік мемлекет түсінігі және қызметтері

Әлеуметтік мемлекет дегеніміз – барлық байлығын, ішкі мүліктерін ұстанып отырған саяси жәнеэкономикалық қағидаларын ел тұрғындарының тұрмысын жақсартуға, қоршаған ортаны қорғауға, білім алуға керек мүмкіндік жасауға, денсаулық сақтау жүйесін жоғары деңгейде қалыптастыруға жұмсап отырған мемлекет.
Адам баласының сонау Аристотельден бастап ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан көкейкесті арманы болғанымен, мемлекеттік дамудың әлеуметтік басымдылығы өткен ғасырдың алпысыншы және жетпісінші жылдары ғана кейбір елдерде қалыптаса бастады. Кейін бұл алдыңғы қатарлы елдердің экономикалық дамуының негізгі басымдылығы тұрақты бағыты болды. Соның арқасында тұрмыс дәрежелері қатты өсті. Адам капиталы, адам дамуының индексі деген ұғымдар әлем елдерінде, мемлекетаралық салыстырғанда кеңінен қолданыла бастады.
Қазақстан республикасының реформасының негізгі мақсаттарының бірі - әлеуметтік мемлекет құру. Бірақ мұның мәнін кез-келген қарапайым адамның түсіндіріп беруі мүмкін емес. Себебі, ұсынылған идея бұқара халықтың қоғамдық санасында, күнделікті өмірінде өте төменгі деңгейде тараған. Қалай дегенде де бұқара халық белгілі бір дәрежеде, әлеуметтік мемлекет дегеніміз не, оның қасиеті, белгілері, өзіне тән ерекшеліктері, қызметі туралы ңақты білуі қажет. Сондықтан, әлеуметтік мемлекет мәселесі өзекті де маңызды мәселелердің бірі екендігін атап көрсетеміз.
Әлеуметтік мемлекеттің басты тұжырымдамасының негізі - өте ертеде пайда болған әлеуметтік саясатқа келіп тіреледі. Ертеде көптеген билеушілер, мысалы, Рим цезарлары жағдайы өте төмен адамдарға нан тарату мен ойын-сауықтар ұйымдастыру арқылы қамқорлық жасаған. XIX ғасырдың екінші жартысында «әлеуметтік мемлекет» ұғымын алғаш рет ұсынған неміс ғалымы Лоренц Фон Штайнер болды. Ол «әлеуметтік мемлекет өз азаматтарын экономикалық және қоғамдық дамуға дағдыландырып, үйретуге міндетті, себебі, бірінің дамуы – екіншісінің дамуына шарт болуы қажет, әлеуметтік мемлекеттің негізгі мәні де осы болып табылады» деп көрсеткен. «Әлеуметтік мемлекет» деген ұғымның пайда болуы «полициялық» мемлекеттен, «қоғамдық келісім мемлекетінен» және «мемлекеттің биліктің ең жоғарғы формасы ретіндегі» мемлекеттен әлеуметтік функцияларды жүзеге асырушы мемлекетке өтуін көрсетеді. ....
Рефераттар
Толық

Әлеуметтану | Әлеуметтік саясат іскерлік менеджменттің құралы ретінде

Қоғамның дамудың бастапқы кезеңдерінде шаруашылық прогресі көбінесе теңсіздік пен әділетсіздікке негізделетіні белгілі .Осы күні қалыптасқып отырған нарықтық қатынастар да әлеуметтікті қамтамасыз ете бермейді.
18-19 ғасырларда өндіріс революциясы нарықтық қатынастарды өте күшті дамытты.Нарықтық қатынастардың дамуы бас бостандығы мен еркіндікке ,әлеуметтік әділеттіке жол ашып берді.Осының барлығы индустриалды елдерле әлеуметтік теңсіздікті азайту заңдылығын қалыптастырды.Жалпы алғанда,нарықтық экономиканың осы күнгі моделі біршама әлеуметтік теңестіруді көздейді деп айтуға болады.
Біріншіден, қоғамдық сананың нарық деген оған қатысушылардың өзара келісімге келуі екенін ұғыну деңгейіне жеткенін көрсетеді.
Екіншіден , нарықтық әбден толған және бәсекелестіктің қатты дамыған жағдайда тауар мен қызмет өндірушілер тұтынушылардың табысы жоғары болуына мүдделі.
Сонымен ,осы күнгі дамыған нарық қатынастарды салыстырмалы түрдегі әлеуметтік теңдіктің қалыптасуына мүмкіндік береді.Бірақ оларды іске асыру белгілі бір принциптер тұтастығына негізделген мақсаттық шараларды қажет етеді.Осы шаралар әлеуметтік саясат,немесе мемлекет саясатының әлеуметтік аспектісі болып табылады.Әртүрлі қоғамдық топтар мүдделері арақатынасын анықтауына байланысты.Экономикалық саясаттың,оның ішінде әлеуметтік саясаттың алдында қоғамдағы әртүрлі мүдделер арасындағы ең оңтайлы үйлесілімділікті табу мүмкіндік тұрады.Мемлекеттік биліктің институционалдық құрылымы барлық тұрғындардың ықылас мүдделерін ескеруі қажет.Бірақ, әрбір жеке тұрғынды есепке алу мүмкін емес,сондықтан оларды әлеуметтік топ деңгейіне дейін жеткізіп жинақтайды.....
Рефераттар
Толық

Әлеуметтану | Әлеуметтік топтар

Әлеуметтік топтар мен әлеуметтік қауымдастықтар қоғамның әлеуметтік құрылымының маңызды элементтері болып табылады.
Әлеуметтік қауымдастық - салыстырмалы тұтастығымен ерек-шеленетін және әлеуметтік іс-әрекеттің дербес субъектісі болып табылатын өмірде бар, эмпирикалық белгіленетін жеке адамдардың жиынтығы. Әлеуметтік қауымдастықтарды зерделегенде бірқатар сәттерді ескерген жөн [37]:
Біріншіден, әлеуметтік қауымдастықтар ғалымдар жіктеп бөлетін ойша құрылған абстракциялар емес. Олардың өмір сүруін эмпири-калық тіркеуге және тексеруге болады.
Екіншіден, әлеуметтік қауымдастықтар - жеке адамдардың, әлеуметтік топтардың немесе өзге де әлеуметтік құралымдардың жиыны емес, тұтас жүйелік сипаттамалары бар тұтастық.
Үшіншіден, әлеуметтік қауымдастықтар әлеуметтік қарым-қатынастар объектілері болып табылады. Бұл олардың өз дамуының және өзін-өзі ұсынуының көзі болып табылатынын білдіреді. Әлеуметтік қауымдастықтың қалыптасуы және қызмет атқаруы әлеуметтік байланыстар, әлеуметтік іс-әрекеттер мен қатынастар негізінде жүреді.
Белгілерінің күрделі жиынтығы барлық қауымдастықтарды неғұрлым кең ауқымды екі ішкі тапқа, бұқаралық және топтық қауымдастықтарға бөлуге мүмкіндік береді.
Бұқаралық қауымдастықтар мынадай белгілерімен сипатталады:
белгіленбеген сапалық және сандық құрамы бар неғұрлым кеңейтілген шекаралы құрылымдық бөлшектелмеген солқылдақ құралым болып табылады;
оларға жағдайға қарай өмір сүру тән, яғни олар қандай да бір қызметтің негізінде және шекарасында құрылып, қызмет атқарады, олардан тыс болуы мүмкін емес, сондықтан да тұрақсыз, бір жағдайдан екінші жағдайға дейін өзгеріп отыратын құралым болып шығады;
оларға құрамының әртектілігі, топаралық табиғат тән, яғни бұл қауымдастықтар таптық, топтық, этникалық және өзге де шекара-ларды бұзады;....
Рефераттар
Толық

Әлеуметтану | Әлеуметтік топтардың әлеуметтік психологиялық ұйымдастырылуы

Әлеуметтік топтар мынадай топтарға жіктеледі:
Үлкен топтар ,орта топтар,шағын топтар, микротоптар,
ұйымдасқан топтар,ұйымдаспаған топтар,формалды емес (ресми емес) топтар,ресми топтар,әлсіз дамыған топтар,жоғары дамыған топтар, референттік топтар.
Әлуметтік шағын топтардың әлеуметтік – психологиялық ұйымдастырылуы мынадай түрде болады:
Шағын топ,шартты топ, нақты топтардағы, ресми топтарға, бейресми топтар, әлсіз дамыған топтар,дамуы жоғары топтар,диффузиялық топтар – (лат.diffusio – сейілу, төгіліп-жойылу),
ұжым, референттік топтар, референттік емес топтар
Әлеуметтік ірі топтардың ұйымдастырылуы
Үлкен топ дегеніміз – белгілі бір әлеуметтік нышандары, топтық қатыстылығы, жасы, жынысы, ұлты және тағы басқа белгілері негізінде сараланатын, адам саны жағынан шектелмеген шартты қауымдастық.
Әлеуметтік үлкен топтар – бұл адамдардың қауымдастығы, шағын топтарға қарағанда олар өкілдерінің арасындағы тұрақты әлсіз байланыстарының болуымен ерекшеленеді, бірақ көбіне ұйымшылдығы мен бірлігі кем емес, кейде күшейеді, сондықтан қоғам өміріне тигізетін әсері мол.
Этнопсихологияда әртүрлі этностардың өзіне тән ұлттық мінезін, этносын, өзіне тән психологиялық ерекшеліктерін зерттеу үлкен рөл атқарады.
Әлеуметтік – психологиялық зерттеулерде үлкен топтардың сипаттамаларын беруде қиыншылықтарға кездесуге болады. Таптардың, ұлттардың және тағы басқа топтардың психологиялық ерекшелігін зерттеудің жоқтығы көптеген қарама-қайшылықтарға әкеледі. Мұнан кейде үлкен топтардың психологиясын зерттеуде ғылыми талдау жасау мүмкін емес сияқты болып көрінеді. Г.Г.Дилигенскйдің қарастыруынша, үлкен топтардың психологиясы әлеуметтіу психология мәселелерімен қатар қойылған.
Жүйе құрастыратын қабат қоғам психологиясының сапалық ерекшеліктерін білдіреді және оның тұтастығының негізгі ерекшелігін анықтайды. Бұл қабат консервативтіліктің және өзгерістерді ң қиындығына, ұзақ тарихи тәжірибелер мен тұжырымдарға қатты берілген. Оларға қоғамның қызығушылығы, қажеттілігі, сенімі, мұраттары, есі, нанымдары, дәстүрі, салттары, қоғам пікірлерінің ауысуы, көңіл-күйі, шешімдері, т.б. жатады. ....
Рефераттар
Толық

Әлеуметтану | Әлеуметтік экологиялық мәселелер

Экологиялық мәселелердi шешу болашағы мамандардың осы сала бойынша берiлетiн бiлiмдi игеру деңгейiне тәуелдi және қоршаған ортаны қорғауға деген адамгершiлiктi қатынасты көздейтiн iс-әрекетке негiзделген. Соған байланысты жоғары оқу орындары студенттерiнiң экологиялық бiлiмiн қалыптастырып дамыту мақсатында меңгертiлетiн пәндердiң барлығының мүмкiндiктерiн барынша тиiмдi пайдалану қажеттiлiгi туындайды. Ғалымдар адамның табиғатқа деген ықпалының арта түсуiне байланысты экологиялық үйлесiмдiлiктiң бұзылуына орай, биосфераның бұзылуына жол бермеу қажеттiгiне мән бере бастады. Сондықтан адамзатты айналадағы экологиялық ортаға ұқыптылықпен, қамқорлықпен қарауға баулуда, оқу-тәрбие жұмысы барысында баса назар аударып, экологиялық бiлiм мен тәрбие берудiң өз ерекшелiгi бар. Тiрi және өлi табиғаттың өзара байланысын ғылыми тұрғыда аша отырып, экологиялық факторлардың жан-жақты әсерiн түсiндiрде аналитикалық химия пәнiнiң әлеуетiн тиiмдi пайдалану маңызды мәселелердiң бiрi болып табылады. Себебi, қоршаған ортаға деген адамның қарым-қатынасы оның бiлiмiне, адмгершiлiктiк қатынасына, өз iс-әрекетiнiң салдарын бiлуiне тiкелей байланысты. Сонымен бiрге, қай жердiң болмасын экологиялық зардаптарын түсiндiруге, сондай-ақ, экологияға зиянды ықпалдарды түзетуге белсене кiрiсу бүгiнгi күнгi негiзгi мақсат болуы тиiс.
Осы мәселелердi ескере отырып болашақ мұғалiм - бүгiнгi студенттiң кәсiби компетенттiлiгiн аналитикалық химия материалдары арқылы экологиялық бiлiм бере отырып қалыптастыру мүмкiндiктерiн қарастырайық.
Қоғам мен табиғаттың қарым-қатынасындағы қиыншылықтың алдын алу тек ғылыми дәлелмен ғана iске асады. Адамның табиғатқа деген қарым-қатынасын түбiрiмен өзгерту үшiн экологиялық бiлiм қажет. Табиғатқа деген қарым-қатынастың ерекшелiгi – адам ағзасын табиғи дене, табиғаттың бөлшегi деп түсiнуде. Табиғатты адам тiршiлiгiне пайдаланғанда оның тұрақты заңын, үйлесiмдiлiк ерекшелiгiн бұзбауға тырысып, табиғаттың ғасырлар бойы құралған мазмұнын қастерлей бiлуiмiз қажет. Ал оны қорғау негiзiне алынатын экологиялық проблемаларды шешу үшiн, адамның құндылықты бағдарын өзгерту қажет. Ол үшiн әртүрлi оқу пәндерiнен берiлетiн бiлiм мазмұнын ой елегiнен өткiзген жөн. Осы бағытта бiрталай жұмыстар жүргiзiлуде. Бiрақ олар әлi де болса әдiстемелiк тұрғыда жүйелеудi қажет етедi. ....
Рефераттар
Толық

Әдебиет | Әдебиет және ғылым

VI-VIII ғасырларда түркі тілдес тайпалар арасында ерте дәуірден басталған ауызша шығармашылық дәстүр дамыды.
VІІІ-Х ғасырларда Сырдари? алқабында қыпшақ-оғыз арасында "Қорқыт ата" эпосы тарады.
Қорқыт ата - Сырдария алқабында дүниеге келген атақты жырау, күйші, ойшыл. "Қоркыт ата кітабын" тұңғыш зерттеуші -неміс ғалымы
Н.Ф. Диц. Ол Қорқыттың оғыз ұрпағынан шыққанын және оны көп халықтардын әулие тұтатынын айтады (1815ж.). "Қорқыт Ата кітабының" екі нұсқасы белгілі:
12 тараудан тұратын Дрезден нұсқасы. - 6 тараудан тұратын Ватикан нұсқасы
• 1999 жыл - "Қорқыт Ата кітабының" 1300 жылдығы дүниежүзілік көлемде атап өтілді.
"Оғыз-нама" эпосы ел арасында кең таралып, XIII ғасырда - Рашид-аддин, XVIII ғасырда - Әбілғазы көшірген. "Оғыз нама" жырында Оғыз ханның өмір жолы, күресі баяндалады.
VII ғасырда жазба әдебиет шыққан. IX-XII ғасырларда ислам дінінің таралуына байланысты әдеби және ғылыми шығармалар араб тілінде жазылды.
Жүсіп Баласағұни XI ғ. "Құтты білік" дастанын дайындауға 30 жылын арнап, 1 жарым жылда жазып шыққан (1069ж.). Дастанда өмір сүрген ортаның шындығы, әлеуметтік топтың қоғамдық түсінігі мен саяси тұжырымы берілген. Бақытты болудың негізі- білім деп түйіндейді.
Махмұт Қашғари XI ғ. 1072-74 жылдары жазылған "Диуани лұғат ат-түрік" ("Түркі тілдерінің сөздігі") атты еңбегі тілтану ғылымына үлкен үлес қосты. Бұл шығарма - түркі тілдес халықтардың тұрмыс-тіршілігі, әдет-ғұрып, тілі туралы тарихи дерек. Түркі тілдес халықтардың энциклопедиясы атанды. Бұл еңбек ғалым А.Егеубайдың аударуымен
1997-1998ж.ж. қазақ тілінде жарық көрді.
Қожа Ахмет Йассауи XII ғ. Сайрамда дүниеге келіп, Йассыда өмір сүрген. Ұстазы Арыстан Бабтан тәлім алып, ислам дінін уағыздаушы-сопы болған. "Диуани Хикмет" ("Даналық кітабы") шығармасы-тарихи, этнографиялық , әлеуметгік, тілдік дерек. Ғұламаның бұдан басқа "Мират ул-Кулуб" ("Көңіл айнасы") және "Пақырнама" деген еңбектері бар.
Сүлеймен Бақырғани. XII ғ. (Хакім ата). Ахмет Йассауидің шәкірті, Йассыда 1104 жылы дүниеге келген. 1186 жылы Бақырған қыстағында қайтыс болады. "Дүниенің ақыры" ("Ақыр заман") еңбегінде тәңірге сенуді уағыздап, рухани тазалыққа үндейді.
• "Диуани хикмет" және "Дүниенің ақыры" еңбектері жүздеген жылдар бойы Орта Азия мен Қазақстаннның медреселерінде оқулық ретінде пайдаланылды.
Ахмет Жүгенеки (Югнаки). XII ғ. Йассы маңындағы Жүгенек деген кыстақта дүниеге келген. Араб, парсы тілдерін меңгерген. "Хибат ул-хакайк" ("Шындық сыйы") дастаны 14 тараудан, 235 өлеңнен тұрады: білім, әдеп, адамгершілік, еңбек туралы. Дастан қазақ тіліне аударылып, 1985ж. жарық көрді.
Әбу Насыр әл-Фараби. ІХ-Х ғ. (870-950 ж.ж.) Фараб (Отырар) маңындағы Весиджде дүниеге келіп, Бұхар мен Шашта, Бағдатта білім алған. Өмірінің соңғы жылдарын Дамаскіде өткізді. Ол-энциклопедист ғалым. Ғылымның барлық салаларын меңгеріп, 50-ге тарта трактаттар жазды. "Ғылымдар энциклопедиясы", "Ғылымдардың шығуы", "Қайырымды қала тұрғындарының көзқарасы туралы", "Жұлдыз бойынша болжаулар", "Ваккум туралы трактат" т.б.
Әсіресе философия ғылымындағы еңбегі ерекше. Грек ғылымын меңгеріп, Пифагор, Архимед, Аристотель, Евклид, Птоломей шығармаларын сол тілде оқыған. Аристотельден кейінгі екінші ғұлама атанған ғалым. ....
Рефераттар
Толық

Әдебиет | ӘБУНАСЫР ФАРАБИ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҒЫЛЫМИ ФИЛОСОФИЯЛЫҚ ЕҢБЕКТЕРІ

Есімі дүние жүзіне мәлім болып, ғылыми және мәдени мұралары ғасырлар бойы ардақталып, ұрпактан-ұрпаққа өтіп келе жатқан ардагер азаматтар тарихта аса көп емес. Тарих жазбасында, халықтың рухани қазынасында айтулылардың айтулысы, жүйріктердің жүйрігі ғана мәңгілік. Мың жылдан артық уақыт өтсе де, аты ауыздан-ауызға жатталып, еңбектері уақыттың, мезгілдің катыгез сынынан мүдірмей өткен, сол адамзат ұлдарының, тарих перзенттерінің бірі Әбу насыр Фараби. Ол да осы Отырарда туды, осында "кірін жуып, кіндігін кесті". Қаратаудың тасына секірді. Сырдың суын ішті. Арыстың суын кешті, Қызыл-құмның аптабына күйді.
Фарабидің өмірі жөнінен бізге жеткен мағлұматтар үздік-үздік аңыз-шыны аралас болып келеді. Фарабидің толық аты-жөні — Әбунасыр Мұхаммед ибн Мұхаммед ибн Ұзлағ ибн Тархан әл-Фараби, яғни өз аты Мұхаммед, әкесі Мұхаммед, оның әкесі Ұзлағ, арғы атасы Тархан. Туған жері қазақтың ежелгі қаласы Отырарды арабтар Бараба-Фараб деп атап кеткен, осыдан барып ол Әбунасыр Фараби, яғни Фарабтан шыққан Әбунасыр атанған. Кейде оны жай ғана "Тархани" деп те атайды. Бізге жеткен кейбір деректерге қарағанда оның әкесі сол тұста көшпеліліктен отырықшылыққа ауысқан түркі тайпаларының бірінен шыққан әскер басы екен. Бір нұсқада Фарабидің руы қаңлы-қыпшақ деп көрсетілген. Бұл шындыққа жақын келетін сияқты. "Тархан" деген атаудың төркінін екі түрде топшылауға болады. Бірінші жағынан, ежелден Сыр, Отырар бойын жайлаған (қазір де мекендеп отыр) тарихқа ертеден мелім қаңлы тайпасында "Тархан" (кейде "Дархан деп те атайды") атты ру болған (қазір де бар). Екінші жағынан Кашқари "Қанды-қыпшақтардың атақтыларының есімі" деп жазады. Демек "қанды" мен Тархани байланысты. Сондықтан да Фараби қазіргі қазақ ұлтын құрған байырғы рулардың бірі қаңлы-қыпшақтан шыққан деп айтуға толық негіз бар.
Әбунасыр оқуды өте ерте бастаған. Бастапқы білімді ол туған қаласы Отырарда алады, одан соң Хорасанға барады. Кейінірек білімін онан сайын толықтыру мақсатында араб мәдениетінің орталығы Бағдатқа кетеді. Ғылым-білімге өте құмартқан зерек Әбунасыр мұсылман бола тұра, тіпті кәпірлерден сабақ алудан тайсалмайды. Мәселен, тәуіптік өнер (медицина) мен логиканы христиан оқымыстысы Юханна ибн Хайланнан, ал жаратылыстану ғылымдары мен грек тілін атақты аудармашы Әбу Башар Маттадан (ол да христиан) үйренеді. Бір нұсқада Фараби осы шәкірт шағында атақты оқымысты Абубәкір ибн Сиражбен жақын араласып, оған логиканы үйретіп, одан астрономияны үйренген деп айтылған. Фараби түркі, араб, парсы, грек және басқа тілдерді жетік білген. Кейбір деректер бойынша тіпті ол 70 тіл білген деп те айтылады. Бұл әрине, асыра дәріптеу болар.
Фараби ғылымды көбінесе өз бетінше меңгеріп, аса зор табандылық көрсеткен, орасан мол табыстарға жеткен адам. Ол, әсіресе, грек ғылымы мен философиясын, ең әуелі Аристотельдің бай мұрасын игеруді қолға алған. Мұнда ол аса үлкен шыдамдылық пен ыждаһаттылық көрсетеді. Бір аңыз бойынша, ол Аристотельдің "Жан туралы" дейтін еңбегін жүз рет, "Табиғи гармониясын" қырықрет, "Риторикасын" екі жүз рет оқыған көрінеді.
Міне осылай Фараби жұртқа мәлім оқымысты болып, дүние жүзінің ұстазы деген дәрежеге көтерілді. Ол алғашқы кезде Бағдатта істейді, кейіннен Дамаскіде, сонан кейін Алеппода (Сирия) әмірі Сайф әд-Дауланың қарамағында болады. Фараби өз бетінше ғылыммен үзбей шұғылдана берген. Мәселен, бір әңгіме бойынша ол Дамаскіде жүрген кезінде күндіз кала шетіндегі бау-бақшада қарауылдық қызмет атқарып, күндіз тапқан ақшасына сатып алған шырақ жарығымен түнімен ғылыми жұмыспен шұғылданады екен. Фараби өте қарапайым, канағатшыл кісі болған, жұпыны киініп, ырду-дырдудан барынша аулақ жүруге тырысқан.....
Рефераттар
Толық