Құндылықтар
1-құндылық. Тәуелсіздік және Отаншылдық
- Отан, ел, туған өлке туралы білу және пайымдау
- Туған елге деген сүйіспеншілігін білдіре алу
- Мемлекеттік тілді білу
- Өз елінің тарихы, мәдениеті туралы алғашқы түсінікті қалыптастыру
- Қазақстанның мемлекеттік рәміздерін ажырата білу
- Отбасы Отанның бір бөлігі екенін түсіну
2-құндылық Бірлік және ынтымақ
- Мінез-құлық нормаларын білу және оларды сақтаудың маңызын түсіну
- Командада жұмыс істей білу
- Басқалармен бірлескен жұмыстың нәтижесін қорғай білу
- Өзгені тыңдау, түсіну және диалог жүргізе алу
- Өзгелерге мейірімділік, жанашырлық таныта білу
- Айналасындағыларға көмек көрсету
3-құндылық Әділдік және жауапкершілік
- Адамның қоғамдағы құқықтары мен жауапкершілігі туралы алғашқы көзқарастың болуы
- Басқалар үшін маңызды тапсырмаларды орындаудың қажеттілігі мен маңыздылығын түсіну.
- Бастаған ісін соңына дейін жеткізе білу.
- Өзінің және басқалардың іс-әрекеттерін олардың моральдық нормаларға сәйкестігі тұрғысынан талдай білу
4-құндылық Заң және тәртіп
- Азаматтық- құқықтық білім туралы түсінігінің болуы
- Моральдық нормалар мен мінез-құлық ережелерін білу
- Мектепте, қоғамда этикалық және құқықтық нормалар мен ережелерді сақтаудың маңыздылығын білу.
5-құндылық Еңбекқорлық және кәсіби біліктілік
- Адам өміріндегі, отбасындағы, қоғамдағы еңбектің құндылығын түсіну
- Еңбекке, еңбек адамдарына деген құрмет көрсету
- Біреудің еңбегінің нәтижелеріне ұқыпты қарау
- Түрлі мамандықтарға қызығушылық таныту
- Өзіне-өзі қызмет көрсетуге дағдылану
- Жасына байланысты қол жетімді еңбек, еңбек қызметінің әртүрлі түрлеріне қатысуға дайын болу
6-құндылық Жасампаздық және жаңашылдық
- Табиғи және әлеуметтік объектілер, тірі және жансыз табиғаттың байланысы, ғылым және ғылыми білім туралы алғашқы түсініктің болуы
- Білімнің жаратылыстану және гуманитарлық салаларындағы тәжірибені бақылаудың, жүйелеудің және түсінудің қарапайым дағдыларының болуы.
- Түрлі объектілердің жеке белгілерін салыстыра білу, заттарды жалпы белгілер бойынша талдау, біріктіру.
- Қарапайым өлшеулер жүргізу, практикалық есептерді шешуге арналған құралдармен жұмыс жасай алу.
- Зерттеуге, экспериментке бағытталған жобалық тапсырмаларды орындау
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
---
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру