Әдебиет | Әл Хорезми


ӘЛ ХОРЕЗМИ (783–850). Толық есімі – Әбу Абдаллах (немесе Абу Жаббар) Мұхаммед ибн Мұса Әл Хорезми. Адамзат өркениетінің дамуына және қалыптасуны өлшеусіз үлес қосқан, көне өркениеттер тағылымының тал бесіктерінің бірі Ежелгі Хорезм еліндегі Хиуа қаласында дүниеге келген. Ол - әйгілі «Шығыстың жеті жұлдызының» бірі, әлемдік қазіргі алгебра ғылымының негізін салушы ретінде белгілі. Орта ғасырлық Ұлы ғалым - математик, астроном (жұлдызшы), тарихшы, жағрапияшы. Деректер бойынша арғы аталары бұл аймақта, Соғды әлемінде кең таралған зороастризм дінінің қасиетті абыздарынан болған.
Ғалымның латынша есімі «Алгоризми», «Алгоритми» түрінде айтылған. Әл-Хорезми – жан-жақты энциклопедист ғалым болған тарихи ерекше тұлға Оның есімі негізінен әлемге, кейінгі ұрпақтарға математика саласындағы зерттеулермен танымал болды. Сондықтан, қазіргі математика ғылымдарының, алгебра ғылымының атасы болып саналады. Қазіргі "алгебра", "алгол" және "алгоритм" сөздері соған байланысты. Яғни бұл ғұламаның есімінен (Алгоритми) тікелей шыққан...

Әлемге танымал ғалымның негізгі ғылыми өмірі негізінен Араб халифатының Орталығы болған Бағдад қаласындағы "Даналық үйінде" өткен. Бұл ғылыми Академияға халифаттың түкіпір-түкпірінен данышпан ғалымдар жиналған және аса ірі обсерватория және ғылыми-тарихи қолжазбалар қоры мол кітапхана бар еді. Ғалымды замандастары "Әл Мажуси" деп мадақтаған. Бұл араб тілінен алғанда "Ғажайыптар иесі" деген мағынадағы сөз. ....
Рефераттар
Толық

Әдебиет | Әл Фарабидің саяси көзқарастары

Қасиетті қазақ даласы талай ұлы ғұламаларды дүниеге алып келді. Қазақ топырағынан көкірегі ояу, көзі ашық ойшыл азаматтарымыз бүкіл шығыс араб-парсы мәдениетін меңгеріп, өз шығармаларын көпке ортақ тілде жаза біліп, кейінгі ұрпақтарына мұра етіп қалдыра білді. Олардың ішінде аты әлемге танылғандары да аз емес. Солардың бірі — бәрімізге танымал ұлы жерлесіміз Әбу Насыр әл-Фараби.
Бірнеше ғасырдан бері Әл-Фараби мұрасы әлемдік көркем ойға өз үлесін қосқан педагогикалық мұраның қатарында көрінді. Осындай биік рухани өсу біздің қазақ педагогикасының өткені мен оның даму тарихына,яғни Әл-Фараби мұрасына қатысты екені ақиқат.Сондықтан да оның қазіргі кездегі мұрасы сан-салалы гуманитарлық –педагогикалық арналары бойынша қазақ ғалымдарының зерттеуімен Әл-Фарабидің әрбір ғылымының арнасы айқындалып,ол біздің еліміздің рухани игілігіне айналуда. Фарабидің өмірі жөнінде бізге жеткен мағлұматтар үзік-үзік,аңыз-шыны аралас болып келеді.
Әл-Фараби түрік тайпасының дәулетті бір ортасынан шыққаны бізге мәлім, бұған дәлел оның толық аты -жөнінде "Тархан" деген атаудың болуы. Әл-Фараби 870 жылы Сыр бойындағы Арыс өзені Сырға барып құятын өңірдегі, Фараб қаласында дүниеге келді. Фарабидің толық аты-жөні Әбу-Насыр Мұхаммед иби Мұхаммед ибн Ұзлағ ибн Тархан Әл-Фараби, яғни әкесі Ұзлағ, арғы атасы Тархан. Туған жері қазақтың ежелгі қаласы Отырарды арабтар Барба-Фараб деп атап кеткен, осыдан барып ол Әбунасыр Фараби, яғни Фарабтан шыққан Әбунасыр атанған. Бұл қаланың орны қазіргі Шәуілдір ауданы, Шымкент облысының территориясында. Сол тұста өмір сүргендердің қалдырған нұсқаларына қарағанда, Отырар қаласы IX ғасырда тарихи қатынастар мен сауда жолдарының торабындағы аса ірі мәдениет орталығы болған. Зерттеулерге қарағанда оқу-ағарту жүйесінің дамуы мен пайда болуы орта ғасырлар заманындағы ғұлама оқымысты,ұлы энциклопедист Әл-Фарабидің ғылыми мұраларымен тығыз байланысты.Оған американдық ғалым Николас Решердің еңбектері дәлел.Ол ұзақ ізденістің нәтижесінде 1962ж.ағылшын тілінде «Фарабидің аннотацияланған библиографиясы» деп аталатын Әл-Фарабиді зерттеулер үшін құнды кітап жариялады.Мұнда мың жыл бойы Әл-Фараби жөнінде кім не жазды,оның шығармалары қай тілге аударылды,оның мұрасы жайында алдағы уақытта қолға алынатын жұмыстар жөнінде айтып,мәселелер қойылды....
Рефераттар
Толық

Әдебиет | ӘЛ ФАРАБИ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҒЫЛЫМИ ФИЛОСОФИЯЛЫҚ ЕҢБЕКТЕРІ

Фараби мұсылмандарының аса ірі бес-алты философтарының бірі. Маймонидтің (орта ғасырлардағы еврей философы – А.К.) айтуынша Фараби еңбектерінің орта ғасырлардағы еврей ойының дамуы үшін үлкен маңызы болса керек. Оның үстіне бір топ еңбегі орта ғасырларда латын тіліне аударылады, осы арқылы Фараби ағартушылардың (француз ағартушылары – А. К.) еңбектеріне тікелей және олар цитаттар келтірген басқа авторлар арқылы жанама түрде әсер етті.
Фарабидің философияға және басқа ғылымдарға қосқан жаңалықтары жайлы жан-жақты зерттеулер жоқтың қасы. Рас, бұл кемшілікті кейбір жекелеген зерттеулер жуып-шайды. Дегенмен, бұл істе жүйелі координация керек. Біз сондай кемшіліктерді жоюға қолқабыс тигізу мақсатымен осы библиографияны жазып, ғылми мекемелер алдына мәселе қойып отырмыз...
Әрине, американ профессорының кітабында артық-кем айтылған пікірлер болуы мүмкін. Дегенмен, ол келтірген мәліметтер Фараби мұраларын аударуда, бастыруда, зерттеуде шетел оқымыстыларының да айтарлықтай еңбек сіңірген отырғанының айғағы болса керек. Бұл, сайып келгенде, Фарабидің ұлылығын және оның еңбектерінің күні бүгінге дейін өте маңызды екенінің тағы бір дәлелі болып табылады.
Фарабиді зерттеу ісіне неміс ғалымдарының да еңбек сіңіргенін айтуымыз керек. Морис Штейншнейдер, Фридрих Диетеричи, Генрих Зутер, Карл Броккельмандардың Фараби мұраларын игеруге айтарлықтай үлес қосқандығы белгілі. Мәселен, Диетеричи «Әл-Фарабидің философиялық тарктаттары» деп аталатын жинақты жарыққа шығарған (1883-1904 жылдары). Бұл жинаққа Фарабидің бірсыпыра философиялық шығармаларының арабша тексткрі мен олардың неміс тіліне аудармасы енген. Карл Броккельман «Араб әдебиетінің тарихы» (1886-1937 жылдары жазылған) деп аталатын көп томды библиографиялық еңбегінде Фарабиге үлкен орын берген.
Есімі дүние жүзіне мәлім болып, ғылыми және мәдени мұралары ғасырлар бойы ардақталып, ұрпақтан-ұрпаққа өтіп келе жатқан ардагер азаматтар тарихта аса көп емес. Тарих жазбасында, халықтың рухани қазынасында айтулылардың айтулысы, жүйіріктердің жүйрігі ғана мәңгі ұялап қоныс тебеді. Мың жылдан артық уақыт өтсе де, аты ауыздан-ауызға жатталып, еңбектері уақыттың, мезгілдің қатыгез санынан мүдірмей өткен, сол адамзат ұлдарының, тарих перзенттерінің бірі Әбунасыр Фараби. ....
Рефераттар
Толық

Әдебиет | ӘЛКЕЙ МАРҒҰЛАННЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕРІ

Ғұлама ғалым Әлкей Хақанұлы Марғұланның тікелей оқытушылық қызметпен айналысқанын көрсететін бірнеше нақты мәліметтер бар.
Әлкей 1915 жылы Баянауылдағы үш кластық орыс мектебіне оқуға түсіп, орыс тілін үйреніп, әдебиет, есеп, тарих, жағрапия пәндерінен білім алып, мектепті 1918 жылу бітіріп шығады. Мектепте жақсы тәлім-тәрбие алған Әлкейдің өнер-білімге құштарлығы артып, үлкен қалаларға барып оқуды арман етеді.
1919-1920 жылдары Павлодар қаласындағы мұғалімдік курста оқып, мұғалім мамандығын алады да, содан соң 1920-1921 жылдары Баянауыл аудандық 1-ші дәрежелі екінші Далба мектебінде мұғалім болып қызмет істейді. 16 жастағы ауыл мұғалімі білімінің жеткіліксіздігін, толыспағынан сезіп, 1921 жылы Семей педагогикалық техникумына түседі. Оған сол оқу орнына түсуге себепші болған академик Қаныш Сәтбаевтың ағасы Әбікей Зейінұлы Сәтбаев болғаны туралы мынадай мәлімет бар:
«1920 жылы Баянауыл ауданының Далба деген жеріндегі мектепте сабақ беріп жүрген Әлкейге Әбікей Зейінұлы Сәтбаев көңіл аударып, оған өзі ректор болып істейтін Семей техникумына келіп түсуі жөнінде ұсыныс жасайды. Әлекең бұл ұсынысты куанышпен қабылдайда да, 1921 жылы сол оқу орнына барып түседі. О заманда дала өлкесіндегі ең қадырменді болып саналатын осы техникумды 1925 жылы табысты түрде аяқтайды. Мұнда техникум қабырғасында сол 1921 жылы Әлекең әдебиет пәнінен сабақ беретін Мұқтар Әуезовпен танысады. Мұқаңның өзі айтқанындай, Әлкей оған білмекке құмарлығымен, жастығына қарамастан гуманитарлық мәселедегі ой-өрісінің кеңдігімен қатты ұнайда да, оған бірден көңіл бөліп, қамқорлығына алады, біраз уақыттан кейін оны пәтеріне өзімен бірге тұруға шақырады /1, 32 бет/.
М.Әуезов Әлкейге техникумды бітірісімен оқуын жалғастырып, жоғары білім алуы керек екенін, Ленинградта оқуы керек екенін қайта-қайта айтады, оған Герцен атындағы пединститутке жолдама алып береді. Әлкей Мұқаңның айтқанын шын жүрегімен қуана қабылдап, 1925 жылы онымен бірге Ленинградқа аттанады да, Шығыс институтының түркология факультетіне түседі, мұнда оқумен бірге зерттеу жұмысымен де шұғылданады, шығармашылық үйірмелерге белсене қатысады. Әлкей бұл жерде де көзге түседі, көп үміт күттіретін жас ғалым ретінде, оған профессорлар назар аудара бастайды. ....
Рефераттар
Толық

Әдебиет | Әлихан Бөкейханов Нұрмұхамедұлы

Әлихан Б. Орта жүз ханы Бөкейдің ұрпағы. Ата-тегі: Бөкей – Батыр – Мырзатай – Нұрмұхамед - Әлихан. Жасынан зерек, алғыр өскен. Әлиханды әкесі Қарқаралыға алып барып, жергілікті молданың қолына оқуға береді. Бірақ ол молданың қолынан оқуды қанағат тұтпай, қаладағы үш сыныптық стауат ашатын мектепке ауысады. Оны бітіргеннен кейін 1879-1886ж. Қарқаралы қаласындағы қазақ балаларына арналған мектепте оқыды. 1886-1890ж. Омбыдағы техникалық училищеде оқып, оны «техник» мамндығы бойынша бітіріп шықты. 1890-1894ж. Санкт – Петербургтегі Орман институтының эканомика факультетінде оқыды. Мұнда ол студенттік қызу пікірталастарға қатысып, XI ғ. Бсағасын аттағалы тұрған Ресейдің қандай жолмен дамуы тиімді болатындығы туралы қайшылықты пікірлер қақтығысына куә болды, өз ойын да шыңдай түсті. Бөкейханов туралы «Семипалатинский листок» газетінің 1906 жылғы 5 маусымдағы санында: «Ол Орман институтының студенті болып жүрген кезінде барлық студенттік қозғалыстарға белсенді түрде араласып, әсіресе, солшылдарға ілесетін. Марксизм туралы қызу пікірталастарда эканомикалық материализм қағидаларын дес бермей қорғайтын» делінген. Ә.Бөкейхонов Ресей жандармирия басқармасының назарына алғаш рет студенттік жылдары – ақ ілігіп, «Саяси – сенімсіздердің қара тізіміне алынды». Ол институтты бітіргеннен кейін Омбыға барады. Онда Орман ш. Училищесіне математика пәнінен оқтушы болып орналасты. Социалистік бағыттағы «Степной край» газетінің қызметіне белсенді түрде араласып, оның редакция алқасы құрамына енді. 1896 – 1903ж. Щербина экспедициясы жұмысына қатысты. Оның ойы бойынша, экспедиция жұмысына қатысу сол тарихи кезеңде қазақ халқы үшін ең зәру мәселеге айналған – жер қатынастарын тереңінен түсініп, белгілі бір тұжырымдарға келуге жағдай жасауға тиіс еді. Әлихан Б. экспедиция жұмысына қатысу барысында қазақ даласына байланысты Ресей империясының көздеген мақсатын бұрын өзі байқай бермеген жңа қырынан көрді және орталық биліктің таяу жылдары ірі шараларды іске асыруға даярлық жасап жатқанын байқайы. Қалай болғанда да, Әлиханның көзқарасының Щербина Экспедициясына қатысқаннан кейінгі кезеңде үлкен өзгерістерге ұшырағандығы анық. Дегенмен, Бөкейханов сияқты қазақ зиялыларының мүлдем жаңа сапаға көтерілуіне 1-ші орыс революциясы ерекше ықпал етті. Студенттік және Омбылық өмірінің алғашқы кезеңінде Маркстік бағытта тұрған Бөкейхановтың саяси көз қарасы өзгерді. Ол қазақ даласын отарлау саясатына білек сыбана кіріскен патша өкіметімен күрес жүргізу үшін әуелі бүкіл қазақ жұртының басын біріктіруді, сонымен бірге орыс қоғамының ішінде ресми билікке қарсы тұрған саяси крестерге сүйенуді алға тартты. Әлихан 1905 жылы қарашада Мәскеуде өткен Земство және қала қайраткерлерінің съезіне қатысты. ....
Рефераттар
Толық

Дәуітәлі Стамбекұлы (Шоқан Уәлиханов )

Бар болмысым,
Рухыммен,
Жігеріммен
Уәлиханов Шоқанды сүйемін мен.
Ғасырлардың қойнынан шығып жатқан
Жан дауысын естимін жүрегіммен.

Дүниені жұтатын түк-түгімен,
Ол уақыттың өңеші мықты білем.
Бұл дәуірге қол бұлғап....
Өлеңдер
Толық

Әдебиет | Ақжан Жақсыбекұлы Әл-Машани

Халқымыздың “Жақсы адам-қазына” деген нақыл сөзі бар. Сондай адамдардың бірі емес, бірегейі Ақжан Жақсыбекұлы Әл-Машани өміріне көз жіберсек, ол кісінің өте бір бай өмір кешкенін байқаймыз.

Байлық деген, біреу үшін ақша, біреу үшін дүние-мүлік. Әрі беріден соң, біздің жер астындағы қазба байлықтармызды ысырапсыз пайдалана берсек, қайтадан қалпына келмейтінін, сарқылатынын білеміз. “Сонда таусылмайтын қазына не?” – дегенде, ол – адам бойына ана сүтімен бітетін дарын. Дарынды адамдар күнде­лікті өмірде, қарым-қатынаста, жұмыста, үйде, түзде жан- жағындағы адамдарға бойындағы қабілеттің шуағын шашып жүреді. Сондай, өмірінің ақырғы сағатына дейін біздерге білім мен ғылымның, өнеге мен үлгінің нұрын шашқан, таусылмас қазына қалдырып кеткен академик, Қазақстан ғылымына еңбек сіңірген қайраткер, профессор Ақжан Жақсыбекұлы Әл-Машани еді.

Ақжан Жақсыбекұлы 1906 жылдың 2 қарашасында Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданында дүниеге келген. “Тұлпар аунаған жерде түк қалады” дегендей, Ақаң аты­шулы Машан бидің немересі.

Машан Жамантай төренің кеңесші биі, аузымен орақ орған шешен болған. Қазақ ұлттық техникалық университетінің түлегі, тау-кен инженері, қазақтың заңғар жазушысы Ілияс Есенберлин өзінің “Қаһар” атты романында Машан бидің атақты Ағыбай батырдың досы, Құнанбай, Құдайберді тәрізді адамдармен үзеңгілес, туыстық та қарым-қатынаста болғанын, қаз дауысты Қазыбек бидің досы болғандығын жазған. Құнанбай қажы мен Машан би жылына бір рет Қоянды жәрмеңкесінде бас қосып отырған екен. Осындай бір кездесуде атасымен бірге жәрмеңкеге барған бала Ақжан Шәкәріммен де кездескен. Ақаңның әкесі Жақсыбек Құранға жүйрік, сол кездердегі “Айқап”, “Дала уалаяты” атты газеттерді жаздырып оқитын адам болған. Ақаң алғаш әліппе тануды өз әкесінен, кейін кеңес мектебінен үйренген. 1924 жылы Қарқаралыдағы Әлімхан Ермеков негізін қалаған педагогикалық техникумға түсіп, Әлекеңнен, Ахаңнан (Ахмет Байтұрсынов) дәріс алған. Міне, осындай думанды шаңырақта, ойшылдардың ортасында жүріп, тәлім-тәрбие алған Ақжан Жақсыбекұлының ғұлама ғалым болмауы мүмкін емес еді. Ақжан ата бойындағы әділдігі, сабырлылығы, зеректігі, зерделілігі, ізденімпаздығы атадан балаға ұласқан сарқылмас қазынаның жалғасы деп білеміз.

Еңбек жолын өзі оқыған мектепте мұғалім болып бастаған Ақжан Жақсыбекұлы 1933 жылдың күзінде Семейдің геологиялық техникумындағы – дайындық курсын­да оқып, 1934 жылы Алматыда ашылған Қазақ тау-кен металлургия (қазіргі ҚазҰТУ) институтының алғашқы студенттерінің бірі болып қабылданады. ....
Рефераттар
Толық

Әдебиет | АҚИҚАТТАН АДАСУДЫҢ АЗАБЫ

Шыңғыс Айтматовтың: “Адам тұлға ретінде траге¬дия¬лық қобалжулар арқылы ашы¬ла¬ды” — деп айтқаны бар. Шын¬дығында, өмір тану мен адам тану дегеніміз – осы екеуі¬нің трагедиялық кезең¬дер¬ге неге тап бола беретіндігінің сырын ашу.
Алдан Смайылдың “Фо¬лиант” баспасынан жарық көрген “Тамұқтан келген адам” романының басты құндылығы да осында. Жазушы аталған шығармасында адам трагедия¬сының ең бір үрейлі кезеңі — өткен ғасырдың отызыншы жылдардағы сұрапылын таңдап алған. Дәл осы шақ – репрес¬сия мен геноцид, тұтас ха¬лықтарды ессіз идеологияның көзсіз құлына айналдыру, ұлттық тамырдан үзілу қатеріне алаңдамайтын санасыздық, шектен шыққан қаталдық, жойқын қырғындар адам жаратылысының құпияларына бойлауға шақырып тұрғандай. Романның көп қырлы филосфиялық астарларынан сауып айтсақ, аталған тұста “Өмір де, өлім де жасанды еді. Одан кейінгі өмірлер мен өлімдердің табиғи бола аларына ешкім кепілдік бере алмайтын. Өйт¬кені, кеше жер басқандар мен бүгінде жер басып жүргендер құдай сыйлаған өмірді екі¬жүздендіріп әуре. Ал дәуірлер бойында көз жұмғандардың ішінде ақ өліммен өлгендер мен адам қолынан о дүниелік бол¬ғандардың қайсысы көп екен¬дігін ойласаң, сірә соңғылары шығар деп шошисың”.
Сырт қарағанда тосын ой¬лар секілденер, алайда адамзат¬тың өткені мен қазіргі күн¬дерінің трагедияларына үңіл¬сең, дәл осылай бас қатырарың анық. Өркениеттің көгіне кө¬терілдік деген бүгінгі заманда да адам тіршілігінде мәз бо¬ларлық не бар? Сол баяғы атыс-шабыс, сол баяғы үрей, ал¬дау мен сату, қатыгездік, эфир¬¬лерден күн сайын ести¬тінің жарылыстар мен қақты¬ғыстар.
Сонда мына жалған адам мен адамды неге шабыстыра бе¬реді? Бұған роман кейіп¬кер¬лерінің пайымы әркелкі.
“Ғұмыр бойы қарасы өшкір өшпенділіктің құлы болдым ғой, — деп күңіренеді елге шыққан жазалаушы жасақтың қаныпезер басшысы. — Ол мені қатыгездендіріп алып өмірі барларға қайрап салды да отырды”.
Көзін тырнап ашқаннан осылай, әуелі өмірге өлек¬селеніп келген өзіне, содан соң айуанданып кеткен анасына өшікті, удай мас болып құлап жатқанда талай рет үнін өшіре сал¬ғысы келген. Ессізденіп алып ойына келгенін істейтін сұмырай өз ажалынан өлсе, оған тек мұның біржола қор¬қау¬лана қоймағандығы кінәлі еді.
Кейін көзіне көрінгеннің бәріне өшігетін болды, олардың өзі секілді бұралқы иттей бұра¬тылып жүрмегендігі үшін, кү¬ңіренбей күлгені үшін, жетім¬сіремей жетіскені үшін...
“Қарғыс айтып қыңсылап жүргендер өшін ала алмай өлек¬-селенгендер ғой, олар қашан да өкініп өледі. Өші кетіп өшкендердің күйзелісінен сақтасын. Өзегі өртеніп тұрса да өшіге білмейтіндер баяғыда өліп біткендер, — деп тістенеді ол. – Мұңсызбын деп жүрген-дердің бәрі өздерінен өш ала алмайтынын сезеді. Қай¬ғылының бәрі алынбаған өші¬нің соңында ғұмыр бойы сал¬пақтайды. Өмір өшіктіру мен өш алудан тұратынын ұқпаған¬дар өшін қуғандарды қайдан түсінсін. Тәңірдің өзі бұларды тозақтан бетер жұмыр жерге өмір¬ден өш алу үшін жамыратып жіберген жоқ па?!” ....
Рефераттар
Толық

Информатика | Ақпарат және информатика

Ақпаратты шындығында да ғылыми ұғым ретінде қарастыруға болады. Өйткені бұған дейін ақпараттың кұрылымы мен қасиеттері барлық ғылым салаларында зерттелінді. Мысалы, физика - ақпарат таситын сигналдардың қасиеттерін зерттейді. Табиғаттағы көптеген құбылыстардың сигнал шығаратыны белгілі. Ал тіркелінген сигналдар белгілі бір мәліметтерді құрайды. Мәліметтер түрленіп, тасымалданып, әдістердің көмегімен қолданыс табады. Мәліметтер мен әдістердін өзара әсерлесуінен ақпарат түзіледі. Өлі табиғаттағы процестер үздіксіз энергия алмасу түрінде өтеді. Энергия алмасумен қатар тірі табиғатта бағытталған зат алмасу процесі жүреді. Зат алмасу мен энергия алмасу процестерінің арасындағы өзара байланыс ақпарат алмасу турінде өтеді немесе оны ақпараттық процесс деп атайды.
Сонымен ақпарат — бұл ақпараттық процесс барысында түзілетін қозғалыстағы объект. Ақпараттың қасиеттері мәліметтердің қасиеттеріне де, әдістердің қасиеттеріне де тікелей тәуелді.....
Рефераттар
Толық

Информатика | Ақпаратты қоғам инттернетті толық игеріп болды ма

Біз қаласақ та, қаламасақ та әлемдік жаһандану үрдісін бастан кешудеміз. Жаһандануды алға жылжытатын басты күштердің бірі ақпараттық-байланыстық төңкеріс болып табылады.
«Ақпараттық қоғам» идеясы алғаш рет өткен ғасырдағы 60-жылдардың аяғы мен 70-жылдардың басында бірқатар ғалымдардың, атап айтқанда, Д.Белл мен О.Тоффлердің зерттеулерінде көрініс тапты. Олар адамзат өркениеті аграрлық және индустриялық даму кезеңдерінен кейін жаңа ақпараттық кезеңге қадам басады деп есептеген. Ақпараттық қоғамның тұжырымдамасын зерттеушілер «технологиялық жаңашылдықтар түбегейлі мәдени және әлеуметтік өзгерістер туғызады, әлем мүлдем өзгеше болады» деген дәйек келтіреді. Зерттеушілер атап өткендей, «жаһандық ақпараттық қоғам» термині ең алдымен саяси, экономикалық және мәдени-әлеуметтік тұрғыдан алғанда, ақпарат пен білімнің рөлі үздіксіз артып отыруына байланысты дамитын аса ауқымды біркелкілендірілген ақпарат индустриясы деген ұғымнан тұрады. Бұл құбылыс жаһандық компьютер желілерінің, бірінші кезекте интернеттің пайда болуымен тығыз байланысты. Осылардың дүниеге келуі және бүкіл әлемде басталып кеткен нарықты ырықтандыру нәтижесінде, коммуникациялық қызмет түрлерінің арзандауы ақпараттық саланың күрт дамуының және оның әлеуметтік рөлі арта түсуінің негізгі екі факторы болып табылады.

Жалпы, жаһанданудың дүниеге келуіне жағдай жасаған себептердің бірі ақпараттық және коммуникациялық технологиялардың күрт өркендеуі мен ғаламшарлық желілер құру болатын. Аса ауқымды желілерді асыра пайдалану жағдайында неғұрлым дамыған елдердің тарапынан дамуы кенжелеп қалған елдерге қатысты мәдени басқыншылықтың жаңа түрлері пайда болуда. Мысалы, қазір электронды желілерде, негізінен, әлемдегі 6 мың тілдің тек 12-сі ғана қолданылады. «Сандық алшақтық» та қазіргі жағдайды шыншылдықпен сипаттап отыр, әлем халқының 80 пайызының телекоммуникацияға қол жеткізуі шектеулі, шамамен 860 миллион адам сауатсыз, 2 миллиард адам электр қуатын пайдалана алмайды. Әлем халқының басым бөлігі әлі де болса аса ауқымды коммуникациялық желілерден қол үзіп қалған. Әлем халқының бай елдерде тұратын бестен бір бөлігі әлемдік табыстың 86 пайызын пайдаланады және интернетті қолданушылардың 93 пайызын құрайды. Екінші жақтан, әлем халқының бестен бірін құрайтын кедейлер әлемдік табыстың 1 пайызын ғана пайдаланады және интернетке қосылғандардың 0,2 пайызын ғана құрайды екен.....
Рефераттар
Толық