Пән: Дүниежүзі тарихы Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Ислам тарихы Сабақ тақырыбы: Ортағасырлық қоғамды қаланың сәулеті мен өнері қалай бейнелейді? Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 6.4.1.1 қолөнер мен сауданың рөлін анықтай отырып, ортағасырлық қалалардың даму ерекшеліктерін сипаттау; Жетістік критерийі: 1. Ортағасырлық қалалардың пайда болу алғышарттарын анықтау 2. Римдік мәдениетпен салыстыра отырып ортағасырлық мәдениеттің даму ерекшеліктерін табу 3. Ортақ белгілері мен ерекшеліктерін табу. 6.2.2.2 өнердің (сәулет, сурет өнері) дамуына қоғамдағы өзгерістердің ықпалын анықтау Жетістік критерийі; 1. Ғимараттың салыну кезеңін анықтау 2. Екі ғимарат түрлерінің не үшін салынғанын анықтау 3. Екі ғимарат түрлерінің өздеріне тән ерекшеліктерін анықтау 4. Екі ғимарат түрлерінің ұқсастығын анықтау 5. Ғимараттар ортағасырлық қоғам туралы бізге қандай түсінік беретініне қорытынды жасау. Сабақ мақсаты: Деректер негізінде ортағасырлық қоғамның ерекшеліктерін анықтау.......
Пән: Дүниежүзі тарихы Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Рим империясының құлауы Сабақтың тақырыбы: Княгиня Ольганың Константинопольге сапары Киев Русін қалай өзгертті Оқу мақсаттары: Византияның дипломатиялық саясатын оның көршілес елдермен қарым-қатынасының мысалында қарастырып, сипаттау Сабақтың мақсаттары: Шығыс Рим империясының сыртқы саясатын сипаттап, оның ұзақ өмір сүру себептерін түсіндіреді ......
Пән: Дүниежүзі тарихы Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Рим империясының құлауы Сабақтың тақырыбы: Кіріспе. Неліктен Батыс Рим империясы құлады Оқу мақсаттары: «Ерте, орта, кейінгі орта ғасырлар» хронологиялық шегін білу және уақыт сызығында белгілеу Рим империясының ыдырау себептерін анықтау және жіктеу Сабақтың мақсаттары:Орта ғасырлар кезеңдерінің ерекшеліктерін сипаттайды; Батыс Рим империясы ыдырауының себептерін анықтайды және топтастырады......
Пән: Дүниежүзі тарихы Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Ислам тарихы Сабақ тақырыбы: Исламның тарихында 610 және 1258 жылдар аралығында қандай басты оқиғалар орын алды Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): 6.3.2.5 ортағасырлық шапқыншылықтар кезіндегі халықаралық қатынастардың сипатын түсіндіру Жетістік критерийі: • Арабтар тарихындағы негізгі оқиғаларды уақыт сызығында көрсету • Өз таңдауын аргументпен бекітіп, мысал келтіреді • Өзгерістерді экономикалық, саяси, мәдени, әлеуметтік топтарға бөледі • Қорытынды жасайды. Сабақ мақсаты: Исламның тарихында 610 және 1258 жылдар аралығында қандай басты оқиғалардың арабтар өміріне әкелген өзгерістер мен әсерлерін анықтайды.......
Пән: Дүниежүзі тарихы Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Ислам тарихы Сабақ тақырыбы: Неліктен VIII-XII ғғ. ислам мәдениетінің "алтын ғасыры" деп атайды 1-сабақ Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме): тарихи оқиғалардың өзара байланысын орнату арқылы діндерің әлемдік мәдениетке ықпалын анықтау Шығыстың ортағасырлық мәдениетінің ерекшеліктерін сипаттау Сабақ мақсаттары: Шығыс ғалымдарының жетістіктерінің маңыздылығын түсіндіріңіз......
«Ел болуға өзінің тілі, діні, салты мен әдебиеті-мәдениеті бар ел ғана тұғырлы бола алатындығын біз ұмытпауға тиіспіз.» -деген А.Байтұрсынұлы. Танымдық белсенділікті арттырып, өз пікірін тұжырымды түрде еркін сөйлеуге, өзіне сенімді болуға өзгенің пікірін тыңдап, бірін- бірі құрметтеп, өз тілінде құлаштай еркін сөйлейтін саналы ұрпақ тәрбиелеу бүгінгі ел еншісі болып отыр. Сол саналы ұрпақтың жарқын болашағын жасампаз ету үшін біз білімді азаматтардың ең негізгі парасаттарын міндеттеуіміз қажет.
Ұлт болып ұйысып, ел болып еңсемізді тіктейтін кезеңде қолға алар ісіміздің бірі-бүгінгі жас буын өкілі. Бүгінгі таңда мемлекетіміз өз егесін алып, өзінің дербес мемлекеттігін қалыптастыруда. Болашақ еліміздің ұрпаққа деген сабақтастығынан туындайтын дүние болғандықтан әр халықтың болашағы саналы ұрпаққа тәуелді екендігі даусыз мәселе.
Ел басымыздың биылғы жылды «Жастар жылы» деп жариялауының өзі жай емес. Ұлттың барша мұрасы саналы да салиқалы ұрпаққа аманат етіледі. Ал жастар оны өнбойына сақтамаса, өзімізден кейінгі ұрпаққа буын сабақтастырып кетпесе, біртіндеп сол ұлттың атауы да өшіп жоғалатыны туралы алаш қайраткері Мағжанның атап кеткені бекер емес екені белгілі.
Бүгінгі педагогика ғылымдырының алдында тұрған зор міндеттердің бірі-саналы ұрпақ тәрбиелеу, жастардың қоғамдық өмірден еш уақыт қол үзбей, өз елін сүюге, салт- дәстүр, әдет- ғұрпын сақтауға,өз тілін мақтан ете отырып өзге тілді меңгеруге ықпал жасау. Ғылыми жаңғыру, жаhандану заманға сай өз үлестерін қосу, Ел болашағын әлемге таныту бүгінгі ұрпақпың үлесінде. Еліміздің тұңғыш президенті Елбасы Н.Ә. Назарбаев «Бүгінгі өскелең ұрпақымыз білімді, жан-жақты дамыған, бірнеше тілді меңгерген, нағыз өз елін сүйетін, ұлт танымды азамат болуы керек.»-деп атап өтті......
Мақсат. Қыран құс ұшар шыңының ең биігіне жеткенде қанатын айқара жаяды. Қасқыр отарға шапқанда, бүкіл қойдың біразын бауыздап, айналаны қызыл қан қылып, қырып салып, ішінен біреуін таңдап жейді. Ал, адам ше? Адам мақсатқа жеткенде қалай рақаттанады? Мақсатқа жеткендегі жеңіс дәмі қаншалықты тәтті? Неліктен қиналып қол жеткізген табыс жаныңа жақынырақ, басқа жетістіктерден маңыздырақ болады? Мысалы, мен биыл тоғызыншы оқу жылын бастадым. Биылғы оқу жылын байқаумен бастау менің қысқа мерзімді мақсатым немесе қысқа дистанциядағы марафоным. Өмір адамды жарыста ғана өсіре ме? Әлде табысқа жету деген - күштілігіңді, ептілігіңді, қабілет - дарыныңды, тіпті мүмкіндігіңді көрсететін меже ме? Дәл солай сияқты көремін.
Ендеше, әр мақсаттың өз шыңы, оған жетудің өз жолы болатыны анық. Еңбекпен жеткен жеңіс – Хан Тәңірі де, көмекпен, демеумен, итермелеумен қолға жүсірген табыс – жай ғана қоңыр төбе. Менің осы жылдарда тындырған істерім – өзім үшін, еңбек етіп жүрген ортам үшін қандай да бір табысқа қол жеткізгендігімнің нәтижесі. Мен бұдан қандай ләззат алдым? Өстім, бұл – анық. Бірақ адам қалпымды қаншалықты сақтай аламын? Енді «бәрін білдім, үйрендім, толдым»,- демеймін бе? Жеңістің тәтті дәміне масайрап кеткен адамдар жайында естіп, кинодан көріп, ғаламтордан танып жүрмін. Бұл байқау мұғалімге не үшін керек дерсіз? Өзім үшін! Не істеп жүргенімді өзім білмейтін, құр статистика құрбаны болып жүрген уақыттарда болды. Уақыттан да ұялу қажет. Менің қазіргі мақсатым – өзімді-өзім жетілдіріп, алдымда отырған Қазақстанның болашақ жастарын адами қасиеттерге ие азамат(ша) қылып тәрбиелеп шығару. .....
Өмір... Сірә, өмір жайлы толғанбаған, сырлы қаламымен жырламаған ақын-жазушы дүниеде жоқ шығар. Талай ғасырдан бері «дүние қалай пайда болды, адам қалай жаратылды, өмірдің мәні неде?» деген сұрақтар адамзатты мазалағаны даусыз. Ол туралы философтар, ғалымдар, саясаткерлер бір-бірінен ерекшеленетін тұжырымдар келтірген. Менде өзімнің өмірге көзқарасымды, өмірдің мәні неде екенін айта кетейін.
Ештеңені ойламай, алаңсыз, уайымсыз күн кешіп жүрген балалық шағым. Әжемнің ертегісін тыңдап, атамның ақылын есте сақтап, әкеме еліктеп, анама еркелеп, бауырларыма қамқор болып жүрген бақытты кезім. Ауылдың таза ауасын жұтып, достарыммен ойнап, өрістен қайтқан малдарды тамашалап, күннің ыстығына қарамай қызық қуып кететін шаттыққа толы балалық шағым. Қолыма гүл алып мектептің табалдырығын аттаған қорқыныш пен қызыққа толы сәт, сыныптастарыммен жарысып, мұғалімнің тәлімін алып, білім қуған кез. Бәрі өткеннің еншісінде. Қайта айналып келмейді. Өйткені, бұл өмір. Ал, «өмір» деген не? Біріншіден, тоқтаусыз зымырап жатқан алтын уақыт. Екіншіден, күнделікті күйбең тіршілік. Үшіншіден, отбасы, мектеп, жұмысты ойлап өтіп жатқан күнің... Сіздің өміріңіз қалай өтуде? Осы жасыңызға дейін істеген істеріңіз, уақытыңызды қалай жұмсап жатқаныңыз жайлы ойланасыз ба?
Адам адам болып жаратылғаннан бері біраз уақыт өтті. Сол уақыт аралығында адамзат соғыс, жұт, табиғи апат және басқа да қиыншылықтарды басынан өткізді. Өз қолдарымен жасалған әрекет қаншама. Осыдан кім қандай пайда көрді? Олар үшін өмірдің мәні неде?
Адамдардың армандары, мақсаттары, қалаулары әр түрлі болады. Біреуі – бай болсам, менің атымды дүниежүзі білсе екен, екіншісі – адамдарға қалай көмек көрсетсем, оларды таза жолға түсірсем екен десе, үшіншісі – тек бір сәттік ләзатты іздеп, ойын-сауықтан қуаныш табады. Олар үшін өмірдің мәні осылар. Және өздерінің арман-мақсаттарына жеткеннен кейін риза болып, қанағаттанбайды. Не себепті? Сіз сол жайында ойланып көрдіңіз бе?.....
«Ана, мама» сөзінің кереметтілігін ешкім түсіне бермейді. Ол сөзге ие болуға кез –келген әйел адамның қолынан келмейді. Неге дейсізбе?
Мен ес білгеннен балалар үйінде болдым. Қазір мен үйдемін. Менің анам, әкем бар. Мен отбасындамын. Ағам екеуміз балалар үйінде болғанда ата-анамыздың болғанын қатты қалайтынбыз. Міне, сол тілегімздің орындалғанына 4 жыл болды.
АНА. Ол керемет жан. Анам бізді құшақтап иіскегенді жақсы көреді. Барлығы анамды жас дейді. Ол кісінің жасы бізді алғанда жиырма алтыда ғана болған. «Біз өскен сайын бізбен өскендей боламын», - дейді анашым. Ол кісінің қолы бізге мамықтай көрінеді. Анашымның даусы таңғы құстардың әніндей, ал оның шашының иісі таудан аққан судың иісіндей ерекше.
Анашым ертегідегі ханшайымдар секілді. Ертегі әлемінде жүрген періште секілді. Таң атқанымен тырпылдап біз үшін ас даярлап, бізді нәзік даусымен оятып, жұмысына асығады. Анашым- біздің өмірлік ұстазымыз. Ол - бізге ғана емес барлық мектептегі оқушыларға да ұстаз. Ол – мұғалім. Барлық балалар менің анашымды жақсы көреді. Анашымды барлығы құшақтауға асығады, кейде менің іштегі қызғанышым оянып кетеді.
Әкеміз анашымды «Алланың берген мақтауы» дейді. Сол мақтауды ешқашан жоғалтпай құрметтей білуіміз керек дейді. Ол құрметтің белгісі әкеміздің де анамызды қатты құрметтеуі. Жақында тағыда отбасымыз толықты. Өзіміз сияқты тағы бір баланы отбасымызға алдық. Маған осы кезде ұнағаны анамыз бен әкеміздің бізбен ақылдаса отырып шешім қабылдағаны. Анам әр кез бізге ақылдасуды, ақыл сұрауды үйретеді. Ол сұрағанның ұяты жоқ дейді. Анашымның осы сөздерін ойлай отыра мен анамды ұлы қазақ ақыны Абай атамыздай елестетіп санаймын. Анашымыз - біздің ғұламамыз......