8 қыркүйекте Қазақстанда тұңғыш рет Отбасы күнi аталып өтедi. Бұл туралы бүгiн ҚР Президентi жанындағы Орталық коммуникациялар орталығының ресми өкiлi Алтай Әбибуллаев мәлiм еттi.
Тәжік елінде әйгілі "Сұлтан Сүлеймен" атты түрік сериалын көрсетуге тыйым салынды. Оған себеп, фильмде зорлық-зомбылықты насихаттайтын эпизодтардың кездесуі деп хабарлайды
Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы бойынша «Дегдар» қоғамдық келісімді қолдау қорының жетекшілері «Оңтүстік» баспасөз клубында жергілікті зиялылармен кездесу өткізді. «Бір халық – бір ел – бір тағдыр» аталған кездесудің негізгі түйіні – қазақстандық біртұтастық идеясын талқылау және қоғамдағы өзекті мәселелерді ортаға салу. Кездесуде Әбілда Аймақ, Бақытжан Алдияр, Нармахан Бегалыұлы, Сәбит Жолдасов, Сағынғали Әбубәкіров сынды өңірдің бірқатар зиялы қауым өкілдері сүбелі әңгіме өрбітті.
Зейнетақы қорлары бір қолға шоғырланса, салымшылардың жиған-терген ақшасының біраз бөлігі жоғалып кетуі мүмкін. Еліміздің Зейнетақы қорлары қауымдастығының басшысы Айдар Әлібаев осыған алаңдаулы.
Қазақстан Республикасы өзін демократиялы, зайырлы, құқықты және әлеуметтік мемлекет деп біледі, оның ең басты құндылығы – адам, оның өмірі, құқығы және еркіндіктері. ҚР азаматының конституциялық және басқа да құқықтары мен еркіндіктеріне қарсы қылмыс жасау заң алдындағы жауапкершілікпен қарастырылған.
Ашық сабақтың тақырыбы: Фариза Оңғарсынова "ЖЫЛУ" Ашық сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларға өлеңнің мазмұнын түсіндіру. Оқушылардың ана - сына деген сүйіспеншіліктерін өз сөздерімен жеткізе білуге үйрету, өлеңді жаттай білуге дағдыландыру. 2. Баланың анаға деген құрметін арттыру. Сөздік қорларын, тіл байлығын, шығармашылығын дамыту. 3. Анаға сый - құрмет көрсете білуге, ана жылуын сезінуге, мейірімділікке тәрбиелеу. Әдіс - тәсілі: сұрақ - жауап, топтық жұмыс, түсіндіру, мәнерлеп оқу, жалғастыра оқу, шығармашылық жұмыс, модель қорғау. Пән аралық байланыс: Қазақ тілі, бейнелеу, дүниетану, музыка Көрнекілігі: Ф. Оңғарсынованың суреті, интерактивті тақта, суреттер, «Ана» моделі.
Үндістанда мұсылман дінбасылар қыздарға өз суреттерін Facebook және басқа да әлеуметтік желілерге жарнамалауға тыйым салды. Бұл туралы The Indian Express хабарлайды....