Бұрынғы замандарда екі соқыр жолдас болып, бір-бірінен айрылмай, күннен күн екеуі дос болыпты. Һәр адам тең теңімен, тезек қабымен, екеуміз бір-бірімізге теңдеспіз ғой деп. Сол бейшаралардың достығы біреуісіз бірі тамақ жеместей болып, жанын да, тәнін де ортаға салып, қол ұстасып, ауқат қылып жүріпті. Біздің бұрынғы ең үлкен атамыз Адамға дұшпан болған бір шайтан атты біреу бар дейді ғой, сол осы екі соқырдың ұйымдасып, ауқат қылғанын да күндеп, екеуін ажыратудың шарасына кірісіпті. Бұған ажырату айласын таба алмай, не қыларын білмей тұрғанда бір адам:
– Нағып тұрсың сілейіп? – деп сұрапты.
– Ойбай, мен жетісіп тұрғам жоқ. Осы екі соқырдың достығын бұзудың кепілін алып едім. Енді сорым құрып, соны бұзудың ақылын таба алмай тұрмын, – дейді.
– Ой, сол ма? Мен оны боқтан оңай ажыратып берем, – деп, екі соқырдың біреуін «Мә, жолдасыңа!» – деп, бір ұрады.
Бұрынғы өткен заманда, дін мұсылман аманда қоқандық саудагер саудагершілік істеп, Ташкентке келеді. Әрине, ол уақыттарда саудагерлердің саудагершілік істеп, бірнеше күндер, бірнеше айлар жол жүретіні әркімге болса да, белгілі шығар. «Ердің сырын ер білер, кімнің сырын кім білер» демекші, Ташкенттен өзі сияқты ірі саудагермен танысып, сырлас болады. Бірнеше күндер бірге жол жүріп, бірінің сырына бірі әбден таныс болады. Ақырында, бірімен бірі сүйектес құда-жекжат болмақшы болады. Тәшкендік саудагердің қызы, қоқандық саудагердің баласы бар. Тәшкендік саудагер қоқандық саудагерге қызын әйелдікке бермекші болады. Осындай мейірмандықпен еліне қайтады. Айлардан айлар, жылдардан жылдар өтеді. Тәшкенттік саудагердің қызы бой жетеді. Ол уақытта қызы баладан ерте ержететін құсайды. Сондықтан тәшкенттік саудагер қоқандық саудагерге хабар жіберді: «Келіні ержетті, келіп әкетсін, болмаса, біреумен кетіп қалады», − дейді. Хабаршы келіп, хабарын айтқанда, «егесі ұзамай барады, жіберемін», − дейді. Хабаршы өз сөзімен қайтып кетеді. Қоқандық елін жияды, ойласады, кеңеседі. Күйеуді қалыңдығын алып келуіне аттандырмақшы болады. Күйеу жастау және [жалғыз] жіберуге қорқып, қасына мықты жігіт қосып, екеуін аттандырады......
Бұл Жыл Сіздің жақсы тілектесіңіз болып, үлкен жетістіктерге жетелесін, барлық бастамаларыңызға табыс әкелсін.
Сізге және Сіздің ұжымыңызға зор денсаулық, шығармашылық табыстар, бақыт және бақ-береке тілеймін. Сіз үшін ......... Жыл – барлық тілек пен үміттер орындалатын қуатты Жыл болсын.
Жаңа жыл баршаңызға бақытты болашаққа үміт, жаңа мүмкіндіктерге сенім ұялатып, жемісті бастамаларға жарқын келешек сыйлайды. Осы жаңа жыл күткенімізді ақтап, барлығымызға бейбітшілік, амандық және өркендік әкелсін. Сізге және Сіздің жақындарыңызға мықты денсаулық, таусылмас қуат, шығармашылық табыстар мен сәттілік тілеуге рұқсат етіңіз.
Шаңырақтарыңызда ырыс-береке, мемлекетімізде бейбітшілік пен келісім болсын. Сіздерге шын ниетпен зор денсаулық, жарқын болашаққа сенімділік тілейміз. Үміттеріңіз бен тілектеріңіз орындалып, барлық бастауларыңыз сәтті нәтижелер берсін!
Алдағы Жыл тек игі жақсылықтарымен, ырыс-берекесімен, мол қуаныштарымен төрімізден орын алсын!
Қазақстанды күллі әлемге танытып жүрген Димаш Құдайбергеннің "Қайран елім" атты әніне түсірілген бейнебаяны желіде жарық көрді деп хабарлайды nur.kz порталы.
Абай – дана, Абай – дара қазақта. (авторлық бағдарлама )
Мақсаты: • Халқымыздың ұлы ақыны А. Құнанбаев туралы білімдерін кеңейту. • Абай мұрасына оқушылардың қызығушылығын арттыру, оқып – білуге, тани түсуге ынталандыру. • Оқушыларды өздігінен шығармашылықпен жұмыс істеуге тәрбиелеу. • Ұлылардың сөздерінен ғибрат алып, жақсыдан үйренуге, жаманнан жиренуге тәрбиелеу.
Мақсаты: - Абай шығармашылығын жас ұрпақтың «жүрегіне терең бойлатып», Абайдың жұмбақ әлемінің тылсым сырларына үңілту; - «Сөз патшасы - өлең» құдіретінің асыл сөз маржандарын бойларына сіңірту, ой - қиялдарын поэзия әлеміне енгізу; - Ғұлама Абай мұрасын, нақыл сөздерін, философиялық ой - толғауларын насихаттау
Мақсаты: - Абай шығармашылығын жас ұрпақтың «жүрегіне терең бойлатып», Абайдың жұмбақ әлемінің тылсым сырларына үңілту; - «Сөз патшасы - өлең» құдіретінің асыл сөз маржандарын бойларына сіңірту, ой - қиялдарын поэзия әлеміне енгізу; - Ғұлама Абай мұрасын, нақыл сөздерін, философиялық ой - толғауларын насихаттау
Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен 10-тамыз Абай күні деп белгіленді.
«Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы №689 қаулысына толықтыру енгізу туралы «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:....
Бұрын бір заманда бір Бардам адам болады, малы көп, баласы жоқ болады. Сол кезде ол кісінің ағасының баласы көп болады. Ағасының бір баласын асырап алады. Оған Жалау деп ат қояды. Көңіліме Жалау болсын деп, сөйтіп жүргенде, өз қатыны бір ұл табады. Бай қуанып, өз баласының атын Демеу қояды. Сонымен екі бала ержетіп, жігіт болады. Байды Құдай атып, бұрынғы баланы қойып, өз баласына біреуге құда болады. Бір жылы құдасы жер ауып, көшіп кетті. Алыс жерге кетеді. Сол заманда баласы он екі жасқа келеді. Асырап алған баласы он бесте болады. Бай үлкен баласын кіші баласына жолдас қып, қайнына жібереді. Арада жыл жүріп, бірнеше күнде қайын жұртын іздеп табады. Сыртынан сұрап, ауылға жақын қалғанда, үлкен ағасы інісіне айтады: – Күйеулік жол – менікі. Жолдастық жол – сенікі. Сенің әкең өзінен туғандығын істеп, саған қатын әпермек болды. Мен енді оған көнбеймін. Сен маған жолдас бол. Басыңдағы үкіні маған бер. Сен барып, күйеу келді деп хабар бер, – дейді. – Тіл алсаң, көнесің. Тіл алмасаң, өлесің, – дейді. Бала қорқып, басындағы үкіні береді. – Ешкімге айтпаймын, – деп, қасам береді. Сонымен «Күйеу келді» деп, шауып, ауылға келеді. – Пәлен байдың баласы келді, – деп, аты-жөнін айтып береді. Ауылдың бәрі жиылып, күйеуді құрметтеп, кеш болған соң қызбен ойнап, қызық көреді. Ағаны Құдай атты, келінмен бірге жатты. Сол уақта сол ауылға:......