Балаларға арналған сыйлық түрлері

Әлемде көңілі тап-таза ақ парақтай бір халық бар. Олар тек шын қуанып, шын жылай алады. Олардың өтірік айтқанының өзін өздерінің көздері айтып тұрады. Олар, тіпті, жамандық дегеннің не екенін білмек түгілі сезбейді де. Олар, тіпті, адамды жақсы-жаман деп бөліп, сырттан әңгіме айту, кек сақтау, сәті келгенде аяқтан шалып қалу дегенді де, сөзбен жан жаралау дегенді де білмейді . Не айтса да таза көңілден шығарады. Берген сыйлыққа шын қуана алатын да осылар. Бұл халық- әлемдегі ең бақытты бала деген атқа ие жандар.
Сыйлық бергенде шын қуана алатын балалар ғана. Олардың.....
Әкелерге (папа) пайдалы кеңестер | Аналарға және әйелдерге кеңестер
Толық

Зиянды дағдылардан аулақ болу

“ Темекі шегу – адамның орынсыз тілегінен туған бақытсыздық” – деген болатын орыстын белгілі фармакологы И. М. Догель. Өйткені адам баласында темекіге деген табиғи қажеттілік жоқ.
Еуропаға темекіні Колумбтың матростары әкелгені тарихтан белгілі. 1992 жылы еуропалықтар осы қайғылы датаның 500 жылдығын атап өтті. Ал африка халқы оның дәміе бірнеше ғасыр бұрын тартқан......
Рефераттар
Толық

Ресейде ауыр атлетикадан жеңімпаздарды ұлықтау рәсімінде Илья Ильин жаңа әнұранды қоюды талап етті

Бүгін Грозный қаласында өткен ауыр атлетика бойынша Ресей Федерациясы президентінің Кубогы үшін жарыстағы Жеңімпаздарды ұлықтау рәсімінде Қазақстанның ескі әнұраны тағы да ойналды.
Жаңалықтар
Толық

Тым қатты сүйдім

Интернатта әр сенбі күні дискотека болатын. 1- Желтоқсан, сол дискотека болатын сенбілердің бірі еді. Жанболат екеуміз Жаңылды бір уақытта биге шақырып қалдық. Жаңыл менімен билеуді шешті. Екеуміз аяқ қолымыз талғанша ұзақ биледік. Дискотекадан кейін оған деген махаббат сезімім болмасада сөз айттым, ол .......
Махаббат хикаялары
Толық

Жаңа жылдық сыйлық (әкесінің қызына жазған хаты)

"Жаңа жыл мерекесі таяп қалды. Ал мен саған әлі не сыйларымды білмеймін. Сен көп нәрсені: ойыншықтарды, көйлек немесе мазмұны жақсы кітаптарды ұнататыныңды жақсы білемін.

Бірақ биыл мен саған тозбайтын және мәңгілікке жаныңда болатын сый жасағым келіп отыр. Әр жыл сайын мені есіңе салатын ерекше сыйлық болсын деп едім.

Не сыйласам екен... Көп ойланып, маған оңай шешілмеген жұмбақтың жауабы, болашағыңа азық болатын өмірлік шындықпен бөліскенді жөн көрдім. Бұл сый - шын жүрегіммен табысталатын сыйлықтардың бірі. Егер осы сыйлығымды ықыласпен қабыл алып, оны керегіңе жаратсаң, өмірдегі барлық жетістіктің есігі айқара ашылады. Тағдыр дайындап қойған қиындықты жеңіп, қуаныш пен жеңістің тәтті дәмін сонда шын сезінесің.

Саған ешкім ешнәрсе қарыз емес.
Қалайша? Бұл қағида менің өмірімді қалай жеңілдетеді дейсің ғой?
Иә, сен бұл нәрсені әзірше түсінбеуің мүмкін. Балапаным.....
kz
Толық

Өмірің өз қолыңда немесе өзгеру жолдары

Иә, әлгі бір әзілде айтылатыны сияқты, біз үнемі «бірнәрсе істеу керек еді» деген оймен жүреміз. Бірақ ештеңе де істегіміз келмейді. Өз өмірімізді онша ұната қоймаймыз, алайда өзімізге ұнайтын өмірге де қадам жасап көргіміз де келмейді. Тек армандауды ұнатамыз, ал арманға қарай ұмтылу ойда жоқ.
Оның себептерін білесің бе?
Осы күнге дейін біз үлкендерден тек «ақылды бол, елдің алдында ұятқа қалдырма, өз бетіңмен кетпе» деген сияқты сөздерді ғана естіп келдік. Енді мен саған ешкім айтпаған құпияны айтқым келеді. Армандарға бару жолындағы ең алғашқы қадамға ең бірінші кедергі келтірер нәрсе – ол “ЖҰРТ НЕ ДЕЙДІ?” деген пікір.
«Жұрт не дейді» деп ойлаудың басты себебі – өзің жұртты жамандағыш....
kz | Кеңестер
Толық

Apple әлемдегі ең үлкен планшет шығарады

2015 жылдың басынан бастап Apple корпорациясы iPad тәртібінде ең үлкен планшет шығаруды жоспарлап отыр. iPad планшетінің келесі ұрпағы 12,9 дюймді диагональға ие экранмен жабдықталатын болады.

Қазіргі кезде, компания ең үлкені 9,7 дюйм болатын планшеттермен шектеліп жатыр. Расталған ақпараттарға орай, Apple жаңа идеяға қатысты жобаны бір жылдан бері талқылап келеді екен. Дегенмен, баспасөз....
kz
Толық