Дене шынықтыру | Волейболшылардың дене қабілеті қасиеттерінің дамуының әдістемелік негіздері

 Дене шынықтыру  | Волейболшылардың дене қабілеті қасиеттерінің  дамуының әдістемелік негіздері

Мазмұны

Кіріспе___________________________________________________________6

I .Волейболшылардың оқу жаттығулар процесін жоспарлау мен ұйымдастыру әдістемесі

1.1. Волейболшылардың жаттығуларын ұйымдастыру.________________7
1.2. Ойын қимылдарының тиімділігін анықтау_______________________16
1.3.Жаттығу күрделілігінің көлемін бақылау________________________17

II-тарау .Ойынның психологиялық сипаттамасы.
2.1.Объективтік сипаттағы қиындықтар тобы, оларды жеңу жолдары.___40
2.3 Волейбол ойыны жарыстарын өткізу ережелері
ойын туралы жалпы мағлұматтар___________________________________43
2.4 Техника-тактикалық дағдыны қалыптастыруда қолданылатын
қимыл-қозғалыс ойындары және оны өткізу методикасы________________48

Қорытынды_______________________________________________________64
Әдебиеттер тізімі_______________________________________________65

Зерттеудің көкейтестілігі. Бүгінгі күн жағдайында қоғамның әлеуметтік -экономикалық дамуы табысты болуы үшін денсаулығы мықты және дене күштері жетілген тұлғаны тәрбиелеу қажеттігі туындап отыр.
Зерттеу нысаны: арнайы балалар-жасөспірімдер спорт мектептеріндегі тұтас педагогикалық процесс.
Зерттеу пәні: спорт мектептеріндегі жаттықтыру сабақтарының мазмұны.
Зерттеу мақсаты: жас спортшылардың дене қасиеттерін тәрбиелеудің әдістемесін жасау және теориялық жағынан негіздеу.
Зерттеу міндеті:
Нарықтық экономика кезеңінде тұлға мен қоғам дамуына өсіп келе жатқан жас ұрпақтың денсаулығын нығайту өте қажетті және жоғарғы дәрежеде дене тәрбиесі жағынан даярлау аса маңызды педагогикалық міндеттердің бірі болып табылады.
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы мен теориялық мәні:
• Жас ерекшеліктерін ескеріп оқушылардың дене қасиеттерін тәрбиелеу әдістемесі жасалынды;
• Оқушылардың дене қасиеттерін тәрбиелеуге ықпал жасайтын спорттық және ұлттық ойындарды тиімді қолданудың педагогикалық шарттары анықталды.
Зерттеу жұмыстарының практикалық мәні:
• оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып дене қасиеттерін тәрбиелеудің әдістемесі жасалынды;
• балалар-жасөспірімдер спорт мектептерінің тұтас педагогикалық процесс жағдайында оқушылардың дене қасиеттерін тәрбиелеуде ұлттық және спорттық ойындарын тиімді қолдануға байланысты ғылыми-әдістемелік нұсқаулар ұсынылды;
• зерттеу материалдарын жоғары оқу орындарында дене мәдениеті профиліндегі колледждерде лекция оқу барысында, спорт мектептері мен волейбол клубтарының іс-әрекетінде қолдануға болады.
Қорғауға мына қағидалар ұсынылады:
• Дене қасиеті-тұлғаның дене мәдениеттілігіне бағытталуын анықтайтын және жас ерекшеліктерін есепке алуға негізделген белсенді спорттық іс-әрекетте тәрбиеленетін интерагтивткік қасиет;
• Жаттықтырушы мен оқушының өзара байланысы іс әрекеттері ретіндегі дайындықтың барлық кезеңдеріндегі қозғалыс әрекеттерінің мәндік сипаттамасын бейнелейтін дене қасиеттерін тәрбиелеу әдістемесі;
• Балалар-жасөспірімдер спорт мектептерінің тұтас педагогикалық процестерінде оқушылардың дене касиеттерін тәрбиелеуде спорттық және ұлттық ойындарды тиімді пайдаланудың педагогикалық шарттары. Дағдыланбаған ауа-райының жағдайы. ойын уақытының ұзақтығына байланысты шаршап-шалдығу, спортшының шынығу дәрежесінің жетіспеуі, әлсіз қарсыластың күтпеген жерден жақсы ойнап кетуі,
• жетекші ойыншының нашар ойыны, жарақатқа ұшырату.

І. Волейболшылардың оқу жаттығулар процесін жоспарлау мен ұйымдастыру әдістемесі

1.1 Волейболшылардың жаттығуларын ұйымдастыру.

Спорт және қимыл ойындары - дене тәрбиесінің сезімталдыққа негізделген тәсілі, олар денсаулықты сақтауға және нығайтуға өте тиімді, сірә, спорт ойындарының ең қолайлы, кең тараған түрі волейбол болса керек. Волейбол еңбекші бұқараны дене шынықтыру және спортпен тиянақты айналысуға, белсенді демалуға, президенттік сынақ тапсыруға тартудың күшті жолдарының бірі. Енді осы ойынның адам организміне әсері туралы қысқаша тоқталайық.
Ойын тактикасының қарапайымдылығы және доп үшін тікелей тартыстың жоқтығы волейболмен көпшіліктің жаппай айналысуына жол ашады. Ал волейболшылардың организміне түсетін салмақ мөлшері орташа деңгейде. Денеге аса күшті әсер ететін қимыл-жүгіру мұнда аз қолданылады.
Волейбол ойнау реакция жылдамдығын, ептілікті, төзімділікті калыптастыруға көмектеседі, тыныс жүрек-тамыр, бұлшық ет жүйелерін нығайтады, ой шаршауынан арылтады, жалпы алғанда организмге игі әсер етеді.
Волейбол адамды коллективтік қимылға, жеке бас мүддесін команда мүддесіне бағындыра білуге, тәртіпті, болуға, өзгелерге дер кезінде көмекке келуге үйретеді.
Дәрігерлер мен дене шынықтыру, спорт мамандарының бір ауызды пікірінше, волейболдың емдеу-сауықтыру мүмкіндіктері орасан зор. Сондықтан осынау тамаша ойын әрбір мекеме, жоғары оқу орны, мектеп, демалыс орындарында берік орын алса, нұр үстіне нұр болар еді.
Волейбол ойыны аумағы 9x18м алаңда өткізіледі. Ортадағы сызық алаңды екіге бөліп тұрады. Ортаңғы сызықтың үстіне екі бағанға керілген волейбол торы орантылады. Тордың биіктігі ойыншылардың жасына немесе ұл не қыздар командасы болып ойнауына қарай әртүрлі болады. Жасөспірім ер балаларға арналған тордың биіктігі-220 см, қыздар үшін 210см болады. Ойынға әрқайсысында 6 ойыншысы бар екі команда қатысады. Әр команданың ойыншылары өз алаңына ораналасады. Ойынға диаметрі 65-68см, салмағы 250г-дық доп пайдаланылады. Бір команданың ойыншылары допқа үштен артық қол тигізуіне болмайды. Осыдан кейін доп тордан асырылуға тиіс. Сондай-ақ бір ойыншы допқа қатарынан екі рет қолын тигізуіне рұқсат етілмейді.
Ойынның барысында доп қай алаңға түссе, сол командада осы жолы ұпайдан ұтылған болып есептеледі. Допты ойынға қосу хұқына ие болған қарсыластары сағат тілі бағытымен қозғалып, орын ауыстырады. Ойын осылайша жалғаса береді.
Қарсыласынан екі ұпай артықшылыкпен 15 ұпай жинаған команда жеңіске жетеді.
Жасөспірімдердің ойыны 3 кезеңнен тұрады. Екі кезеңде ұтқан команда жеңген болып есептеледі. әр кезеңнен кейін командалар алаңдарын алмастырады. Шешуші кезеңдерде бір команда 8 ұпай жинағаннан кейін екі команда алаңдарын алмастырады.
Волейбол- елімізде кең тараған ойындардың бірі. Оның көпшіліктік сипат алуы волейбол ойынының ережелері мен қажетті құрал-жабдықтарының қарапайым және бұл ойын қызықты да әсерлі болуына байланысты.
Волейбол ойынының ереже-талабы мынадай айла тәсілдерден тұрады: оқушылардың орын ауыстыруы, допты бір-біріне беруі, допты ойынға қосу, шабуыл соққысы және оған тосқауыл қою.
Волейбол алаңының аумағы шағын болғанына қарамастан ойын кезінде ойыншы тек өз орнын ғана сақтап тұрмайды. Ойын кезінде қажетті жағдайға байланысты орын ауыстыра беруінің үлкен мәні бар. Орын ауысытыру дегеніміз - техникалық тәсілдер мен тактикалық іс-қимылдарды шебер орындап шығу мақсатында командадағы ойыншылардың бір-бірімен орын ауыстыруы. Егер ойыншы бастапқы қалыпта қолайлы жағдайда тұрса, онда ол орын ауыстырулары да оңай орындайды. Ойыншының бастапқы қалпы-оның негізгі тұрысы. Волейболшының ең қолайлы бастапқы қалпы-екі қолын шынтақтан сәл ғана бүгіп, дененің салмағын екі аяққа тең түсіріп, кеудені аздап ілгері бейімдер тұру. Оқу -жаттығулар процесін жоспарлау мен ұйымдастыру әдістемесі
Арнайы спорт мектептері мен дене тәрбиесі мәдениетінің болашақ мамандарын даярлайтын оқу орындары оқушыларын волейбол спорт ойынының қыр-сырына қанықтыру-өте күрделі процесс. Олар:
1. волейбол ойыншысына тән дене құрылысы, күш-қуаты және ұжымдық әрекетке бейімдігі бар жаттығулар таңдау;
2. Әрбір жаттығушыларға тән психологиялық ерекшеліктерді үнемі назарда ұстау;
3. 10-20 жас аралығындағылардың өсуі мен - анатомиялық -физиологиялық құрылымын зерделі тексеру;
4. Болашақ волейбол спорт ойынын жете меңгерушілерге қойылатын арнайы талаптарды үнемі басшылыққа алу қажеттігі;
5. Жаттығушылардың ойын барысындағы атқартын функцияларын алдын-ала белгілеу;
6. Жаттығу жүйесін алдын-ала жоспарлай отырып оның нәтижесін талдау;
7. алдағы болатын спорт жарыстарының мақсаты мен міндетін ойыншылармен бірлесе отырып талқылау;
8. Жаттығушыларды үнемі дәрігерлік байқаудан өткізіп, оларға берілетін жүктемелердің организм мүмкіншілігіне үйлесімділік табуын қадағалау;
9. Жарыс-жаттығу кезеңі мен демалу және ширақ мерзімдері арасындағы органикалық бірлестіктің мерзімін белгілеу;
10.Машықтанушы жастардың болашақ үлкен спортта биік тұлға дәрежесіне дейін көтерілуіне жағдай жасау.
Сөйтіп, көпжылдық жаттығушылар мен жаттықтырушылардың көздеген мақсатына жетуіне бірден-бір себепші жоғарыдағы аталып өткен кезеңдердің жүйелі, ізбе-ізділікпен бірігуінен болатын нәтиже екендігін ескертеміз.
Көп жылдық дайындықтарға арналған оқу-жаттығу процесіне байланысты құбылыс. Себебі, жаттығу-дәріс кезінде әрбір шәкірт-машықтанушы тапсырма алады, оны өз бетімен орындайды. Тапсырманың түрлерін жаттықтырушы алдын-ала жоспарлап, оның мұлтіксіз орындалуын қадағалап отырады. Жаттығушылар орындайтын ойын тәсілдері бұрынғы меңгерген техникалық жаттығудың күрделіленген түрі немесе бұрын меңгерген ойын элементінің жалғасы да болуы мүмкін.
Сол сияқты жылдық оқу-жаттығу кезеңі жылдың екі кезеңіне бөлінуі мүмкін, олар күз-қысқы және көктем-жазғы уақыттар болады. Бұл кезеңдерге сәйкес оу-жаттығу процесі негізгі үш мерзімдік болып бөлінеді: дайындық, жарыс және өтпелі шақ, әрбір кезеңге тән жаттығу, ойын техникасын меңгеру, демалу мен ширау сияқты әдейі ұйымдастырылған оқу-жаттығу формалары бар. Машықтанушылардың спорттық жаттығушыға бапкерлер дербес жаттығуға тапсырмалар да беруге болады. Бұл - спортшының өз бетімен іздену жұмысының өте болымды формасы. Әрбір шәкірт-спортшы өзінің командалық ойында атқартын қызметіне байланысты әрекетін сапалы атқарудың тәсілін күрделендірудің әдістемесін өз бетінше меңгеруіне жағдай жасайды және оның ойын процесінде кездесетін, оқиғаға алдын-ала дайындығын қамтамасыз етеді. Жаттығушы-спортшылардың өз бетімен орындайтын дербес жұмысы командалық ойын өрнегін берік игеруге ғана мүмкіндік туғызбайды, ол жеке спортшының ойыншы ретін де қүнды қасиеттерін өзін-өзі билеушілікті, ұйымшылдықты, өзінің түпкі ойына жету мақсаттылығын қалыптастырады.
Сонымен, оқу-жаттғудың әрбір кезеңінің міндеттері мен мақсаттарын және формаларын таңдап алу, біріншіден, жаттығу міндеттеріне, екіншіден, оку-жаттығу көлемі мен күрделілігіне, үшіншіден, командадағы спортшылардың жаттығу-спорттық мүмкіншілігіне байланысты.
Волейболшылар - оқу - жаттығу процесіндегі басты тұлға. Егер бапкер әрбір спортшыға жаттығу барысында дербес назар аударып, дер кезінде көмектессе, талапкерге зер салса, онда әрбір волейболшы өзін бапкердің сенімді шәкіртімін деп сезінеді, оның адамгершілік көмегін шын ниетпен кабылдайды. Осындай ынтымақтастық педагогикасы жағдайында барлық жаттығушылар шыныға білуді, ойын өрнегін өзі жасауды, сүйеді, өзі таңдаған спорт түрінен болашақ қуаныш зор табыс, мәртебе күтеді.
Волейболшылар үшін әр жылдық оқу-жаттығу жұмыстарының нормаларының дұрыс орындалуы негізгі заңға айналуы қажет.
Оқу-жаттығу процесіне бөлінген жаттығу уақыты жаңадан жаттығушылар үшін 2 академиялық сағат, дайындығы жеткілікті оқу-жаттығу уақыты 4 сағат мөлшерінде. Оқу-жаттығу мерзімі мен оның жалғасының уақыты, спорт мектебінің педагогикалык ұжымының басшысының келісімімен белгіленуі міндетті.
Сол сияқты, арнайы спорттық бағыттағы мектептердің волейболға машықтанушы топтарға арналған төмендегілердей құжаттардың болуы міндетті: оқу бағдарламасы, оқу жоспары, оқу сағаттарының жылдық тізбесі, жеке топтардың командалық жеке дара және болашақ жоспарлары, жаттығу кестесі, сынақ-бақылау нормативтерін тапсыру кезіндегі нәтижелері көрсетілген құжаттар және жаттықтырушы-бапкердің дәріс мазмұны жазылған колжазбасы, ең кемінде бір айға арналған жұмыс-дәріс жоспары болуы кажеттілік.
Жаттығушылармен спорттық шеберліктерін жетілдірушілердің өз әрекеті мен міндеттерінің нәтижесіне арналған күнделіктері болуы шарт, онда әрбір жаттығушы өзіне тән ерекшеліктер мен дене және бұлшық еттеріндегі өзгерістерді бақылай отыруларын әдетке айналыдарыд.
Волейболшылардың оқу-жаттығу процесіне кіретін-барлық жаттығу жүктемесі, ойыншылардың күш-қуаты мен шапшаң икемділігін арттыруға арналған денешынықтыру дәрістері сол сияқты сауықтыруға арналған емдеу-демалу орындарында болу іс-әрекетін алдын-ала мұқият жоспарлауға бүтіндей тәуелді. Олардың ішіндегі ең негізгілері болып есептелетіндер: спорт түріне байланысты күш-қуатты арттыру міндеті, ойын техникасын меңгерту, тактикалық шеберлік мектебін үйрету, теориялық -интегралдық дайындықтар жиындықтары.
Болашақ волейболшы - шеберлер мектебіне қабылданатын спортышлардың дайындау барысында-оларға қойылатын негізі талаптардың бірі, оның ұжымдық ойындағы жеке рөліне ерекше назар аударылу қажеттілігі осы жерде тәжірибелі бапкер «жалғыз шауып бәйге алмас, жалғыз ағаш орман емес», «Жалғыздың үні шықпас- жаяудың шаңы шықпас»- деген халық мақалының педагогикалық мәніне көңіл бөлгендері жөн демекпіз.
Волейболшылар дайындайтын мектептің әрбір жылы, белгілі сынақ, емтихан және болашаққа жолдама беретін оқу-жаттығу мектебіне айналғанда ғана көздеген нысанасына жетеді.
Мысалы, келесі оқу-жаттығу процесінің жаңа белестер мен биік тұғырға көтерілуіне арналған бапкердің жаңа бағдарламасы мен оқу жоспары, спортшының әрбір жарыстан кейінгі ой толғанысы яғни, жетістіктері мен кәтеліктерін таразылай келіп, өзінің алдына жаңа талаптар қоюға қабілеттілігі т.с.с.
Арнайы дайындық мектебінен өткен спортышлардың жылдық қорытынды нормативтер тапсырудағы көрсеткіштері екі жақтылық педагогикалық-спорттық мәселелерді шешеді. Олар, біріншіден, жаттықтырушының білімі мен өзі маманданған спортты меңгергендігін көрсетсе, екіншіден, жаттығушылардың өздері таңдаған спорт түріне деген сүйіспеншілігін және өз борышына деген адал ниетін де білдіреді, үшіншіден, спорт мектебінің педагогикалық ұжымымен басшылардың мемлекеттік мәні бар іс-шараны іске асыра алу қабілетінде көрсететін факторлар жиынтығы екендігі хақ.
Біз жоғарыда әңгіме еткен енгізгі оқу-жаттығу процесінің өзекті көзі болып табылатын негізгі құжаттар спорт мектептерінің оқу жоспарлары мен оку-жаттығу процестерінің негізгі кезеңдері көрсетілген үлгі-жобаны оқушылар назарына ұсынамыз.
Ескерту: Бұл оқу жоспарына өзгеріс енгізуге әрбір спорт мектебінің құқығы бар екендігін естеріңе саламыз.
Ескерту: оқу-жаттығу жұмыстарын ұйымдастыру кезеңін есепке алу әр жылдың қыркүйек айының 1-ші аптасынан басталады. Сол сияқты оқу-жаттығу мерзімімен оның бағдарламасына жеке облыстардың, аудандардың ...
Бұл дипломдық, курстық немесе ғылыми жұмысты өзіңіз жазуға көмек ретінде ғана пайдаланыңыз!!!



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
» Қазақстандағы білім беру деңгейі 10 жыл ішінде қалай өзгерді?