Биология | ӘЙЕЛ ЖЫНЫС МҮШЕСІНІҢ ЖАРАҚАТТАРЫ

Әйел жыныс мүшесінің жарақаттарын бірнеше топқа бөлінді; 1/ сыртқы жыныс мүшесі мен қынаптың жарақаты; 2/ жатырдың жарақаты /мойны мен денесі/, 3/ жыланкөз /қуық-жынысты және ішек-жынысты/.
Сыртқы жыныс мүшесі мен қынаптың жарақаты.
Оған шошақай, қыздық перденің, кіші жыныс ернеуінің, шат аралық жердің қынап қабырғасының, соның ішінде қынап күмбездерінің жарақаттары жатады. Осы аталған жарақаттар жиі босану, құлау, жаралану, соғылу, зорлау кезінде пайда болады. Соғылу, құлау кезінде - гематома - қан ұйығы, ал босану кезінде - тіндер жарақаты, кейде қоршаған тіндердің кең көлемдегі қан ұйығы немесе кең түрдегі қан кету байқалады. Әсіресе, өте күшті қан кету шошақай жарақатында болады. Шат аралық жердің жарығы көтеншек және оның сфинктеріне де жалғасады, қынап күмбезінің жарығы сирек жағдайда іш қуысына да өтуі мүмкін. Жыныс мүшесінің жарығы жамбас сүйектерінің сынығында кездеседі. Бұл жағдайда жарақат, көп жерде болады, қуыққа, несеп ағар түтігінің, көтеншектің жарақаттануы да мүмкін.
Клиникалық суреттемесі. Ауру белгісі мен қан кеш байқалады. Өте көлемді жарақаттарда науқас есінен танады, терісі мен шырышты қабаты бозарады, тамыр соғысы әлсіреп жиіленді. Жарақаттанған тіндерден өте көп қан кетуде қан аздық дамиды, қан қысымы төмендеп, терісі мен шырышты қабатының реңі бозарады, тамыр соғысы бәсеңдейді Көрші мүшелердің қосымша жарақатында үлкен, кіші дәреттің өздігінен шығуы, газдың кетуі байқалады. Қан ұйығы болғанда, әсіресе кең көлемді қан ұйығында қатты ауру байқалады.
Анықтау жолдары. Анықтау анамнез және обьективтік тексеру мәліметтері негізінде жүргізіледі. Сыртқы жыныс мүшелерін, қынапты айнамен қарайды. Көрші мүшелердің жарақатына күмән болса, қуықты катетерлеу, цистоскопия жасау, сияқты қосымша тексерулер жүргізіледі.
Емі: Науқасты емдеу жарақаттың дәрежесі мен орналасу орнына және науқастың жалпы жағдайына байланысты. Есінен тану /шоқ/ және қан аздықта қан, қан орнына жүретін сұйықтар құйылады, ауру белгісін жеңілдететін дәрі-дәрмектер беріледі. ....
Рефераттар
Толық

Саясаттану | Әйелдер саясаты

Әйел-Ана. Осы бір құлаққа жағымды естілер сөздердің аясына дүние ғаламдағы ең жақсы, ең әдемі ұғым сипап тұрғандай. Себебі - әйел тішілікің тұтқасы, айнасы, ана өмірді өз қолымен жасап, өзі қорғап, қоршап отыр. Кез – келген қоғамда әйел-ананың орны ерекше, оларға деген ықылас та, ниет те өзгеше. Соның бір болмыс -нышанын өз алдына іргелі мемлекет болып отырған біздің елімізден де көруге, байқауға болады.
Әйелдің қоғамдағы орнына келер болсақ, ол өз алды әңгіме. Жасыратыны жоқ, әйелдердің қоғамдағы рөлі мен орыны туралы әңгіме қозғалса біз әлі де алдымен олардың жұмысбастылығы, білімі, оларға қатысты басқа да деректерді тілге тиек етіп жатамыз.
Қазақ әйелдерінің қоғамдық -саяси ортадан аз көрінуі қазақтың ежелден сақталып келе жатқан патриархаттық менталитетіне байланысты болуы мүмкін. Жекелеген тұлғалар болмаса, қазақ халқы қоғамдағы әйел рөлін негізінен отбасының ұйтқысы алыптар мен данышпандарды дүниеге әкеліп, тәрбие беру үшін ана ретінде елестетеді. Бұрынғы мәселені найзаның ұшымен шешетін заман үшін бұл кешірімді.
Берідегі әйелдер “теңдік” алған кездің өзінде шектен тыс саясаттандырылған қоғамда “әйелдің тең құқылығын” көрсету үшін аса бір жауапкершілік жүктелмейтін, мемлекеттік “қайраткерлікпен” ғана шектелетін ұсақ –түйек билік беріп, көз алдаушылық жасалғаны белгілі, Қазақ әйелдері, өздерін үлкен қоғамдық-саяси күш ретінде сезініп, мемлекеттік билікке ұмтылатындай саяси қондырғы да, ахуал да болған жоқ. Міне, сондықтанда қазақ әйелдері арасында Маргарет Тэтчер, Индира Ганди, Беназир Бхуттодан кем түспейтін елге билеуге лайық тұлғалар болғанымен жеме –жемге келгенде “байтал шауып бәйге алмастың” деңгейінде қалып келеді. ....
Рефераттар
Толық

Әдебиет | ӘЙТЕКЕ БИ

ӘЙТЕКЕ Байбекұлы (23.03. 1644, Өзбекстан, Қазбибі тауы, Қызылша м. — 1700, Өзбекстан, Нұрата ауд. Сейітқұл қорымы) — казақ халқының бірлігін нығайтуға үлкен үлес қосқан атақты үш бидің бірі, мемлекет қайраткері. Әлім тайпасының төртқара руынан шықкан. Әмір Темірдің бас кеңесшісі Ораз қажының бесінші ұрпағы. Бүкіл парсы, өзбек, кырғыз, қазақ, кұрама жұрты "Синесоф буа" (жаны пәк жан) атаған Сейітқұл әулиенің - үшінші ұрпағы. Ә. Қоканға (1622 — 35) хан болған Ақшаның немересі, Самарқан өмірі (1622 — 56) Жалаңтөс баһадүрдің немерелес туысы. Әйтеке бес жасында ауыл молдасынан сауатын ашқан.
Шешендік касиетінің ерте танылуына әкесі Байбек пен Қосуақ бидің айрықша ықпалы тиеді. Алайда жеті жасынан бастап аталары Ақша хан мен Жалаңтөс баһадүр Әйтекені өз тәрбиесіне алады. Ол өуелі Самарқандағы Ұлықбек медресесінде, кейін Жалаңтөс баһадүр салдырған, сән-сәулетімен әйгілі "Тіллә-кари" (Алтынмен апталған), "Шердор" (Арыстанды) медресесінде оқиды. Дін, құқық, аспан әлемі, жағырапия, тарих, математика пәндерін, араб, парсы, шағатай, өзбек тіддерін меңгеріп шығады. Әйтеке Ақша атасынан ел басқару, елшілік байланыстар жасау жолдарын үйренсе, Жалантөс атасынан әскери қолбасшылық дәстүрлер мен дағдыларға жаттығады. Баланын он екі жасында Жалаңтөс атасы, он бес жасында Ақша атасы дүниеден озады. Әйтеке медресені бітірісімен туған ауылына оралып, әкесі Байбекпен, ұстазы Қосуақпен бірге ел баскару істеріне араласады.
Сөйтіп жиырма бір жасында бүкіл Бұкара мен Самаркан төңірегіндегі қазақ, өзбек, қарқалпақ, кұрама жұртының бас биі бодды. Ал жиырма бес жасында барша Кіші жүз халқы оны бас би етіп сайлады. 1680 ж. Салқам Жәңгірдің жасы үлкен балалары Уәлі мен Бақыны емес, кішісі Тәукені хан етіп сайлауға казақ халқының бетке ұстарлары: Әнет баба, Соқыр Абыз, Едіге, Майлы, Төле, Қазыбек, қарақалпақ Сасық, құрама Мұхаммед, қырғыз Қоқым билермен бірге Әйтеке би де айрықша ат салысты. Тәуке тақка отырғаннан кейін алғаш рет ресми түрде айрықша құқты "Хан кеңесі" сайланды. ....
Рефераттар
Толық

Құқық | Әкімшілік құқық бұзушылық

Әкімшілік құқық бұзушылық әкімшілік жауаптылықтың негізі болып табылады. Мемлекеттік немесе қоғамдық тәртіпке, меншікке, азаматтардың праволары мен бостандықтарына, басқарудың белгіленген тәртібіне қиянат жасайтын сол үшін заңдармен әкімшілік жауаптылық көзделген правоға қарсы, кінәлі әрекет немесе әрекетсіздік әкімшілік право бұзушылық деп танылады.
Құқық бұзушылық үшін, егер бұл құқық өзінің сипаты бойынша қолданылып жүрген заңдарға сәйкес қылмыстық жауаптылыққа әкеп соқтырмай болса, әкімшілік заңдармен және басқа құқық салаларының нормаларымен тағайындалған әкімшілік жауаптылық пайда болады.
Әкімшілік құқық бұзушылық әкімшілік құқықтық нормаларымен жауаптылық қаралатын, белгілі әрекеттерді жасауға тыйым салатын (мысалы, жекеленген қару туралы Қазақстан Республикасының заңымен тағайындалған тәртіпті бұза отырып қаруға ие болуға немесе билетсіз пойызға жүруге тағы с.с.), қорғалатын қоғамдық қатынастарға нұсқау келтіреді. Осы сияқты ережелерді бұзу әкімшілік құқық бұзушылықтың құрамын құрайды.
Әкімшілік құқық бұзушылықтың заңды белгілері:
а) құқыққа қарсылық – бұл құқық нормаларын бұзатын әрекеттер жасау болып табылады. Бұл нормалар тек қана әкімшілік құқықтікі емес, сонымен қатар құқықтың бірнеше басқа салаларынікі де болуы мүмкін.
Бірақ, белгіленген нормаларды сақтау әкімшілік жауаптылық шараларымен қорғалады.
б) кінәлілік, яғни құқыққа қарсылық әрекетті қасақана немесе абайсызда жасау. Заң бойынша егер құқыққа қарсы әрекет не әрекетсіздік жасаған адам оның сипатын біле тұра, өз қылығының зиянды зардаптарын болжай тұра, мұны тілеп істесе немесе бұл зардаптардың болуына саналы түрде жол берсе, әкімшілік құқық бұзушылық қасақана жасалған деп танылады.
Егер әкімшілік құқық бұзушылық жасаған адам өз әрекетінің немесе әрекетсіздігінің зиянды зардаптары болуы мүмкін екенін біле тұрса да, біріақ жеңілтектікпен ондай зардаптар болмас деп ойланған болса, не болжауға тиіс және болжай алатын болса да, ондай зардаптар болуы мүмкін екенін болжамаған болса, әкімшілік құқық бұзушылық абайсыздықпен жасалған деп танылады.....
Рефераттар
Толық

Құқық | Әкімшілік құқықтың негіздері

Қазіргі кезеңдегі ғылымда ″Әкімшілік – құқық″ терминінің әртүрлі анықтамаларын кездестіруге болады. Мысалға алатын болсақ: оқулық әдебиеттерде әкімшілік-құқық – тиісті мемлекеттің құқық жүйесінің дербес саласы деп айтылса, ал жалпы түрде әкімшілік-құқықты – басқару құқығы деп айтуға болады делінген.
Энциклопедиялық сөздікте ″Әкімшілік – құқық″ деген терминді мемлекеттік басқару саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейтін сала ретінде қарастырылған. Яғни, Қазақстан Республикасының әкімшілік-құқық дегеніміз – басқару саласында қоғамдық қарым – қатынастарды реттейтін әкімшілік – құқықтық нормаларын жиынтығы. Ал басқару саласы дегеніміз – атқарушы билікті жүзеге асыратын орган.
Әкімшілік-құқық – ұлттық құқықтың бір саласы және құқық жүйесінде жетекші позицияда болады. Осыған орай Қазақстан өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде жариялаған жағдайда әкімшілік – құқық нормаларының қажеттілігі арта түседі. Себебі бұл нормалардың көмегімен үкіметтің және басқа атқарушы мемлекеттік органдардың құқықтық жағдайы реттеледі.
Әкімшілік – құқықтың негізін Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтарында қабылданған ″Әкімшілік – құқық бұзушылық″ кодексі және басқа да құқықтық – нормативтік келісімдер жасайды.
Жалпы алғанда әкімшілік-құқық дегеніміз – мемлекеттік басқарушы органдардың басқарушы – жарлықшы қызметін реттейтін құқықтық рәсімдер жиынтығын айтамыз.
Яғни, әкімшілік – құқық саласына толығырақ тоқталатын болсақ, онда мыналарды қарастырамыз:
1. Әкімшілік – құқықтың жалпы ұғымын (яғни, рөлі мен маңызы, пәні мен атқарушы билігі, нормаларының түрлері мен қайнар көздерін).
2. Әкімшілік – құқықтың қатынастары (ұғымы мен ерекшеліктері және түрлері). ....
Рефераттар
Толық

Әдебиет | Әл Фараби Бабыр наме прозалық шығармасы

Орта ғасырда араб халифатының ықпалында болған Азия, Африка, Индия мен Испанияға дейінгі жерлерде біртұтас мұсылман мәдениеті жасалды. «Мұсылман мәдениеті» феноменін жасаушылар арабтар ғана емес, араб халифаты қол астына қараған түрлі елдер еді. Сол өркениетті, сол мәдениетті жасаушылардың ішінде ежелгі қазақ жерін жасаушылардың ішінде ежелгі қазақ жерін мекендеген ру-тайпалар да бар.
Мұсылман мәдениеті көне антикалық мәдениет дәстүрі мен шығыс дүниесі өркениетін дәстүрі мен шығыс дүниесі өркениетін біріктіру арқылы Еуропалық оянушылықтың негізін жасады. Еуропа елдері философия, математика, астрономия, медицинаны мұсылман өркениеті арқылы білді.
Орта ғасырда ислам дәуірінде қазақ жерінен көптеген ғалымдар шықты.
Әбунасыр әл-Фараби, Ғаббас әл-Жауһари, Исмаил әл-Жауһари, Жамал Түркістани, әл-Сығанақи т.б.
Мұсылман мәдениеті VІІ –ХІІ ғасырларда шарықтау шегіне жеткен. Аса үлкен мәдени орталықтары: Бағдад, Дамаск, Куфа, Басра қалалары болды. Осы кезде Сыр бойындағы Отырар қаласынан болашақта бүкіл шығыс қаласынан Аплатон (Платон) мен Аристотельден кейінгі екінші ұстаз деп ат берген, кейін әлемге Әбунасыр әл-Фараби болып танылған 16 жасар бала оқу іздеп, керуенге ілесіп, Бағдадқа аттанды. әл-Фараби шыққан Сыр бойы епжелден көне мәдениеттің ошағы еді. Отырарда Александриядан кейінгі бай кітапхана болғандығын Птоломей жазып кеткен. Ал әл-Фарабидің туған қаласы Түркістан маңындағы Отырар екенін ғалым-географ Ибн Хаукал әл-Фарабидің замандасы жазған болатын.
Әл-Фараби Бағдадқа келген соң Александрия, Византия ғалымдарынна оқыған, грек, араб тілдерін үйренген. Кей аңыздарда оны жеті тіл, тіпті жетпіс тіл біледі деп айтады. Әл-Фараби Бағдадқа ең әуелі дарынды ақын, музыкант ретінде танылған. Содан кейін Сайф ад-Даула деген әмірдің тапсырмасы бойынша музыканың заңдылықтарын зерттеп, оны екі тараудан тұратын «Музыканың үлкен кітабы» атты күрделі еңбек жазған. Бұл кітапта музыканың тарихы, табиғи заңдылықтары, дыбыстардың табиғаты, әуені, оның реті, жеке дауыстан көп дауысқа айналу құбылысын талдаған. Дыбыстың нотаға бөліну заңын және тоғыз шекті музыка аспабының құрылысы, күйшінің шеберлігі жайында ғылыми тұжырымдар айтқан. Әл-Фарабидің осы еңбегі көп заман Еуропа елдерінде музыка тарихынан оқытылып келген. Оны зерттеген батыс ғалымдары Әл-Фараби ғылымның бар саласында екінші ұстаз болғанымен, музыкаға келгенде, бірінші ұстаз деген баға берген. Ол музыка теориясында түбірлі өзгерістер жасаған.....
Рефераттар
Толық

Әдебиет | Әл Фарабидің өмірі

Қасиетті қазақ даласы талай ұлы ғұламаларды дүниеге алып келді. Қазақ топырағынын көкіреп ояу, көзі ашық, ойшыл азаматтары бүкіл шығыс араб-парсы мәдениетін меңгеріп, өз шығармаларын көпке ортақ тілде жаза біліп, кейінгі ұрпақтарына мұра етіп қалдыра білді. Олардың ішінде аты әлемге жайылғандары да аз емес. Солардың бірі — бәрімізге танымал ұлы жерлесіміз Әбу Насыр әл-Фараби.
Әл-Фараби түрік тайпасының дәулетті бір ортасынан шыққаны бізге мәлім, бұған дәлел оның толық аты жөнінде "Тархан" деген атаудың болуы. Әл-Фараби 870 жылы Сыр бойындағы Арыс өзені Сырға барып құятын өңірдегі, Фараб қаласында дүниеге келді. Фарабидің то-лық аты-жөні Әбу-Насыр Мұхаммед Иби Мұхаммед ибн Ұзлағ ибн Тархан Әл-Фараби, яғни әкесі Ұзлағ, арғы атасы Тархан. Туған жері қазақтың ежелгі қаласы Отырарды арабтар Барба-Фараб деп атап кеткен, осыдан барып ол Әбунасыр Фараби, яғни Фарабтан шыққан Әбунасыр атанған. Бұл қаланың орны қазіргі Шәуілдір ауданы, Шымкент облысының территориясында. Сол түста өмір сүргендердің қалдырған нұсқаларына карағанда, Отырар қаласы IX ғасырда тарихи қатынастар мен сауда жолдарының торабындағы аса ірі мәдениет орталығы болған
.А. Н. Бернштам, шекарадағы аса манызды мекен және керуен жолдарының торабы болған Отырарға орта ғасыр авторларының көп назар аударғанын атап көрсетеді. Географиялық көрінісі түрліше бұл өнір суармалы егіншілікпен айналысуға да қолайлы болған.
А. Н. Берштамның айтуынша, Отырар қаласы орналасқан аса құнарлы алқапта қазақ халқының арғы ата-бабалары, қырдағы көшпенділер мен қала тұрғындары жиі карым-катынас, тығыз байланыс жасап отырған деп пікір қорыту әбден орынды.
Кеңінен мәлім екі дерек бар: 1218 жылм монғолдар қаланы қиратты, бұл "Отырар апаты" деп аталды; онаң соң 1405 жылғы ақпанда мұнда Әмір Темір қайтыс болды. Отырар жайында біздің қолымызда Ибн Хаукальдың, Абул Фиданың, қытай деректемелерінің мәліметтері бар. Отырар жөнінде Птоломейде де айтылған. Отырардағы кітапхана, ел ауыздағы аңызға қарағанда, кітабының- саны жағынан атақты Александрия кітапханасынан кейінгі екінші орында болған.
Бірақ Отырар Қазақстан территориясындағы бірден бір мәдени орталық емес-ті. Зерттеушілердің кажырлы еңбегі арқасында республиканың археологиялық картасында басқа да мәдени орталықтар (Тараз, Сығанак, Түркістан, Мерке, Исфиджаб және басқа қалалар) болғаны көрсетілген. Сондықтан, біз осы территорияны мекендеген тайпалардың сонау арғы заманда қалыптасқан өскелең өнері, қол өнері, ғылымы, түркі тілдес жазуы болған деп қазір батыл айта аламыз.
Осы жазба әдебиеттің пайда болған кезін, ол біздік заманымыздан 300—400 жыл немесе одак да көп бұрын қалыптасты ма деген мәселені келешекте тарихшылар мен тіл мамандарының анықтауына тура келеді. Міне, сондықтан да, қазақ топырагынан шыққан ғалымдар Әбу-Насыр әл-Фараби, Исхақ әл-Отрари, Исмаил әл-Шаухари, Жемал әл-Түркістани, әл-Сығнақи, әл-Қыпшақи, Қадырғали Жалаири және басқалар жазған еңбектердің белгілі бір мәдени негізде дүниеге келуі әбден табиғи нәрсе. Осынау санлақтардың ішінде жалпы әлемге әйгілі алып тұлға ретінде көзге көрінетін әл-Фарабидің орны ерекше.
Ал енді әл-Фарабидің антика дәстүрімен байланыстылығынан, осының арқасында оның Аристотельден кейінгі "Екінші Ұстаз" атанып, даңққа бөленгенін айтатын болсақ, әл-Фараби жастайынан ақ ұлы Аристотельдің, Платонның, ерте дүниедегі Грецияның басқа да философтарының шығармаларымен түп нұсқасынан танысқаны жөнінде бізде деректер бар. ....
Рефераттар
Толық

География | Әлемдік мұхит

Менің ойымша «Жалпы жертану – біртұтас жүйе болып табылатын географиялық қабықша туралы теория , материяның дамуы туралы географиялық және басқа ақпараттардың негізі . Сондықтан « Жалпы жертанудың»теориялық тұжырымдары салалық географиялық талдаудың методологиялық негізі болып табылады .
Болашақ мамандардың географиялық дүние- танымына негіз қалайды . «Жалпы
жертану» пәніндегі географиялық дүние таным біртұтастығымен сиппатталады: табиғи құбылыстар мен процестер бір –бірімен ғана емес қоршаған ортамен де тығыз жүйелік байланыста қарастырылады .
«Жалпы жертану» глобальды экологияның теориялық базасы болып табылады , өйткені тірі организімдер мен адам баласы өмір сүріп отырған ортаның экология- лық қауіпсіздігін қамтамсыз ету мақсатында географиялық қабықшаның қазіргі күйін , оның болашақта өзгеру бағытын анықтауға ат салысады . Глобальды өзгерістерлі зерттеудегі негізгі мақсат : Жер системасының дамуына әсер ететін физикалық , химиялық және биологиялық процестердің қарым- қатынасын анықтау , оған ғылыми тұрғыдан баға беру .
Біртұтас жүйе – географиялық қабықша ( комплекстік геосфера , эпигиосфера ) ілімі соңғы уақытта космостық ізденістердің , эволюциялық географияның , Палеогеографияның мәліметтерімен толығуда .
Сондықтан (Жалпы жертанудың» ғылыми бағыты фундаментальды физгеографиялық заңдылықтарды зерттеуден планетарлық масштабта табиғи – антропогендік ортаны тиімді пайдалану , апатты табиғи құбылыстар мен процестерді болжау және онымен күресе білуге бағытталған .
Біртұтас географиялық қабықша біртекті емес , оның құрлысы да күрделі . Әсіресе , барлық қабықшалардың түйісу орталығы күрделігімен ерекшелінеді . Мұнда географиялық қабықшаның жекеленген компоненттердің -топырақ және тірі организімдердің кеңістікте әртүрлі таралуы мен дамуы нәтижесінде әртүрлі деңгейдегі табиғи – территориялық комплекстер дамиды .
Сонымен , «Жалпы жертану» географиялық қабықтың жалпы заңдылықтарын дамуын , оның жекелеген компонеттері мен комплекстерінің кеңістік пен уақыт аралығында өзгеруін , қазіргі табиғи – антропогендік комплекстердің болашақта дамуын зерттейтін ғылыми сала . Сондықтан қарапайым деңгейдегі де табиғи комплекстердің дамуын , динамикалық ерекшелігін және кіші табиғи-антропогендік комплекстерге баға беріп , болжау үшін планетарлық географиялық заңдылықтар-ды білу міндетті .
Адамдар Жердің шар тәрізді екендігін дәлелдеу үшін мыңдаған жыл уақытын сарп етті . Тек ХV ғасырда ғана бұлжытпас деректердің алдында ақыры Жердің жұмыр екендігі мойындалды . Сөйтіп барлық елдердің оқушылары өз планетасын жұмыр глобус арқылы оқып , зерттей бастады .
Шын мәнінде Жер дұп- дұрыс шар емес . Оның нақты формасын айқындау үшін ғалымдар көп күш –жігер жұмсады . Қандай тәсілдер қолданылмады десеңші ! Сонда да біздің планетамыздың формасын дәлме- дәл белгілеу әлі қолдан келген емес . Ал мұның өзі білімнің көптеген салалары жөніндегі мамандар үшін өте маңызды . Сөйтіп , біздің Жеріміз – полюстар тұсында ішке қарай басыңқы үлкен шар – ғалымдар осындай пікірге келіп отыр . Бірақ Жердің үсті теп- тегіс емес . Бір жерлерде таулар аспанмен таласса , басқа бір жерде жазықтар көсіліп жатады , енді бір жерді ойпаңдар алып жатады . Егер жер бетінің бүкіл ойлы- қырлы бедерін ескеретін болсақ , Жердің формасы аса күрделі болып шығар еді . Сондықтан оны тіпті ең күрделі математикалық теңдеулермен бейнелеп беру мүмкін емес .
Сондықтан Жердің беті деп материк астымен ойша жүргізілген су айдынын алуға ұйғарылған . Мұндай фигура «геоид» деп атайды .
«Геоид» сөзін ғалымдар Жердің пішінін белгілеу үшін әдейі ойлап тапқан . Оны белгілі ғалым Листинг ұсынған . Бұл сөздің ешқандай геометриялық мағынасы жоқ. Оны тура аударсақ «Жер бейнесіндегі дене» дегенді білдіреді . Жердің радиусы шамамен 6 мың километрге тең . Глобустың радиусы одан миллион есе кіші . Сөйтіп Жердің полярлық және экваторлық радиустарының арасындағы 21 км айырма глобуста милиметрдің бөлігіне айналады . Бұл айырмашылықты глобуста бейнелеп көрсетудің ешқандай мүмкіндігі жоқ екені түсінікті де .
Сондықтан глобусты жер шарының моделі деп атайды . Оның бетінде материк- тер , мухиттар , аралдар , түбектер біздің планетамыздың үстіңгі беті кішірейтілген түрінде бейнеленген . ....
Рефераттар
Толық

География | Әлемдік мұхиттың экожүйесіндегі физикалық дүниенің таралуы

Жер шарының шамамен 3/4 бөлігін үздіксіз шетсіз-шексіз су қабаты - әлемдік мұхит алып жатыр. Құрлықтар арасында орналасқан, көлемі үлкен, өзіндік жеке су мен атмосфера айналымы бар, айтарлықтай гидрологиялық режимімен ерекшеленетін әлемдік мұхиттың бөліктерін мұхит дейміз. Мұхиттар теңіздерге, шығанақтарға және бұғаздарға бөлінеді.
Дүние жүзілік мұхиттың құрлықпен салыстырғандағы ауданы
Мұхит - 70,80%
Құрлық – 29,2 %
Дүниежүзілік мұхиттың ауданы
Тынық мұхит – 49,8%
Үнді мұхит – 20,8%
Атлант мұхит – 25,8%
Солтүстік мұзды мұхит – 3,6%

Дүние жүзілік мұхит сулары тереңдеген сайын, өзінің табиғаты мен тіршілік дүниесінің құпияларымен адамзатты әлі де таңғалдыруда. Олардың ғажайып сыры әлі күнге дейін толық ашылған жоқ. Мұхиттардың терең тұңғиықтарын зерттеу барысында қазірдің өзінде ғылымға белгісіз тірі жәндіктер табылуда. Мұхит суында қажетті қолайлы жағдайлар мен қоректік заттар жеткілікті. Сондықтан мұхит суының барлық бөліктерінде де тіршілік дамыған. Тіпті тіршілік дүниесі тереңдігі 11022 м болатын Мариан шұңғымасында да, жаңа жер қыртысы түзіліп, ыстық магма шығып жататын жарықтар да, температурасы мен қысымы өте жоғары аудандарда да кездеседі. Мұхиттардағы тіршілік жағдайлары полюстен экваторға және су бетіне тереңдікке қарай өзгеріп отырады. Мұхиттың өсімдіктер дүниесі көзге көрінбейтін бактериялар, бір жасушалы өсімдіктер мен ұзындығы 200 м дейін жететін теңіз балдырларынан тұрады. Жануарлардан көзге көрінбейтін ұсақ жәндіктерден бастап, салмағы 160 тоннаға жететін алып киттер тіршілік етеді.
Мұхиттағы тіршілік ұзақ геологиялық уақыт аралығында су массаларының қасиеттерін өзгертіп отырады. Судағы жасыл өсімдіктер бөліп шығарған оттегінің мөлшері артып, оның артық мөлшері ауаға шығу арқылы атмосфера құрамын өзгертеді. Ауадағы оттегі мөлшерінің көбеюі теңіздегі тіршілік дүниесінің бірітіндеп құрлыққа шығып, тіршілік етуіне мүмкіндік береді. Сондықтан мұхитты Жер шарындағы «тіршілік бесігі» деп атайды.
Мұхиттағы тіршілік аймақтарына судың беткі қабаты мен оны құрайтын су массасы және мұхит түбі жатады. Мұхит тіршіліктің таралу географиялық ендікке байланысты. Температурасы төмен және поляр түні ұзаққа созылатын полярлық өңір сулары тіршілік дүниесіне кедей болады. Жазда екі жарты шардағы қоңыржай белдеудің суындағы тірі ағзалар жақсы өсіп, жетіледі. Бұл ағыстар мен күшті желдер әсерінен әр түрлі су массаларының араласуынан мұхит суларында қоректік заттар мен оттегі мөлшерінің артуы себеп болады. Сондықтан қоңыржай ендіктер алабы (40º-60º) дүние жүзілік мұхиттың балыққа ең бай аудандары болып табылады. ....
Рефераттар
Толық

Экономика | Әлемдік нарық

Нарық механизімді ең жалпы түрде экономикалық мәселелерін шешу мақсатында өндірушілер мен тұтынушылардың рынок арқылы өзара әрекет ететін шаруашылықты ұйымдастыру формасы деп аңықтауға болады. Яғни әлемдік нарық дегеніміз не? Басында әлемдік нарық дегенді әр түрлі тауарларды сатумен байланысты жұртқа жария ретінде түсіндірді. Қоғам дамыған сайын әлемдік нарық ұғымы да өзгеріп отырады.
Қазіргі дамыған қоғамдар әлемдік нарық деген міндетті түрде сатушылар мен сатып алушылар кездесіп, келісім жасайтын орыне емес. Қазіргі заманда саудагерлер теледидар арқылы жарнама бере алады, сатып алушылармен тікелей байланыспай-ақ алыс-беріс жасаушылардың тапсырыстарын тгелефонмен жинап және тауарды почта арқылы жібере алады. Нарық-қоғамдық еңбек бөлінісі негізінде оқшауланған өндірушілердің арасындағы үстемдік етуші және аңықтаушы байланыс әдісі ретінде көрінеді.
Тауар өндірісі хағдайында нарықтық байланыстар экономикалық қатынастардың барлық жүйесін және барлық субьектілерін қамтиды.Нарықтың құрамына өз жұмыс күшін сатушы кәсіпкерлер де, еңбнккерлер де соңғы тұтынушылар да қарыз капиталының және бағалы қағаздардың иелері де т.б кіреді.Осыған сәйкес, қазіргі әлемдік нарықтың экономика нарықтарының бүгінгі бір жүйесі тауар мен қызметтер,жұмыс күші қарыз капиталдарының, бағалы қағаздардың валюталық нарық және басқалары нарықтың әр түрлі түрлері толықтай басқа бөлімде қаралады. Алайда қандай нарық болсада оның нақты түріне байланыссыз, бәсекеге негізделеді. Нарықтың механизімінің осы негізгі элементтерінің талдап көрсетейік.
Жоғарыда айтылғандай әрбір экономикалық жүйе етіп үш сұрақты шешу қажеттілігіне ұшырайды: Не өндіру керек? Қалай өндіру керек?кім үшін өндіру керек? Нарықтық экономикада бұл сұрақтар негізінде нарықтың көмекшісімен шешіледі(Баға, сұраныс пен ұсыныс, бәсеке механизімі арқылы).....
Рефераттар
Толық