Тарихи Ұлы Жеңіс

Менің атам Айтбаев Амантай қазіргі таңда зейнеткерлікте, еңбек ардагері, кезінде жас жеткіншек ұрпаққа әскери даярлық пәнінен ұстаздық еткен ұлағатты ұстаз, парасатты педагог болған. Атам маған туған жеріміздің тарихына байланысты көптеген тарихи әңгімелер айтады. Кей кездері Қазақстан тарихына байланысты да сұрақтар қойғанымда, терең ойлана отырып, пайымдап жауап береді. Міне, биыл да тарихымызда болып өткен Ұлы Отан соғысының басталғанына 75 жыл, аяқталғанына 71 жыл толыпты. Менің шығарма жазуыма себеп болған атамның әңгімесі осылай басталған еді:
«Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! Сөйлеп тұрған Москва! Диктордың үні салмақты, әрі сұсты шықты. Күллі әлем құлақ түріп, қалт тына қалды. Сәл үнсіздіктен соң диктор сөзін қайта жалғады. Соғыс басталды. Неміс фашистері Кеңес Одағының шекарасына опасыздықпен басып кірді. Бұл 1941 жылғы маусым айының 22-сі еді. Еуропаның тең жарымнан астам елін қанды табанмен таптап, дандайсып, қаруланған неміс фашистер армиясы біздің елімізге тұтқиылдан баса-көктеп, кіріп кетті. Сол бойда олар таңғы тәтті ұйқы құшағынан оянып үлгермеген шекаралық елді мекендерді бомбалап,оқтың астына алды.
Фашистер шабуылдың алғашқы сәтінде-ақ қалалар мен селоларды аяусыз қиратып, өртеп, бүлдіріп, жазықсыз адамдарды қатыгездікпен азаптап, ішке қарай сұғынып кіре берді. Дүние жүзінде тұңғыш Социалистік ел атанып, бостандық алған Отанымыздың тағдыры қыл үстінде тұрды. Ер азаматтарымыз амалсыз қолдарына қару алып, туған елін қасық қаны қалғанша жаудан қорғауға бекем бел буды. Өйткені, елдің – елдігін, жарқын болашақтың тағдырын шешер сындарлы шақ туған еді. Қаһарланған халқымыз айбаттанып, опырып - жапырып келген озбыр жаудың аяусыз қылығынан сасқан жоқ. Қайта етекжеңін тез жинап, жұдырықтай жұмылып, ынтымақтастықпен бірігіп, туған елдің туын көтеріп, сапқа тұрды. Әскери комиссариатқа халық ағылып, келіп жатты. Алғашқы күннің өзінде өз еріктерімен майданға баруға тілек білдірушілердің ішінде біздің Ақсу ауданының көптеген ұландары болды. .......
Шығармалар
Толық