Бастауыш сынып оқушыларының көңілі сондай нәзік те, таза ғой, шіркін! Олар өмірді шынайы қабылдайды. Сол оқушыларыммен болған бірер сәттерді сөз етпекпін.
Адам шыр етіп дүние есігін ашқаннан бастап өмірге деген құлшынысы басталары хақ. Жарқын болашақ үшін, әрдайым кемел келешектің кілтін жастардың қолына ұстатып жататын атадан қалған дәстүрімізді жалғап келе жатқан ұрпақтарымыз. Көзді ашып-жұмғанша өте шыққан қысқы демалыс та артта қалды. Ерекше бір қуаныш сезімі бойымды билеп, мектепке асыға басып келемін.Әне алыстан мектебіміздегі Мемлекетіміздің Көк Туы желбіреп қуанышымды еселей түскендей. Бірінші сынып оқушылары алдымнан жүгіріп шығып мәре-сәре. Тіпті демалыстағы қызықтарын жамырай айтып жатыр. Көздерінде үлкен үмітпен ұстазын сағына қарсы алып жатқан бүлдіршіндерімді көріп ынта жігерімнің арта түскенін байқадым. Дәл осы мезеттің өзі келешегіміздің кемелденіп, қуанышымыздың еселене түскенінің көрінісі-ау. Еліміздің жарқын болашағы үшін осы келешек ұрпақты білім нәрімен сусындатып жатқан ұстаз қауымының адал еңбегін айтпасқа болмас. Біздің ел-шынайы, ақылды, іскер адамды дәл танып,оны қадірлеп, қажет болар жерінде демеу бола білген ел. Дүниежүзінде материалдық игіліктері бойынша дамыған елдердің қатарына енетін күндер де алыс емес. Армандарымыздың адастырмай тура жолдан тайдырмауын тілеген, тәлімі мен тәрбиесін үлгі еткен халықпыз. Өнегелі әңгімелердің бірінде: .....
Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, жазушы Сүлеймен Баязитовтің аталмыш кітабына «Жарылыс» атты романы еніп отыр.
Роман оқиғасы Павлодар, Баян өңірінде, тіпті тұтастай қазақ даласында кеңестік кезеңдегі байларды кәмпескелеу, аштық ұйымдастыру, қуғын-сүргін, Ұлы Отан соғысы, Семей ядролық полигонындағы алғашқы атом сынағы, тың игеру, бір сөзбен, қазақ халқының басынан кешкен ауыр да азапты жылдар роман кейіпкерлері Әділ, Ғайша, Айтқожа, Валя, Әнуар, Адольф, т.б. тағдыры арқылы сөз болады.
Автор боямасыз өмір шындығын шама-шарқынша әділ бейнелеуде. Атомсыз әлемге жол ашқан Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 1991 - жылдың 29 - тамызындағы «Семей ядролық сынақ полигонының жабылуы туралы» № 408 - Жарлығы романның толғақты түйіні ретінде ұсынылуы автордың сәтті шешімі екені деп білеміз. .....
…Уақыт қарқыны зымыран. Күні кеше өткен сияқты уақиғалар бүгінде тарих беттеріне айналып та үлгірді. Бұл жаңа мемлекет пен жаңа қоғамның дүниеге келуінің азапты толғаққа толы, сонымен бірге ғаламат сәті еді. Сол сәт әлі аяқталған жоқ, бірақ ең қиын белестерден аса білдік. Ең қиын жылдар дәл қазір артымызда қалды, сондықтан да мен еліміздің еңсесі биіктей беретініне сенемін.
Н.Назарбаев
Тарих толқынында қазақ елі, азап шектірген жылдар, ауыртпалық кезеңдер басынан өткергені баршаға мәлім. Бірақ біз қаймықпадық ата-бабаларымыз біз үшін жанын да қанында аямай, бізге жерімізді аманттап қалдырды. Әлихан Бөкейханов «Әр ұрпақ өзіне артылған жүкті жетер жеріне апарып тастағаны дұрыс, әйтпесе болашақ ұрпағымызға аса көп жүк қалдырып кетеміз. Кейінгі ұрпақ не алғыс, не қарғыс беретін алдымызда зор шарттар бар»,-деген. Біз осы болашақ ұрпақ алдындағы борышымызды өтеп кете аламызба жоқпа ол әрине бізге байланысты.
(Бұл Кеңес жазушының өз сөзіменен өзгертілмей басылды)
Бір кеуде-пенденің дүниеде жасауы, бар болып тұруы үшін жан-рух керек. Бір халық, бір елдің де дүниеде бір миллет, ел болып жасауы, тірлік етуі үшін тіл керек, әдебиет керек. Жансыз кеуде дүниеде жасай алмас, шіріп, топыраққа айналып жоқ болар! Тілі, әдебиеті болмаған миллеттің де тап сол жансыз кеудеден айырмасы болмас, өзіне айырым әдебиеті болмаған миллеттер де дүниеде жасай алмас. Жасар бірақ жасауы ұзаққа бармас. Әдебиеті яғни жаны бар миллеттерге азық болар, жем болар, сөйте, сөйте ол миллет өзі де дүниеден жоқ болар!
Тіл-әдебиет бір миллет үшін әлбетте керек. Оның керектігі турасында жазылмақ сөздердің бәрінде бұл орында жазып бітіру мүмкін емес. Ол турада неше том кітаптар жазылса да аз. Сондықтан мен бұл орында әдебиет турасында жазылмақ сөздердің жалғыз-ақ – «Фәһәрісті» ғана жазамын:
Тіл-әдебиет бір миллеттің жаны һәм рухы-дүр.
1) Сәне ғалия топлы қағидалы бір әдебиетке мәлік болмаған бір миллеттің жансыз кеудеден ешбір айырмасы жоқ-дүр. .....
1. Таңба жүйелі емле – арғынға дөңгелек тауып алайық. Қыпшаққа «жіп» таңба алайық деген сияқты немесе «бірге» мынадай: «1» белгі, «екіге» мынадай «2» белгі алайық деген сияқты, не болмаса пәлен белгі алайық деп дыбыс басына әріп арнаған сияқты, тіл іліміне тіремей, тек ынтымақпен мына сөзді мынадай, ана сөзді анадай етіп жазайық деумен жасалатын емле жүйесі, емленің бұл жүйесін алып-алмау жағын сөз қылмай өтеміз, өйткені жоғарыда емлеміз қалай жасалса да, негізі тіл іліміне, тіл жүйесіне тіреліп отырып жасалу тиіс дедік. 2. Тарих жүйелі емле – баяғы бір жасаған түрінде қолданып, дағ- дыланғандықтан, тіл өзгерсе де, өзгерместен әдеттенген бойынша қол- данылатын емле. Ондай емледе бір дыбысқа арналған әріп, тіл дыбыстары өзгеріп кеткендіктен, .....
1 - Әлібби түзеу деген түрік жұртында көптен келе жатқан мәселе. Мәселе қозғалғаннан бері түрік әліббиінің түзелген жақтары да бар. Түрік әліббиінің түбі арабтан шыққанмен, түрік тіліне икемделіп, өзгеріс кіріп, таза күйінде тұрмағандықтан, мен оны, араб әліббиі демей түрік әліббиі деймін.
2 - Осы күнгі жұрттардың бәрі де өзі шығарған әліббиін тұтынып отырған жоқ. Бәрінікі де өзгеден өзгертіп алған әлібби иауропа жұрт- тарының тұтынған әліббиінің түбі көне семит әліббиі. Көне семит әліббиін өз тіліне үйлестіріп пінікіие жұрты алған; Онан грек алған, гректен латын, иаурыпа жұрттары алған. Түрік әліббиінің түбі де көне семит әліббиі. Онан көпеліктер алған, көпеліктен араб өз тіліне үйлестіріп алған, арабтан иран, түрік жана басқа мұсылмандар алған. Солардың қайсысы да бірінің әліббиін бірі алғанда, тұрған қалпында алмаған, өз тілінің дыбыстарына қарай өзгеріс кіргізіп алған, тіліне әліббидің артығы болса, алып тастаған, кемтігі болса әріп қосып толықтырған, дәл келмеген әріптер болмаса, оның не түсін өзгертіп, не дыбысын өзгертіп алған. Сондай өз тіліне икемдеп өзгеріс жасап алған әліббилеріне әр қайсысы өз аттарын қойып латын әліббиі, орыс әліббиі дегенде, түрік өз тіліне үйлестірген әліпбиін түрік әліббиі деп, қазақ онан өз тіліне үйлестіріп алған әліббиін қазақ әліббиі деп атауға жолымыз болуға тиіс. .....
XX ғасырдың анасы өткен ғасыр Аналарына қарата сөйлейді:
Уа, Ана!
Сендер өз ұлттарыңның мақтанышына айнала алған ұл-қыздарды дүниеге әкелдіңдер. Оларды бесік әлдиімен өсірдіңдер. Түн ұйқыларыңды солар үшін төрт бөлдіңдер.
Қазақ ұлты өткен ғасырында аласапыран шайқастарды басынан өткерді. Сонда сендер дүниеге әкелген ұлдар өз ұлтының Азаттығы мен Тәуелсіздігі үшін жан аямай күресті. Сендер үшін көздің қарашығындай болып көрінетін ұлдарыңның денесіне жаудың өткір жебесі келіп қадалды, улы найзасы түйрелді. Бірақ сендер ел қорғар оғлан ұлдарды өсірген едіңдер. Оларға үнемі бесігінен батырлық пен ерлік туралы жырларды айттыңдар. Олардың жаны мен жүрегі ана әлдиімен бесігінде-ақ шыңдалған еді. Сонан соң оларға әкелері қылыш ұстауды үйретті. Осы себептен де сендер өсірген ұлдардың рухы әманда үстем тұрды. Олардың ерліктері жау әскерінің құтын қашырды, мысын басты. Сендердің өсірген ұлдарың өз халқының Азаттығын сан мәрте қорғап қалды. Сондықтан да ұлттың рухы кейінгіге сақталып жетсе, осы жолда сендер өсірген батыр ұлдармен бірге, олардың Аналары - сендердің де үлестерің басым, Ана! .....
2015 жыл еліміздегі маңызды оқиғалардың жылына айналғаны белгілі. Өткен қой жылы Қазақ хандығының 550, Қазақстан халқы Ассамблеясының 20, Ұлы Жеңістің 70, классик ақынымыз Абайдың 170 жылдығы мерекелері кеңінен аталып өтіліп, ұлттық рухымызды жаңғырта түсті.
Осындай мерекелер шеруі 2016 жылы да жалғасын таппақ. 1991 жылғы 16 желтоқсан күні жарияланған тәуелсіздік күні еліміздің тарихына алтын әріппен жазылған еді. Міне сол атаулы мерекеге биыл 25 жыл толмақ.
Бұл мерзім тарихи тұрғыдан алғанда ұзақ та емес. Бірақ осы ширек ғасыр аясында еліміздің қол жеткізген табыстары таң тамаша қалдырады. Елімізде осындай ұлы өзгерістердің жасалуына аса құрметті Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың қосқан үлесі ұшан-теңіз.
1991 жылы Қазақстанның тәуелсіздігі жарияланғаннан кейін «Қазақстан сыртқы күштерге сүйенбей жеке мемлекет ретінде өмір сүре алмайды» деген сәуегейсымақтар шықты. Мұндай даңғаза мақалалар көршілес Ресейдің газет-журналдарында жиі жарияланып, еліміздің тәуелсіздігінің баянды болатынына күмән келтірілді. Империялық мақсатты көздеген Ресейдің белгілі бір саяси топтарының елімізге бұлайша саяси қысым көрсетуі тегін емес-ті. .....