Құрбыма тілек: үйлену той, қыз ұзату, тұрмысқа шыққан

Бір-бірлеріңе бағынышты, сағынышты сезімдерің мәңгі сөнбесін, сыйластықтарың, қимастықтарың ешқашан таусылмасын, махаббат әлемінің нұрлы аспанында жұптарың жазылмай, қанаттарың талмай самғай беріңдер!
Өмірде қалса екен жарқын іздер, Жарасып, қол ұстасып өтіңіздер. Жұптарың жазылмасын өмір бойы, Арманға – алтын тойға жетіңіздер.

Құттықтау, тілектер
Толық

Жас жұбайларға құттықтаулар, тілектер

 Құрметті Жас жұбайлар!


Сіздер дәл қазіргі уақытта Отбасы атты жаңа да жас мемлекеттің тең құқықты қожайынына айнала алдыңыздар. Осынау жолда өмір сіздерге қуанышы мен қызығын қатар ұсына отырып, қос жүректе бірдей лаулаған сезімдеріңіздің беріктігін де сынаққа салуды ұмытпайды. Сол сынақта сіздердің Махаббаттарыңыз Өмір теңізіндегі жұбайлар мінген бақыт кемесінің ұдайы желбірер желкеніне айнала берсін!

Ұлағатты ұл, ұяты бар қыз өсіре отырып, олардың бақытты болашағына қиял патшалығында сан рет, тіпті ұйқысыз түндерде ой жүгірткен қос ата-ананың көз алдында дәл қазіргі сәтте олардың өз перзенттерінің жүрек қалауымен қалап тіккен Ақ Отауы пайда болды. Бақытты жұбайлар, Бұл - сіздердің отауларыңыз. Сол отауларыңыздың шаңырағы сіздердің асқақ армандарыңыздың белгісіндей болып биіктей берсін, сол отауларыңыздың іргесі сіздердің селкеусіз сенімдеріңіздің көрінісіндей болып бекісін, көңіл......

Құттықтау, тілектер
Толық

Үйлену той: жас жұбайларға ең әсерлі тілектер топтамасы

Үйлену тойы әрбір отбасының басына туатын қуанышты жайт. Ата-ана той-думанның барынша жақсы өтуіне тер төксе, келген меймандар өздерінің ізгі ниетті тілектерін білдіріп әлек. Алайда, тойда сөз сөйлеуден қашқақтап журетіндер де кездесіп жатады. Ойда жоқта тұрғаныңызда асабаның микрофон төсеп қалуы ыңғайсыз жағдайға қалдырмас үшін жас жұбайларға арналған ең әсерлі тілектер топтамасын ұсынады.

Құттықтау, тілектер
Толық

Хрусталь той - 15 жылға тілектер, құттықтаулар

Сіз 15 жыл әдемі некеде тұрдыңыз, сіздер жарайсыздар! Хрусталь тойымен құттықтаймын. Сіздің өміріңіздің хрусталі берік және нық, таза және жарқын, керемет және бұзылмайтын болсын. Сіздерге, қымбатты, ұзақ жылдар денсаулық, махаббат, түсіністік, бейбітшілік пен молшылық тілеймін.

Құттықтау, тілектер
Толық

Үйлену тойының бюджеті: Қанша қаражат керек?

Алматы қаласында той жасауға қанша ақша кетеді? 1 миллион теңге жете ме? Той дегенде қу бас домалайды. Өмірде бір болатын той жасау үшін өмір бойы жинаған қаражатымызды қиюдан да тайсалмаймыз. Тіпті несиені де той жасарда алып, қайтарарда қимай-қимай беріп жатамыз. 7kun.kz назарларыңызға үйлену тойының шамалап......
Кеңестер
Толық

Той

Жол болмайды асусыз,
Той болмайды шашусыз.

Той сылтауымен тон бітер.

Тойда тоныңды сұрама.
Мақал-мәтелдер
Толық

Ғабиден Қожахмет (Құрбының тілегі)

Үйлену тойында немесе қыз ұзату тойында тұрмысқа шығып жатқан бойжеткенге құрбысының тілегі

Уақыттың бірге жылжып күндері,
Жылыстайтын әр кезеңмен жыл легі.
Ортақ еді біздің салған әніміз,
Таңымыз да қарсы алатын бірге еді.

Бірге еді армандардың оттары,
Сыр да ортақ қиял қуған шақтағы.
Бірақ бізді қыз-бақытқа....
Өлеңдер
Толық