Биология | Жалпы этиология Патогенез

Этиология – себеп туралы ғылым (aitia-себеп, logos-ғылым). Медицинада этиология – аурудың себебі, пайда болу жағдайы, дамуы туралы ғылым.

Аурудың себебі – ауру тудыратын фактор.

Мысалы: сәуле ауруының себебі – радиация, инфекциялық аурудың себебі – патогенді микробтар.

Сыртқы ортаның ауру тудыратын себептерінің жіктелуі:

1.Механикалық күштердің әсері (соғу, қысу, кесу).

2.Физикалық факторлар

А) дыбыстың және шудың әсері

Б) барометрлік қысымның өзгеруі

В) жоғары және төменгі температураның әсері

Г) күн сәулесі, лазерлік сәуле

Д) электрлік ток .....
Рефераттар
Толық

Биология | ФОТОСИНТЕЗ

(Фото... және синтез) – жоғары сатыдағы жасыл өсімдіктердің, балдырлардың, фотосинтездеуші хлорофилл және басқа дафотосинтездік пигменттер арқылы күн сәулесі энергиясын сіңіруі нәтижесінде қарапайым қосылыстардан (көмірқышқыл газы, су) өздерінің және басқа организмдердің тіршілігіне қажетті күрделі органикалық заттар түзуі. Фотосинтез нәтижесінде жер жүзіндегі өсімдіктер жыл сайын 100 млрд т-дан астам органикалық заттар түзеді (мұның жартысынан көбін теңіз, мұхит өсімдіктері түзеді) және бұлкезде олар 200 млрд-тай СО2 сіңіреді, оттегін бқледі.

Фотосинтезді алғаш зерттеушілер Швейцария ғалымдары Ж.Сенебье, Н.Соссюр және неміс химигі Ю.Майер болды. 19 ғ-ң 2-жартысында К.А.Тимирязев күн сәулесі энергиясы фотосинтез процесінде хлорофилл арқылы сіңірілетінін анықтады. .....
Рефераттар
Толық

Биология | РЕЦЕПТОРЛАР

Қозу физиологиясы. Тірі организмдер екі түрлі қалыпты жағдайда болады: физиологиялық тыныштық және физиологиялық белсенділік. Физиологиялық тыныштық деп организмнің көзін жұмып, тыныш, ештеңені ойламай, тыңдамай, денесін босатып, демалып, ояу жатқан қалпын айтады. Бұл кезде организмнің өзінің тіршілігіне қажетті құрылымдары (жүрек-қан тамырлар, тыныс алу, зәр шығару т.с.с) белгілі шамада қызмет атқарады және, мысалы, ұлпалардың клеткаларында белгілі мөлшерде зат алмасуы жүріп жатады. Осындай қалыпта жатқанда сыртқы ортаның қандай да болмасын бір жағдайлары әсер етсе, организм физиологиялық тыныштықтан физиологиялық белсенділікке ауысады. Организмнің қандай да болмасын жеке мүшесі немесе мүшелер жүйесі, тіпті бүкіл организмнің қызмет атқаратын жағдайын физиологиялық белсенділік дейді. .....
Рефераттар
Толық

Биология | Тұқым қуалаушылықтың хромосомалық теориясы

Тұқым қуалаушылықтың хромосомалық теориясы

ХІХ ғасырдың соңында клетка құрылысының зерттелуіне байланысты ядро мен оның құрамындағы хромосомалардың тұқым қуалаушылыққа қатысы бар екені анықталды. 1883 жылы бельгиялық зоолог Э.Бенеден мейоз процесіндегі редукциялық бөліну аталық және аналық хромосомалардың ажырауына байланысты деп жорамалдады.

Мендель заңдарын кейін 1902—1903 жылдары В.Сэттон редукциялық бөліну және ұрықтану кезіндегі хромосомалардың тәртібі мен будан ұрпақтардағы белгілердің тәуелсіз ажырауының арасында байланыс бар екенін анықтады. Өзінің "Хромосомалар және тұқым қуалаушылық” деген еңбегінде хромосомаларды цитологиялық тұрғыдан алғанда Мендель анықтаған тұқым қуалау факторларының таралуына сәйкес келетіндігін көрсетті. 1905 жылы Э.Вильсон жынысты анықтаудың хромосомалық негізін сипаттады. .....
Рефераттар
Толық

Биология | Тіршілік эволюциясы


4.1. Тіршілік эволюциясы
Тіршілік өзі қалай дамыды? Тірі затты құрайтын элементтер бір-бірімен қалай бірікті? Қазіргі таңда бұл сұрақтар бойынша дәйекті жорамал құруға мүмкіндік беретін мәлімет көп және жеткілікті. Тіршіліктің пайда болуы жайлы теорияны Пфлюгер, Дж. Холдейн және Р. Бейтнер ұсынды. Бірақ толық түрде бұл теория биохимик, академик А.И.Опариннің 1924 жылы жазылған "Тіршіліктің пайда болуы” деген еңбегінде қарастырылды. Бұл теория бойынша тіршіліктің пайда болуы – Жердегі ұзақ эволюцияның - алдымен атмогидросферадағы химиялық, одан кейін биологиялық эволюциялардың нәтижесі. Бұл концепция қазіргі кезде ғылыми ортада ең танымал. Сондай - ақ көрсетілген тұжырым ғалымдардың басым көпшілігімен мақұлданған. .....
Рефераттар
Толық

Биология | Тері

Терінің маңызы. Тері – біздің денеміздің сыртқы жабыны. Ол мықты, серпімді болады. Бұл адамның жеңіл және еркін қозғалуына мүмкіндік береді. Тері адамның ішкі мүшелерін сыртқы соққыдан қорғайды және судың мөлшерін белгілі бір көлемде сақтайды. Таза және ауруға шалдықпаған тері организмге әр түрлі микробтардың енуіне жол бермейді. Тері жүйке талшықтарының ұштарымен торланған. Сондықтан біз ыстықтың, суықтың әсерін, сипау және ауру сезімдерін қабылдап, өзімізді күюден, үсуден, жарақаттанудан қорғай аламыз. Тері организмнің ысып немесе суып кетуіне және дененің қызуын сақтауға қатысады. Организмдегі зиянды заттар, мөлшерден артық тұздар тepi арқылы (термен) бөлініп отырады. Tepi газдардың алмасуына қатысады, оттекті ciңipiп, көмірқышқыл газын бөледі. Tepi — сезім мүшесі. .....
Рефераттар
Толық

Биология | Топырақ

Аннотация



Мен жазған курстық жұмысымның тақырыбы:
«Топырақтың адамзат үшін маңызы»
жұмыс 3 бөлімнен тұрады.


Бірінші – кіріспе бөлімінді адамзаттың топырақты игеруі, оны егіншілікке пайдалана білуі.

Екінші – негізгі бөлімінде топырақтың егіншілік пайдалану, топырақтың пайдалы қазбалардыіздеудегі маңызы және топырақтың түрлеріне байланысты олардың құнарлығының әртүрлі болуы туралы жаздым.

Үшінші бөлім – Қорытынды бөлімінде қазіргі уақытта топырақтың құнарсыздануы.

Топырақ құнарлығы қабілетін арттыратын әртүрлі тыңайтқыштар туралы жаздым.


.....
Рефераттар
Толық

Биология | Тұқым қуалаушылық

Тұқым қуалаушылықтың хромосомалық теориясы
ХІХ ғасырдың соңында клетка құрылысының зерттелуіне байланысты ядро мен оның құрамындағы хромосомалардың тұқым қуалаушылыққа қатысы бар екені анықталды. 1883 жылы бельгиялық зоолог Э.Бенеден мейоз процесіндегі редукциялық бөліну аталық және аналық хромосомалардың ажырауына байланысты деп жорамалдады.
Мендель заңдарын кейін 1902—1903 жылдары В.Сэттон редукциялық бөліну және ұрықтану кезіндегі хромосомалардың тәртібі мен будан ұрпақтардағы белгілердің тәуелсіз ажырауының арасында байланыс бар екенін анықтады. Өзінің "Хромосомалар және тұқым қуалаушылық” деген еңбегінде хромосомаларды цитологиялық тұрғыдан алғанда Мендель анықтаған тұқым қуалау факторларының таралуына сәйкес келетіндігін көрсетті. 1905 жылы Э.Вильсон жынысты анықтаудың хромосомалық негізін сипаттады. .....
Рефераттар
Толық

Биология | Табиғи каучук

Табиғаттағы каучук.
Табиғи каучукты кейбір тропикалық – бразиль гевеясы, каучук фикусы және т.б. өсімдіктердің сүтті шырындарынан (латекс) алады. Қазақстанда каучук өсімдіктері – көк сағыз және тау сағыз өседі. Осы өсімдіктерден Ұлы Отан соғысы кезінде каучук өндірістік жолмен алынған.
Каучукты адамдар ертеден білген. Оңтүстік Америка елдерінде қазу жұмыстары жүргізілген кезде резеңке доптары табылған, олар тұрмыс – салт мақсатында қолданылған. Европалықтар каучукпен алғаш рет ХVI ғасырдың аяғында Х. Колумб серіктестерімен Оңтүстік Америкаға (Гаити) келіп түскенде жергілікті тұрғындардың доп ойнағанын көргендерінен бастап танысқан. Индейліктер сүтті шырынды «као чо» - ағаштың көз жасы деп атаған, содан каучук деген атау щыққан.
Каучуктың алынуы мен қолданылуын одан әрі тереңдете зерттеу (ХVIII ғасырдың 20 – жылдарындағы Бразилияға экспидиция) каучуктың Heve ағашынан алынатынын анықтауға мүмкіндік береді. Каучукты алу үшін ағашқа кесіп тіліктер жасайды. Бөлінетін ақ сүтті шырын ауада тез қатайып қараяды да, созылғыш массаға айналады. Маталарға шырын сіңіртсе олар су өткізбейтін болады, қатып қалған щайырдан факелдер дайындалады және шашыратқы түріндігі арнайы шөлмектер алынады......
Рефераттар
Толық

Биология | Саят құстары және олардың жаратылыстағы ерекшеліктері

Саят құстары және олардың жаратылыстағы ерекшеліктері

Академик Әлкей Марғұлан… Дала данышпанының таяуда табылған "Саят құстары” атты зерттеу мақаласы өз өмірінің қысылтаяң тұстарында жазылған. 1934-1939 және 1947-1953 жылдары академиялық іргелі ғылыммен айналысудан шеттетіліп, қазақ эпосы мен тарихы туралы зерттеулері саяси қағажуға ұшыраған кезде Әлекең елден бойын аулақ салып, "тасада жүріп” деректер жинап, ұлтының ұмыт қалған өнерін зерделеп, қағазға түсірген екен. 1954 жылдан кейін тарих, этнография, археология, шоқантану ісіне бүтіндей бет бұрған кезінде бұл еңбек тартпаның түбінде қалыпты. Жарты ғасыр бойы жарық көрмесе де мақала саятшылар мен орнитологтар үшін ғылыми мәнін әлі жойған жоқ. Ал "Саят құстарындағы” атаулар мен сирек сөздер тіліміздің мәйегін ұйытатыны сөзсіз. Сондықтан да біз бұл еңбекті "Егемен Қазақстанның” қалың оқырмандарына ұсынып отырмыз.

Тұрсын ЖҰРТБАЙ, "Отырар кітапханасы” ғылыми орталығының директоры, филология ғылымдарының докторы, профессор. .....
Рефераттар
Толық