Ілияс Жансүгіров (Саудың сандырағы)

Бедерсіз, бұлтсыз, бұйра көк
Көлеңкем бе, үйім бе.
Шырайы шымқай шам шапақ,
Шатырым ба, шиім бе.
Жастығым ба асқар, қымқап қыр,
Жатырмын ба үйімде.
Масатым майса, бәйшешек,
Төсегім бе, үйім бе.
Шымылдық - шалғын, жақпар тас,.....
Өлеңдер
Толық

Ілияс Жансүгіров (Беташар)

Айт - айт, келін, айт, келін,
Аттың басын тарт, келін.
Сауысқаннан сақ келін,
Жұмыртқадан ақ келін.
Келін келді көріңіз,
Көрімдігін беріңіз.
Ала - құла демеңіз,
Атын айтып беріңіз......
Өлеңдер
Толық

Ілияс Жансүгіров (Қорқамын)

Курстан оқып күйбеңдеп,
Мұғалім болдым мығымдап.
Төрт амалдан түртектеп,
Тіл құралдан тығындап.
Құйқалақ бала, шым мектеп,
Оқытып бердім қимылдап.
Отын - су жоқ дірдектеп,
Жел жабықтан ыңылдап.
Құм төсеніп, шаңға аунап,
Өкпе болды балаларым,
Көкірегі сырылдап......
Өлеңдер
Толық

Ілияс Жансүгіров (Белсенділерге)

Жолдастар! Мен де өзіндей белсендімін,
Айтайын маған бір сөз берсең бүгін.
Қаңбақтай желді күнгі қалбаңдаумен,
Барады - ау, бастан асып мөлшерлі күн.
Кейде оңай, кейде қиын белсенділік,
Белсенділік - көпті ерту, ел сендіріп......
Өлеңдер
Толық

Ілияс Жансүгіров (Қонақтар мен қожайын)

БІРІНШІ ҚОНАҚ- ҚҰДАЙЫ ҚОНАҚ
Қожайын:
− Алыңыз қонақ, алыңыз,
Сойғанымыз қартаңдау.
Қонақ:
− Бәсе, мом - мом...
Солай ғой,
Тарамыстау, қатаңдау...
Қожайын:
− Құданың жері қуаң боп,
Оңалмапты жануар.
Қылыш сырты қазысы,
Солқылдақтау жалы бар......
Өлеңдер
Толық

Ілияс Жансүгіров (Бай бәйбіше)

Ауыл анау. Байдың үйі жапырақ.
Байың анау қайта - қайта қақырып,
Қамығады, байбаламды сап отыр.
Бәйбіше анау - баптап саумал сапырып.
Бай:
− Ой, бәйбішем! Мұндай күн бар екен.
Құй, бәйбішем, саумалың тым бал екен.
Бәйбіше:
− Саумалым бал, саған ғана сақтап ем,
Білейін деп жаста көңілі бар ма екен......
Өлеңдер
Толық

Ілияс Жансүгіров (Отарба)

Айдалам, арқам, ауылым,
Алатау, жапан, қалың құм,
Ортаңнан өтеді отарба.
Отарбаның үнінен,
Босанар түйе жүгінен;
Төталар жүрген ат - арба.
Үкідей көзі жарқырар,
Айғырдай өзі арқырар,
Тегілте тігер түтін ту,
Пысқырып үркек құландай,
Ысқырып жүрдек жыландай,
Пыс - пыс, күрс - күрс... ізі шу.
Айдала, айсыз түндерде,
Мандайын бере Үркерге,
Арқырар арба, шарқ ұрар......
Өлеңдер
Толық

Ілияс Жансүгіров (Ресей жері)

Көрпе қара топырақ,
Ресейге жер біткен,
Майда мақпал - торқадай,
Тоғайы тұтас томсарып,
Қыздың қолаң шашындай,
Өңкей өрім қарағай.
Үйеңкі, шетен, барша тал,
Мүсін сұлу ақ қайың,
Бұрала біткен қалқадай .....
Өлеңдер
Толық