Бухгалтерлік есеп | Кредиторлық қарыздар есебі

Кәсіпорындар мен ұйымдар өзінің шаруашылық қызметі барысында меншікті капиталымен қатар басқа қатыстырылған (тартылған) капиталды да қолданады.Бұл қатыстырылған капитал бухгалтерлік есепте міндеттемелер деп аталады.Кез келген өндіріспен айналысатын ұйым сол өнімді өндіру үшін қажетті шикізаттар мен материалдар алғаны үшін жабдықтаушы-мердігерлерінің алдында міндетті болса,саудамен айналысатын ұйымдар өзінің сататын тауарларын жеткізіп беруші,яғни қызмет көрсетуші ұйымның алдында қарыз болуы мүмкін. Тіпті өндіріспен де немесе саудамен де айналыспайтын кәсіпорындардың өзі қарамағында жұмыс істеитін жұмысшылары мен қызметкерлеріне олардың тегін еңбегі үшін, сондай-ақ бюджетке түрлі салықтар үшін қарыз немесе оның алдында міндеттемесі болуы мүмкін. Қазіргі таңда қаржының жетіспеушілігінен банктер, банктен тыс мекемелерден, шет елдерден қарыз, несие алып өздерінің жұмысын жандандырып жатқан, сондай-ақ міндеттемелерін шектен тыс көбейтіп алып, оны қайтаруға мүмкіншілігі болмай жабылып, аукционға салынып, сатылып жатқан ұйымдар көптеп кездеседі. Осы айтылған міндеттемелер есебі бухгалтерлік есептегі ең негізгі, яғни қай саладағы болмасын кәсіпорындардың көкейтесті мәселелері екендігі сөсіз. Кәсіпорындардағы міндеттемелердің есебі типтік шоттар кестесінің алтыншы міндеттемелер деп алынатын бөлім шоттарында есептеліп жүргізіледі.
60«Займдар» тармағындағы счеттарға ұлттық және шетелдік валюта түрінде банктерден және банктерге жатпайтын мекемелерден,(Қазақстан Республикасының резиденті,немесе резиденті емес) қысқа мерзімді(бір жылдан артық емес мерзімге) және ұзақ мерзімді(бір жылдан артық мерзімге) алынған займдар және басқада қатыстырылған қаражаттар жөніндегі ақпараттарды жинақтауға арналған.
60«Займдар» тармағында:
601«Банктердің қарыздары» счетында-банктерден алынған займдарды алу мен қайтару жөніндегі операциялар жүргізіледі....
Курстық жұмыстар
Толық

Информатика | Криптографиялық алгоритмдерді практика жүзінде программалау

Ақпараттық жүйе – обьектіні басқару үшін қажетті ақпаратты жинақтау, сақтау, жаңарту, тасымалдау, өңдеу және шығару жүйелері.
Ақпарат айналымын тиімді ұйымдастыру адамдардың күнделікті өмірінің табыстылығының шартына күн өткен сайын айналып келеді. Адамзат өмірінің тұрақты жұмыс істеп тұруы үшін қажетті ақпарат мөлшері өндіруші күштер көлемінің өсіунен квадрат дәреже есе көп өсіп келеді. Көптеген дамыған елдерде ақпаратты өңдеу сласында жұмыс істейтіндердің саны нақты өндірістегі жұмыс күштерінен асып түседі. Ақпараттың айналымының барлық саласында автоматтандыруды қолдану экономиканың жаңа қарқын алып, үлкен жұмыс күші ресурстарын босатуға алып келеді.
Осындай қарқынды өсім мен интенсивті айналым кезінде ақпараттың қауіпсіздігі, соның ішінде криптоәдістерді қолдану ерекше маңызға ие.
Криптология ақпаратты оны түрлендіру арқылы қорғаумен шұғылданады. Ол криптография және криптоталдау (криптоанализ) деп аталатын екі салаға бөлінеді. Бұл екі бағыттың мақсаттары қарама-қарсы.
Соған қарамастан алдыңыздағы курстық жұмыста сол бағыттарды тең қолдана отырып, мен жұмысымды сипаттамақпын.
Симметриялық шифрлау саласына жататын Вижинер кестесімен шифрлау, омофондар жүйесі және гаммалау арқылы шифрлау қазіргі заманғы ақпаратты өңдеу құралдарының дамуымен бірқатар басымдылықтарын жоғалтса бірқатар басымдықтарға ие болды.
Төмендегі жұмыста сол айырмашылықтар және өзгертулер нақты көрініс табады.
Курстық жұмыста программалар Delphi программалау ортасында жазылды. Бұл ортаның болашағы зор екенін ескере отырып, жасаған программалар уақыт ағысында өз мәнін жоймайды деп сенемін.
Программаны қолдану барынша жеңіл және түсінікті.
Осы жұмыс барысында негізгі пайдалану көзі болып табылатын ашық текст барлық өзгертілген күйінде энтропиялық анализге түсті және оны жасау үшін университет кітапханаларында бар материалды қолдандым.
Жұмысты оқып шығу (тексеру) барысында қазақ тілінде осы сала бойынша материалдардың тапшылығын ескере отырып, кейбір аударудағы ауытқулар үшін алдын ала ғафу етемін. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Педагогика | КСРО кезіндегі 1917 1945 жылдар арасындағы педагогика

Ұлы Октябрь социалистік революциясы қанауға негізделген ескі қоғамды жойып, еліміздің қоғамдың өмірінде жаңа өзгерістер жасауға кірісті. Соның бірі оқу-ағарту ісіндегі ірі өзгерістер еді. Октябрь революциясынан бұрын мектеп буржуазия үшін таптық қанаудың құралы болып келсе, енді мектепті коммунистік қоғамды құрудың құралына айналдыруды міндет ету көзделді. Барлық оқу-ағарту жүйесін революциялық түрде қайта құру міндеті Ұлы Октябрь революциясы жеңген алғашқы күндерден басталды. 1917 жылдың 9 ноябріндегі декрет бойынша, оқу-ағарту жөнінде мемлекеттік комиссия құрылды, ол еліміздегі халық ағарту ісін қайта құрудың негізін жасауға кірісті. Коммунистік партия мен Совет үкіметінің талабына сай Халық ағарту комиссары A.B. Луначарский халыққа, мұғалімдерге және оқушыларға үндеу жолдады. Бұл үндеуде Совет үкіметінің халық ағарту саласындағы міндеттері және оны ұйымдастырудың принциптері жарияланды. Ол үндеуде негізінен мынадай мәселелер сөз болды: жаппай міндетті бастауыш оқу, мектептің барльщ басқышының жалпыға бірдей болуы, мектептің дінсіз сипатта болуы, мектеп құруда жергілікті ерекшеліктермен қатар, ұлттың ерекшеліктерді ескеру, жаңа мектепті құрудың барлық мәселелерін талқылауға мұғалімдерді араластыру. Мұғалімдер де, оқушылар да жұмысшылармен, революцияшыл халықпен тығыз байланыста болуға тиіс.
Бірінші советтік Халық ағарту комиссарының қолымен жазылған алғашқы оқу-ағарту жөніндегі документтер сол кездегі революцияшыл идеялардың пафосын көрсетті. Олар: «Россия азаматтарына үндеу», «Барлық оқытушыларға», «Барлық оқушыларға» Наркомпростың шағын программасы болды. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Биофизика | Күйіс қайыратын малдың қарындарының аурулары

Ветеринария ғылымының малдың жұқпалы емес ішкі аурулар бөлімі жұқпалы емес емес ішкі аурулардың пайда болу себептерін, өту ерекшеліктерін зерттеп анықтау әдістерін ем әрекеттерінің және сақтандыру шараларын дамытып, жедел жетілдіретін пән.
Арнайы бағыттандырылған ауылшаруашылық кәсіпорындарының мал шаруашылығы өнімдерін (сүт, ет, жүн және жұмыртқа) өнеркәсіптік технологиясы бойынша өндіретін кешендерді нәтижелі пайдалану тек қана аурулардан сақтандыру бағытындағы теориялық, методологиялық және ұймдастырушылық салаларының жеткен жетістіктерін түгелдей дерлік есепке ала отырып, сонымен қатар ауру малды дара және топтық емдеуді ары қарай дамытып, жетілдіру арқылы іс жүзіне асыруға болады. Соған байланысты малды түрлі жағдайларда аурулардан сақтап қалу үшін жоспардың негізгісі ретінде диспансеризация жүргізу ұсынылады.
Кей аурулардың, әсіресе зат алмасуының бұзылуынан сақтау, топтан сақтық ем жүргізу әдістерін қолданғанда ғана жақсы нәтиже береді. Сапасыз және ылғи азықтың бір түрімен ғана азықтырғандырғанынан пайда болатын ауруларды айықтыруда азықпен емдеудің диетотерапия мағынасы зор.
Сапасыз азықтарды дайындаған, азықты дайындау технологиясын бұзған және малды бағып-күтуге, әсіресе қыста қорада тұратын мезгілде гигиеналық ережелерді бұзған шаруашылықтарда ауру малдардың саны көбейеді. Сондықтан агрономиялық және ветеринариялық лабораторияларда азықтарды тексеруді кең түрде жүргізудің тек ауруды анықтауда ғана емес, сапалы және дұрыс азықтандыруын қадағалаудың маңызы зор.
Бұл жалпы биологиялық аурутану зооинженериялық, агрономиялық және қоғамдық-экономикалық ғылым салаларымен пәнаралық тығыз байланысын үзбей мамандықты қалыптастыратын пән.....
Курстық жұмыстар
Толық

Тарих | Күлтегін жазбасы және фольклорлық дәстүр

Тақырыптың өзектілігі: Қазақ халқы – дүниенің төрт бұрышын адамзат баласының ең озық өркениетке жеткен ұрпақтарымен терезесі тең, телегейдей тарихы бар, тебірентер мәдениеті бар ел. Қазақтың ілкі ата-бабалары – түркілер, ғұндар, сақтар. Солар жасаған мәдениетке ортақпыз. Өз алдына қазақ хандығы құрылғанға дейінгі (ХҮғ.) дәуірлерде бізді жалпы атпен түріктер деп атаған. Көк Тәңіріне табынып, Көк бөріден тарағандықтан, Көк түріктер атанғанбыз.
Шамамен ҮІ ғасырдың орта кезінде, Жетісу, Алтай, Орталық Азияны мекен еткен түрлі ру-тайпалар бірігіп, Түрік қағанаты деп аталатын мемлекет құрғаны тарихтан бізге мәлім.
Міне, сол ежелгі түркі дәуірінің қоғамдық, әдеби, мәдени өмірін жыр еткен ғажайып жыр-дастандар бар. Бұлар – “Күлтегін”, “Тоныкөк”, “Білге қаған” жырлары. Бұл тарихи ескерткіштер бұдан 1250 жыл бұрын тасқа қашалып жазылған әдеби мұра. Осы ескерткіштер идеялық мазмұны жағынан да, көркемдік шеберлік тұрғысынан да күні бүгінге дейін өз оқушысын таңдандырып, тамсандырып келеді. Орхон-Енисей жазба ескерткіштерін оқу, басқа тілдерге аударма жасау және ғылыми текстін дайындау ісіне В.В.Радлов, В.В.Томсен, Ю.Немет, Х.Н.Оркун, т.б. орыс және шетел ғалымдары қыруар мол үлес қосты. Әсіресе көрнекті ғалым С.Е.Малов көне түркі жазуындағы тексттердің орыс тіліне дұрыс тәржіма жасалу жағына көбірек назар аударды.
Көне түркі жазба ескерткіштерінің тілін қазіргі қазақ тілі фактілерімен салыстыра отырып, зерттеуші бір топ ғалымдар Күлтегін, Білге қаған, Тоныкөк құрметіне жазылған жыр жолдарының тілі дыбыстық жағынан да, лексикалық және морфологиялық тұрғыдан да қазақ тіліне жақын деген ғылыми пікірді айтқан. Мәселен, С.Аманжолов, Ғ.Мұсабаев, Ғ.Айдаров, А.Аманжолов, Е.Ағманов, А.Есенғұлов, Қ.Өмірәлиев, т.б. бірқатар лингвист- ғалымдар осы пікірді әрқайсысы түрлі қырынан келіп дәлелдеп, аса құнды пікір әрқайсысы түрлі қырынан келіп дәлелдеп, аса құнды ғылыми еңбектер жариялады.
Аталмыш ескерткіштер сол дәуірдің өзіне тән поэзиялық дәстүрімен жазылған әдебиет үлгілері деген түйін жасаймыз.
Диплом жұмысының мақсаты мен міндеттері: Көне түркі жазба ескерткіштерін әдебиеттің басқа жанрларымен салыстыра отырып қазақ ауыз әдебиетінің мұраларымен, оның ішінде батырлық жырлармен байланысын, ұқсастығын айқындау, тілдік ерекшеліктерін, құрылымын, қолданысын көрсету диплом жұмысының басты мақсаты мен міндеті болып табылады.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы: Жұмыс барысында көне түрік жәдігерліктерін зерделей отырып, Күлтегін жазбасының шағын фольклорлық жанрлармен байланысы, көркемдік тәсілдеріндегі ортақ қолданыстары, Күлтегін жазбасындағы эпикалық дәстүр көрінісі, Орхон ескерткіштерінің фольклорлық тұрғыдан зерттелуі идея мен композициялық құрылымын ашуға жіті көңіл бөлінді ....
Курстық жұмыстар
Толық

Физика | Күн энергетикасы туралы жалпы түсінік

Адам пайдаланатын энергияның басым бөлігінің көзі ─ Күн. Күн энергиясының есебінен Жер бетінде жылдық орташа температура 150 С шамасында сақталып тұрады. Күннен келетін жылу мен жарық ағыны біздің планетамызда тіршіліктің болып тұруына қолайлы жағдай жасайды.
Бүкіл жер бетіне түсетін күн сәулелерінің қуаты соншалықты зор, оны алмастыру үшін 30 миллиондай қуатты электр станциялары қажет болар еді.
Егер Күн нұрын жер бетіне күн сайын төгіп тұрмаса не болар еді деп ойлап көрейікші. Жер бетінде күн өте нашар жылытатын орындардың бар екендігін білеміз. Бұлар ─ Арктика мен Антарктика. Оларда қақаған аяз, мәңгі мұз бен қар.
Судың жер бетіндегі үздіксіз шыр айналуы Күн энергиясы есебінен атқарылады: теңіздердің, көлдердің және өзендердің суы кебеді, жоғары көтеріліп қоюланып, бұлтқа айналады; бұлтты жел алқап-алқапқа айдап апарады да, ол жауын-шашын түрінде Жер бетіне түседі.
Біз пайдаланатын энергияның әзірше негізгі көзідерінің бірі болып табылатын тас көмір бір кезде жер бетінің үлкен алқаптарында қаулап өскен қалың орманның жер қойнауында тасқа айналған қалдығы. Демек, онда да Күн энергиясының қоры бар.
Біздің елімізде жыл бойы ашық күндері көп болатын аймақтарында, Күн сәулесі тікелей су ысыту үшін, су буын алу үшін пайдаланылады ....
Курстық жұмыстар
Толық

Әдебиет | Күнделік мемуарлық әдебиеттің ішкі жанрлық бұтағы

Жазушының немесе саяхатшының өз көзімен көріп білгенін тізіп жазудан пайда болған жанр. Былайша қарапайым жай күнделіктерде көбіне жеке өмір фактілері, кісі назарын аударған көріністер сөз етіледі. Онда авторлық фантазия да болады. Ал көркем күнделіктерде жазушының әр алуан ой- сезімдері , алған әсерлері, қызықты оқиғалар бейнеленеді. Дүние жүзінің көптеген жазушылары өздерінің кейбір шығармаларын күнделік формасында жазған. Мысалы, олардың қатарына М.И.Тургенев, М. Салтыков- Щедрин, В. Короленко және басқаларды жатқызуға болады. Өзіміздің қазақ-ғалым арасында жазушылары күнделікті алғаш қолданған Ш.Уәлиханов еді. Оның «Құлжа күнделіктері» ғылыми көркем публицистикалық шығарма. Сондай – ақ қазақ қаламгерлері ішінде осы әдіспен жазылған шығармалардың бірі Ә.Сәрсенбаевтің «Офицер күнделігі» болып табылады.
Орыстың ұлы жазушысы Л.Толстойдың күнделіктері тағылымдық жағынан теңдессіз маңызға ие, мол пішілген дүние екендігін де гәп бар ма? Ол кейбір сәл үзілістер мен күнделігін ғұмыр бойы 63 жыл жүргізген. Яғни , 18 жасар студент шағынан бастап жазып, 82 жастағы атағы әлемге жайылған данышпан жазушы атанғанға дейін күнделігін тынымсыз толтырып отырған. Сол күнөрім шежірелері біздің қолымызға том- том кітап болып тигені мәлім. Сондай – ақ ол «Дневник одного себя » аталған түрін де жүргізіп келген . Онда мынандай жазулар бар: «... Чтоб жить честно, надо рваться, путаться, биться , ошибаться, и вечно бороться и мишаться. А спокойствие душевная подлость» [1,86 ] немесе жазушының жеке хатшысы В.Булгаковтың «Л.Н. Толстой өз өмірінің ақырғы жылында» деп аталатын күнделік кітабында күрделі өмірдің бізге беймәлім тұстары шыншылдықпен бедерленген. Оны оқып отырғанда мына «бес күндік қонақ» өмірінің теңдессіз тұлғаға да кей сәттерде қадірсіздеу болғанын, оның да күйкі пендешілкпен істеген оғашықтардан ода еместігін, тіпті отбасылық қарым-қатынастағы трагедиялық қайшылықтар өрбігенде қайран қалмасқа лажыңыз жоқ. Кезінде Толстойдың зайыбы Софья Андреевна өз басының келеңсіздіктері жазылған тұстарын күнделіктен өшіріп тастауды күйеуінен қатты талап етіп және де айтқанын орындатқанын да нақты дерек арқылы білеміз.Аталған күнделік кітап- ғажап бір дүние , мәңгілік әлемі деуге де тұрарлықтай Авторы жоғары оқу орындағы оқуын тастап ұлы жазушыға көмекші болды. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Информатика | Күрделі тізбектерді үшбұрыш жұлдыз түрлендіруі арқылы есептеу

Электроэнергетика саласы көптеген өндірісте, көлікте ауыл шаруашылығында және күнделікті өмірде кеңінен қолданылады.
Электротехника деп бұл сөздің кең мағынасында электромагнитті құбылыстарды тәжірибеде қолдану болып танылады.
Электротехниканың дамуы электрлік және оның тәжірибелік бейнесін жасау және оны оқып үйрену үлкен жұмысты қажет етті.
А. Вольттың гальваникалық бағананы ойлап тапқаннан кейін электр тогын алу мүмкін болды. Электр тізбегін В. В. Петров зерттей келе, электр доғасын ашты және оның жарықтандыру, балқыту және металдарды біріктіру тәжірибелерінде қолдануға болатынын көрсетті.
1845 жылы немістің атақты физигі, әрі технигі Г. Кирхгоф тармақталған электр тізбектеріне негізгі заңдары жасалып шықты және ол заңдар осы атақты кісінің атымен аталып, электротехниканың теориялық және практикалық дамуына үлкен үлес қосып келеді.
Көптеген қазіргі уақыттағы әр түрлі техникалық жетістікке арналған электротехникалық қондырғыларға түрлі түрлендірулер қолданылады. Электр генераторлары мен двигательдер, механикалық және электрлік энергияға түрлендіру үшін қызмет етеді. Трансформатордың көмегімен бір электр энергиясының кернеуі екінші электр энергиясының кернеуіне айналады. Электр шамында электр энергиясының жарық энергиясына түрлендіру процесі жүріп отырады. Көптеген электротехникалық қондырғыларда электр энергиясы осы қондырғының бөлек элементтерінің арасында бөлінеді.
Осындай көп жақты түрлендіру практикалық жағынан ғана пайдалы болып қоймай, түрлендіру кезіндегі, жалпы электр тізбегін есептеу оңайлана түседі. Сол түрлендірудің маған, яғни осы курстық жұмысты жазудағы негізгі міндет, «үшбұрыш» және «жұлдыз» деп аталатын схемалы контурларды, электр тізбектерін, біріншісі күрделі болғанда екіншісіне түрлендіріп немесе керісінше екінші түрден бірінші түрге айналдырып есепті шешудің теориялық сондай-ақ, практикалық маңызы өте зор болып табылады, бұл электротехникада кеңінен қолданылады. Бұл түрлендіру оның ішінде күрделі тізбектерді «үшбұрыш» - «жұлдыз» түрлендіруі арқылы есептеу менің осы курстық жұмысымның нігізгі мақсаты болып табылады. ....
Курстық жұмыстар
Толық

Технология | Күре жолдар арқылы деректерді жобалау

Мен бұл курстық жұмыста «Цифрлық байланыс технологиялар» пәнінің негізгі ой және идеяларын түсіне отырып бір–бірінен кешігіп отыратын ақпараттық екі тарату және қабылдау арасындағы деректерді таратудың орташа жылдамдықтағы күре жолын жобалап үйрендім. Цифрлық сигналдардың берілу және өңделу жүйесін құру принциптерін, цифрлық байланыс жүйесінде беру жылдамдығын жоғарлататын бағдарлама – аппараттық әдістерін, байланыс арнасын тиімді пайдалану әдістерін игердім.
Осы пән бойынша оқу процесінде орындалатын курстық жоба, студенттерге «Цифрлық байланыс технлогиялар» курсының бөлімдерінің негізін түсініп, инженерлік практика кезінде кездестірілетін есептерді шығару дағдысына көмектеседі ....
Курстық жұмыстар
Толық

Биология | Кұс шаруашылығы кұстардың шығу тегі және үйге үйрету

Құс шаруашылығы – мал шаруалығының жоғары сапалы мол өнім беретін ұтымды саласы. Қазіргі кезде үй құстарын өсіру кәсіптік негіз алып отыр. Осы заманғы құс фабрикасы деп – орталықтан жылу берілетін, электр жарығы мен жұзеге асырылатын жақсы жабдықталған үй-жай. Мұнда құстар арнаулы үйшіктерде күтіледі. Үйшіктердің қабырғасымен едені торланған және бірнеше қабатты болып келеді. Құстарды жемдеу күту кезеңдері толық механикаландырылған. Балапандар белгілі температурамен ылғалдылық сақталатын – инкубаторлардан шығады.
Ауылшаруашылығы құстарына тауықтар, курке тауықтар, үйректер, қаздар, мысыр тауықтар жатады. Еліміздің құсшаруашылық өнеркәсібі үшін мәні зор құстар: тауық, үйрек, күрке тауық және қаз болып саналады. Ауылшаруашылығының басқадай жануарлары секілді құстар өзінің күрделі құрылымы мен биологиялық ерекшеліктерімен, сыртқы пішіні мен өнімділігі арқылы ерекше көзге түседі. Құстардың сырттай көрінісі біріне-бірі өте ұқсас, ұшуға бейімделгендіктен, олардаң тұлғасы жинақы да, жұмыр болып келеді. Қоректену тәсілі және қимыл түрлеріне байланысты олардың дене мөлшері тұмсық пішіні мен басы, мойнының ұзын – қысқалылығы, қанаттары мен құйрығының пішіні, аяқтарының ұзындығы, саусақтарының пішіні түрліше нұсқаларда кездеседі.
Құс шаруашылығы өнімдерінен яғни, етінен, меланж жұмыртқадан ұлпа алу жолдары да жетілдірілу үстінде . Ғалымдармен мамандардың ең басты мақсаты құс өнімдерін тұтынушыларға сапалы да жеткілікті мөлшерде дайындау болып табылады. Осы мақсатта құс шаруашылығы жоғарғы деңгейде дамиды деген сенімдемін. ....
Курстық жұмыстар
Толық