Педагогика | Тіл мүкістігі

Кіріспе.
Курстық жұмыстың өзектілігі: Тіл кемістігі бар балалардың психикалық дамуының, заңдылығын сонымен бірге үлкендердің осындай кемістікке душар болуын логопедия ғылымы зерттеуде.
Ғылым саласында көптеген тіл кемістігі адам өмьірінде маңызды орын алатын психологиялық мәселелер туындап отыр және осы мәселелерді шешу барысында ғалымдар біраз еңбек атқаруда.
Сөйлеу процесі тек адам баласына ғана тән өте күрделі психикалық қабілет.Тілдің негізгі қызметіадамдардың бір-бірімен сөйлесуі,бір нәрсе жайында пікір алу үшінқызмет етеді.Қоршаған орта туралы өз ойларын тіл арқылы жеткізеді.Тілдік түрлі құбылыстарды тіл ғылымының әр саласы қарастырады. Мәселен, тілдегі сөздер, олардың барлығының жиынтығы-лексикология саласында,тілдің дыбыстық жүйесі фонетика саласында,сөздердің формалары морфология,сөз тіркестері мен сөйлем синтаксис саласында қарастырылады.Бала бұл тілідк салаларды міндетті түрде білу керек.Тіл кемістігі дегеніміз-сөйлеу қабілетінің психо-физиологиялық механизімінің бұзылу салдарынан сөйлеушінің сөйлеу тілінің қоршаған ортаға тән мөлшерден ауытқуын айтамыз.Тіл кемістігін логопедия пәні зерттейді. Логопедия-арнайы педагогика ғылымының бір саласы.Логопедия сөйлеу тілі кемістік-терін, оның бұзылу себептерін,болдырмау жолдарын,әр түрлі жолдар-мен түзетіп жоюдың тәсілдерін зерттейтін ғылым саласы. Логопедия ғылымын зерттеген ғалымдар А.Р.Лурия, Е.Н.Винарская, Р.Е.Левина т.б.Жалпы логопедия тіл кемістігін қарап,оны оқыту, тәрбиелеу және қайта тәрбиелеу жүйесін ғылыми түрде қарастырады.....
Курстық жұмыстар
Толық

Салық кодексі | Тікелей салықтар, олардың салық жүйесіндегі ролі

Кіріспе.
Менің курстық жұмысымның тақырыбы «Тікелей салықтар, олардың салық жүйесіндегі ролі».
Нарықтық қатынастардың қазіргі даму жағдайы, өнеркәсіп орындарының көбеюі, халықтың әл ауқатының жақсаруы, қаржы жүйесінің нығайып дамуы, мемлекетаралық экономикалық қатынастардың ұлғаюы елімізде салық жүйесін негізді түрде дамытудың қажеттілігін көрсетіп отыр.
Себебі ғылыми негізделген, шынайы өзгерістерді бейнелейтін әрі жүйелі түрде реттейтін салық жүйесі экономикалық процестерге оң ықпал етіп, жағымсыз жағдайлардың орын алуына жол бермей, қоғамда өркениетті құқықтық қатынастарды нығайта түседі.
Әйтсе де, қазіргі қолданыстағы салық жүйесінде салық ауыртпалығы негізінен заңды және жеке тұлғалардың табыстарына көбірек түсуде. Бұған табыс салықтарынан түсетін түсімдердің мүлік салықтарынан түскен түсім мөлшерінен бірнеше есе жоғары болуы дәлел. Мұндай айқын құрылымдық үйлеспеушілік өндірісті дамытуға қажетті алғы шарттарды жасауға кедергі келтіріп, дәулетті мүлік иелерін фискалды ауыртпалықтан босатуға негіз болып отыр. Сол себепті бүгінгі күні бюджеттің кіріс көзінің басым бөлігін құрап отырған, экономика салаларының табысына салынатын шектен тыс салық ауыртпалығының бір бөлігін осы уақытқа дейін салық жүйесімен мүлде ескерілмей келген мүліктен түсетін кіріс түрлеріне аударған жөн. Мүліктің басқа объектілерге (табыс және қосылған құнмен) қарағандағы ерекшелігі, ол салық салудың барынша тұрақты объектілерінің бірі болып табылады. ....
Курстық жұмыстар
Толық

География | Тибет таулы қыраты

Кіріспе
Тибет таулы қыратының физикалық – географиясын жан – жақты зерттеп, оның зерттелу тарихына, жер бедеріне, климат ерекшеліктеріне және флорасы мен фаунасына, сонымен қатар табиғат жағдайларын жан-жақты қарастырып толық сипаттама беру.Курс студенттеріне Тибет таулы қыраты жайлы кең көлемді мағлұмат беру арқылы дүние танымын қалыптастыру. Тибет таулы қыраты Цинхай- Сикан- Тибет таулы қыраты – жер шарындағы ең биік және аумақты таулы қырат. Орталық Азияда.Оңтүстігінде Гималай, солтүстігінде Куньлунь, батысында Памир және Гиндукуш, шығысыанда Сино-Тибет таулары мен шектеледі.Жері 2 млн.км.Кейбір геогрфтардың пікірлері бойынша Куньлунь, Қарақорым және Сино-Тибет таулары Тибет таулы қыраты құрамына енеді.Орташа биіктігі 4-5 мың м,жетеді.Негізінен құмтас,әктас сазды тақта тас, гранит және гнейстен түзілген. Тибет таулы қыраты солтүстігі герцин орта бөлігі мезозой, оңтүстігі альпі қатпарлығы кезінде жаралған.Альпі тау жаралу кезеңінде Тибет таулы қыраты жаппай қуатты көтеруге ұшырады.Тау жаралу қозғалысының мұнда әлі де тоқталмағандығына көпшілік бөлігінің сесмикалық ауданға жататындығы және термальдық бұлақтардың көп болуы дәлел бола алады.Солтүстігіне қарай Кайлас және Ньенчен-Тангла жоталарына дейін эрозияға ұшырамаған ішкі ағын жоқтың қасы.....
Курстық жұмыстар
Толық

Саясаттану | Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы ТМД

Кіріспе.
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының құрылуы КСРО-ның соңғы жылдардағы өмір сүру оқиғаларымен тығыз байланысты.
Бүгінгі күні анық болып отырғандай жанталаса қарулану және блок болып тайталасу жағдайындағы экономикалық, этникалық, саяси, идеологиялық, технологиялық және әлеуметтік дағдарыс Кеңестер Одағының ыдырауына сөзсіз әкеліп соқты. Шиеленістің нақты әлеуметтік және ұлтаралық дау-жанжалға өршіп кету қаупі кейбір аймақтарда шыңдыққа айналды. Орталық басшылықтың ел дамуының жаңа үрдістерін дұрыс бағалай алмауы жағдайды күрт тұрақсыздандырып жіберді. Осындай жағдайларда тоталитарлық жүйені қалпына келтіру және одан кейін оқиғалар 1991 жылғы тамызда КСРО-ның тіршілігін жойды.
Осындай жағдай посткеңестік аумақта жаңа қатынастар орнату және оларды ұйымдық рәсімдеу процесі қиындықпен әрі қарама қайшылықта өтті.
1991 жылы 8 желтоқсанда Ресей, Украина, Белорусь басшылары Беловеж келісіміне қол қойды.Одақтың ыдырауы славян және түркі туыстас республикаларды өзара қарсы қою жолымен этникалық негізде болжауға болмайтын жағдайларға әкеп соқтыру мүмкін еді. Ондай жағдайлар барлық посткеңестік аумақтағы ішкі мемлекетаралық қатынастың жоқтығынан онша жақсы болмады. Сонымен бірге ТМД елдерінің алыс шетелдермен және халықаралық ұйымдармен қатынас жүйесінің болмауы да жағдайды қиындатты. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Мәдениеттану | Тәуелсіз Қазақстанның мәдениеті

КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі
Тәуелсіздік - халқымыздың ұлттық дүниетаным ерекшелігін, рухани мәдениетімізді әлемге танытуға мүмкіндік берді, әлі де бұл салада қыруар мәселердің шешілетініне күмән келтіруге болмайды,
Мәдениет өзінің түрлі бейнелеу тәсілі және түрлерімен қоғамның тарихи даму процесіне енді. Мәдениеттің әлеуметтік қызметі өндірістің тиімділігін арттырады, қоғамдық прогреске жол ашады. Мәдениетті дамытпай, әлеуметтік міндеттерді шешу мүмкін емес, ал ол өз тарапынан мәдениеттіліктің, халықтың шығармашылық жігерінің деңгейін кетеруге оңды жағдай жасайды, бір ғана өндіріс емес, бүкіл қоғамдық өмір жеке адамды дамытуды қажет етеді. Осыған байланысты екі жағдайға назар аудару керек. Әлем өзара байланыста және тұтастықта болады, ал әлеммен байланысты адамның қоғамдық саяси өмірге енуі, оны әлеммен байланыстыратын көптеген жағдайлар мәдениеттің дәрежесімен тікелей байланысты. Сонымен қатар қоғам прогресіне сәйкес адам бостандығының өрісі кеңи туседі.Қазақстан Республикасы өзінің Тәуелсіздігін жариялаудың нәтижесінде халқымыз жаңа саяси, әлеуметтік-экономикалық, рухани жағдайда өмір сүріп, еңбек етіп, сол тәуелсіз мемлекетімізді нығайту үшін күресуде.
Әрбір халықтың өз мәдени даналығы барлығы белгілі. Сол мәдени құндылықтарды бүкіл халық болып құрметтеу рухани норма.
Қазақ халқының мәдениеті - ежелгі заманнан бері байырғы жерінде өмір сүрген қазақ халқын құраған ұлыстар мен тайпалардың материалдық мәдениеті мен рухани мәдениетінің заңды жалғасы және жаңа заманға сай дамып, қалыптасқан түрі болды.....
Курстық жұмыстар
Толық