Тарих | Қазақстандағы 1920-1940 жылдардағы қазақ мәдениеті

Халық даналығының мерей – мақтанышы - мәдениетінің мыңдаған жылдық тарихы,бел-белестері, қалыптасу кезеңдері бар. Оларды талдап, таңып түсіну үшін алдымен, мәдениет дегеніміз не,соны анықтап алуымыз керек. Мәдениет- халқымыздың ар иманының айнасы,ұзақ жылдар ішіндегі сұрыпталып жинақталған асыл да ардақты қазынасын құрайтын рухани игілігі,салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы, таным сенімі саналылық танытатын көз қарастар жүйесі, әлеуметтік топтың,ұлттың, халықтың өмірдегі бет бейнесі, зиялылығы, біліктілігі, басқа бір ұлттаң, халықтан, нәсілден ерекшелеп көрсететін,айырып ажырататын тыныс – тіршілігінін, ғұмыр нәрінін бұлағы.Ол әдебипетті өнерді, адамның шығармашылдық,көркемдік ,эстетикалық талғамдарын қалыптастырып дамытатын рухани өмірдің барлық салаларын қамтиды.
Қазақ халқының мәдениеті- оның ұлттық тарихының өнімді өзегі, құрамдас бөлігі,маңызды саласы.Сондықтан оны игеру,өз алдына ғылым ретінде танып, оқып үйрену қазақпын дейтін әрбір адамның азаматтық парызы, қасиетті борышы, тұрмыс тіршілігінің таусылмас талабы, қажеттілігі.
Қазақстан жерін мекендеген халықтар, қазақ халқы өзінің көп ғасырлық тарихында,ерте заманнан күні бүгінге дейін жүріп өткен мезгіл ішінде адамзат қоғамының өсуіне әлемдік өркениеттің қанатының қатаюына, мәдениетінің дамуына үздік үлес қосты, оларды өз сана салтының игі істеріменен нәрлі нәтижелерімен байытты. ....
Рефераттар
Толық

Тарих | Қазақстанның соғыстан кейінгі жылдардағыәлеуметтік саяси дамуы

20-жылдардың соңында жеңіске жеткен әміршіләкімшіл жүйе 40-50-жылдарда күшейіп тұрған еді. Қазақстан тарихын қоғамның сол кездегі саяси жүйесінсіз кезге елестету мүмкін емес. Оған адамның бостандығын аяққа басу, оның құқын елемеу, еңбекщілерді өндіріс құралдарынаан ажырату, оларды саясат пен мемлекеттік басқарудан шеттету сияқты теріс құбылыстар толығымен тән еді. Республикада, бүкіл елдегі сияқты, бір адамның
-И. В. Сталиннің жеке басына табыну үстемдік құрды. Қандай табыс болсын, соның басқару қабілетіне байланысты дәріптеліп, кемшіліктер мен өрескел қателіктерге көз жұма қаралды. Осының бәрі Қазақстаның қоғамдық-саяси дамуына теріс әсер етті. Ал мұның аса ауыр зиянды зардаптары болды. Әр түрлі даңғаза ұрандар астында саяси айыптар тағу, занды бұзу, билікті теріс пайдалану жаппай орын алды. Саяси жүйе өз негізінде дамуға қабілетсіздігін көрсетті. Бұл жүйенің жетекші күші болған Комунистік партия осы жүйенің барлық буындарының- Кенес мемлекетінің, кәсіподақтарының, косомолдың, кооперацианың және басқа қоғамдық ұйымдардың қызметіне өткен билік жүргізді. Қалыптасқан дәстүр бойынша партия органдарының қоғам өмірінің барлық салаларына таза әкімшілік бұйрық арқылы араласып отыруы партианың жетекшілік рөлі деп қабылданды.
Мемлекеттік органдардың құзырындағы мәселелерді тікелей шешу арқылы және халықшаруашылық әлеуметтік- мәдени міндеттерді шешуге қоғамдық ұйымдарды да барынша тарта отырып, партия олардың өз бетінше қызмет етуіне мемлекеттік бермеді.
Республиканың қоғамдық- саяси өмірі. Кенес қоғамның соғыстан кейінгі даму жоспары социализмнің сталиндік антидемократиялық, тоталитарлық үлгісінің құрамдас бөлігі еді. Алайдасоғыстың барлық тауқұметі мен қиыншылығынмайдан мен тылда бірдей көтерген халықтың ой-санасы соғыс қарсаңындағы жылдармен салыстырғанда айтарлықтай өзгерген еді. Дегенмен бейбіт құрылысқа көшу жағдайында қоғамдық өмірдің көптегенмәселелерді басқаша бағаланатын болды. Халық әлеуметтік бағдарламаға бетбұрыс жасау қажеттігін анық түсіне бастады. ....
Рефераттар
Толық

Тарих | Қазақстанның ұлттық рәміздері мен мөрлері

Қазақ халқының ежелгі замандағы озық ойлы қайраткерлері мен білікті адамдары ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан ата-бабалар шежіресін — өзінің ұлттық тарихын жасап қалдырған. Өзінен бастап жеті атасына дейін білу әрбір қазақ азаматының дәстүрлі борышы болған. Мұны таныту - ата-ана тәрбиесінің әліппесі еді. Тек ата-анасынан жастай қалған жетімдер ғана мұндай білімнен мақұрым болатын. «Жеті атасын білмеген жетімдіктің салдары», деген мақал осыдан қалған. Ал білікті де көшелі ауыл ақсақалдары мен рудың билері ең кем дегенде өз руының шежіресіне қанық болатын. «Шежіреші» деген даңқты атаққа ие болған біліктілер 15—20 атаға дейін тарата білген. Бүкіл бір жүздің, тіпті жалпы қазақтың үш жүзінің шежіресін таратып, қазақтың «жетпіс жеті атасын тарататын» жетік шежірешілер де болған. Бұлар аталарды таратумен қабат, сол аталардың жасаған дәуірінде халық басынаы өткен ірі оқиғаларды да ұрпақтан-ұрпаққа жалғастырып келген. Қазақтың әрбір ру-тайпасының, әрбір жүздің өз шежірешісі болған. Бұл шежірешілер қазақтың байырғы күнтізбесін — ай-күн есептерін де, ғұрып-әдет, салт-сана заңдарын да жақсы білген. Кейін келе осы ауыздан-ауызға көшіп келген ауыз екі тарих-шежірелер қауырсын қаламмен жазылып, рубасылар мен билердің, хан-сұлтандардың қолында сақталатын болған. Жалпы алғанда, қазақ шежірелері 7-ғасырдан тартып 20-ғасырға дейінгі мезгілді қамтиды. Бірақ ұзақ заман бойына ауыздан-ауызға көшіп келгендіктен онда көптеген күңгірттіктер, жаңсақтықтар, қайшылықтар, дәуір мен жыл мезгілі белгісіз аңыздар, іағы басқа жамау-жасқаулар да бар ....
Рефераттар
Толық

Тарих | ҚАЗАҚСТАН XVIII ҒАСЫРДЫҢ ОРТАСЫНДА Абылай хан

XVIII ғасырдағы Қазақстанның ірі мемлекет қайраткерлерінің бірі Әбілқайыр қайтыс болғаннан кейін, ханның мирасқорлары ол біріктірген Кіші және Орта жүздердегі кейбір иеліктерін сақтап қала алмады. Кіші жүздің өз ішінде Әбілқайырдан кейін хан болған Нұралының иелігіне шек қойылды. Өлген хан Әбілқайырдың басты тірегі болған шекті руы және қазақ халқының бір бөлігі Батыр сұлтанды хан деп таныды. Сөйтіп, Кіші жүзде екі хандық орын тепті: Кіші жүздің оңтүстік-шығысы Батыр сұлтанның, ал солтүстік-батыс өңірі Нұралының ықпалында қалды. Ресеймен іргелес Кіші жүзде екі хандықтың құрылуы, әрине, патша үкіметінің осы өңірді, әсіресе Каспий теңізінің солтүстік-шығыс аудандарын отарлауы үтттін қолайлы еді. Ресейдің Кіші жүзге қатысты саясатына қазақ-башқұрт қатынастары бірқатар өзгерістер енгізді.
1735 жылы Башқұртстанда патша үкіметінің отарлау саясатына қарсы азаттық күрестің жаңа кезеңі басталды. Осы қарулы қарсылықты жаныштау кезінде патша әскери күштерінің қуғынына ұшыраған 50 000 башқұрт бас сауғалап көрішілес Қазақстанға қашты. Көтеріліске қатысқандарды үрейлендіру және қашқындарды еліне қайтару үшін патша үкіметі әр түрлі айла-амалдар қолданды. Орынбор губернаторы И.И.Неплюев қазақ феодалдарына үндеу таратып, башқұрттарды талан-таражға салуға рұқсат берді. Алайда қазақ жұртына патша әкімінің хатынан гөрі башқұрттардың көтеріліс басшысы Батыршаның үндеуі жақын еді. Көтеріліске қатынасқан башқұрттардың негізгі бөлігі қазақ ауылдарынан өздеріне қорғаныш тауып, кейін Башқұртстанға қайта оралады. Бұл жағдай Ресей билеушілері тарапынан Кіші жүз қазақтарына өшпенділікті күшейтті.

1.2. Жоңғария мемлекетінің құлауы.
1745 жылы күзде қалмақтардың билеушісі көрнекті қолбасы Қалдан-Серен қайтыс болғаннан кейін, Орталық Азиядағы саяси жағдай тіпті шиеленісіп кетті. Қазақстан мен Жоңғария шекарасында қайшылықтардың күрделенуі барысында зауыттармен, кен орындарына қауіп төнді. Осындай жағдайда патша үкіметі, бір жағынан, өзінің экономикалық мүдделерін қорғау, екінші жағынан, Қазақстанның тәуелділігін күшейту мақсатымен қазақ жерінде немесе оған тікелей іргелес өңірде бекініс шептерін кеңейтуге кірісті. Оған дейін 1747 жылы Алтайдың байлығына құныққан императрица Елизавета Петровна үкіметі арнайы шешіммен бұрынғы ауқатты Демидовтар әулетінің қолында болған тау-кен кәсіпорындарын орыс патшалары отбасыларының меншігі деп жариялаған еді.
1755 жылы жоңғар тайпалары арасындағы талас бір кезде Орталық Азияда қуатты мемлекеттердің бірі болған Жоңғар хандығын әлсіретті. Бұл жағдайды Пекин сарайы да өз мүддесіне пайдаланып қалуға тырысты. Жоңғарияда билікке таласушылардың бірі Әмірсананы император Цянь-Лун (Хун Ли) қолдап, 1755 жылдың көктемінде әскердің бір бөлігін Өмірсана бастаған орасан зор қолды және басқа ірі әскери топты Жоңғарияға аттандырды. Бір-бірімен қырқысып, әлсіреген жоңғар феодалдары Цин әскерлеріне қарсылық көрсете алмады. 1755 жылғы шілде айының 19-ында император Цянь-Лунның жарлығына сай бұрынғы жоңғар мемлекетінің иелігі Цин өкіметінің меншігі деп жарияланды.....
Рефераттар
Толық

Тарих | Қазақстан 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы дәуірінде

1941 жылы 22 маусыма фашистік Германияның әскерлері Кеңес Одағына басып кірді.
Гитлершілдер КСРО-ға қарсы соғысты Атлантикадан Сібірге дейін славян және түрік-монғол тұқымдас “тазартылған” “герман-территориялық-этностық тұтастығын” құрудың шешуші кезеңі және дүние жүзін жаулап алудың алғы-шарты деп санады. Англия мен АҚШ-ты талқандағанға және “тұтастыққа” немістерді қоныстандырғанға дейін өзін-өзі басқаруға ұқсас Остланд, Украина, Мәскеу, Кавказ рейхскомиссариаттарын құру белгіленді.1941 жылы аяғында –1942 жылы басында “қауырт” соғыс жоспарының күйрегені белгілі болған кезде кеңес республикаларының “бірігу күшін” әлсіретудің жолын іздеуге тура келді, жаңағылардан басқа Еділ- Орал және Гросс-Түркістан буржуазиялық-ұлт мемлекеттерін, сондай-ақ Қарағанды, Новосібір және Кузнецк “индустриялық облыстарын” құру жоспары пайда болды.
Ұлы Отан соғысына Қазақстан біртұтас елдің бір бөлігі ретінде қатысады. Соғыс қарсаңында оның стратегиялық маңызы бар мол адам және табиғи ресурстары болды. Бұған дейінгі өткен жиырма жылдың ішінде жоспарлағандай патриархалдық феодализмнен социализмге аса зор секіріс жасауды, халықтардың экономикалық және мәдени жағынан іс жүзіндегі теңсіздігін жоюды жүзеге асыруға қол жетпегеніне қарамай, көп нәрсе жасалған еді.
Қысқа мерзімнің ішінде таптық, ұлттық және отарлық езгі, сауатсыздық және орта ғасырлық мешеулік жойылды, әйел теңдігі, ұлтаралық татулық пен келісім жүзеге асырылды. Осының бәріне қол жеткізуде халықтардың патриоттық дәстүрлері маңызды рөл атқарды.Қазақ халқы көп ғасырлар бойы өзінің байтақ даласының шекараларын ойдағыдай қорғап келген болатын. Отаршылдыққа қарсы күрес, орыстың үш төңкерісі жылдарында, азамат соғысының майдандарында, бесжылдықтың құрылысында халықтар достығы қалыптасып, нығайды.Соғыстың алдындағы жылдардағы фашизмге қарсы адамдарға зор ықпал жасады. ....
Рефераттар
Толық

Тарих | Қазақ хандығының құрылуы

Ғалымдар әзірге қазақ хандығы 15-ғасырдың 60-жылдары құрылды деп есептейді.Қазақ хандығының негізін салушы Жәнібек пен Керей болды.15 ғасырда қазақ тайпалары мен рулары Өзбек хандығының
құрамында болатын. Бұл хандық Әбілхайыр тұсында күшейді. Жәнібек пен Керей Әбілхайыр ханға бағынғысы келмей ,Шу өзенінің бойына көшіп кетті. Өзбекхандығынан зорлық зомбылық көрген тайпалар
мен рулар да біртіндеп олардың қарамағына көшіп жатты.Қазақ хандығы халқының саны едәуір көбейіп, жері де ұлғая түсті.
Бір күні Жәнібек хан өзінің ересек ұлдарын және Керейдің баласы Бұрындықты шақырады.Қазақтың сол кездегі жырауларын да алдырды, сөйтіп олармен әңгіме – дүкен құрды.
Ел болам деген жұртқа, деді ол, ең ыңғайлы кез келді.Осы кезді пайдалана алмай қалсақ, тағы да көпке дейін басымыз бірікпеуі мүмкін.Оның үстіне жат елдердің хандары мен патшалары да ауыздарын арандай ашып тұр.Олардың қолына түсіп,талан –тараж болып кетуміз де мүмкін.
Ақырында,жиналғандар биыл күздің басында бүкіл қазақ руарының игі жақсыларын Нұраның Қаратұз деген жеріне жимақ болды.Болашақ хан кеңесінде басты үш мәселені қарауға келісті.Бірінші қазақ рулары бұдан былай бір ханға бағынада.Екінші, әр рудың жайлаған жеріне,рулық байланыстарына, шаруашылығына,қарай үшке бөлну сөз болмақ.
Хан кеңесі.Жәнібек хан осы хан кеңесі болатынжерге арнап керуен жүргізді.Жаз болмай ақ басына елу үй тіктіріп,құмнан құдық қаздырып, көнекпен су тартқызды. Сай бойына желі керіп, бие байлатты.
Бұл уақыт қазақ үшін ауыр кезең еді.Өзара қырқысып, сыртқы жауды кейде жеңіп, кейде жеңіліп жүрген қазақ рулары ел болып бастарын қосу үшін күресуге бел буды.Бірақ шексіз далада ру ру болып көшіп жүргендердің басын біріктіру оңай болмады.Бұл жеңіс үлкен шайқастар арқылы келді.Осы жеңіске жетуде Жәнібек пен Керейдің орны ерекше бөлек. ....
Рефераттар
Толық

Тарих | Қазақ хандары

Ішкі Қазақ Ордасы (Бөкей Ордасы) — Ресей империясының вассалы ретінде Еділ мен Жайық аралығында 1801 ж. құрылған. Бөкей Ордасы — қазақтардың және әлемдегі ең сөңғы Шыңғысхан ұрпақтарымен меңгерілген мемлекеттік құрылым.Хандық сұлтан Бөкей Нұралыұлының есімімен аталды.Бөкей Ордасы Еділ мен Жайықтың аралығында орналасқан. Солтүстікте Самар губерниясы, шығыста — Орал облысы, оңтүстікте Каспий теңізі батыс жағында — Астарахан губерниясының Царёв, Енотаев және Краснояр уездері. Жер көлемі — 92 144 5 km2 19 ғ. аяғында Астархан меже бөлімі бойынша — 77 624 km2. Орда өңірініңдегі дала көпшілігі құмды мен сазды жерден тұрады. Көтеріңкі жерлері төмпелі, ойпаттарда жабындық жерлер орналасады, бірақ кей тұстарда былқылдақ құм бар. Солтүстік жағында (Тарғын, Тал, Камыс-Самар, Калмақ) қара топырақты дала кездеседі, Оңтүстігінде көбінесе құм жайлайды. Оңтүстікте құм төбелерінің арасында құмаршық өсетін ойпаттар кездеседі. Төмпелерде ештеңе өспейді, теңізге жақындағанда тегістеніп кетеді де сорларға айналады. Оңтүстік-батыста Бэр төмпелерікөріне бастайды. Орданың солтүстігінде бірде жалғыз, бірде топтасқан обалар бар, соңғысында әдетте ортасында біреуі ірілеу болады. Ең ірілердің шеңбер диаметрі 30 m шамасына жетеді. Бұл обалар мола екенін қазба жұмыстар дәлелдеді, соның ішінде адам мәйітінен басқа дүние-мүлік табылған, ал кейбіреулерінде зертасты кірпіш қалауы бар. Хан Жәңгір Бөкей ордасына келген ғалым-зерттеушілерді ерекше құрметпен қабыл алған. Осы өңірде болған Г.С. Карелин, В.И. Даль, т.б. хан үйінің қонақжайлылығына ризашылықтарын естелік — зерттеулерінде жазып көрсетеді. Бұлардан басқа Бөкей ордасында 100-ден астам ресей және шетел зерттеушілері болған. 1842 ж. Жәңгірдің өтінішімен белгілі картограф, Орыс жағрапиялық қоғамының мүшесі Я.В. Ханыков Бөкей ордасының аумақтық картасын[1] жасайды. Хандықта Кіші жүзден шыққан 5 мың жанұя болды, 19 ғ. 50 жж. Бөкей ордасында 300 мың адам тұрды (50 мың жанұя).
Бос жатқан [1801 жылы Нұралы ханның екінші ұлы Бөкей сұлтан Орыс патшасына Еділ мен Жайық өзендері аралығындағы атамекеніне көшіп-қоныстануға рұқсат сұраған өтініш жолдайды. Ресей императоры Павел I Бөкей сұлтанның өтінішін қабыл алып, 1801 ж. наурызыдың 11 былай деген рескриптісін (жарлық) шығарады:
Қырғыз-Қайсақ Кіші ордасының Хан кеңесінің төрағасы Бөкей сұлтан Нұралы хан ұлын өзіме ризашылықпен қабылдаймын, өзі қалаған жеріне көшіп жүруіне рұқсат етемін және менің рахым етуімнің белгісі ретінде қара лентамен мойынға тағатын өз суретім бар алтын медаль тағайындаймын.
Сол жылдың күзінде Бөкей сұлтан өзіне қарасты 5 мың түтін ауылымен Жайықтың ішкі бетіне көшіп-қоныстанады. Тарихта Ішкі Қазақ немесе Бөкей ордасы аталған өлкенің іргесі осылай қаланады. ....
Рефераттар
Толық

Тарих | Қазақ халқының тарихындағы отаршылдыққа қарсы күрес кезеңдерін тарих сабағында оқыту әдістері

Қай халықтың болса да ең маңызды ескерткіші оның тарихы. Сол тарихымыздың орыс отаршылдығы және кешегі КСРО кезінде бұрмаланып келгендегі, ақтаңдақтардың болғандығы ақиқат. Сол ақиқаттардың ең үлкені-халқымыздың ұлт-азаттық жолындағы күресі еді. Өткенді білмесең-болашағың бұлыңғыр. Өткенді білу-бүгініңк сабақ, болашаққа бағдар. Өзіңнің тарихыңды тану-елдігіңнің, өскеніңнің айғағы. Біз өткені жоқ халық емес едік, бірақ та сол өткенімізді біле білмей келдік. Біз тарихы жоқ халық емес едік, бірақ та тарихымызды тани алмай келдік. Я, кешегі қызыл империя тұсында тарихымыз өрескіл бұрмаланып, өктем саясаттың құрбанына айналдық. Кенесары Қасымұлы бастаған халық көтерілісі туралы шындықтыбілгенімізден де білмегеніміздің көп болғаны соның айғағы екені анық.
Халқымыздың небір заманды басынан өткергенін «елім» деп еңіреген қандай қасиетті ұл-қыздары болғанын білмей тұрып, өзіміздің кім екенімізді ұғамыз деу бекершілік екендігін ұқтық.
Тәуелсіздік-бұл халық ұшін рухани азаматтық, ешқандай байлыққа айырбастауға болмайтын өлшеусіз бақыт.
Міне осы Тәуелсіздік үшін Кенесары күресті, бар өмірін сарп етті. Қазақ елін біртұтас ел «Алаш» елі болса деп армандады. Тарихты әділ бағасын енді алып жатқан, арысымызды оқушыларға толық жеткізу мақсатында мен шығармашылық жұмысына Кенесарының ерлікке толы өмір жолын таңдадым.
Мақсатым: Оқушыға бізге тәуелсіздікті қалай келгенін түсіндіру, оларды Отанын сүйетін, ер жүрек, ұлт жанды етіп тәрбиелеу.
«Азаттың ащы дәмін, тәуелсіздіктің тәтті дәмін» татқан қайсар рухты Қазақ деген халықтың ұрпағы екендіктерін мақтанышпен айту. Кенесары батырдың туған жерінің азаттығы мен бостандығы үшін бар өмірін арнағнын оқушыларға жеткізіп, жастарды Отанға шын берілген азамат етіп тәрбиелеу. ....
Рефераттар
Толық

Тарих | Қазақ халқының тарихында Төле би Қазыбек би Әйтеке би

Халқымыздың ғұламасы Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы біздің арғы-бергі тарихымызға,қажырлы хандарымызға, қайратты батырларымыз бен қабырғалы билерімізге, азуы алты қарыс ақын-жырауларымызға ерінбей-жалықпай қалам тартқан. Олардың елдің жаны сүйсінерлік ғибратты сөздерімен бірге, жаның күйінерлік осал тұстарын да қағаз бетіне түсіріп кетіпті. Әсіресе Төле биге жоғары баға бере келіп: «Әділ бидің елін дау араламайды, әділ патшаның жерін жау араламайды»-деп тамсана айтса, халқымыз да осы бір халық деп жаны-тәні елбіреп тұрған би туралы «бүтін хандыққа Есім хан жеткен, бүтін билікке Төле би жеткен»- деп ағынан жарылыпты
Біздіңше ұлы бидің атын, атағын биіктеткен бір жағдай адам тануында жатқан сияқты, халық қатты күйзеліп жан-жақтан қысым көріп, не істергн білмей дағдарып тұрған заманда Төле бидің өзі баласындай күтіп-баққан Сабалақтың елі үшін істеген ерен еңбегі тарихымызға алтын әріппен жазылатын керемет уақиға. Бұл жағдай Шәкәрімнің «Түрік,қырғыз һәм қазақ хандар шежіресі» атты атақты кітабында соншама дәл жазылған: «Әбілмансұр жетім бала күнінде Қазақ-елім,Сарыарқа-жерім деп іздеп,Үйсін Төле бидің қолына келді. Төле би басында түйе бақтырып, одан соң жылқы бақтырып, ақырында әртүрлі мінездерімен ұнап бала қылып күтіпті.”Кімсің” десе, “білмеймін” деп, “атың кім” десе “сіз қойған ат атым болсын” деген соң, шасы өскен, киімі жыртық балаға”Сабалақ” деп ат қойыпты.
Бір күні Әбілмәмбет хан қазақты жиып, қалмақпен ұрысқалы жатыр деген естіп келіп, Төле биден соғысқа баруға рұқсат сұрапты. Төле би:
- Балам, саған соғыстан жылқы жақсы емес пе? – десе:
- Желкілдеген тудан, жер қайысқан қолдан қалғанша жігіт адамның өлгені жақсы, - деген соң, Төле би рұқсат беріпті.
Барса қазақ пен қалмақ екі төбеге жиылып, ортасында қалмақтың,
ортасында қалмақтың Ғалдан Церен деген ханның күйеуі, Қоңтажы деген ғаскер басының баласы – Шарыш деген қазақтан жекпе-жекке батыр сұрап жүр екен. Әбілмәнсұр Әбілмәмбет ханға барып: “Тақсыр, бата берсеңіз, мынаған мен барайын” – дегенде, хан бата берген соң, Шарышқа қарай “Абылай! Абылай!” деп ұран салып барып, Шарышты өтіріп, басын кесіп алып, “Жау қашты” деп айғай салған соң, қалмақтар қашып, бір мезгілде бір жерге келіп, хан шатырын құрып, Әбілмәмбет Әбілмансұрды қасына отырғызып:
- Мен қанышер Абылайдың немересі едім, соғыста жолы болған атамның атын ұран қылдым, - дейді. “Абылай” атанғаны жоғарыда Абылайлап шапқанынан болды. Абылайдың хан болғаны 1735-інші жылдың маңайы болар. Сонан біздің Орта жүздің жақсылары бұрын үлкен хандар Ұлы жүзде болушы еді. Бұл ханды өзіміз сақтаймыз, қалмақпен көп ұрысатын да біз деп, Төле биге сый алып барып, Әбілмансұр – Абылай ханды алып келіпті”, десе, Әз Төле биді күллі қазақ халқы қадыр – құрмет тұтқан, әділдігін, қанағатшылдығын, “елім-жұртым” деп еңірегенде етегі толған аппақ жанын сыйлаған. ....
Рефераттар
Толық

Тарих | Қазақ халқының қалыптасуы

Қазақ халқының қалыптасуы да өзге халықтар сияқты ұзақ уақытты қамтиды. Оның алғашқы кезенің сонау арийлер мен турлар заманынан бастаған дұрыс сияқты, Себебі, тарих сабақтастығында байланысты тайпалардың пайда болып, оның біртіндеп дамуына , тайпалық одаққа, одан халыққа дейінгі дәрежеге жеткендігі белгілі. Дамуды жүйелей келе андрондық кезеңнен бастап сақ сармат дәуірі аралығын алған жағдайдың өзіңде бұл аралықта қыруар өзгерістердің болғаны байқалады. Тайпалардың орналасуы, олардың жайылымдық аймақ үшін соғыстары, олардың орнының ауысуына әкелді. Бірақ ол ауысу сол белгілі аймақта өтті.
Ежелгі қазақ даласындағы қоғамдық маңызы бар оқиғалар ол тайпаларды нәсілдік, әрі антропологиялық өзгеріске түсірді. Арийлер мен тур тайпаларынан, одан былай қалыптасқан сақ тайпалық одағынан кейбр зерттеуші ғалымдар нәсілі жағынан европоидтарға, ал тілін үнді ирандық топқа жатқызады.
Келесі кезенді ғұндардың қоныс аударып, әсіресе, халықтардың ұлы қоныс аудару кезенінде пайда болған ежелгі мемлекеттердің түзілуімен байланыстыруға болады.
Енді жерде тайпалар нәсілі жағынан моңғол тектес, тілдік құрамы түркі тілдеске көшті. Жаңа келген түркі тайпалары ертеректегі түркі дәуіріедегі өмір кешкен сақ сармат тайпаларын антропологиялық жағынан да өзгеріске ұшыратты. Ғұндардың келуімен күшейе түскен түркілену біртіндеп кең етек жаяды. Түркі, Батыс Түркі, Түркеш қағандықтар тұсындағы өмір сүрген тайпаларда бұл аймақта этникалық қауымдастықтың қалыптасуына зор үлес қосты.
Шыңғыс ұрпақтарының мемлекеттері құрылуына дейінгі аралықта қазақ даласында орын алған Батыс Түрік қағандығына дейінгі мемлекеттер түркіленуді бұрынғыданда күшейтті. Тек түркілену ғана емес, бұ кезеңде мұсылмандануда қабат жүрді. Ерте феодалдық ортағасырлық мемлекеттерде өмір кешкен тайпалар бұл процестің шапшаң жүруіне үлес қосты. Қазақ халқының қалыптасуына қомақты үлес қосқан қыпшақ кезеңі екендігін айтқан жөн. III ғасырдан XIII ғасырға дейін қыпшақ этносы этникалық дамудың әр түрлі бес жағдайында Ішкі Азиядағы тайпадан Қазақ даласында қазақ халқының қалыптасуының аяұталу кезеңіне дейінгі аралықты қамтыды. Қыпшақ халқының бір тұтас болып, кең аймақта қалыптасуында кедергі болған моңғол шапқыншылығы. Кейбір ғалымдар , тіпті, моңғол шапқыншылығы болмағанда, қазір біраз халықтар ортақ атаумен қыпшақ халқы болып аталар еді деген пікірлер айтады. ....
Рефераттар
Толық