Қоғамдағы өзекті мәселелердің бірі - жетім балалардың жай-күйі. Анығырақ айтсақ: қарыны тоқ, киімі көк желіккен жастардың қызық қуып, соңынан опық жеп, өзгені де өкіндіріп жататыны. Бұлай деуім, болашағы бұлыңғыр дүниеге ойланбай араласып, ұлтымыздың менталитетіне мүлдем жат ойын-сауық ортасында қызық қуып, намысы мен ар-ұяттан жұрдай болған өрімдей бойжеткендер тым көбейді. Сәні мен сымбаты жарасқан осы бір арулардың «күнде қызық, күнде той» осы жүрісі мені қатты қынжылтады. Алабұртқан жастық шақты соңынан ертіп, еліктіріп әкететін беймәлім әлемнің шырмауына бір шарпылсаң, өмір жолының арнасы бұзылып, теріс жолға бастай жөнеледі.
Мерекелік іс-шараларға байланысты өткізілетін бағдарламалардың іс-жоспарын талқылап, бекіту үшін ұжымда шағын жиналыс өтіп жатыр еді. Жиналысты басқарушы сөйлеп отырған, кенет жаңадан келген қызметкер:
- Мына бір тақырыпқа кішкене өзгеріс енгізуге болмайды ма? - деді.
- Қай тақырыпты айтасыз? - деді жиналысты басқарушы.
- Мына "Тілім - тірегім" деген тақырыпты айтамын.
- Ол тақырып сізге несімен ұнамай тұр?!
- Сәл жаттандылау естілетін секілді. Кішкене өзгеріс енгізуге болмайды ма?
- Несі бар, әп-әдемі-ақ тақырып! - деді жиналысты басқарушы. - Біз жыл сайын осы тақырыппен өткізіп жүрміз ғой.
- Тым болмаса, екі сөздің орнын ауыстырып көру де ойларыңызға келмеді ме?
Жиналысты басқарушы шошып кетті:
- Сіз сөйлем мүшелерінің орнын ауыстырып жібергеннен кейін не болатынын білесіз бе?!
- Не болады екен?!
Бірақ ешкім де не болатындығын айта алмады.
- Ал мына "Тәуелсіздігім - тұғырым" деген тақырыпты ше? - деді жаңадан келген қызметкер.
- Ол тақырыпты не деп өзгертейін деп едіңіз?! .....
Тәуелсіздік таңы атқалы да 25 - жыл. Осы ақ түйенің қарыны жарылып, Еліміз Тәуелсіздік тойын есте қаларлықтай ұрпақтан ұрпаққа аңыз болып жетерліктей дәрежеде атап өтіп жатқан тұста әркім-ақ өткен жылдарға өзі куә болған жайларды есіне түсірген болар. Дегенмен атқарылған істі бастан кешкен жайларды бір-ақ сәтте еске түсіру, бағамдап баға беру мүмкін бе? Тәуелсіздік жылдарында атқарылған игілікті істер ұшан - теңіз ғой.
Білім беру, денсаулық сақтау, отан қорғау, индустрия т.б. Салалардағы жетістіктерді айтып шығу тіптен де мүмкін емес және оның бір мақалаға сыюы да екіталай ғой. Толғаныс үстінде менің ойыма өзіміздің облыстық «Сарыарқа самалы» газеті орала кеткені. Сәл шегініс жасау артықшылық етпес. .....
Бұлардың жазғы демалысқа шыққандарына біршама уақыт өтті. Жаз бойы шаруашылықтың біріне-бірі жалғасып жататын науқандық жұмыстарының бірі қой қырқу да аяқталды. Аман қой жықты, бұл қой қырықты. Енді бірер күннен соң, шөп шабу басталмақ. Бұлар соны күтіп жүр.
– Биыл қар кеткеннен кейін тамшы тамбай қойды емес пе? шөптің шығымы нашар көрінеді, – деді Аман, – әйтпегенде ендігі... Оның сөзін қастарына келіп тоқтай қалған жүк машинасынан әлдекімнің: «Кәне, мініңдер машинаға! Өрт жанып жатса, бұлар көшеде сандалып жүр», – деген үні бөлген. Бұлар қорапқа мінген сәтте-ақ машина жүйтки жөнелді. Көп ұзамай өрт жанып жатқан жерге де келіп жетті. Тұтаса жанған өрт бірталай адырларды, жазық алқапты, шоқ-шоқ болып өскен терек-талдарды отты тілімен жалап, жалмап жіберген екен. Енді Қопалыға қарай ырғып, ыршып беттеп барады. Ал Қопалы бір кезде «Көпшілік» атанған колхоздың қазірде бұлар тұратын бөлімшенің шабындық алқабы.Ол өртенсе... Қырдың селеуі мен қылтанағын қырудан басқа амал жоғын бұлар бала болса да жақсы біледі.
– Ал, кәне, түсіп, ана өртті сөндіріңдер! Бұлар өздеріне әмір беріп тұрған адамға аңтарыла қараған.
Атынан айрылып жаяу атанса да жаны жасымаған Жаяу Мұсаның «Ақсисасын» білмейтін қазақ жоқ. Солардың көбі біліп қана қоймай, ойын - тойларында сол әнді шырқаумен келеді. Шырқай да бермек.
Сол әндегі: -Жігіттер, шамаң келсе маған ұқса, - деген жалғыз тармақтың өзі неге тұрады. Осы күні халық композиторларының әндерінің өміршеңдігін сөз етушілер, себебін іздеушілер аз емес. Оның себебі неде? Оған әртүрлі жауап беруге болады. Соны ықшамдап айтар болсақ, олардың әндері ойдан шығарылған байбалам емес.
Күштіден көрген қорлығын күйіне, күйзеле сөз ете отырып өзін де, өзгелерді де зорлыққа көнбей, әзілдік үшін айбаттанып, қайраттанып күресуге үндеді. Ал рухы жасымаған еңселі ел мұндай сананы сілкетін асқақ әндерді әманда аялай бермек.
Бұл – өмір сынына суарылған сұрапыл шындық. Өткен тарихтың шаң баспас, жоғалып жойылмас өмірмен бірге жасай берер мәңгілік ізі.
Еркіндігін еншілеп, егемендік тізгінін қолына алған мемлекетіміздің Тәуелсіздік туын көгінде желбіреткеніне де міне, биыл 25 жыл толып отыр! 25 жыл! Тарих үшін қас-қағым бұл сәт, жұмыр басты пендеге әжептеуір уақыт. Жас жігіттің ақыл тоқтатып, оңды- солын танып, алға қарай нық басып, өзін көрсетер шағы десек, мемлекетіміздің де тек алға қарай дамып, өркендеу кезеңіне де жетіп отырғанын көзіміз көріп отыр.
Біздің Отанымыз - Егеменді, Тәуелсіз, Қазақ мемлекеті.
Осынау маржандай тізбектеле қалған сөздердің астарында-жатса түсінен, тұрса есінен бір сәт кетпеген бабалардың ғасырлық арман жолы жатыр емес пе?
Тереңнен ойлап, тебірене толғансаң- халқымыздың барша тарихы осы Тәуелсіздік үшін, халқымыздың бас бостандығы үшін күреспен өткен екен.
Мың өліп, мың тірілген қазақ елі қилы- қилы тағдыр тауқыметін көрсе де, ұлт ретінде тарих сахнасында өзін- өзі сақтай білді. Халқымыздың қайсарлығы мен табандылығы арқасында бүгінде еркіндік самалының рахатына бөленудеміз. .....
Еліміздің тұңғыш университеті Әл-Фараби атындағы білім ордасының құрылғанына биыл 83 жыл толып отыр. Осы кезеңде ҚазҰУ Қазақстан экономикасының, мәдениетінің, ғылымы мен білім саласының қалыптасуы мен дамуына үлкен үлес қосып, Отанымыздың барлық жоғары мектеп жүйесінің тірегіне, барлық ортаазиялық аймақ бойынша кадрлардың ірі кәсіби білім беру орталығына айналды. Жоғары білім сапасы, халықаралық танымалдылық, ғылыми және зерттеу қызметтерінің, инновацияның белсенділігі, мықты оқытушы-профессорлар құрамы және талантты түлектер – бүгінде, ҚазҰУ-дың мақтанышы болып табылады.
Еуропалық одақ жоғары рангы сарапшыларының бағалауынша, ҚазҰУ ғылыми-техникалық және инновациялық әлеуеті Қазақстанның жоғары оқу орындары арасында теңдесіз көшбасшы делінеді. Бүгінде ҚазҰУ әлемнің технологиялық дамыған үздік 50 білім ордасының ішінде 31-орынды иеленді. Соның негізінде ҚазҰУ қалашығының аймағында ҚазҰУ технологиялық паркі 1994 жылдан бастап қызметін атқарып келеді. Жаңа инновациялар мен мүмкіншіліктер мекені болып табылатын бұл парктің мақсаты – жаңа идеяларды жүзеге асыруға қолайлы шарттар құру, университеттің зиялы және жас зерттеушілерінің ғылыми-зерттеулері және тәжірибе-конструкторлық жұмыстарының нәтижелері негізде белсенді түрде ғылымды қажет ететін өндіріс саласын дамыту болып табылады. "ҒТП" басты міндеттерінің бірі - бұл инновациялық кәсіпкерлікті орнату мен дамыту үшін, ықтимал іскерлік серіктес ізденісінде, инвесторларды инновациялық ғылыми-техникалық жобаны жүзеге асыру және сапалық консалтинг қызметін ұсыну. Ендеше, ҚазҰУ технологиялық паркінде индустриялық-инновациялық қызметтен бөлек, оқыту семинарлары, тренингтер, курстар мен консультациялар ұйымдастырылады. Атап айтсақ, студенттерге өте төмен бағада ағылшын, түрік, орыс тілдерінің курстары бар. Жаңа мүмкіншіліктерге жол ашатын технопарктің технологиялар трансфертінде жәрдем көрсетіледі. Негізгі қызметі индустриялық-инновациялық жобаларды іске асыру болып табылатын ҚазҰУ технопаркі заңды тұлғаларды құруда айтарлықтай маңызға ие. ҚазҰУ технопаркі әрбір студентімен, әр жобаға үлкен акцент қоя отырып жұмыс жасайды. Оларға қажетті жағдай жасап, барынша бизнес-жобалардың іс жүзінде жүзеге асуына мән береді. Технопарк зерттеу аясында бірнеше жобалар жүзеге асырылады. Соның бірі 2013-2015 жылдар арасында ҚазҰУ ректоры Г.М.Мутановтың «Наноспутник үлгісінің ғылыми тәжірибесі мен бағдарламалық техникалық кешен жасап шығару» ғылыми-зерттеу еңбегі, Темирбаев А.А. «Сымды және сымсыз байланыс желілерін синхрондау», Дергунов С.А. «Кеуек полимерлі нанокапсулалардың негізінде жасалған тұрақты көпфункционалды бағдарлама» сияқты ірі ғылыми жобалар инновациялық жаңа ойларды алып келді. Инновациялар негізіндегі индустрияландыру біздің қоғамымыздың жаңа, құнды өзегіне айналып келе жатыр. Елбасы Н. Ә. Назарбаев: «Табысты университеттер дегеніміз, бірінші кезекте автономдық мәртебесі, академиялық еркіндігі бар және ғылыми-зерттеу қызметіне бағдар ұстанған ЖОО-лар» деп бір сөзінде айтып өткен еді. Соның негізінде бүгінгі таңда ҚазҰУ технопаркі ғылыми қызметкерлер мен ЖОО-ның ғалымдарымен орындалатын инновациялық өнiмдердi енгiзу, ҒЗЖ және НИОКР орындауда қызметкерлер мен университет оқытушыларының қатысуымен бюджеттiк, шаруашылық келiсiм құрал-жабдықтар, әр түрлi инновациялық қорлардың құрал-жабдықтарын тарту, инновациялық салада шағын кәсiпкерлiктiң танымалдығы, сонымен қатар Технопарктің жетістіктері мен мүмкіндіктерін бұқаралық ақпарат құралдары арқылы баяндау, университет жүзеге асыратын оқу процесiн қамтамасыз етуге білім аймағындағы әлемдік стандартта жауап беретін деңгейде алып шығуға мүмкіндік беруіне қатысу бойынша шаралар жүргізіп отыр.