Оқушылардың қабілеттілігіне байланысты іріктеп алған жөн. Спорттағы іріктеу және екінші іріктеу деген екі кезеңге бөлінеді. Бірінші іріктеу - келешек спортшымен танысу, оны жан -жақты зертеу. Ол мынадай іріктеуден тұрады: 1) Қозғалыс қасиеттерін әр түрлі сынақтар арқылы бағалау. 2) Дене құрлысы ерекшеліктерін көру, бағалау. 3) Психо- физиологиялық тексерулер (сұрақ қою әдісі). 4) Ата-аналарымен танысу. Екінші іріктеу кезеңінде жас спортшының қабілеттілігі және бастапқы мамандану кезіндегі кемшіліктері анықталады. Іріктеу кезінде баланың морфологиялық ерекшеліктеріне назар аударган жөн (организмнің ңұрлысы және дене мүшелері). Спорт түрлері адамның морфологиясына әр түрлі талаптар қояды. Мысалы, найза, граната, диск лақтырушылардың ұзын бойлы, ауыр салмақты болуымен бірге, айналу амплитудасы мен ұшу жылдамдығы үшін қолдары да ұзын болуы шарт. Жеңіл атлетикамен айналысушылардың аяқтарының ұзын болуы қажет т.с.с. Физиологиялық ерекшеліктер.....
Зерттеудің көкейкестілігі. Қазақстан Республикасының әлемдік өркениетке, демократиялық дәстүрге өту жағдайында адамзат қоғамының ғасырлар бойы жинақтаған жалпы құндылықтар мұрасына ден қоюы, рухани-адамгершілік негізінде дене тәрбиесін сабақтастықта дамытып, салауатты өмір сүру дағдылары арқылы дене мәдениетін қалыптастыру өзектілігі артуда. Бұл мәселе ел Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан - 2030» бағдарламасында, ҚР «Білім туралы» Заңында, «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында» білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі ретінде көрініс тапқан. Дене тәрбиесін, жаңа технология мен озат тәжірибені ұлттық және жалпыадамзаттық құндылық қағидаларымен сабақтастыра зерттеу – бүгінгі күн талабынан туындап отырған педагогика ғылымының міндеттерінің бірі. Дене тәрбиесінің мәнін бүгінгі жаңа заман талабына сәйкес қарастыру – бұл адамды өзі өмір сүрген ортаның жемісі ғана емес, сол ортадағы дене мәдениеті....
Зерттеудің өзектілігі.Футболда спорттық жетістіктер айтарлықтай шамада футболшылардың қозғалыс қабілеттерінің даму деңгейімен анықталады. Бұл ретте жалпы алғанда спорттық шеберліктің көрініс табуына, сондай-ақ оларды жетілдіру мүмкіндіктеріне әсер ететін негізгі қимыл қасиеттерінің бірі болып футболшылардің төзімділігі табылады. Жетілдіріле түскен төзімділік бүкіл ойынның ұйымдастырылуына ықпал ететіндігін, ойындағы белсенділікті арттыруға мүмкіндік беретіндігін, техникалық-тактикалық әрекеттердің диапазонын кеңейтуді зерттеп,талдау жасау . Қазіргі отандық және шетелдік әдебиетте футболшылардың жұмысқа қабілеттілігін, оның ішінде төзімділігін зерттеуге арналған жұмыстардың айтарлықтай елеулі саны жинақталып қалды. Алайда бұл жұмыстар негізінен алғанда әлде ересек футболшылардың, әлде жасөспірім жастағы спортшылардың төзімділігін зерттеуге арналған. Бізге қол жетерлік әдебиетте төзімділік, оның ішінде жалпы төзімділік туралы, сондай-ақ оны жас футболшыларда тәрбиелеу әдістемесі туралы мәселе толықтай дәрежеде ашып көрсетіле қоймаған. Қазіргі таңда футболда жалпы төзімділікті тәрбиелеудің ең тиімді тәсілдерін анықтау мәселесі бойынша бірыңғай пікір болмай отыр. Бір мамандар спорттың циклдық түрлерінен алынған, жүгірумен даярлау тәсілдерін кеңінен пайдалануды ұсынады , өзгелері жекпе-жекке және ойынға жақынырақ тұрған жаттығуларға басымдық береді. Жас футболшыларда жалпы төзімділікті тәрбиелеудің қазіргі қолданылып жүрген әдістерін ұтымды таңдап алу және үйлестіру мәселесі ашық күйінде қалып отыр. ....
Гимнастика – арнайы жаттығулар жүйесінен тұратын, адам денсаулығын нығайту және оның денесінің үйлесімді дамуы үшін қолданылатын дене шынықтыру мен әдістемелік тәсілдер. Қазақстанда гимнастиканың (грекше gymnastіke, gymnazіo – жаттығу жасаймын, жаттықтырамын) акробатика, көркем гимнастика және спорттық гимнастика сынды түрлері жақсы дамыған. Гимнасшылардың халықаралық одағы (FІG) 1897 ж. ұйымдастырылған. Қазақстан оған 1994 жылдан мүше. Көркем гимнастика – спорттың бір түрі; музыка сазымен арнаулы затпен (лента, доп, шеңбер, т.б.) немесе затсыз гимнастикалық жаттығулар комбинациялары орындалатын қыздар арасындағы жарыс. Көркем гимнастика шұғылданушылардың дене сұлулығын қалыптастырып, эстетикалық тәрбие береді. Онда толқынды, серіппелі қозғалыс, иіліп, бұралу, денені тік ұстау, би өнеріне тән жүріс, жүгіріс, секіру, халықтық би мен шалқыма би басым келеді. Көркем гимнастикадан дүниежүзілік чемпионат 1963 жылдан бері өтіп келеді . Олимпиялық ойындар бағдарламасында 1984 жылдан бар. ....
Баскетболда күш жылдам дайындықтың әдістемелік ерекшеліктері, бүгінгі баскетболға ұқсас ойындардың сипаттамаларын көне нормандар мен Колумбқа дейінгі Америка мәдениетінен табуға болады. Осы ойынның жаңартылған түрі - пок-та-пок бұрын діни салт болса керек. Осы салт қазіргі кезде Мексиканың солтүстік штаттарында спорттық ойын-сауық пен туристтерге арналған аттракцион ретінде ұйымдастырылады. Баскетбол (ағылш. basketball, basket - себет (торқалта), ball - доп) —- доппен ойналатын командалық спорт ойыны. Командадағы ойыншылар допты сақиналы торқалта себетке дөп түсіруі қажет. Қақпа жерден кем дегенде 3 метр биіктікте орнатылады. Тор қалтаны жақын жерден дәлдесе 2 ұпай беріледі. Ал, егер доп 6,25 метрден сәтті лақтырылса онда ұпай саны бірден 3-ке көбейеді. Бір матч 20 минуттық үш кезеңнен тұрады. Осы аралықта ойында есеп тең болып тұрса, төреші тарапынан қосымша уақыт қосылады. Кәсіби терминде мұны «Овертайм» деп атайды.....
Кіріспе Қазіргі уақытта информатиканың дамуы мен ақпараттық - коммуникациялық технологиялардың (АКТ) алатын орны ерекше екендігі белгілі. Бұлар өмірдегі барлық салада өз орнын тауып, қазіргі заманның айнытпас мәдениетіне енді. АКТ өте үлкен жылдамдықпен даму үстінде, яғни көптеген жаңа технологиялар пайда болып, ескілері тез жойылуда, бұл информатика пәніне де айтарлықтай әсер етуде. АКТ-ның үлкен қарқынмен дамуына байланысты программалауға деген қызығушылық та арта түсті. Программалау – тез дамып келе жатқан ғылым мен техника саласы. Программалау тілі дегеніміз – алгоритмдерді және алогритмдік тілде құрылған амалдар тізбегін компьютерге түсінікті командалар мәтіні түрінде жазуға арналған жасанды тіл. Дүние жүзінде оқытудың тиімді жолдары мен әдіс-тәсілдерін іздестіру жұмыстары соңғы кезде кең көлемде жүргізіліп келеді. Оқыту процесі терең, берік және дәл білім алу, таным жолындағы оқушылардың қимылына байланысты. Оқыту процесі – бұл мұғалім мен оқушылардың мақсатқа бағытталған өзара әрекеттесуінің барысында шәкірттерге білім беру міндеттерін шешу. Оқыту процесі – тұтас педагогикалық процестердің бір бөлігі. Қазіргі кезде программалау тілдерін оқыту әдістемесіне кеңінен көңіл бөлінеді. Мысалы, А.Скробов VB тілін пайдаланып, бірнеше есептердің бір уақытта орындалуын зерттесе, В.Тихвинский VBA модульдерін өңдеуді кеңінен зерттеп келеді. Ал Г. Магдануров объектілі-бағдарлы программалау тілінің Visual Basic.Net программасында қолданылуын зерттеді. Осы тәрізді зерттеулер біздің елімізде де жаңадан қолданыс табуда. Сол себептен программалау тілін оқып үйрету әдістемесін жетілдіру қажет. Әрине, программалау тілін оқыту әдістемесі бойынша зерттеу жұмыстары аз емес. Көптеген зерттеушілер программалау тілін оқытудың әр түрлі әдістемелерін ұсынады. Ашық білім беру жүйесінің қарқынды дамуына байланысты программалау тілдерін меңгерудің көптеген жолдары бар. Әрбір оқушы өз бетінше де программалау тілін меңгере алады. Бірақ зерттеушілер программалау тілін оқытудың тиімді жолдарын қарастырған. Сонымен қатар, еліміздің зерттеушілері көбіне программалау тілінің ең оңай тәсілдерін оқыту әдістерін ғана зерттеумен шектеліп келеді. Зерттеу жұмыстары көптеген зерттеушілермен бірге әртүрлі тәсілдерді қамтиды. Олардың барлығы оқушыға тиімді, әрі жоғары білім береді. Осы тәсілдермен программалау тілдерін оқыту оқушыларға программалау тілін меңгеруде маңызы өте зор. Қазіргі уақытта мектепте программалау жүйелерін таңдау мүмкіндіктерінің шеңбері біршама кеңейді. Бұл Turbo Pascal 7.0, Vіsual Basіc, C++, Delphі. Бұл тізімді ары қарай жалғастыра беруге болады. Жалпы білім беретін орта мектепте программалау тілін тереңдетіп оқыту информатиканы оқытудың мақсаттары болып табылмайды. Программалау дегенде қандай да бір программаның жеке жүйесін оқыту емес, жалпы алғанда программалау негіздерін меңгеруде, атап айтқанда, қандай да бір программалау жүйесіндегі негізгі ұстанымдармен танысу. Американдық педагог ғалым Б. Хантер ұсынған анықтама бойынша, программалау біліктілігі – компьютерлік сауаттылықтың құрамдас бөлігі болып табылады. Демек, компьютерлік сауатты болу үшін оқушылар дайын компьютерлік программалармен жұмыс істеп қана қоймай, әдістемелік құралдарды пайдалана отырып, талапқа сай программаларды да құра білуі керек. Программалау тілдері күнбе – күн дамып отырғандықтан, оларды оқыту әдістемесі де осыған байланысты үздіксіз дамып отырады. Сондықтан, компьютерлік программалармен жұмыс істеп, талапқа сай программаларды құра білу үшін және жалпы программалауға деген қызығушылықты тудыру үшін оқытудың жаңа тиімді әдістемелерін құрып, оларды дамытып, жетілдіру қажет.....
Зерттеудің көкейтестілігі. Бүгінгі күн жағдайында қоғамның әлеуметтік -экономикалық дамуы табысты болуы үшін денсаулығы мықты және дене күштері жетілген тұлғаны тәрбиелеу қажеттігі туындап отыр. Зерттеу нысаны: арнайы балалар-жасөспірімдер спорт мектептеріндегі тұтас педагогикалық процесс. Зерттеу пәні: спорт мектептеріндегі жаттықтыру сабақтарының мазмұны. Зерттеу мақсаты: жас спортшылардың дене қасиеттерін тәрбиелеудің әдістемесін жасау және теориялық жағынан негіздеу. Зерттеу міндеті: Нарықтық экономика кезеңінде тұлға мен қоғам дамуына өсіп келе жатқан жас ұрпақтың денсаулығын нығайту өте қажетті және жоғарғы дәрежеде дене тәрбиесі жағынан даярлау аса маңызды педагогикалық міндеттердің бірі болып табылады. Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы мен теориялық мәні: • Жас ерекшеліктерін ескеріп оқушылардың дене қасиеттерін тәрбиелеу әдістемесі жасалынды;....
Зерттеудің көкейтестілігі. Бүгінгі күн жағдайында қоғамның әлеуметтік -экономикалық дамуы табысты болуы үшін денсаулығы мықты және дене күштері жетілген тұлғаны тәрбиелеу қажеттігі туындап отыр. Зерттеу нысаны: арнайы балалар-жасөспірімдер спорт мектептеріндегі тұтас педагогикалық процесс. Зерттеу пәні: спорт мектептеріндегі жаттықтыру сабақтарының мазмұны. Зерттеу мақсаты: жас спортшылардың дене қасиеттерін тәрбиелеудің әдістемесін жасау және теориялық жағынан негіздеу. Зерттеу міндеті: Нарықтық экономика кезеңінде тұлға мен қоғам дамуына өсіп келе жатқан жас ұрпақтың денсаулығын нығайту өте қажетті және жоғарғы дәрежеде дене тәрбиесі жағынан даярлау аса маңызды педагогикалық міндеттердің бірі болып табылады. ....
Зерттеудің көкейтестілігі. Бүгінгі күн жағдайында қоғамның әлеуметтік -экономикалық дамуы табысты болуы үшін денсаулығы мықты және дене күштері жетілген тұлғаны тәрбиелеу қажеттігі туындап отыр. Зерттеу нысаны: арнайы балалар-жасөспірімдер спорт мектептеріндегі тұтас педагогикалық процесс. Зерттеу пәні: спорт мектептеріндегі жаттықтыру сабақтарының мазмұны. Зерттеу мақсаты: жас спортшылардың дене қасиеттерін тәрбиелеудің әдістемесін жасау және теориялық жағынан негіздеу. Зерттеу міндеті: Нарықтық экономика кезеңінде тұлға мен қоғам дамуына өсіп келе жатқан жас ұрпақтың денсаулығын нығайту өте қажетті және жоғарғы дәрежеде дене тәрбиесі жағынан даярлау аса маңызды педагогикалық міндеттердің бірі болып табылады. Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы мен теориялық мәні: • Жас ерекшеліктерін ескеріп оқушылардың дене қасиеттерін тәрбиелеу әдістемесі жасалынды; • Оқушылардың дене қасиеттерін тәрбиелеуге ықпал жасайтын спорттық және ұлттық ойындарды тиімді қолданудың педагогикалық шарттары анықталды. ....
Бокстің алғашқы түрі ежелгі Грекияда ұйымдастырылып (б. з. б. 688 ж.), Олимпиялық ойындар қатарына енген. Ол кезде жекпе-жекке шыққан жігіттер қолдарын жұмсақ терімен немесе дәкемен орап айқасқан. Төбелес екі жігіттің бірі естен танып жығылғанша жалғаса берген. Бокс (ағылшынша box – қорап) – арнайы жұмсақ қолғаппен белгілі бір ереже бойынша жекпе-жек күш сынасатын спорт түрі. Жекпе-жекке шыққан екі ойыншы қарсыласының денесінің белгілі бір жеріне дәл соққы беруді көздейді. Жекпе-жек аумағы 4,9x4,9 м немесе 6,1x6,1 м, жан-жағы 1,3 м биіктікте арқанмен керілген рингте өтеді. Бокс ойынының әуесқойлық (3 раунд) және кәсіпқойлық (12 – 15 раунд) ережелері бар. Бокс ерте Грек елi — Элладамен тығыз байланысты. Аңыздарға сенсек, ол кезеңдегi ең танымал «қолғап иесi» — Тезей болған көрiнедi. Ал Платонның жазуы бойынша, жұдырықтасу өнерiнiң атасы — теңiз құдайы Посейдон мен Мелия есiмдi нимфаның ұлы — Амыкус екен. Ерте Грекияда болған бокстың алғашқы белгiлерiн қыш құмыраларда салынған боксшылардың бейнесi де дәлелдейдi. ....