Мазмұны Кіріспе............................................................................................................3 Бірінші бөлім 1.1 Информатика курсы бойынша мектепте өткізілетін сабақтан тыс іс-шаралардың мақсаты және міндеті ................................................
Кіріспе ХХІ ғасыр табалдырығын білім мен ғылымды инновация технология бағыты мен дамыту мақсатының аттауымыз үлкен үміттің басты нышаны болып табылады. Жас ұрпаққа сапалы, өнегелі тәрбие мен білім берудің – бүгінгі күннің басты талабы. Бүкіл дүниежүзілік білім беру кеңістігіне кіру мақсатында қазіргі кезде Қазақстанда білімнің жаңа жүйесі құрылуда. Бұл үрдіс педагогика теориясы мен оқу-тәрбие үрдісіне нақты енгізумен қатар елімізде болып жатқан түрлі бағыттағы білім беру қызметіне жаңаша қарауды, қол жеткен табыстарды сын көзбен бағалай отырып саралауды, жастардың шығармашылық әлеуметін дамытуды, мұғалім іс-әрекетін жаңаша тұрғыда ұйымдастыруды талап етеді. Қазіргі кезеңде Республикамызда білім берудің жаңа жүйесі жасалып, қазақстандық білім беру жүйесі әлемдік білім беру кеңістігіне бағыт алуда. ХХ ғасыр деңгейінде білім беру мен кәсіптік даярлау бағытында Қазақсатан жоғарғы оқу орындарының міндеті - әлемдік стандарттар деңгейінде білім беру. Осы міндеттерді жүзеге асыру үшін шәкірттер мен мамандарды қазіргі қоғам үрдісіне сай инновациялық технологиялармен білім беру негізінде меңгерту қажет. «Инновация» ағылшын тілінен аударғанда «жаңалық енгізу», «жаңашылдық» ұғымды білдірген. Ал тамыры тереңде жатқан термин латын тілінен «жаңару», «өзгеру» сөздерімен баламаланады, «бұдан бұрын болмаған жаңалық», «қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандырудың жаңа әдісі» деген түсініктерді білдіреді. Ол алғаш рет ХІХ ғасырда мәдениеттанушылардың зерттеулерінде пайда болған. Орыс ғалымдары Днепрова, Золвязинский, Лазерованың еңбектерінде бұл ұғым «білім беру жүйесінде жаңалықтарды жасап шығару, игеру, қолдану және тарату іс-әрекеті» деп сипатталады.....
Кіріспе Жұмыстың тақырыбана жалпы сипаттама. Дін - әлеуметтік институт ретінде адамзат қоғамымен бірге жасасып келе жатқан рухани құбылыс. Батыс мәдениетінде «Дін» ұғым түсінігінің мәні екі мағынада түсіндіріледі. Оның бірінші мағынасы латын тіліндегі «religare» ұғымының түсінігі. Бұл ұғым түсінікпен жер мен көк /аспан/ арасында рухани байланыс бар екендігі түсіндіріледі. Ал екінші, осы латын тіліндегі «religo» ұғым – түсінігі – қасиетті, табыну заты, құдайға құлшылық ету мағынасында танылады. Екінші ұғым – түсінік біріншісіне қарағанда діннің мәнін нақтылы бейнелейді. Батысқа қарағанда исламдық өркениетте «дін» терминінің мәні басқашалау түсіндіріледі. Мұның себебі «Дін» ұғымының кең ауқымдығы сан қырлы мән мағынасы исламға дейінгі араб елі тұрғындарының әртүрлі түсіндірілуіне байланысты. Мұсылмандық дінтанушылардың түсіндірулерінше, дін дегеніміз – әлемді байланыстыратын күш Алланың барлығына сенім. Бүкіл әлемді және адамды жаратушы ие – Жалғыз Алла адам баласының жүрегін өзіне ұштастыра жаратады, яғни Жаратушының барына сеніп, оның ажырамас бөлшегі екенінадам өз жүрегі арқылы сезіну керек дейді. Дінді әлеуметтану тұрғысынан талдаудың нәтижесінде ең алдымен әлеуметтік феномен ретінде алға шығады. Сонымен қатар дін әлеуметтануының ғылыми пән ретінде қалыптасуы көбінесе еуропалық қоғамдағы әлеуметтік, экономикалық және мәдени процестерге байланысты. Қоғамдағы діннің орны мен қызметі өте күрделі. Діни қатынастардың ерекшелігі ол қоғамдық әлеуметтік-экономикалық және мәдени, рухани сфералардан көрінеді. Жұмыстың тақырыбына байланысты классикалық ғалымдардың ой пікірлері. Сол заманның Гобб, Лок, Юм сияқты әлеуметтік теоретиктері діннен табиғаты бойынша қоғамға пайдалы, тұрақтылық Гоббс өзінің еңбектерінде дінде негізделген қоғам үшін жағдайын қауіпті күштерді сараптайды. Ағартудың біршама төмен бағыты діннің әлеуметтік пайдалылығын мойындап ешқандай қоғам дінсіз өмір сүре алмайды дегенді алға тартты. Бірақ әңгіменің бәрі мынады еді, жаңа заманда еуропа тарихындағы болған оқиғалардағы нақты көрініс берген діни дау-дамайлар мен әлеуметтік жан-жалдардың қайнар көзі болады. Діннің қоғамдағы әлеуметтік тәртіпке қауіп тудырмайтындай әрекетіне жағдай жасап, дінге қоғамнан лайықты орын беру қажет болды. Локк дін мен әлеуметтік өмірдің бұлай үйлесімділігінің бір мүмкіндігі деп, дінді «ресми емес» деп алып мемлекеттен бөлу керек деді. Руссо да өзінің діңге байланысты «Қоғамдық келісім» деп аталатын еңбегінде болашақ дін социологиясы және қоғамды интеграциялаушы ретінде дін туралы жаңа тезис туындайды дейді. Бұдан басқада ғалымдар дін жайлы өз пікірлерін айтып өткен. Зерттеу жұмысының мақсаты. Қазіргі кезде өзекті мәселе болып тұрған проблемаларын шешу жолындарын табу барысына негізделіп жүргізілген.....
Ерте кезден бері өскелең ұрпаққа тәрбие беріп, олардың сана-сезімін, ақыл-ойын дамыту мен жетілдіру - әрбір ұлт пен халықтың ғасырлар бойы қалыптасқан салт-дәстүрі мен жан дүниесінің сырын айқын білдіретін әлеуметтік құбылыс. Ал әлеуметтік құбылыс сол халықтың тіршілік бейнесімен, жан дүниесінің сан қырлы сырларымен тығыз байланысты сипатта дамып отыратындығы тарихи шындық. Қай халықтың болмасын ұлт болып қалыптасуы үшін қажетті факторлар: оның құрамына енген адамдар тобы материалдық тұрмыс жағдайларының, аймағы мен экономикалық өмірінің, тілі мен мәдениетінің, әлеуметтік психологиядағы сол ұлттқа тән кейбір этикалық ерекшелігінің ортақтастығы болып табылады. Қай заманда болмасын жас ұрпақтың өнеге тұтар өзіндік ұлттық тәлім-тәрбиесі болатыны белгілі. Егеменді Қазақстан мемлекетінің болашақ ұрпақтарының сана сезімін, ұлттық психологиясын, оның сонау ерте замандағы ата-бабалар салт-дәстүрімен сабақтастыра тәрбиелеу қазіргі күннің ең өзекті мәселесі екендігін өмірдің өзі көрсетіп отыр. Ұлттық тәрбиені қалыптастыруда ұлттық дәстүрдің ғибраты мол. Ол-ұлтты рухтандырып, оның ішкі, сыртқы келбетін өрнектеп, көрсетіп тұратын сипаттардың бірі. Бала отбасында, балабақшада, мектепте өз шыққан тегін, ата-бабасын біліп өсуі керек. Әдетте жеті ата межеге алынады. Ал одан да арғыларын білсе, тіпті жақсы. Тегін білмегенді тексіз, көргенсіз деп сөгеді үлкендер. Бұл тұрғыда халқымыздың шежіресін, тарихын жастардың санасына ұялатудың елеулі маңызы бар. Ұрпақтарымыздың тарихқа деген ынта-ықыласын үздіксіз арттыра түсу қажет. «Өзіңнің ұлтыңды тану деген сөз өзіңді тануды білдіреді. Ұлтыңды тану дегенің-ұлттық сезім тудыру.» Ұлттық тәрбиені асқақтатар алғашқы белгі тіл болса,екінші белгі-дін. «Дінде ұлттық рухты құраушы, соған белгілі бір мазмұн беруші күш бар... Оның ұлттық дүниетанымдық психологияға, санаға, тәртіп пен тәрбиеге үлкен әсері тиеді». Діннің қуатты, күшті жері-адамның бойында сенім деген сезімді тәрбиелеу. Діннің арқасында мынау кең далада шашырап жатқан біздің көшпенді халқымыз белгілі бір тәртіпке келіп, жинақталған. Діннен безушілерге айтылған қарғыс, жастардың жартыкеш, дүбәрә күй кешуіне итермелеген отаршыларға басылған айып таңбасы. Абай айтқан, «артына сөз қалдырып, мәңгілік жасайды дегеннің өзінде терең сыр жатыр. Мұнда философиялық, психологиялық, моральдық, дүниетанымдық, ең қажеттісі-тәрбиелеушілік күш жатыр.»Діннің имандылығы да осында. Жастар тәрбиесінде діннің алатын ....
Өнер алды – қызыл тіл» деп мақалдап өткен қазақ ақындары, жазушылары осы күнге дейін қазақ поэзиясында биік орын алады. Солардың бірі Ахмет Байтұрсынұлы.Өз заманының ағысына қарсы тұра білген қайраткер. Қазақ халқының рухани көсемі болып, болашақтың жарық, тыныш, көк аспан астында өмір сүруіне өзінің ақылын арқау еткен. Өз достарының алды бола білген Ахмет өткір, алмас қылыштай адамның ойын осып өтетін сөздерімен өлең арқылы ой-сезімін білдірген. Қазақтың қазақ бола білуіне кеудесіндегі жанын да аямаған. Қарусыз-ақ сөзбен адам өлтіретін Ахмет қазақ елінің келешегін тәуелсіздікке жетелеген халықтың рухани жетекшісі. Халық үшін, халықтың мәдени-әлеуметтік болмысын көтеру үшін қызмет еткен. Халықты ағарту баладан, мектептен бастау алады. Ең алғаш қазақ тілінде әліппе кітабын жинақтаған Ахмет еді. Қазақ балалары көзі ашық, сауатты азамат болып шығуға септігін тигізген. Қазақ тіліндегі әліп-би осы сөздердің бәріне дәлел. Тек қана кітап жазумен тоқтамаған Ахмет, орыстың белгілі жазушыларының белгілі жазушыларының белгілі еңбектерін ана тілімізге аударып, өзінің халыққа, шамшырақ екенін дәлелдеп өткен. Халықтың білімді болуына, сауатын ашуға көп көмек көрсеткен. Бұрынғы қарапайым қара сөздерді жаңғыртып, халық санасына қалыптастыру басты мақсаттарының бірі. Көкейіндегі түйілген ойды ана тіліндегі асыл, ұтқыр сөздермен жеткізе білген. Өлеңдеріндегі сөздердің өзі адам көңіліне талпыныс, алға қарай жол бастап, көш артында қалып қоймауға себепші болған. Қазақ тілін- болашақ ұрпақтарға дамыта түскен қалпында, басқа тілдерден биігірек ұстап, тазалығын сақтауға демеу болды. Қазақ тілінің табиғатын, құрылымын танудағы қызметі қазіргі мектептерде қазақ тілін пән ретінде үйрететін оқулықтар жазумен ұласады. Ахмет қалыптастырған әдеби-теориялық терминдер осы күнге дейін өмірін жалғастыруда. Бұның бәрін әдебиетші Ахметтің қымбат, алтын, гауһардай асыл сөздері мен тәлім- тәрбиеге толы, адамдық қасиеттерді сипаттап жазған өлеңдері бәрі- бәрі болашақ ұрпаққа келешегіне керек, нұсқау болатын түзу жол емес пе?! Қазақ тілін әсем сөздермен әшекейлей білген Ахмет өз еңбектерімен басқа да елдерге танымал бола білді. ....
Оқыту жүйесінің қандай түрі болмасын, олар белгілі бір әдістеме жүйесіне негізделеді. Әдістеме жан - жақты және өз орнында дұрыс қолданылса, өтілетін әрбір тақырыптың мазмұны да ойдағыдай ашылып, оқушылардың меңгеруіне көңіл тиеді. Әдетте әдістеме өздігінен келе қоймайды. Ол көп жылдар бойы ұстаздық қызметінің іс-тәжірибесінен, күнделікті сабақ беру процесімен тығыз байланысып жатады. Осылардың негізінде әр мұғалімнің бойында , ойында әдістеменің озық үлгілері жинақталады. Сонымен қатар олар күнделікті жұмыс тәжірибесінде озат мұғалімдердің шеберліктерін де пайдаланатын болады. Бұлардың сайып келгенімен, әдістемедегі белгілі бір жүйелікті қалыптастырады. Қазақ тілін оқытудағы әдістеменің қайнар бұлақ көзі Ахмет Байтұрсыновтың еңбектерінен басталады.(1) Бұл әсіресе оның «Баяншы» (1940) және «Тіл жұмсар» (1928) деп аталатын таңдамаларында жақсы көрініс тапқан. Әрине бұлар әліпбиді қалай оқыту мен үш бөлімнен тұратын «Тіл құрал» оқулықтарын қалай таныта білуге арналған. Осы жайында автордың өзі кезінде былай деп жазған болатын: «Тіл құрал» қазақ тілі қандай құрал екендігін таныту үшін түрлі бөлшектерін тетіктерін ұсағын ұсағынша, ірісін ірісінше тұрған орнында алып көрсетіп танытады. «Тіл жұмсар» сол үлкен құралдың бөлшектерін тетіктерін балаға шағындай бөлек-бөлек ойыншық сияқты құрал жасап соларды танытып, соларды жұмсару арқылы барып үлкен құралды танытады».(2) Оқыту жүйсіне байланысты біздің методика деп қолданып келген ұғымымызды кезінде А.Байтұрсынов әдіс сөзімен берген. Ол әдістің екі түрін көрсетеді: талқылау (айырыңқы) әдіс және жалпылау әдіс. Ол бұл әдістердің әр қайсысына анықтама береді. «Жалпылаудың асылы ұсақтан ірілету болса, жалқылаудың асылы іріден ұсақтау».(3) Сөз жоқ, бұл аталған әдістемелер қазақ тілін мектеп ....
Зерттеудің көкейкестілігі. Бүгінгі таңда елімізде жүріп жатқан жаңару үрдісі өткен тарихымыздың сан қырын объективті тұрғыдан дұрыс бағалауға және ондағы рухани құндылықтарды қазіргі ағарту, оку-тәрбие ісінде кеңінен пайдалануға қолайлы жағдайлар туғызып отыр. Әсіресе ұлттық педагогикамыздың қайта жаңғыруына байланысты халқымыздың ғасырлар бойы жинақтаған ұлттық дәстүрінің бүгінгі ұрпақ тәрбиесіне қажет екені анық. Алайда, қоғамымызда орын алған әлеуметтік-экономикалық кедергілерге байланысты бұл мәселенің көптеген жақтары әлі де өз шешімін таппай отыр. Мәселені шешуде педагогика ғылымы хал-қымыздың мәдени мұрасын, педагогикалық ой-пікірлер саласында қорланған барлық құнды, қажетті жәдігерліктерді және халық ағарту мен қоғамның даму кезеңдеріндегі тәжірибелерді жүйелі түрде зерттеп, пайдалануы қажет. Осы тұрғыдан қарағанда, халықтық идеялардан нәр алған қазақ жазушы-педагогтарының шығармашылықтары адамгершілік асыл қасиеттерді дамытып жетілдіруге, қоршаған ортаны танып білуге, ата дәстүрін ардақтап, қадір тұтуға және, ең бастысы, қоғамдық тәрбие беруге бағытталған. Қазақ халқының көрнекті тұлғаларының, соның ішінде тоталитарлық режим тұсында жазықсыз қуғын-сүргінге ұшыраған ойшыл ғалымдар, қоғам қайраткерлері әрі жазушы-педагогтары А.Байтұрсыновтың, Ж.Аймауытовтың, М.Жұмабаевтың, М.Дулатовтың, Х.Досмұхамедовтың педагогикалық ой-пікірлерін зерттеу ғылыми-практикалық маңыздылықты арттырады, педагогика тарихы курсының ауқымын кеңейтіп, мазмұнын байытады. Ел Президенті Н.Ә.Назарбаев 1999 жылдың 15 желтоқсанында "Еліміздің жаңа ғасырдағы тұрақтылығы мен қауіпсіздігі" атты халыққа Жолдауында "Жиырмасыншы ғасырдың бас жағында біздің сан ғасырлық тарихымызда тұңғыш рет халықты әлемдік айдынға алып шығуға нақты мүмкіндіктер туды. Ол мүмкіндікті тудырғандар "Алаштың" ардақты азаматтары еді", - деп, олардың тарихта алатын орнына өте әділ баға берді. Сол заманның тегеурінді күш иелері жаңсақ, әділетсіз пікірлер салдарынан "Алаштың" ардақты ұлдарының шығармалары ұзақ уақыт бойы халық назарынан тыс қалды. Дегенмен де, кейінгі кездері еліміздің әр түрлі ғылым саласындағы ізденімпаз ғалымдарының табанды еңбектерінің арқасында аталған жазушы-педагогтардың мұраларын танып-білуге көптеген зерттеулер дүниеге келеді. Жұмысты терендете мазмұндап, құнды ғылыми деректермен дәлелдеуде республикамызға белгілі тарихшыларының (М.Қозыбаев, М.Қойгелдиев, М.Мүқанов, Т.Омарбеков, т.б.), саясаттанушыларының (М.Тәжин, К.Нұрпейісов, К.Көшербаев, М.Тәтімов, т.б.), философтарының (Ә.Нысанбаев, Д.Кішібеков, Н.Сәрсенбаев, А.Қасымжанов, О.Сегізбаев, Қ.Бейсенов, А.Қасабеков, Ғ.Есімов, т.б.), әдебиеттанушыларының (М.Әуезов, М.Ғабдуллин, Ә.Қоңыратбаев, М.Тілеужанов, Н.Келімбетов, М.Әлімбаев, т.б.) зерттеу еңбектерінің көмегі зор болды ....
ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың алғашқы кезіндегі ұлы империя үлестік мемлекетте отарлады жаулап алу системасын қарқынды түрде жедел қарқынмен өрбітті, соның нәтижесінде олардың қалтасына келіп құйылып жатқан олжалардың санында есеп жоқ болатын. Есесіне олар Африкада отарларын барған сайын қанап, халықты езгінің астына алды. Қулығына найза болаттың ұлы супердержава стстусындағы Англияның осы сөз қылған даьалар ішінде әлемдегі отарлар басқарудың ең негізгі құралына айналды. Англиядан басқа кәрі құрлықтың ең тырнақ алды мемлекеттері осы кезеңде отарлар иемденуді тым қарқындатқаны соншалықты, әлем картасының 70 – 80% өз пайдаларына шегініп үлгерді. Осы аталған уақыт шеңберінде Англия сияқты ірі держава Африкғадағы елдерде өзінің байырғы қарсыластары Германия, Испания, Португалиядан өң бойы озып, қара құрлықтағы 50 – ге жуық мемлекеттерді өзінің бауырына басып үлгерді. Осылайша Африка құрлығының барлық мемлекеттері Европаның державаларына жемдік болуларына тура келген еді. Жұмыстың өзектілігі: Біз сөз қозғап отырған жұмыс негізінен, өте күрделі, әрі көп ізденістер мен еңбектерді талап ететіні сөзсіз. Тақырып өзеге болып табылатын қырлар баса назар аударып айтар болсбақ әрине көп – ақ. Соның ішінде ревалюцияның қалайша тез арада бүкіл халықтық сипат алып, кең жайылуы, сонымен қатар алма – кезек орын алып отырған толқулардың ерекшеліктері және олрадың жетістіктері мен нәтижелері толық айтуымызға болады. Жұмыстың зерттелу тарихы әлемнің ең ерекше құрлығы сонымен африкадағы орталық езгіге қарсы ұлт – азаттық күрестер ғалымын не болмаса назарын өзіне аудармай қоймайды. Бұл жұмыс өте қызық. Ал енді осы қызықтың соңына түсіп, оны жаңа үлгілермен толықтыру ісінде көптеген ғалымдардың есімдегі тілге тиек етіп, атап шығуымызға болад ....
Жер шарының қатты құрғап кеткен аймақтары өсімдік пен суға тапшы ЮНЕСКО мәліметтері бойынша барлық континенттің 23% шөл аймақтары құрайды. Ал Кеңес географтары қураған жердің 22% шөл және шөлейт жерге яғни 31,4млн. км2 жерді жатқызады. Яғни осының 1\3 африка материгіне тиесілі. Африка материгі- көлемі жағыған Еуразиядан кейінгі жер шарындағы екінші материк. Африка, оған кіретін аралдарды қоса есептегенде, 30млн.км2-ден астам жерді алып жатыр. Еуразиямен өкпе-тұс келген Африка материгін тек Қызыл теңіз бен Жерорта теңізі, Гибралтар бұғазы мен Суец каналы бөліп тұр. «Африка» деген сөз- латынның «африка» деген сөзінен шықты делініп жүр, ол «аясыз» деген ұғым береді. Олай болса, материктің аты оның табиғат жағдайына әбден сай келеді. Африка- Жер шарындағы ең ыстық материк, олай болу себебі- материктің Солтүстік және Оңтүстік тропиктер аралығындағы географиялық жағдайының ерекшеліктеріне, яғни ыстық жылулық белдеуіне орналасуына байланысты. Экватор материкті тең ортасынан дерлік қиып өтеді. Африка жағалауларында жақын маңды аралдар онша көп емес. Аралдардың ең үлкені- Үнді мұхитындағы Мадагаскар аралы. Атлант мұхитында ең ірілері- Мадейра, Канар, Жасыл Мүйіс аралдары. Африка жағаларына ұласып жатқан мұхиттар суы барлық тұста дерлік материкті ішкерілей енбеген, сондықтан да жағалау жиектері аз тілімделінген. Африканың жағалау жиектерінің ұзындығы 30500 км астам. Шапшаң жүретін теңіз теплоходымен Африка материгін шамамен 20 күнде айналып шығуға болады. Африканың бүкіл солтүстік аймағы шөл жерге жатады. Ол -12-140 слотүстік ендік жнрорта теңізіне дейінгі аймақты қамтиды. Оңтүстік Африканың ең үлкен шөлді аймағы Намиб Атлант мұхитынан Сары теңіздің оңтүстік шығысына дейін созылып жатыр. ....
Жер шарының қатты құрғап кеткен аймақтары өсімдік пен суға тапшы ЮНЕСКО мәліметтері бойынша барлық континенттің 23% шөл аймақтары құрайды. Ал Кеңес географтары қураған жердің 22% шөл және шөлейт жерге яғни 31,4млн. км2 жерді жатқызады. Яғни осының 1\3 африка материгіне тиесілі. Африка материгі- көлемі жағыған Еуразиядан кейінгі жер шарындағы екінші материк. Африка, оған кіретін аралдарды қоса есептегенде, 30млн.км2-ден астам жерді алып жатыр. Еуразиямен өкпе-тұс келген Африка материгін тек Қызыл теңіз бен Жерорта теңізі, Гибралтар бұғазы мен Суец каналы бөліп тұр. «Африка» деген сөз- латынның «африка» деген сөзінен шықты делініп жүр, ол «аясыз» деген ұғым береді. Олай болса, материктің аты оның табиғат жағдайына әбден сай келеді. Африка- Жер шарындағы ең ыстық материк, олай болу себебі- материктің Солтүстік және Оңтүстік тропиктер аралығындағы географиялық жағдайының ерекшеліктеріне, яғни ыстық жылулық белдеуіне орналасуына байланысты. Экватор материкті тең ортасынан дерлік қиып өтеді. Африка жағалауларында жақын маңды аралдар онша көп емес. Аралдардың ең үлкені- Үнді мұхитындағы Мадагаскар аралы. Атлант мұхитында ең ірілері- Мадейра, Канар, Жасыл Мүйіс аралдары. Африка жағаларына ұласып жатқан мұхиттар суы барлық тұста дерлік материкті ішкерілей енбеген, сондықтан да жағалау жиектері аз тілімделінген. Африканың жағалау жиектерінің ұзындығы 30500 км астам. Шапшаң жүретін теңіз теплоходымен Африка материгін шамамен 20 күнде айналып шығуға болады ....