Кiрiспе. 3.1 Паскаль - программалау тiлi. Паскаль тiлiн 1968 - 1971 жылдары швейцариялык. ғалым Никлаус Вирт оқып - үйренуге қолайлы программалау тілі ретінде ұсынған болатын. Бұл тілдің стандарты кейiнiрек бекiтiлдi, ол сол кездері кең таралған АЛГОЛ, ФОРТРАН, БЕЙСИК тiлдерiне қарағанда жетiлдiрiлген, жұмыс iстeyгe ыңғайлы тiл болды. Паскаль тiлi өзінің қарапайымдылығының және тиiмдiлiгiнің арқасында дүние жүзіне тез таралды. Қазiргi кезде барлық дербес компьютерлер осы тілде жұмыс iстей алады. Паскаль тiлiнде жазылған программаның дұрыстығын компьютерде тексеру және жiберiлген қатенi тузету оңай. Бұл тілде жазылған программа компьютерде орындалу барысында алдымен трансляцияланады (машина тiлiне аударылады), объектiк программаға түрлендіріледі де содан кейiн ғана орындалады. Осы сәтте компьютерде программаның екі нұсқacы болады, оның бiрiншiсi - алгоритмдiк тiлдегi алғашқы түпнұсқасы, ал екiншiсi - объектiк кодтағы жазылған программа. Есеп нәтижесін машиналық кодта жазылған программа арқылы аламыз, ал программаны түзету қажет болғанда, оның алгоритмдiк тiлде жазылған алғашқы нұcқacы өңделеді. Қазiргi кезде Паскаль кез келген күрдлі есептерді шығара алатын, кең таралған стандартты оқу тіліне айналды. 3.2 Паскаль тілінің негізі элементтері.....
Қазіргі таңда біздің мемлекеттің өз алдына қойып отырған мақсаттары мен міндеттері бар. Олар келесідей көріністе: бәсекеге қабілетті экономиканы құру; аймақтық көшбасшы тұғырын қалыптастыру; отандық өндірістердің қосылған құны жоғары өнімдерді шығаруын қамтамасыз ету; ішкі нарықтағы отандық өнімдердің үлесін арттыру және т.б. Бірақ осы мақсаттарға жетуге көптеген бөгеттер бар. Солардың ішіндегі ең негізгі проблемалары ол: экономиканың бір жақты дамуы; жемқорлық; экономика салаларын дамытуға инвесторлардың құлықсыз болуы; әлемдік ірі державалардың астырын саясаты және т.б. Біз экономикамыздың бір жақты дамуынан бас тарта алатын болсақ, ол біз үшін өте тиімді нәтижелерді әкелетін еді. Себебі ірі державалар біздің мемлекетті тек шикізат көзі ретінде ғана қабылдайды. Ал біз бұл бағыттан тайюымыз керек. Ол үшін біз отандық өнеркәсіпті барынша жетілдіріп, дамытуымыз қажет және осы мәселе Қазақстан Республикасының 2003 – 2015 жылдарына арналған индустриалды – инновациялық бағдарламасында көрініс тапқан. Стратегия Қазақстанның 2015 жылға дейiнгi кезеңге арналған мемлекеттiк экономикалық саясатын қалыптастырады және экономика салаларын әртараптандыру арқылы дамудың шикiзаттық бағытынан қол үзу арқылы елдiң тұрақты дамуына қол жеткiзуге бағытталған. Өңдеушi өнеркәсiпте және қызмет көрсету саласында бәсекеге түсуге қабiлеттi және экспортқа бағдарланған тауарлар, жұмыстар және қызметтер өндiрiсi мемлекеттiк индустриялық-инновациялық саясаттың басты нысанасы болып табылады. Бәсекеге түсу қабiлетi дегенiмiз қазақстандық кәсiпорындардың экспортқа шығарылатын өнiмдердi өндiру қабiлетiн бiлдiредi. Басқаша айтқанда, өңдеушi өнеркәсiптiң өнiмi осындай әлемдiк стандарттарға сәйкес келуi керек және баға бойынша бәсекелесуге қабiлеттi болуы тиiс. Стратегияның мiндеті: - өңдеушi өнеркәсiпте орташа жылдық өсу қарқынын 8-8,4 % мөлшерiнде қамтамасыз ету, 2000 жылмен салыстырғанда 2015 жылы еңбек өнiмдiлiгiн кемiнде 3 есе арттыру және ЖIӨ энергия сыйымдылығын 2 есе төмендету; - өңдеушi өнеркәсiптiң негiзгi қорларының өнiмдiлiгiн арттыру; - кәсіпкерлiк ахуалды, құрылымды қалыптастыру және жеке секторды ынталандыратын әрi бәсекелестiк артықшылықты жетiлдiретiн қоғамдық институттарды ұстау, қосылған құнға барынша қол жеткiзе отырып, нақты өндiрiстерде қосылған құн тiзбегiндегi элементтердi игеру; - ғылымды көп қажет ететiн және жоғары технологиялық экспортқа негiзделген өндiрiстер құруды ынталандыру; - елдiң экспорттық әлеуетiн қосылған құны жоғары тауарлар мен қызметтердiң мүддесiне қарай әртараптандыру; - сапаның әлемдiк стандарттарына кө шу; - дүниежүзiлiк ғылыми-техникалық және инновациялық процестерге қосылу арқылы әлемдiк шаруашылық жүйесiне және өңiрлiк экономикаға ықпалдасуды үдету болып табылады ....
Банк ұғымы айырбастаушылардың және олардың айырбас орындарының болуымен сипатталады. Алғашқы банктердің Италияда пайда болу себебі, оның сол уақыттарда дүниежүзілік сауда орталығы болғандығын ескеріп, әр елің ақшаларымен тауарларының сол елге қарай ағылып, банкирлердің сауда операциясына тікелей қатысуына байланысты түсіндірімді. Банктің мәнін ашуға екі жақты тұрғыдан қарастыруға болады: заңи және экономикалық. Бірінші жағдайла, ең басты «банк операциялар» ұғымының маңызы артады. Олардың қатарына банк қызметі туралы заңда көрсетілген операциялар тізімі жатады. «Банк» деген ұғым Италия сөзі «bank» - «орындық», «айырбас орындығы, айырбас орыны» мәнді білдіреді. Курс жұмысының құрылымы 3 тақырыптан және бірнеше тақырыпшалардан тұрады. Бірінші таруда Қазақстан Республикасының банк жүйесінің даму тенденциясы. Оның ішінде ҚР Банк жүйесінің қалыптасуы. ҚР Банктік қызметтерді ұйымдастыру ерекшеліктері. Екінші тарауда Қазақстан Республикасының банк жүесінің құрылымдары мен операциялары. ҚР Банк жүйелерінің құрылымы ҚРБ операциялары. Үшінші тарауда қолайлы экономикалық конъюктура сондай-ақ 2004 жылы ТМД – ның барлық елдеріндегі экономикалық жағдайдың айтарлықтай тұрақтылығына ықпал етті. Негізі экономикалық көрсеткіштердің өсу қарқыны салыстырмалы түрде жоғары болды. Мәселен, бағалау бойынша ЖІӨ-нің өсуі орташа алғанда Достастық елдері бойынша 8% (2003 жылғы - 8%), өнеркәсіптік өнімі - 7% (8%), бөлшек сауда айналымы - 13%, негізгі капиталға инвестициялар-14% болды. ТМД елдерінің көпшілігінде макроэкономикалық ахуалдың жақсаруы, сондай-ақ Қазақстандағы саяси және қаржылық тұрақтылық республика экономикасы өсуінің 5 жыл бойы байқалып отырған үрдістерінің нығаюына ықпал етті. ЖІӨ-нің жиынтық өсуі соңғы 5 жылда 52% -ға жуық болды, бұл Қазақстанға экономиканың даму қарқындары бойынша әлемдік көшбасшылардың бірі болуға мүмкіндік берді. Қазақстан экономикалық жағдайының жақсаруын мойындау Қазақстанға Standard & Poor’s – 2004 жылғы мамырда және Fitch Ratings агенттіктерінің – 2004 жылғы шілдеде «Moody’s» рейтінг агенттігі Қазақсанның «тұрақтыдан» «оңға» өтетін рейтингтері жөніндегі болжамды қайта қарады. Сонымен бірге, экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының республикаға 5-деңгейден 4-деңгейге дейінгі рейтинг беруі елдің әлемдік аренадағы іскерлік беделінің жоғарлауының куәсі болды. Экономикалық дамыған елдердің экспорт-импорт банктері мен экономикалық кредиттерін сақтандыру жөніндегі агенттіктердің осы елдердің жобаларына қолдау көрсету мәселелерін қараған кезде осы рейтінгтік көрсеткіш ескеріледі. ....
Ипотекалық несие жылжымайтын мүлікті кепілге салу арқылы және ұзақ мерзімге берілетін ссуданы білдіреді. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев “Қазақстанның әлемнің бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына ену стратегиясы” халыққа жолдауында атап өткендей: жеке тұрғын үй құрылысын кең ауқымды дамыту – еліміздің басым міндеттерінің бірі [1,3б] . Бүгінде ипотекалық несиелендіруді дамыту өзекті мәселелердің біріне айналуда. Ипотека халықтың тұрғын үй жағдайларын жақсартудағы мүддесін, банктердің эффективті және пайдалы жұмысын, құрылыс кешенінің ырғақты өндірісін және мемлекеттің мүддесін, яғни экономикалық өсімді қамтамасыз етеді. Халықаралық тәжірибе көрсеткендей ипотекалық несие жүйесінің дамуы мемлекетке үлкен пайда әкеледі. Ол маңызды әлеуметтік міндеті – халықтың тұрғын үй мәселесін шешуге зор үлесін тигізеді. Ипотеканы дамыту жалпы ел экономикасын дамытудың маңызды факторы болып табылады. Менің осы курстық жұмысты жазудағы мақсатым – жалпы еліміздегі ипотекалық несиелердің нарықтағы жағдайын сипаттау, зерттеу, перспективалары мен проблемаларын, даму болашағын айқындау. Сонымен қатар еліміздегі екінші деңгейдегі банктердің ипотекалық несие операцияларын ұйымдастыру, есебін жүргізу және талдаудың негізгі мәселелерін, жолдарын айқындайды. Ипотеканың айрықша маңызды принциптеріне мыналар жатады: кепілге салынатын мүлік нақты болу керек, яғни келісімшартта кепілдік құқығының объектісіне жататын нақты мүлікті анықтау; кепілдіктің жариялығы, яғни кепілге салынған мүліктің ауыртпалығын үшінші тұлғаға оңай танитындай болуы керек. ҚР-сында ипотекалық несиелендірү жүйесінің белсенді даму кезеңі басталды. Қазіргі кезде ұзақ мерзімді ипотекалық несиелендіру жүйесін дамыту жолымен ақшаны мобилизациялаудың нарықтық механизмдерін дамыту үшін жағдайлардың жасалуы есебінен тұрғын үй нарығында несие – қаржылық сфераның кеңейуі және халықтың төлем қабілеті сұраныстың өсуі үшін алғышарттар бар. Осы жүйені енгізумен бірге халықтың ұзақ мерзімді ипотекалық несие түрінде ұсынылатын қаражаттар есебінен дайын тұрғын үй алу мүмкіндігі туды. Курстық жұмыс екі бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімінде, ипотекалық несиенің мәні, қағидалары, Қазақстандағы ипотекалық компаниясын және түрғын үй бағдарламасын жетілдіру жолдары және оның құрылымы туралы мәселелер қарастырылған. Екінші бөлімінде, ипотекалық несиелеу есебін ұйымдастыру жолдары және ипотекалық несиелеудің даму перспективасы мен өзекті мәселелері қарастырылған. ....
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 5 қыркүйектегі № 903 қаулысымен бeкiтiлген Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003-2006 жылдарға арналған бағдарламасын iске асыру жөніндегі iс-шаралар жоспары (2.6.11-тармақ) ұлттық инновациялық жүйенi қалыптастыру мен дамыту жөніндегi бағдарламаны әзiрлеу үшiн негiз болып табылады. Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2003 жылғы 17 мамырдағы № 1096 Жарлығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясы экономика салаларын әртараптандыру және дамудың шикізаттық бағыттылығынан арылу жолымен елдiң тұрақты дамуына қол жеткiзуiн көздейдi, бұл ретте инновациялар ұлттық экономиканың бәсекеге қабiлеттiгiн айқындаушы негiзгi фактор ретiнде айқындалады; экономика мен қоғамды одан әрi серпiндi дамыту үшін инновацияларды толыққанды пайдалану мемлекет мақсатты инновациялық саясатты жүргізген кезде мүмкiн болады. Әлемдік экономиканы жаһандандыру аясында Қазақстан мынадай бiрқатар проблемалар да кезiгедi: экономиканың шикiзаттық бағыттылығы, әлемдiк экономикамен елеусiз ықпалдастық, өндiрiстiк және әлеуметтік инфрақұрылымның дамымағандығы, кәсiпорындардың жалпы техникалық және технологиялық артта қалуы, ғылыми-зерттеу және тәжiрибелiк-конструкторлық жұмыстарға (бұдан әрi - ҒЗТКЖ) шығыстардың төмендігі және т.с.с. Бұл проблемаларды шешу үшін Қазақстан қоғамдық әл-ауқатының iргесi болуға қабiлетті бiлiмдерге негiзделген бәсекеге қабiлетті экономиканы құруы керек. Осы Бағдарламаны әзірлеу жүйелiк сипаттағы ықпалдастықты, өзара байланысты шаралар кешенi, бiлiмдердi жинақтау, тарату және коммерциялау тетіктерiн өзiне қамтитын тиiмдi әрекет ететiн ұлттық инновациялық жүйе (бұдан әрі - ҰИЖ) арқылы қалыптастыру қажеттілігінен туған. ....
Кіріспе Биология сабағында оқушылардың қызығушылығын арттырудың түрлі әдістері бар. Оқушылардың биология сабағына белсендіру алдымен қызықтыру үшін кабинетке тірі табиғат бұрышын ұйымдастыру керек. Тірі табиғат бұрышында жануарлар бөлімінде омыртқасыздар қарапайымдылар көп жасушалар буынаяқтылар, бунақденелер, былқылдақденелілер, шаяндар балықтар болса, енді өсімдіктер бөлімінде бөлме өсімдіктерінен бастап (алоэ, бегония, кактус, қазтамақ т.б.) және төменгі сатыдағы өсімдіктермен жоғары сатыдағы өсімдіктер мәдени өсімдіктер және кеппешөптер болса, оқушылардың қызығушылығы артады. Бұл кабинеттегіні сабақта пайдаланбасақ, кабинеттің мәнісі кетеді. Сондықтан ылғида пайдалануц керек. Осыларды пайдаланып, оқушылардан жаңа технологиямен яғни модельдік бағдарламаны сабақта қолдану керек. Модель бағдарламаның мақсаты сабақтың мазмұнын түсіндіріп, тақырыпты кеңейте түседі. Модельдік технология Жанпейісовадан кейін күшті қолға алынып дамып, жетіліп келеді. ....
Кіріспе Көлік- халық шаруашылығының ірі және маңызды саласы, адам еңбегінің ірі саласының қосымшасы, ғылым мен техниканың жаңа нәтижелерін пайдалануының кең аймағы, тығыз байланыста болуы қажетті бөліктер мен бөлімшелердің ауқымдалған динамикалық жүйесі. Халық шаруашылығының осы күрделі саласында магистралды көліктің әр түрлі түрлері, және де қалалық және өнеркәсіптік көліктер де өзара тығыз байланыста. Әкімшілікті- шаруашылықтың өзіндігіне қарамастан көліктердің барлық түрлері бір- біріне өзара тәуелді екені анық және өз жұмыстарының нәтижелері мен процесіне айтарлықтай өзара әсер етеді. Көліктердің барлық түрлерінің тағайындалу бірлігі, және де олардың арасындағы тығыз өзара тәуелділік оларды функциялануы анықталған объективті заңды шектеулермен шартталған мемлекеттің біріккен көлікті жүйесі ретінде қарастыруға мүмкіндік береді. Адам қоғамының тарихы көлік дамуының тарихынан еш бөлінбейді. Адамның физикалық өмір сүруі үшін көліктің атқаратын орны, яғни маңызы зор деп айтуға болады. Құралдар мен заттардың тіпті адамның өзін де ауыстырымсыз қолдану өнімдерін шығару да, басқа да мақсаттардағы қызметтер мүмкін емес. Алғашқы қауымдық құрылымда да көліктік талаптарды қанағаттандыру мәселелерін адамдар қарапайым жолмен шешкен. Еңбек құралдары, жануар және өсімдік тағамдары, баспана мен киім дайындауға арналған материалдар және отынды бастапқы кезеңдерде адамдар өз иықтарында немесе сүйреу арқылы тасымалдады. Жануарларды қолға үйретіп асырау шегінде оларды адамдар мен жүктерді тасымалдау мақсатында жиі пайдалана бастады. Құл иеленушілік дәуірінде де көлік заттарының өркендеуі мен кеңеюіне жаңа социалисті- экономикалық ынталандырулар пайда болды. Өнімді егін шаруашылығы, үй жануарларының санын көбейту, жаңадан тиімді қарулар жасалына бастаған металдарды алу мен өңдеу тәсілдерін ашу, өнімділіктің ұлғаюына және бір уақыттағы еңбектің қоғамдық бөлінуіне көп ықпал етті. Көлік күшті даму импульсіне айырбастаудың пайда болу нәтижесінде жетті. Құрлық көлігінің дамуының келесі қадамы жасанды жер үсті жолдарының пайда болуы болды. Феодализм материалды өндірістің дамуына, және көлік үшін де жаңа ыңғайлар берді. Өндірістік күштердің өсуімен қатар еңбекті қоғамдық бөлу де күшейді, және анықталған кезеңде қала- бекіністерінің, қала- орталықтарының орнына билеушілер мен әкімшіліктер қалаларды - өнер мен сауда орталықтарын өсіре бастады. Еуропадағы капиталистік қатынастардың пайда болу процесі XV — XVIғ.ғ. жаңа сауда жолдары мен жаңа елдердің ашылуымен жылдамдатыла түсті. Бұл кезең (ұлы географиялық ашылымдар кезеңі) Африканың, Азия және Американың отарлануының басы болды. Ф. Энгельс «өнеркәсіптік революция» деп атаған Англиядан кейінгі Еуропаның көптеген елдері XVIII ғ. екінші жартысын қамтыған техникалық түбегейлі өзгерістің өндіріс пен сауданың жедел өсу қарқынына, әсіресе машиналардың көмегімен машиналардың өзін өндіру игерілгенде үлкен әсері болды. Феодалдық кезеңнен мұра ретінде жеткен желкенді кеме және де керуендер мен арбалар түріндегі көліктер машина өндірісінің қажеттіліктерін қамтамасыздандыра алмайтын болды. К. Маркс былай деп жазған: «мануфактуралық кезеңнен мұраланған байланыс пен көлік құралдары жақында ірі өнеркәсіп үшін төзімсіз бұғауға айналды». Сондықтан өнеркәсіппен бірге жаңа техникалық негізде еөлік те қарқынды дами бастады. Бұл негіз болып кез- келген қуаттағы және ауа- райына тәуелсіз өзі қозғалатын көліктік бірлікті жасап шығаруға ықпал еткен бу машинасы болып табылды. Сөйтіп, алғашқы кемелер, паровоздар, құрлықта жүретін бумен жүретін экипаждар, біршама кейінірек бумен ұшатын ұшақтар да пайда болды. Мұнымен байланысты көлік анықталған төлем- ақыға жолаушылар мен жүктерді тасуды жүзеге асыратын өзіндік салаға бөлінді. Мұнда көлікке де кеңінен тараған бір жағынан көліктің өзінің даму прогресін жылдамдатуға, екінші жағынан ірі машина өндірісінен ескі бұғауларды шешіп тастауға ықпал ететін мұнан кейінгі мамандандыруды байқау қиын емес. 1.КӨЛІКТІК ӨНЕРКӘСІПТІҢ МЕМЛЕКЕТКЕ МАҢЫЗЫ 1.1. Жалпы мемлекеттiк көлiктiк жүйенiнiн жiктеу негiздерi. Капиталистік қоғамның заңдарын зерттей отырып К. Маркс өз еңбектерінде көліктің экономика үшін мағынасын ашқан және адами қызмет саласы ретінде көліктің маңызды сипаттамалық жақтарын ашып көрсеткен. В «Қосымша құн теориясы» еңбегінде К. Маркс былай деп жазған: «Шығарушы өнеркәсіп пен басқа жер өңдеуден басқа материалды өндірістің өз дамуында өндірістің мануфактуралы, машиналы және кәсіптік сияқты түрлі баспалдақтарынан өтетін төртінші ортасы болады. Бұл адамдарды немесе тауарларды тасыса да, тасымаса да- көліктік өнеркәсіп болып». [1] Мұнда көлік өзі материалды құндылықтарды құрмаса да материалды өндірістің саласы болып аталғанын ескеру қажет. К. Маркс көлікті өндірістің материалды салаларына неліктен жатқызғанын түсіну үшін, «Капитал» атты тиянақты еңбегіне сүйену керек, онда былай деп айтылған: «Өндірістің кез- келген процесінде еңбек затының орын ауыстыруы негізгі роль атқарады және ол үшін жұмыс күші де қажетті, мысалы, мақта дайындау бөлімінен жіп иіру кәсіпорынына ауысады, көмір шахтадан тауға көтеріледі». Негізі бойынша мұнда көліксіз ешқандай да өндіріс мүмкін еместігі, көлік өндірістің өзінің органикалық элементі болып табылатыны нақты көрсетілген және сондықтан оны өндірістен бөліп қарастыру мүмкін емес. Бірақ, бұл өндіріс ішілік функциядан басқа, көлік басқасын да орындайды, ол туралы К. Маркс былай деп жазады: «Өнімді өндіріс орнынан басқа орынға тасымалдаудан кейін дайын өнімдерді өндіріс аймағынан тұтыну аймағына тасымалдау керек болады. Қашан осы тасымалдау аяқталғанда ғана өнім тұтынуға дайын болады». [1] Басқаша айтқанда, егер көлік өнімді өндіріс аумағынан көрсетілген тұтыну аумағына көшіруді қамтамасыздандырмаса, бұл өнім өндірісінің болмағанымен тең немесе ондағы талап қанағаттандырылмайды. Сонымен, көлікке материалды өндірістің кез- келген саласына сай келетін элементтердің үшеуі де тән, дәлірек айтқанда: еңбек заттары, яғни көлік заттары; еңбек заттары, яғни тасымалдау объектілері (жүктер мен жолаушылар); адамдардың мақсатқа сәйкес қызметі, яғни еңбек.....
Нарықтық қатынастардың құрылымында да, мемлекет тарапынан оларды реттеу механизмiнде қаржы зор рөл атқарады. Қаржы - нарықтық қатынастардың құрамды бөлiгiжәне мемлекеттiк саясатты жүзеге асырудың құралы. Бұл орайда қаржының әлеуметтiк – экономикалық мәнiн түсiне бiлудiң , оның iс-әрекет етуiнiң ерекшелiктерiн терең ұғынудың, Қазақстан экономикасын ойдағыдай дамыту мақсатымен қаржы ресурстарын неғұрлым толық және ұтымды пайдаланудың әдiстерi мен амалдарын көрсете бiлудiң маңызы зор. Қаржы қатынастарының теориясын зерделейтін қаржының мақсаты қаржы категорияларын, ұғымдарын, терминдерін ұғып алуда олардың сыныптамасын әлеуметтік экономикалық процестердегі маңызы мен формасын, орнын біліп алу теориялық және практикалық жағынан қамтамасыз ету; сонымен бірге қаржыны ұйымдастыру нысандарының өзара байланысы мен өзара іс әрекетін және оның қоғамның әлеуметтік экономикалық дамуының нақтылы жағдайларындағы қолданудың әдістерін түсінуге қол жеткізу міндеті болып табылады.....
Қазір бүкіл әлем жұртшылығы эко¬но¬микалық дағдарыстың қиындықтарын бастан өткеруде. Жаһандық дағдарыс дауылы алпауыт мемлекеттерді де шайқалтты. Дағдарыс салқыны бізді де айналып өткен жоқ. Дағдарыс бізге сырттан келді. Оның көздері елдің ішінде емес, әлемдік экономиканың сәйкессіздігінде жатыр. Дағдарысты болдырмау және бәрін алдын ала көздеу мүмкін емес еді. Оны еңсеруге әлемнің жетекші экономикалары қазірдің өзінде 10 триллионнан астам АҚШ долларын, яғни бүкіл әлемдік ІЖӨ-нің іс жүзінде 15 пайызын жұмсады. Бірақ та ахуал жақсы жаққа қарай әлі өзгеретін емес. Дағдарыс өз ауқымына дәйектілікпен Америка континентін, Еуропа мен Азияны тартты. Бүкіл жағдайға қарағанда, ол ұзаққа созылады. Талдамашылар айтқанындай, әлемдік экономика өз құлдырауында әлі шыңырау түбіне жеткен жоқ. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің 2009 жылғы 6 наурыздағы Қазақстан халқына «Дағдарыстан жаңару мен дамуға» атты Жолдауында: «Қаржы жүйесінің тұрақтылығын сақтау үшін біз банктерге қосымша өтімділік бердік. Бұл шағын және орта бизнестің, ірі кәсіпорындардың эконо¬микалық белсенділігін қамтамасыз ету үшін жасалды. Жеке тұлғалардың салымдары бойынша кепілді өтеудің сомасы 700 мың¬нан 5 миллион теңгеге дейін ұлғай¬тылды. Мемлекет сыртқы қарыз алумен және меншік капиталының жеткілік¬тілігімен байланысты банк секторының тәуекелдерін төмендетуге көмектесті. Тұрғын үй құрылысына және үлес-керлер проблемаларын шешуге қолдау білдіруге 545 миллиард теңге жұмсалды. Елде іскерлік белсенділігін сақтау үшін біз шағын және орта бизнес субъектілеріне 275 миллиард теңге көле¬мінде бұрын-соңды болмаған қаржылық қолдау жасадық. Әкімшілік кедергілерді табанды қысқарту жөніндегі жұмыс жалғастырылды» деп айта кетті. ....
Жалпы «бюджет» термині (budget) деген – ағылшын сөзі. Оның аудармасы, белгілілі бір уақыт аралығындағы ақшалай кірістер мен шығыстардың есептелуін білдіретін ұғым. Ал «мемлекеттік» дегеніміз-ол, сол есептелудің белгілі бір мемлекеттіке қатысты анықталуын айтамыз. Мемлекеттік бюджет мемлекеттің пайда болуымен, яғни обьективті анықталуымен тікелей байланысты. Мемлекеттік бюджет-тауарлы өндірістің әлеуметтік-экономикалық формациясына байланысты категория деп айтуымызға да болады. Оның даму мемлекеттік қажеттіліктерді қанағаттандыру және саяси мекемелердің белгілі көлемдегі қаржы ресурстарының байланысуымен туындайды. Бюджет экономикалық категория ретінде обьективті. Бюджет негізінен экономикалық, ғылыми және әлеуметтік басқа да сфераларды белгілі көлемде қаржыландыруға бағытталған. Қаржылық көзқарас жағынан мемлекеттік бюджеттің үш негізі түсініктемесі бар;....