Ресейде ауыр атлетикадан жеңімпаздарды ұлықтау рәсімінде Илья Ильин жаңа әнұранды қоюды талап етті

Ресейде ауыр атлетикадан жеңімпаздарды ұлықтау рәсімінде Илья Ильин жаңа әнұранды қоюды талап етті

Бүгін Грозный қаласында өткен ауыр атлетика бойынша Ресей Федерациясы президентінің Кубогы үшін жарыстағы Жеңімпаздарды ұлықтау рәсімінде Қазақстанның ескі әнұраны тағы да ойналды.

[media=https://youtu.be/hTvn1uQNjtU]

Бесінші халықаралық турнирде ерлер арасындағы 105 келіге дейін салмақта бақ сынаған Илья Ильин 2 мәрте әлем рекордын жаңартып, жеңімпаз атанған болатын. Тағы бір спортшымыз Александр Зайчиков күміс медаль иеленген еді.

Жеңімпаздарды ұлықтау рәсімінде Қазақстанның ескі әнұраны тағы да ойналды. Бастапқыда жеңіс тұғырында тұрған Александр мен Илья түсінбей қалып, бір-біріне қарады. Осыдан кейін Илья жарысты ұйымдастырушылар мен марапаттауға шыққан азаматтарға бұл ескі әнұран екенін айтты. Осылайша Ильяның табандылығының арқасында 2-3 минуттық үзілістен кейін еліміздің жаңа әнұраны шырқалды.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Илья алғашқы жұлқа көтеру сайысында 191 келіні бағындырып, бірінші орынға табан тіреген болатын. Ал екінші жаттығуда ол алғашқы мүмкіншілігінде-ақ қарсыластарынан оқ бойы озық болып, 231 келіні бағындырды. Осыдан кейін алтын медаль Ильяның қанжығасын майлаған еді. Бірақ ол тәуекелге барып бірден 246 келіге тапсырыс берді және оны еркін еңсерді.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі