Бағдарламалау | Жылжымайтын мүліктер агентігі

Мәліметтер қоры
Ақпараттық жүйе және мәліметтер қоры дегеніміз – бұл пәндік саланың қандай да бір мақсатқа арналған модулі, яғни автоматтандырылған жүйені басқаруға қажетті пәндік сала жөніндегі фактілер мәліметтер қорынан көрініс табады. Жобалаушы мәліметтер қорын (МҚ) жобалауда осы күтілетін фактілерді сипаттап, ерекшелеп көрсету қажет, бұдан мәліметтер қорының пәндік саласының шекарасы айқындалады. Одан кейін осы фактілердің сипаттамадағы интерпретациясын орындау қажет.
МҚ-на қатысты объектілер, олардың қасиеттері мен қатынастары белгілі болса, онда МҚ-ың пәндік саласы болып есептеледі. МҚ-ын жобалау пәндік саланы алдын-ала құрылымдаудан басталады.
Пәндік сала - бұл нақты мәліметтер банкінің қолданылу аясы. Мәліметтер қоры қолданылу сферасына қарай: кәсіпорындар мен ұйымдарды басқару, көлік, басқару, медицина, ғылыми зерттеулер және т.б. болып бөлінеді.
Мәліметтер қоры - бұл өзінің құрамына пәндік саланың динамикалық, ақпараттық моделін сүйемелдейтін арнайы әдістері мен құралдарды қамтитын ақпараттық жүйе болып табылады.....
Курстық жұмыстар
Толық

Бухгалтерлік есеп | ЖШС-ң дебиторлық қарыздар есебін талдау

Кіріспе
Бухгалтерлік есеп көптеген жылдар бойы басқа ғылымдар сияқты дамып, қоғамның экономикалық-әлеуметтік жағдайларына сай өзгерістерге ұшырап келе жатқан, сондай-ақ өмірде өзінің ерекшелігімен оқшауланатын ғылым болып табылады. Белгілі ғалым Б. Де Солозано осы ғылым туралы «Бухгалтерлік есеп барлық ғылымдар мен өнердің ең алдында тұрады, басқалары онсыз өмір сүре алмаса, бухгалтерлік есеп үшін олардың ешқайсысы қажет емес» - деген болса, оның әріптесі Р.А. Фаулки «Есеп – бұл барлық бизнестің тілі, яғни философиясы» - деп атаған. Бухгалтерлік есеп ұйымның қаржылық ақпараттарын өлшейтін, өңдейтін, есептейтін және оны пайдаланушыларға жеткізіп отыратын жүйе болып табылады. Бухгалтерлік есеп басқару жүйесінде ең маңызды орындардың бірін иеленеді. Жалпы, бухгалтерлік есеп ұйымға оның қаржылық жағдайын жоспарлау, бағалау, бақылау және талдау секілді функцияларды орындауы үшін қажет. Сонымен қатар бухгалтерлік есеп кәсіпорынның активтері мен міндеттемелері, капиталы және өндірілген өнімдері мен олардың сатылғандығы туралы ақпараттарды жинақтап көрсетеді.....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | ЖШС «Құрылыс Консалтинг» қаржылық-экономикалық жағдайын талдау

КІРІСПЕ
Кәсіпорының қаржылық жағыдайын талдау оның қаржылық –шаруашылық қызыметін өзара қарым-қатынасы мен тәуелсіздіктің арасындағы көрсеткішті білдіреді.
Негізгі бөлімнің жалпы бизнес бағалаудың негізгі ұзымдары анықталады. Қаржылық құжаттаманы дайындау туралы талдаулар жүргізіледі.
Кәсіпорының айналымдағы активтердің құнын бағалау туралы анықтамалар беріледі.
Мүлік жағдайын талдау барысында көлденең және тік талдау жүргізіледі, жалпы ағымның активтердің ұзақ мерізімді активтер, ақша құралдарын, тауар-материалды қаржылардың баланстық құн өзгеруін көрсетеді.
Тік талдау барысында баланс-нетто төмен актив және пассивтің үлестері анықталады.
Кәсіпорынның серіктік жағдайын талдау кезінде активтердің икемді коэффициенті, тозу коэффициенті, икемді және шашырату коэффициенті, иелігі құрайтын коэффициенттерінің өзгеруін есептеулер жүргізуді қаржылық жағдайды талдау барысында төмен қабілеттілігі, қаржылық тұрақтылық жұмыстық белсенділік серіктестіктің жалпы жобасы көрсетілген.....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | ЖШС “Меркур Строй Сервис” экономикалық тиімділік көрсеткіштері

Кіріспе
Шағын кәсіпкерліктің дамуына көптеген иялық жұмыстар арналған. Онда шағын кәсіпкерліктің дамуының әлемдік тәжірибесі, сонымен бірге бәсекелестік механизімінің арқасында олардың кейбіреулерінің ірі бизнеске айналуы, бүгіегі нарықтық экономикакаға дейінгі мәселелер қарастырылған. Нарықты экономикасы дамыған елдерде шағын кәсіпорындар бірнеше жүз жылдарда табиғи дамыған, ал Қазакстанда мүлде басқа жағдай.
Нарықтық экономикаға өткенге дейін бұрынғы Кеңес Одағының құрамындағы мемлекеттерде ірі өнеркәсіп кәсіпорындары болды да, олардың артықшылықтары абсолютті деп саналып шағын кәсіпорындар мәселесі жоспарға кірмеген болатын. Бұл ойдың қателігі командалық орталықтанған жүйеден нарықтық экономикалық жүйеге өту кезінде, шағын кәсіпорындар мемлекеттің стратегиялық бағыттың негізгі құралына айналғанда мойындалды......
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | Жұмыспен қамту саясаты және еңбек нарығы

1.1 Жұмыспен қамту саясаты және еңбек нарығы
Адамзат тарихының тәжірибесі, адамның еңбекке деген ең жақсы ынтасы, яғни, талаптануы, тек нарық, оның ішінде еңбек нарығы жағдайында ғана іске асатындығын көрсетті. Еңбек нарығы дегеніміз бұл ең алдымен жұмыс күшіне сұраным мен ұсыным. Әрине, бұл тым ерекше, өзгеше нарық. Жұмыс күшін реттеуде оны әкімшілдік-әміршілдік әдіске қарама-қарсы әдіс деп қарауға болады. Еркін еңбек – бұл тиімді экономиканың негізі.
Осы уақытқа дейін біздің елімізде еңбек нарығы болмады. Мамандарды қайта дайындаудың тым қарапайым жүйесінің болуы – тұрғындарды толық, бірақ тиімсіз түрде жұмыспен қамтуға жағдай туғызды, өмір суру ресурстарын бөлуде теңгермешілдікке жол берді, ал ол белгілі бір дәрежеде қоғамның өндіргіш күштерінің дамуын тежеді. Әкімшілдік-әміршілдік басқару жүйесі жағдайында мемлекет, жұмыспен толық қамту мәселесін өндіргіш күштерді орналастыру бағдарламасына сәйкес орталықтанған жоспар бойынша өндіріс салалары мен аймақтарына бөлу арқылы шешіп отырды. Жаңа жұмыс орындарын жасау еңбек етуге қабілеті бар тұрғындардың санынан асып кетіп отырды, ал ол, өз кезегінде жұмыс күшінің тапшылығын тудырды.....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | Жұмыс күші миграциясының халықаралық реттелуі

Кіріспе
Соңғы 50 жылдықтағы әлемдік шаруашылықтың үдерісі халықаралық экономикалық қатынастардың серпінді дамуымен тыңыз байланысты. Әлемдік шаруашылыққа әсер етіп оны түбегейлі өзгертетін басты үдерістер, әлемдік шаруашылық пен капиталдың, қоғам мен адамдардың тіршіліктерінің негізгі түрлерінің интернационалдануы және ғаламдануы.
Қазақтан Республикасында нарықтық экономика даму жолында көптеген қиыншылықтарды бастан өткізіп, кейбіреуін жеңе білуде, кейбіреуінің салдары әлі білінуде. Еліміз нарықтық экономикалық амал тәсілдеріне бейімделіп, өте тиімді шешіммен, кәсіпқойлық іскерлікпен әртүрлі мәселелерді шешіп, дамыған елдердің қатарына қосылу мәселесі тұр. Бұл дегеніміз - ел азаматтарының әл-ауқатын артырып, әлеуметтік экономикалық экономикалық жағдайын жақсарту, әлем таныған өркениетті ел болуымыз керек. Қазір Қазақстан әлемнің бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіруіне барлық шарттары бар. Қазақстан Республикасының Президенті үстіміздегі жылдың 1 наурызындағы Халыққа Жолдауында осы мақсатқа жетуге мүмкіндік беретін стратегиялық басымдылықтарын атап көрсетті. Бұл міндетті орындау үшін және шикізаттық бағытан арылу үшін, елімізде 2015 жылға дейінгі «Индустриялық инновациялық даму стратегиясы» бағдарламасы әзірленді.....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | ЖҰМЫС БАСТЫЛЫҚ. ЖҰМЫССЫЗДЫҚ. ФИЛЛИПС ҚИСЫҒЫ. ОУКЕН ЗАҢЫ

КІРІСПЕ
Жұмыссыздық-бұл әлеуметтік – экономикалық құбылыс.Жұмыссыздық кезінде экономикалық белсенді халықтың бір бөлігінің мәжбүрлі түрде жұмыс істемейді.
Жұмыссыздыққа көзқарас қоғамның әлеуметтік-экономикалық критерийі ретінде уақыт өту барысында өзгерді.20-ғасырдың басында әлемдік масштабта жұмыссыздықтың көлемі үлкен болған кезде жұмыссыздық-әлеуметтік жамандық, зұлымдық болыпсаналған және онымен барлық тәсілдермен, соның ішінде міндетті түрде мемлекеттік реттеу құралдарымен күресу керек деген пікір болған. Кейінірек,20-ғасырдың ортасында, әлеуметтік еңбек қатынастарының дамуы мен нарықтық экономикалық қоғамдарның құрылуымен жұмыссыздыққа жаңа көзқарас қалыптасты. Ол енді әлеуметтік құбылыс ретінде қарастырылып, уақытшы сипатта болатын және мемлекет үшін күрделі проблема болмайды деген пікір қалыптасты. Қазіггі кезде көптеген экономистер жұмыссыздықты тұрақты қалыптасқан элеуметтік-экономикалық құбылыс деп санады. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Өндіріс | Жұмыртқа өнімі

Кіріспе
ХХ ғасырдың 2-жартысынан бастап көптеген елдерде құс жұмыртқасының өндірісті қолдану кең етек алуда. Жұмыртқа шаруаларының негізгі құраушылары үлкен құс фабрикасымен құс фирмалары, комбикорм заводтары және жұмысқа өңдеу заводтары. Қазіргі кезде көптеген елдер жұмыртқа шаруашылығымен айналысып жатыр. Интернет арқылы басқа елдердегі жетістіктерді қолдануға болады.
Тауық жұмыртқасы – табиғи құнды азық. Соңғы 20-25 жылдарда жұмыртқа шаруашылығы кең алып келеді. Мысалы: 2003 жылы 55,8 млн тонн (ол деген сөз 930 млрд түйір жұмыртқа) оның 6 % инкубаторлық ыжұмыртқалар. Қазіргі кезде Қазақстанда жұмыртқаның көптеген өнімдері сауда орталықтарында көбейіп келеді. Жұмыртқаның ұтымды жері оның басқа өнімдерге қарағанда арзандығы және оны қарапайым халықтың тұтынуы. Қазіргі кезде мекендер 12 айда 300-330 жұмыртқа басып шығарады. Ол өте жақсы көрсеткіш.....
Курстық жұмыстар
Толық

Саясаттану | ЖҰМАСАЙ ҚУАНЫШБЕК ЖҰМАСАЙҰЛЫ МЕМЛЕКЕТ САЯСИ БИЛІК РЕТІНДЕ

К І Р І С П Е
Адам қоғамын мыңдаған жылдар бойы өмір сүріп келеді. Жеке адамдар тиісті мемлекеттің азаматы болып, сол мемлекеттің билігіне, құқықтық тәртібіне бағынып, өзінің іс-әрекетін, мінезін, тәртібін қоғамдық мүдде-мақсатты орындауға жұмсайды. Ерте заманнан бері адамдар дүние құбылыстарын тану, соның ішінде мемлекет пен құқық туралы да зерттеулер жасап келеді.
“Мемлекет” сөзін қоғамның ересек мүшелері де, мектеп оқушлары да түсініп, естіп жүреді. Бұл терминнің толығырақ мән-мағынасын анықтап, жете түсіну үшін ол мәселеге қажетті көлемде көңіл бөлу керек.
Кеңес Одағы ыдырап, оның территориясында егеменді мемлекеттер пайда болып, әр мемлекет, оның ішінде Қазақстан Республикасы да өзінің мемлекеттік құрылысын, құқық жүйесін реформалауларды жүргізіп отыр. Осындай қоғамдағы өзгерістерге сәйкес белгілі бір объектілерді зерттеудегі маркстік-лениндік көзқарасты ғана қолдану қағидасынан да ауысып, басқа да халықаралық қауымдастық қолданып жүрген зерттеулермен жете танысуға және сол бағыттарда жұмыс жүргізуге жол ашылды.....
Курстық жұмыстар
Толық

Астрономия | Жұлдыздар

Кіріспе
1.1. Жұлдыздар
Жұлдыз (лат. stella немесе лат. astrum; ) — салмағы ерекше ауыр, өзегіндегі термоядролық реакция арқылы айналасынан қалыпты жарық шығаратын, плазмалық газ күйдегі аспан денесі. Жұлдыздар Ғаламдағы ең көп таралған объектілер. Космос затының 98%-і осы газды шарлардан құралған. Жұлдыздарды арнаулы түрде жұлдыз астрономиясы ғылымы зерттейді. Әдетте қазақ тілінде жұлдыз сөзі кең мағынада қолданылады: барлық аспан денелерін (күн, ай, Марс, Шолпан, құйрықты жұлдыздар т.б.) жай тілмен жұлдыз деп бірдей атай береді. Дегенмен, ғылыми арнаулы мағынада жұлдыз тек Күн секілді, сүмбіле, темірқазық, жетіқарақшы, үркер,қосаржұлдыз,үйіржұлдыз,ғаламатжұлдыз секілді өзінен жарық шығаратын алып аспан денелеріне қаратылады.Астрономдар жұлдыздардың спектрін, жарық шамасын, кеңістіктегі қозғалысын өлшеу арқылы оның салмағын, жасын, құрамындағы металл мөлшерін және басқа да қасиеттерін таниды.....
Курстық жұмыстар
Толық