Туған жерім қазақ елім тұңғиықтан жаралған Туған жерім аймен күннен нəр алған Туған жерім сəн думаны салтанаты жарасқан Туған жерімқазағыма өзге ұлттар таласқан
Қазағыма деп қырын көкке ұшырған Қыран құстай көкке ұшты қанша адам Еліміздің болашағы азаттығын аңсаған Ел тыныштық көк байрағын қорғаған
Біздің жақтың көктемі ерте оянады. Февраль айының орта шенінде-ақ күн кәдімгідей жыли бастайды. Қалың қардың астынан тышқанның көзіндей жылт-жылт еткен мөлдір тамшылар көрінеді. Суға еріген қанттай қар қарайып, оның салмағы да арта түседі. Көбінесе ымырт жабыла, батыстан жылы самал еседі. Ол қалың қарды түнімен кеміріп, таң атқанша тып-типыл қылады. (Біз, бұл жылы самалды — «алтын күрек»,— деп атаймыз). Ертеңгісін күн қыза бастасымен-ақ, бел-белес, күллі атырап ойпаң-тойпаң болады да қалады. Жер қабырғасындай кең адырдың ойыс-ойысын қуалай қоймалжың сулар асығыс ағып, үлкен сайларға тұмсық тірейді. Сай табанын тілгілеп, сарқырай жөңкілген бұлаққа қамыс шығыр орнатып, шырқ көбелек айналдыру қандай қызық!..
Әсіресе, биылғы көктем ғажап; март айының аспаны көкпеңбек. Осынау биіктікте шөкім-шөкім ақша бұлттар үлп-үлп етеді. Жер қыртысы батсайы жасыл барқыт жамылған. Әуелеп ұшқан тырналардың сүйкімді әуені жүйе-жүйеңді шымырлатып жүрегіңді еріксіз елжіретеді.
Бүгін жексенбі. Таңғы мезгіл. Бозторғайлар төбемізде тынымсыз шырылдайды. Ыю-қыю бір топ ауыл балалары қырға шығып доп ойнап жүрміз. Бір кезде ауыл жақтан «қағанақ бас» Ысқақ дейтін бала ала құйын боп жетіп келді де, осы түнде болған қолайсыз жағдайды хабарлады......
Түнде құяңы қатты ұстап, тұла бойы көтертпей тұрса да, Кистунов таңертең қызметіне барып, арызшылар мен банк клиенттерін қабылдай бастады. Оның реңінде қажыған, қиналған кісінің сыңайы бар еді, демін зорға алып, әрең-әрең сөйлеп отырды.
Көне салоп киген, сырт бейнесі сасық қоңызға ұқсас бір арызшы әйелге:
— Не керек еді сізге? - деді. Арызшы әйел судырай жөнелді:
— Мәртебелі мырза, назар аударсаңыз екен, менің күйеуім коллеждік асессор Шукин, бес ай бойы ауырып, сөйтіп, айып ете көрмеңіз, емделіп үйде жатқанында оны себепсізден -себепсіз отставкаға шығарыпты, мәртебелі мырза, ал оның айлығын алғалы барсам, олар, назар аударсаңыз екен, оның айлығынан жиырма төрт сом отыз алты тиын ұстап қалды! "Не үшін?" деймін. "Ол жолдастық кассадан ақша алған, оған басқа чиновниктер кепіл болған", дейді. Қалай болғаны бұл? Ол менің ризалығымсыз ақша ала алатын ба еді? Бұл болмайтын іс, мәртебелі мырза. Мұның өзі неліктен? Өзім бейшара жанмын, пәтер жалдап қана жан сақтаймын... Әлсіз, қорғансызбын... Жұрттың бәрі ренжітеді мені, ешкімнен жақсы сөз естімеймін... — деді......
Бұл соғыс уақыты. Сүмбе дейтін жерде жеті жылдық мектепте мұғаліммін. Ер мұғалімдер аз, үшеу-төртеу ғана. Kөпшілігі әйел мұғалімдер.
Ішімізде жасы қырықтан ары еңкейген Әбдібай дейтін мұғалім бар. География пәнінен сабақ береді. Басқамызға қарағанда ересек ақсақалымыз болғандықтан біз оны сыйлап, Әбеке деп атаймыз.
Әбекең шарын денелі, әлжуаз сары кісі. Бет бітімі ұсақ, қолдары әйелдің қолы тәрізді кішкентай. Біреумен амандассақ қолын ала жүгіретін әдеті бар. Сөлбірейген ұзын жеңнің ішнен саусақтарының үшін әрең тауып ұстағанда, ап-арық, жіңішке саусақтары шүршиіп уысыңызға жұғып болмай қалады.
Жазы-қысы бірдей Әбекең шала туған баладай дімкестеніп, жанын күйттеп, қалың киініп жүреді. Әсіресе, қыстыгүні үйіндегі бар киімін үстіне қабаттап жапсырып алады.
Әбекеннің өзге мұғалімдерден бір артықшылығы — оның сағатының барлығы. Әбекеңнең басқа бір де бір мұғалімде сағат жоқ.
Мектепте бір сағат бар, арзанқол қабырға сaғат. Мұғалімдер бөлмесінің төр қабырғасында ілулі тұрады. Мінезім адам түсініп болмайтын ит сағат. Кейде кәдімгідей сақылдап жүріп тұрады, ел кейде мелшиіп тоқтап қалады. Ондайда оған жүр тізбек болып, мұғалімдер істемеген айланы істейді. Шаңға толып кеткен ішкі механизмін тазартып, табылса, машина майымен майлайды, табылмаса, шамның ішіндегі жермайдан құяды. Оған да жүрмесе, тасына тас қосып байлап, ол да па дық етсе, сыртқы есікке салынатын үлкен қара құлыпты қоса таңып тіркеп, әйтеуір қалай да жүрмесіне қоймайды.
Жаңылмасам, шілденің 10-ы күні Албанның мен деген адамын ақжелке пристав Подборков Қарқарада алдына шақырды. Барлығымыз 20-дай кісіміз. Шақырғанда айтқаны: «Мына Қарқара жәрмеңкесінен сарт-ноғайдан, саудагерден 50-дей қара жоғалды. Осының бәрін ұрлап жатқан - қазақ. Болыс-болысқа бөліп алып төлейсіңдер», — деді. «Қарқара қазақ жері болғанмен қазынаға қарайды, бәрімізге ортақ. Төлемейміз», — дедік. Аяғында сөз ерегіске кетіп, пристав тақтай тепкілесе де біз қасарысып отырып алыстық. Пристав бастығын Жәмеңке, Ұзақ қылып 21 кісіні абақтыға қамады. «Түбі осы малды төлемесеңдер сендерді өлтіретін ыңғайы бар», — деп приставты маңайлаған адамдар айтып жүрді. Біз қорыққанымыздан «төлейік» деп уәде қып босанып, 30000 теңгені Албаннан алып бердік.
Ақшаны алып болған соң, ақжелке жігіт сұрады. Біз оны «көп біледіге» сүйеп жүріп кетістік.
Онда Албан екі учаскеге қарайтын. Тараншылармен қосып тоғыз болыс елді Қалжат приставы сұрайды. 5 болыс елді Нарынқол приставы сұрайды. Нарынқол приставы бізді Қырғызсай қаласына жігіт алуға жауапқа шақырды.Пристав: «Кісі бересіңдер ме, жоқ па?» — деп сұрақ қылды. Біз «жеке мұндай ауыр жұмысты ашып айта алмаймыз. Біраз күн мәулет бер, біз көппен ақылдасып, жауап берелік», — дестік. Пристав бізге біраз күн мәулет беріп, Алматыдағы жандаралға білдірмек болды және сол жерде пристав соғыс пайдасына жәрдем сұраған соң жанымыздан 1000 сом ақша жинап бердік. .....
Бұрынғы өткен заманда бір үлкен бай болыпты. Ол бай шалдың екі көзі соқыр екен. Баласы жас екен. Бір күні басқа байлардың балалары мал айдап дүниелік әкелуге бір шаһарға жүрмек болып дайындалыпты. Солардың дайындығын естіген соқыр шал отырып қатты күрсініпті. Сол кезде қасында отырған баласы: «Әке, неге күрсіндіңіз?» – деп сұрақ қояды. Сол кезде әкесі: — Балам, сенің жастығың есіме түсіп отыр, сен ересек болсаң осы балалармен бірге сонда барып келер едің ғой, – депті. Әкесіне сөзін аяқтатпастан, баласы......
Ертеде, бұрынғы өткен заманда, бір мақтаншақ бай болыпты. Ол кешкілік ауыл сыртындағы төбеге шығып, еркек кіндіктілерді жинап алып әңгіме-дүкен құрып отырғанды ұнатады екен. Бір күні төбе басындағы топтың жанына ойнап жүрген ауыл балалары келе қалады. Ерігіп отырған бай балаларды күрестірмек болады. Ортаға байдың баласы шығады. Екі мықынын таянып талтайып тұрған бай баласына ешқандай бала батпайды. — Кәне, байекеңнің баласымен қайсың күресесіңдер? Келіңдер. Мырзаға батпайсыңдар, а? – деп бір мосқал жылтыр қара балалардың әрқайсысына бір қадалады. Балалардың бәрі жерге қарап, шегіншектей береді.......