Тәрбие сағаттың мақсаты: «Еңбек» адамгершілік құндылығы туралы түсініктерін кеңейту. Тәрбие сағаттың міндеттері: - еңбектің адам өміріндегі мәні туралы түсінік беру; - еңбек етуге қызығушылықтарын дамыту; - еңбексүйгіштікке тәрбиелеу; Көрнекі құралдар: Сара Назарбаева туралы бейнефильм, фотосуреттері, үнтаспа, «Қайдан келдің бауырсақ?» өлеңі бойынша сахналауға арналған құралдар, презентациялар, түрлі-түсті суреттер, жүрекшелер.
Мақал-мәтелдер – халық даналығының қазына байлығы. Олар ғасырлар бойы қалыптасып, сол халықпен мәңгі бақи бірге жасап, біте қайнасып кеткен дүние. Сондықтан да оны жұртшылық жадына сақтап, өзінің күнделікті өмірінде, өзара қарым-қатынасында пайдаланады. Мақал мен мәтелге бай халықтың бірі – қазақ халқы. Қазақ халқының мақал-мәтелдерінің шығу тегі жөнінде айтар болсақ, А.Байтұрсынұлы: «Мақал да тақпаққа жақын салт-санасына сәйкес айтылған пікірлер. Тақпақтан гөрі мақал маңызы шын келеді. Мәтел дегеніміз кесегімен айтылатын белгілі-белгілі сөздер. Мәтел мақалға жақын болады. Бірақ мақал тәжірибеден шыққан ақиқат түрінде айтылады. Мәтел....
Біздің ата-бабамыз түрлі қанқұйлы соғысты басынан өткерді. Олардың ең соңғысы – Ұлы Отан соғысы болды. Олардың соғысқа қатысқандағы мақсаты – ұрпақтарының, яғни, біздердің жақсы өмір сүруімізді, бейбітшілікте өмір сүруімізді қалады. Осылайша, аттың жалында, түйенің қомында жүріп, біздерге бейбіт өмірді орнатып берді. Уақыт өткен сайын аталарымыз сыйлаған Жеңістің маңызы артып келеді. Олар көрсеткен ерліктері бүгінгі ұрпаққа өнеге. Отансүйгіштік қасиет әркезде де қастерлеуге тұратын қасиеттердің бірі. Осы ұғым біздің үлкен құндылығымыз болуы керек деп ойлаймын. Тек майданда ғана емес, тылда жұмыс істегендердің де еңбегін жоғары.....
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына кезекті Жолдауын арнады. Мемлекет басшысының Жолдауы – бірнеше бағытқа бөлінген кешенді жоспарлардың жиынтығы. Жолдаудың бірінші бөлімі алдыңғы қатарлы 30 мемлекеттің тізіміне ену мәселесіне бағытталды. Мұндағы басты күш экономикаға тиесілі. Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының жұмыс барысын елімізге енгізіп, жалпы ішкі өнімнің көрсеткішін жыл сайын 4 пайызға арттыру қажет. Инвестиция көзін екі есеге көбейтіп, ғылыми жобаларды қаржыландыруды 3 пайызға арттыруымыз тиіс. 2050 жылға дейін шағын және орта бизнестің үлесі жалпы ішкі өнімнің басым бөлігін......