Информатика | Қонақ үй жұмысы Программада келесі мәселелер қарастырылуы керек

Әртүрлі ұйымдардың табысты жұмыс жасауы үшін ақпаратты жүйенің дамығанын талап етеді. Сонда сол деректермен автоматтандырылған жинауды, өңдеуді және монипуляциялауды іске асырады.
Мәліметтер базасы деп, деректердің электрондық сақтаушысын айтады. Оларға қатынас, бір немесе бірнеше компьютерлер көмегімен іске асады. Әдетте деректер базасы деректерді сақтау үшін жасалады.
Мәліметтер базасы – ақпаратты сақтауды және де мәліметтерге ыңғайлы, тез кіруді қамтамасыз етеді. Мәліметтер базасы өзінен белгілі бір ережелерге сай құрылған деректер жиынтығын құрайды. Деректер базасындағы ақпарат :
• қайшылықсыз
• артықсыз
• тұтас
болуы керек.
Мәліметтер базасын басқару жүйесі деректер базасын құруға, толтыруға, жаңартқанға, жоюға арналған программалық жабдық болып табылады.
DELPHI жүйесі деректер базасын басқару жүйесі болып табылмайды, егер сөздің тура мағынасын алатын болсақ, бірақ толық МББЖ ( мәліметтер базасын басқару жүйесі) мүмкіндіктеріне ие. Ұсынылып отырған DELPHI құралы локальдік және тораптық деректер базасын құрып, және оның ішінде жұмыс істеуге және кез-келген деректер базасымен жұмыс істей алатын қолданба құруға мүмкіндік береді .
Локальді МББЖ барлық бөліктері қолданушы компьютерінің деректер базасында орналасады. Егер бір мәліметтер базасына бірнеше қолданушылар бір мезгілде қатынас жасаса, әрбір қолданушының компьютерінде өзінің локальді МББЖ-нің көшірмесі болуы керек.
Тораптық МББЖ-ге файл-серверлік, клиент-серверлік, бөлінген МББЖ-лар жатады. Осы жүйенің негізгі атрибуты болып, торап саналады. Торап−бірнеше компьютерлерді байланастырып, бір дерекпен бірнеше қолданушылардың корпоративті жұмысын қамтамасыз етеді.
Көпқолданбалы МББЖ ақпараттық жүйе құруға мүмкіндік береді. Көпқолданбалы МББЖ-леріне: Oracle,Informix, SyBase, Microsoft SQL Server,
InterBase және т.б жатады.
DELPHI-ді кәдімгі МББЖ деп айтуға, оның өзінің кестелік форматының болмауы ( деректерді сипаттау тілі ) бөгет жасайды. Сондықтан ол басқа МББЖ кестелік форматын қолданады. Мысалы: dBase , Paradox , InterBase .
Бұны бірақ та жетіспеушілігі деп те айтуға болмайды, себебі аталған форматтар өздерін жақсы қолданушылық қабілетін көрсетті. Сонда да DELPHI мүмкіншіліктері арнайы МББЖ мүмкіншіліктерінен қалыспайды, кей-кезде олардан асып та тұрады.
МББЖ дегеніміз бағдарламалық қамтама. Бұның арқасында қолданушылар деректер базасын (ДБ) анықтай, құрай және қолдай алады, сонымен қатар оған қатынасты бақылай алады.....
Курстық жұмыстар
Толық

Педагогика | Кiшi мектеп жасындағы оқушыларды ұжымдық iс әрекетi

Зерттеу көкейтестілігі: Қоғамның ең жоғарғы құндылығы –адам. Қазақстан Республикасында жүріп жатқан саяси, әлеуметтік, экономикалық демократиялық өзгерістер сол құндылық деп бағаланып отырған адамның деп қайта түлеуі, игілігі үшін жасалуда.
Адамгершілік құндылықтар ғасырлар бойы халық- тәлім тәрбиесінің өзегінің бірі бола отырып, адамдық келбетін сақтау, дамытуға өзек болды.
Қазіргі кездегі адамгершіліктің, құндылықтың кемуі жаман мінез-құлықтың өрістеуіне, әділетсіз істер мен қатыгездік сияқты белең алды.
Қазақстан Республикасының «Білім беру» заңында ұлттық және жалпы адамзаттық қазыналар, ғылым мен практиканың жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыру және дамыту үшін арнайы жағдайлар жасау білім беру жүйесінің басты міндеті деп көрсетілген. Сондықтан, бүгінгі таңда рухани-адамгершіліктер арқылы адамгершілітер арқылы адамгершіліктік сана, сезім, мінез-құлықтарды тәрбиелеуде адамгершіліктің құндылықтарда орнықтыру әрбір мектеп нысанасына айналады.
¤ткеннің тәжірибесін адамның төл бойына дарыту озық өнегелі рухани дәстүрлі жалғастыру арқылы ұрпақтар сабақтастығының тарихи процесі жүріп отырады. Бұл процессіз қоғамның өркениетті елдер деңгейіне жетуі мүмкін емес.
Еліміз зайырлы мемлекет. Зайырлы болу деген дінсіз болу деген сөз емес. Халықтың дамуында діни негізінде адамгершіліктер қарастырылған. Сондықтан, адамгершілік бастаулары діни негізде руханилықта дамып, адамгершіліктік кемелденуіне көмектесіп отырғаны белгілі.
Ежелден Әл-Фараби, Абай, Шоқан, Ыбырай және тағы басқа қазақ зиялыларының еңбектері адамгершілік мұраттарға толы.
Адамгершілікке қатысты халықтық, діни озық құндылықтарды пайдалана отырып, ұрпақ тәрбиелеу арасындағы туындаған қайшылықтарды зерттеп отырған тақырыбымыздың проблемасы болып табылады. «Кіші мектеп жасындағы оқушыларды рухани-адамгершілікке тәрбиелеу» деп дипломдық жұмыс тақырыбын алуға негіз болды.
Зерттеу мақсаты: Рухани-адамгершілік құндылықтар арқылы кіші мектеп жасындағы оқушыларды тәрбиелеудің мүмкіндіктерін негіздеу.
Зерттеу обьектісі – кіші мектеп жасындағы оқушыларына адамгерішіліктік тәрбие беру процесі.
Зерттеу пәні: оқу-тәрбие процесінде рухани-адамгершіліктік құндылықтар арқылы оқушыларды тәрбиелеу.
Зерттеу міндеттері – халықтық тәлім-тәрбиенің озық дәстүрлері және адамгершілік туралы педагогикалық, психологиялық еңбектердегі адамгершілікке қатысты материалдарды талдау;
- қазақ халқының тәлім-тәрбиесіндегі тарихи-әлеуметтік, мәдени дамуындағы адамгершілік тәрбиесінің алатын орнын, мәнін, қазіргі кездегі проблемасын, тәрбиелік мүмкіндіктерін айқындау; ....
Курстық жұмыстар
Толық

Информатика | Кадрлар бөлімі

Менің “Кадрлар бөлімі” атты курстық жұмысымның мақсаты-белгілі бір ұйымның және мекеме кадрлар бөлімі қызметінің жұмысын автоматтандыру. Бұл жүйе ұйымның бірыңғай мәліметтер қорының көп пайдаланушылық мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, қызметкерлер арасындағы міндеттерді үлестіруді рұқсат ететін бірнеше пайдаланушылардың бір мезгілде ақпаратпен жұмысының мүмкіндігін береді. Мысалы, жаңа қызметкерлерді тіркеу, ақпарат модификациясы, іздеу, есеп беруді ұйымдастыру және т.б. Көп пайдаланушы режиммен жұмыс істеу барысында ақпаратты алу құқығы тағайындалады. Мысалы, тек кадрлар бөлімінің бастығы ғана завод цехтарының анықтамаларын редакциялай алады. Алайда, жүйе жұмыстың жергілікті нұсқада да- бір жұмыс орындағы мүмкіндігін шектемейді.
“Кадрлар бөлімі” программасы жеткілікті түрде абстрактілі кәсіпорынның кадрлар бөлімі қызметкерлерінің жұмысын жеңілдетуге бағытталған. Біршама ескішілдікке негізделген, сонымен бірге ең үлкен жауапкершілікті талап ететін процестер болып төмендегілер табылады:
- Жұмысшының жеке тіркеу карточкасына метрикасын енгізу;
- Кадрлар бөлімі архивын жүргізу;
- Жұмысшылардың жеке мағлұматтары жайлы түрлі есептер дайындау (стаж,жалақы).
Ол үшін алдымен жұмысшының жеке карточкасы жүргізіледі. Оған жұмысшы жайлы барлық керек мәліметтер енгізіледі. Ары қарай енгізілген ақпаратпен жұмыс жүреді (түзету, іздеу, жою). Архив негізінен жұмыстан шығарылған қызметкерлердің жеке карточкаларынан тұрады. Себебі, заң бойынша жұмыстан шығарылғаннан кейін қызметкер жайлы жеке мәліметтер кем дегенде 3 жылдай сақталуы қажет.
Қосымша мәліметтер қорының сөздігі ақпаратпен толтырылып отырады. Берілген контексте сөздік- қандай да бір біртипті ақпараттың анықтамасы болып табылады. Мысалы, институттар справочнигі, райондар мен көшелер справочнигі. Жаңа ақпарат енгізу кезінде пайдаланушы анықтамалардан кез- келген мәліметтерді таңдап ала алады немесе оны жаңа мәліметтермен толтыра алады.
Кадрлар бөлімі архивына тура немесе жанама түрде қосымша операциялар қатары жүгінеді (бухгалтерия, материалдық бөлім, есеп және өнімді өңдеу).
Еңбек шартын жеңілдету- негізінен берілген мәліметтер, программаның көмегімен ұжымның архивті жүргізу процесін автоматтандыруының арқасында жүреді. Іс жүзінде, жеке карточкалар және архивпен жұмыс- мәліметтер қорымен жұмыс істеудің нақты әрі ыңғайлы процесіне айналады. Бұл жұмысты едәуір жеңілдетіп, қателерді болдырмайды. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Информатика | Кадрларды іріктеу проблемасының тарихи аспектісі

Кез келген ұжымдағы кадрлар таңдау бөлімшесінің және сол ұжым басқарушыларының жұмысы – қызметкерлерді іздеумен, іріктеумен әрқашан байланысты болады. Кадрларды іріктеу – бұл басқару ісіндегі негізгі функцияларының бірі болып табылады. Себебі адамдар ұжымдағы бар ресурстарынын қомақты түрде пайдаланып қана қоймай, оның экономикалық көрсеткіштеріне және бәсекелестікке тікелей әсер етеді.
Қызметкерлер кез келен ұжымның негізгі қозғаушы күші болып табылады. Көп жағдайда басқарушы – қаржылық, өнім шығару, материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету немесе дайын өнім сату мәселелеріне басты назар аударады, ал осы жұмыстарды жасайтын адамдарға көңіл бөлмейді.
Кадрларды іріктеу кезіндегі кеткен қателіктер, әсіресе басқарушы орынға кадрларды таңдағанда, бүкіл ұжымға ғана зиянын келтіріп қоймай, сонымен қатар жұмыс іздеуші мамандарға да кері әсерін тигізеді.
Бір жағынан, жаңа кадрларды іріктеген кездегі жұмысының дұрыс жүргізілмеуі нәтижесінде болатын – кәсіпорындағы апат, бұрыс шешімдер, ақаулар - шығының тек бір бөлігін ғана қамтыса, ал екінші жағынан іріктеу кезіндегі кадлар бөлімшесінің жұмыстарының дұрыс ұйымдастырмауы нәтижесінде – нағыз профессионалды мамандардың іріктеуден бір, екі, үш рет өтпей (қайта өзінің квалификациясы және басқа да көрсеткіштері таңдап алынған жұмыскердің көрсеткіштерінен асып жатса да), өз күшіне деген бар үмітін жоғалтып, содан барып олар өзінде бар профессионалдық іскерлігіне төмен баға беріп, төмен ақысы төленетін жұмысқа орналасады, сонымен қатар өзінде бар профессионалды қасиетін төмендетуге мәжбүр болып қалады.
Мұның бәрі біздің еліміздегі білім алу деңгейі мен кәсіби даярлауына және көптеген жұмысы жоқ мамандардың ахуалына кері әсерін тигізеді.
Барлық деңгейдегі басқарушылар кадрларды дұрыс іздеу мен іріктеудің маңыздылығын түсіне білу керек және бұл әрекетерде қолданатын технологияларын түсініп қана қоймай, оны дамытып, өрбітіп жаңартып отыру керек.
Адам ресурстарының сапалығы, олардың осы ұйымның мақсатқа жетуіндегі және өндірілетін өнімнің сапалы болуындағы немесе қызмет көрсетуіндегі үлесі - персоналды іріктеу жұмысының дұрыс, тиянақты жүргізілуіне тікелей байланысты.....
Курстық жұмыстар
Толық

Экономика | Инфляциямен күресу шараларын жетілдіру жолдары

Курстық жұмыстың өзектілігі: Қазіргі таңда инфляция Қазақстан Республикасының ең өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Еліміздің президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 19-сәуір, 2006 жылы айтқандай: «2002-2005 жылдары жыл сайынғы шығын 27,5 пайызды құраса, ақшамен есептегенде ішкі жалпы өнімнің өсуі 53,2 пайызды құраған. Экономиканың қызуы көтеріле бастағанын біз сезіп отырмыз», соған қарағанда кейбір экономистердің айтып жүрген пікірлері бекер емес: «инфляция ырыққа көнбейтін деңгейге жетеді, экономиканың қызуы көтеріледі, яғни Қазақстан «Голланд ауруының» алдында тұр». Сонымен енді Қазақстанда тез арада шешуге қажетті пробемалардың бірі – инфляция. /1, 7б./
Курстық жұмыстың мақсаты – инфляцияның пайда болатын себептерін толығымен анықтап және баға беріп, одан туатын салдарымен күресудің жаңа жолдарын іздестіру.
Курстық жұмыстың міндеттері:
- инфляцияның әлеуметтік-экономикалық құбылысқа әсерін анықтау;
- ҚР инфляциялық жағдайын талдау;
- инфляция мәселелерін талдаудағы перспективаларын қарастыру.
Экономикалық құбылыс ретінде инфляция көптен бері өмір сүріп келеді. Оны тіпті ақшаның қызметімен тығыз байланысты деп санайды. «Инфляция» термині (латынның inflasio сөзінен шыққан – кебіну, ісіну) ақша айналысына қатысты ХІХ ғасырдың орта шенінде пайда болды және АҚШ – тың Азамат соғысы жылдары (1861-1865) қағаз долларының қисапсыз көп шығарылуымен байланысты болды. ХІХ ғасырда бұл термин сондай-ақ Англия мен Францияда қолданылды. Экономикалық әдебиеттерде инфляция ұғымы ХХ ғасырда бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін кеңінен таралды, ал бұрынғы кеңестік экономикалық әдебиеттерде 20-жылдары жазыла бастады.
Сонымен, инфляция дегеніміз – бағалардың жалпы өсуі, табыстардың құнсыздануы. Елдегі тауар рыноктарының көбінде тепе – тендік бұзылса, бағалар тоқтаусыз өседі. Инфляция – бұл жалпы ұсыныс пен сұраным ұсынымнан артық болса, бұл тауарға баға деңгейі өседі. Бірақ мұндай жекелеген нарық сәйкессіздігі инфляцияны қалыптастармайды. Инфляция – бұл нарықтың көбінде сұранымның артуынан қалыптасқан тепе – теңдіктің бұзылуына байланысты пайда болған елдегі баға деңгейінің жалпы өсуі.
Инфляцияның салдары өте күрделі де көп қырлы. Қарқыны баяу инфляция баға деңгейі мен пайда нормасын өсіреді, сондықтан экономикалық жағдайын уақытша жандануына ықпал жасайтын фактор болады. Бірақ, уақыт артып инфляция тереңдегенде ол ұдайы өндірістің кедергісіне айналады, қоғамда экономикалық және әлеуметтік жағдай қиындайды.
Экономиканың интернациялануы (ұлттық шеңберден шығуы) инфляцияның бір елден екінші елге ауысуына мүмкіндік береді, бұл халықаралық валюта және төлем қатынастарын қиындатады. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Педагогика | Дидактикадағы оқыту технологиясының әдістері жайлы түсінік

Біртұтас педагогикалық процесті құраушы екі басты бірліктің біреуі - оқу поцесі. Бұл процесс өте күрделі, сипаты жағынан ол тек тәрбие және даму процестерінен кейін тұруы мүмкін. Сондықтан оған толық та жан-жақты анықтама беру қиынға соғады. Оқу процесі әр текті және табиғаты жағынан әртүрлі көптеген жағдаяттардың мың санды байланыстары мен қатынастарым қамтиды. Процесс анықтамаларының көптігі де осыдан болар.
Ежелі және ортағасырлық ойшылдардың шығармаларындан "оқу", "оқу процесі" ең алдымен мақсаты - оқушы болған оқыту қызметін (преподавание) білдірген. Ғасырымыздың басында оқу ұғымы енді осы процесті құрайтын екі бірлікті - оқыту қызметі мен оқып- үйренуді қамтитын болды. Оқыту-оқу материалын игеруте ынталандырушы мұғалімдердің қызметін ал оқып- үйрену (учение) ұсынылған білімдерді игеруге бағышталған оқушылар іс-әрекетін танытады.
Кейінгі жылдары «оқу» ұғымы оқушылардың танымдық іс-әрекет тәсілдерін қалыптастырушы мұғалімнің басқару іс-әрекетін де мұғалімдер мен оқушылардың бірлікті іс-әрекетін де андататын болды. Мұгалім мен оқушының бірлікті іс-әрекеті болған оқу процесінің мәні оқыту мен оқып үйренудің бірлігін аңдатады. Бүгінгі түсінім тұрғысынан оқу келесі белгілерімен сипатталады: 1) екі тараптылық; 2) мұғалім мен оқушының бірлікті әрекеті; 3) басқарым мұғалім тарапынан; 4) жоспарлы ұйымдасу және басқару; 5) біртұтастық және бірлік; 6) оқушылардың жас даму заңдылықтарына сәйкестік; 7) оқушылардың дамуы мен тәрбиесіне жетекшілік.
Оқу және білімдену проблемалары педагогиканың дидактика деп аталатын бөлімінде зерттеледі. «Дидактика» термині грек тілінен енген, аудармасы «үйретуші» дегенді білдіреді. Алғашқы рет бұл сөз неміс педагогы Вольфганг Ратке (1571-1635) шығармаларында қолданылып, оқыту өнері мәнін андатқан. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Педагогика | Дидактикадағы оқыту технологиясы

Дидактика өз пәні аймағында іске қосылатын заңдылықтарды зерттейді, оқу процесінің барысы мен нәтижесіне негіз болар тәуелділіктерді талдайды, жоспарланған мақсаттар мен міндеттердің орындалуын қамтамасыз етуші әдістер, ұйымдастыру формалары мсн құрал-жабдықтарын белгілейді. Осының арқасында ол екі басты функиияны атқарады: 1) теориялық (диагностика және болжастыру); 2) практнкалық (қалыпты іс-әрекет, құралдар дайындау).
Дидактика барша пәндер бойынша және оқу іс-әрекетінің барлық деигейін: орайластырылған оқу жүйесін біріктіреді. Зерттелуші болмысты қамту шеңберіне байланысты дидактика жалпы және жекеленген болы бөлінеді.Жалпы дидактшаның зерттейтін пәні: оқыту мен оны үйренуді, оларды туындатқан жағдаяттары мен оларды орындау шарттары және соның арқасында жетілетін нәтижелерімен бірге анықтау. Жекеленген (нақты) дидактика оқыту әдістемесі деп аталады. Ол әртүрлі оқу пәндерінің желісін , мазмұнын, оқыту формалары мен әдістерін қарастырады. Әр оқу пәні өз әдістемесіне ие.
Дидактикалык процесс мәнін түсіну үшін «оқу» және «оқу процесі» түсніктерінің мән-мағынасын ажыратып алған жөн. Кейде бұл категориялар тендестіріле қарастырылады. Іс жүзінде олай емес. «Оқу» түсінігі құбылысты білдіреді, ал «оқу процесі»- бұл процестің уақыт және кең етікте дамуы, оның кезеңдерінің бірізді ауысып баруы.
Ұзақ уақыттар желісінде оқу процесі негізінен оқыту қызметі ретінде қарестырылды, яғни мұғалім жұмысы деп есептелінді. Уақыт өтумен бұл түсінікке кең мағына беріліп, оқушы іс-әрекеттеріне ерекше назар аударылатын болды.
Оқу процесі - шынайы болмыстағы қиын да қыстаулы, күрделі процесс. Ол өз ішіне көптеген құрылымы, деңгейі әр текті және табиғаты бір-біріне ұқсамаған жағдаяттардың сан қилы байлаиыстары мен қатынастарын қамтиды. Сондықтан да оқу процесі» түсінігіне толық және жан-жақты анықтама беру қиындау. Солай да болса. қазіргі педагогика ғылымында «оқу процесі» ұғымына орай келесідей анықтама қабылданған: «оқу процесі - бұл барысында білім беру, игеру, тәрбиеліу және дамьпу міндеттерін іске асыруға бағытталған оқытушы мен оқушы арасындағы мақсат бағдарлы өзара байланысты іс -әрекет».
Оқу процесі екі тарапты сипатқа ие. Оныц құрамы өзара табиғи байланыстағы екі түрлі әрекеттен тұрады: оқыту - мұғалімнің оқу материалын меңгеруге орай ұйымдастыратын оқу-үйрету іс-әрекеттері және оқып үйрену - білім меңгеру мақсатындағы оқушының іс-әрекеттері. Бұл екеуі арасындағы байланыстырушы тетік - бірлікті іс-әрекеттерді жанамаластыратын оқу мазмұны....
Курстық жұмыстар
Толық

Қазақ тілі | Диалог түрінде сөйлеуге үйрету

Зерттеудің өзектілігі. Қазақ тіл білімі ғылымында жалпы ауызекі сөйлеу тілі және оның диалогтегі көрінісі, олардың тілдік сипаттары мен түрлері бірқатар зерттеулердің нысаны болғанмен, ауызекі диалог пен көркем диалог, олардың стильдік ерекшеліктері осы күнге дейін бір концепция тұрғысынан арнайы зерттелген емес.
Диалог теориясының негізін жалпы тіл білімінде Ш. Балли, Л.В.Щерба, Л.П.Якубинский, Е.Д.Поливанов, В.Н.Волошинов, В.В.Виноградов, М.И.Бахтин, Ю.В.Рождественский т.б. сынды лингвистердің қалағаны белгілі. Ал, қазақ тіл білімінде диалог мәселесін алғаш рет қазақ тіл танымының негізін салушылар А.Байтұрсынұлы мен Қ.Жұбанов көтерген болатын.
Ауызекі сөйлеу тілінің айтылуы мен жазба тілде қолданылуы бірдей емес. Жазба тілде ой стильдің өзіне тән, оған қажетті сөздерімен жүйеленіп, бір жақты баяндалып отырса, сөйлеу тілінде тыңдаушыларға лайықтанып, жазба тілдік үлгіден ауытқып отырады, дыбысталудағы сөйлеу тілінің жазба тілден өзгешелігі сөйлеу тілінің ауызша формасында іске асады.
Ауызекі сөйлеу барысында сөйлеуші алдына қандай мақсат қойса да, ол қашанда тыңдаушы реакциясын күтеді. Бұл тағы да коммуникативті процесті сөйлеуші интенциясы мен тыңдаушы реакциясымен санаса отырып зерттеу керек екенін нақтылай түседі. Сөйлеуші өзі үшін ғана емес, басқалар үшін сөйлейді.
Ауызекі сөйлеуде тілдің қатысымдық қызметі айқын көрінеді. Ауызекі сөздің диалог түрінде жұмсалуы оның лексикалық құрамы мен синтаксистік құрылысына әсерін тигізеді.
Диалогке құрылған сөйлеу тілінде лексика мен синтаксистің ауызекі және кітаби,стилішілік және стильаралық құралдарының бір мезгілде өзара жақын әрі қарама-қарсы екі тип ретінде жіктелуін зерттеу, сонымен қатар, олардың өзара қарым-қатынасы мен қызметін анықтау мәселесі шешімін табуға тиісті маңызды мәселелердің қатарына жатады.
Зерттеуде диалогке тән «сөз - белгілерді» әр түрлі қырынан алып қаралады. Диалогті құрастырушы компоненттер ретінде оларды орналасу қызметіне қарай сөз бастаушы, байланыстырушы, мақұлдаушы, әр түрлі эмоцияларды жеткізуші, бағалаушы, нақтылаушы, қолдаушы деп бірнеше түрлерге бөлуге болады. Бұл бірліктерді диалогтің құрылымдық-мазмұндық аспектісі тұрғысынан және одан жоғары қатысым стратегиясы тұрғысынан қызметтерін анықтауға, бағалауға болады. Мәселен, қолдаушы мақсаттағы сөз-сигналдарды сөйлеуші де, тыңдаушы да қолдана алады. Тыңдаушы қолдаушы мәнді сөз- сигналдарын ынтымақтастық принципіне сай қарым-қатынас, сыпайылық этикетін сақтау үшін, қарым-қатынас стратегиясын дамыту үшін қолданады. Сөйлеу тілінде сөйлеушілердің осы мақсатын жүзеге
асыруға қалыптасқан, дағдыланған сөз-сигналдары – сөйлесім түрлері бар. Олар ешқандай хабар жеткізбесе де, сөйлеушілер арасында сенімді қарым-қатынасты қалыптастырып, тыңдаушының әңгімелесуге белсенді түрде араласып, сол арқылы сөйлеушіге қозғаушы күш беруіне көмектеседі. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Тарих | Дәстүрлі емес сабақ және оның өту жолдарын ашып көрсету

Жұмыстың мақсаты:
Дәстүрлі емес сабақ және оның өту жолдарын ашып көрсету
Жұмыстың мақсатына қарай төмендегі міндеттер алға қойылады:
- Дәстүрлі емес сабақтардың әдістерін көрсету;
- Сабақ барыстарын ұйымдастыру жолдарына тоқталу;
- Ойын сабағын ұйымдастыра білу;
- Өлкетануды оқытудың бағыттарына тоқталу;

Сабақтың барысында, үнемі емес, ішінара оқытудың ойын түрін ұйымдастырып отыру баланың белсенділігін арттырып, баланың сабаққа деген сүйіспеншілігін арттырады. Сонымен қатар дәстүрлі емес мысалы, арнайы экскурсия ұйымдастырып музейлерге немесе архивтерге де барып тұру тиімді. Кей жағдайда тарихи кинолар болып жатқан кинотеатрларға да барып тұру қажет. Мұндай әрекеттер баланың қызығушылығын арттырады. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Биология | Дәрілік өсімдіктер

Қазақстанның өсімдік әлемі әр түрлі пайдалы өсімдіктерге бай, оның ішінде дәрілік өсімдіктердің алатын орны ерекше. Дәрілік препараттардың 40 пайызынан астамы дәрілік өсімдіктерден жасалған. Шөптерден жасалынған препараттардың химиялық құрамы адамға улы әсерінің аздығымен және көп мөлшерде пайдалануға болатын қасиетімен ерекшеленеді.
Дәрілік өсімдіктердің шипалы қасиеттері ерте заманнан (Египет, Үндістан, Қытай, Греция) белгілі. Дәрілік шөптер әлемі әлі де болса толық зерттелген жоқ. Бұл жағынан келгенде Қазақстан құпиясы мол “шипалы қойма” іспеттес. Оңтүстік қазақстанның бай және әртүрлі дәрілік шөптерге бай өсімдік әлемінде 3000 –дай түрлі шөптер өседі, солардың ішінде көп мөлшерде дәрілік өсімдіктер бар.
Бұл жерде бірқатар эндемикалық өсімдіктер бар, олар дәрі жасау саласында өте маңызды роль атқарады. Бұл шөптерге: дала жусаны, тау эфедрасы, псерелея костянковая және т.б.
Басқа да дәрілік шөптер: ит ошаған, мыңжапырақ, түйме шетен, ермен, дермене, қалақай, өгейшөп, левзея, бақ – бақ, шайшөп, рауғаш, қызылтаспа, жанаргүл, жұмыршақ, долана, есек мия, ақ мия, дәрілік жоңышқа, киіккот, тасшөп, т.б.
Медицина саласының жетістіктері көбінесе дәрілік өсімдіктерге байланысты. Дәрілік өсімдіктер бұрынғы кездерде де адамға өте пайдалы болған, болып қала да береді. Кейінгі кездерде дәрілік өсімдіктерге деген талап та біршама өсті. Дәрілік өсімдіктер адам ағзасына зиянын тигізбейді, олар үй жағдайында да адам өзі дайындап қабылдай беруіне болады. Дәрілік өсімдіктерге деген сұраныс Орта Азияда 1970-1980 жылдарда 250 пайызға өсті, оларды дайындау мүмкіншілігі – 75 пайыз, соған қарағанда дәрілік шөптердің жиналуы әлі де болса қалыпты мөлшерде емес. Қазіргі кезде медицина ғалымдары дәрілік шөптерге барынша ден қойып, әр шөптің организмге қаншалықты пайдалы екенін кеңінен дәлелдеуде. Бұл жөнінде айтарлықтай табысқа жетуде. Осындай пайдалы өсімдіктерді тексере келсе, дәрілік шөптерді мәдени түрде көбейтуге көңіл аударылуда.
Бұл жерлерде және де басқа жақтан әкелінетін жылылық сүйетін дәрілік өсімдіктерді біздің өңірге бейімдеп өсіріп жетілдіруге жағдай туғызылуда. Олардың қатарына: паслен дольчатый, өткір жапырақты кассия, дәрілік альтей, дәрілік календула, иісті рута, кәдімгі пижма, күмәнді иссоп, дәрілік валериана, мускатты жалбыз, кәдімгі фенхаль және түкті эрва, т.б. жатады.....
Курстық жұмыстар
Толық