Енді қазақстандық жастар оқуын бітіргеннен кейін үш жыл ауылда істейді

Тиісті қаулыға премьер-министр қол қойды, құжат алғаш ресми жарияланған уақыттан 10 күннен соң қолданысқа енгізіледі

Педагогика, медицина, ветеринария және ауыл шаруашылығы мамандықтары бойынша квотамен білім алған ауыл жастары оқуын тәмамдағаннан кейін үш жыл ауылда жұмыс істеуге міндеттелді.

Тиісті қаулыға үкімет басшысы Асқар Мамин қол қойды. Қаулы премьер-министрдің ресми сайтында жарияланған.....
Жаңалықтар
Толық

Тыл ардагер - аналарға арнау

Соғысқа аттанғанда іні – аға,
Елде қалды кемпір – шалмен, бала – шаға. 
Нар көтерер жүктерді арқалаған,
Салмақ түсті тағы да аналарға.

Жан жарамен қол ұстасып жүре алмай,
Шаттықпенен емін - еркін күле алмай.
Ата - ене, балалары қалды қолда,
Жалғандағы жар қызығын көре алмай.

Жас нәресте шырылдады жаңа туып,
Анасы кетті еңбекке белін буып.
Жан жарын аттандырып қала берді,
Үлбіреген ақша бетін жаспен жуып.

Қуарған күз жапырақтай өңі солып,
Жарын күтті екі көзі мұңға толып.
Жер жыртты, өгіз айдап, егін салып,
Майысып саусақтары күс- күс болып.

Қайран ана аттандырды балаларын,
Кей ана қолда бар жалғыздарын.
Бүкіл әлем теңселіп, тебіренді,
Көтере алмай күңіренген ана зарын.

Қалғандай келешектен күдер үзіп,
Жас бой жеткен қала берді көзін сүзіп.
Атын жазып орамалға сүйгенінің,
Кестеледі көз жасымен моншақ тізіп.

Жеңістен соң не боларын ойламады,
Көбісі жеңіс тойын тойламады.
Жас жүрегін басқа жанға сыйлай алмай,
Жесірлікті бар өміріне мойындады.

Сөз жетпес азабына өткен күннің,
Дыбысы мәңгі өшпес зарлы үннің.
Жас баланың жетімдігін бастан кешкен,
Ізін калай өшірерсің қайғы-мұңның.

Күйзелді ойлап ана бала қамын,
Жеткізді жылай жүріп балапанын.
Аңсап өсті бала жүрегі,
Бастан сипар әкесінің алақанын.

Өткен өмір енді қайтіп келмесін,
Ешбір жаңға қайғы мұңды бермесін. 
Соғыс залым елге салған зардабын,
Оны ұрпақтар келешекте көрмесін.
Өлеңдер
Толық

Көміртектің аллотропиялық түр өзгерістері 2-сабақ (Химия, 8 сынып, IV тоқсан)

Пән: Химия
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Көміртек және оның қосылыстары
Сабақтың тақырыбы: Көміртектің аллотропиялық түр өзгерістері 2-сабақ
Оқу мақсаттары: 8.4.3.5 көміртегінің аллотропиялық түрөзгерістерін салыстыру;
8.4.3.11 көміртегінің аллотропиялық түр өзгерістерінің қолданылу аймағын зерттеу;
Сабақ мақсаттары: Көміртектің құрылысы мен табиғатта айналымын түсіндіру;
Көміртектің аллотропиялық түр өзгерістерін атау;
Көміртектің аллотропиялық түр өзгерістерінің құрылысы мен қасиеттерін салыстыру;
Көміртектің аллотропиялық түр өзгерістерінің қолданылу аймағын анықтау;.....
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

Көміртектің аллотроптық түр өзгерістері 1-сабақ (Химия, 8 сынып, IV тоқсан)

Пән: Химия
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Көміртек және оның қосылыстары
Сабақ тақырыбы: Көміртектің аллотроптық түр өзгерістері 1-сабақ
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасынасілтеме): 8.4.3.3 көміртектің аллотропиялық түр өзгерістерінің құрылысын және қасиеттерін салыстыру
8.4.3.4 көміртектің аллотропиялық түр өзгерістерінің қолданылу аймағын зерттеу
Сабақ мақсаттары: Көміртектің аллотроптық түрөзгерістері, олардың қасиеттері мен қолданылу саласына түсінік беру.....
ҰМЖ, ОМЖ, ҚМЖ - Ұзақ, орта, қысқа мерзімді жоспар
Толық

«Ата-бабаның қарғысын кармамен тазалаймыз»: Айгүл Елшібаева Құралай ханымның «ит терісін басына қаптады»

Бердияр Қари "Әбжат" ілімімен есептеп жасап берген дұға-сүрелер дәптерін "таза жолмен жолың ашылсын" деп Құралайға бергенде, оқырмандарына сатып бизнес жасайтынын білмеген шығар?

ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Айгүл Елшібаева психолог ретінде көпшілікке танылған Құралай Ошақбаеваны өзіне берілген емді елге таратып, ақша жасап отырғаны үшін кінәлады, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.....
Жаңалықтар
Толық

"Сені жақсы әнші деп ойлаушы едім": Меруерт Түсіпбаева Мәдина Сәдуақасовамен не себепті ренжіскенін айтты

Белгілі әнші Меруерт Түсіпбаева Мәдина Сәдуақасовамен не себепті ренжіскенін айтты. Біраз уақыт өкпелесіп жүрген екі әншінің үлкені алғашқы болып сөз бастады. Меруерт ханым Мәдинамен арада даудың қалай тұтанғанын түсіндіріп берді.

Бұл туралы әнші желідегі парақшасында жазды.....
Жаңалықтар
Толық

"Түңіліп кеттім": Мадина Сәдуақасова карантин кесірінен күйзеліске ұшыраған

"Түңіліп кеттім": Мадина Сәдуақасова карантин кесірінен күйзеліске ұшыраған Автор: Малика Хадид Қазақстандық эстрада жұлдызы Мадина Сәдуақасова карантин режимі өзіне қалай әсер еткенін айтты. Төрт қабырғаға қамалған әнші шектеу шаралары салдарынан күйзеліске түскенін мойындады. Әрдайым гастрольдік сапарларда жарқырап жүретін өнер иесі үй шаруасының күйбең тіршілігіне үйренісе алмай жатқан көрінеді деп жазады nur.kz "Ревю" бағдарламасына сілтеме жасап.

Мадина Сәдуақасова шығармашылығы тоқтап, күнделікті үй шаруасымен айналысамын деп күйзеліске ұшыраған. Ол карантин уақытында түңіліп жүргенін жасырмай айтты. ...
Жаңалықтар
Толық

Жұмағали Саин (Күздегі көріністер)

I. Сәріден
Хабаршысы алдағы болар қыстың:—
Аппақ қырау жауыпты жердің үстін,
Үстімде бұлт, қасымда ызғарлы жел,
Мен колхозды ауылға келіп түстім.
Жатыр екен қат-қабат еңбек қайнап.,
Біреу астық толтырып, біреу байлап,
Зырыл қағып тынымсыз веялкалар
Бидай ақты мекені желмен ойнап...
Жас қыз да, жас жігіт те, кәрі шал да,
Сүйілген де, сырлас та сүйген жар да
Сол бір еңбек басынан табылғандай,
Әнші де, ел еркесі ақындар да.—
Күз бір қатал тергеуші бейнесінде,
Орнаған әр адамның кеудесінде......
Өлеңдер
Толық

Жұмағали Саин (Жеңіс күні)

Сарғая күткен ұлы күн
Шұғыласы бүгін жарқ етті,
Бағына талай миллионның
Баянды жеңіс күн жетті.

Сүйінші елден сұрадық —
Жұбайын күткен жар күлді.
Жаным дер бауыры жауда өлген
Жарқырап қайғы-зар күлді......
Өлеңдер
Толық

Арапа күні не істеу керек?

Арапа күні – күндердің ең қадірлісі. Сол күні жасалған ізгі амалдардың сауабы бірнеше еселеніп беріледі. Расында, оның нағыз мөлшерін Алладан басқа ешкім білмейді. Дәл сол сияқты, ол күні жасалған күнәлар да бірнеше еселеніп жазылады.

Арафат тауына келер болсақ, ол – Алла Тағаланың қажыларға тарту еткен жері, ал Арапа күні – Алланың, олар қай жерде болмасын, Өз құлдарына берген сыйы. Сол себепті, қажылық жасай алмай, Алланың....


Кеңестер
Толық